ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ КАФЕДРАСЫ ТУРАЛЫ ТОЛЫҚ АҚПАРАТ

Тарихы:

Кафедраның көпжылдық тарихы бар. Қазақстан тарихы кафедрасы 1997 жылы құрылды. Кафедраның алғашқы меңгерушісі т.ғ.к., доцент Ш.Р. Момынова (1997-1998 жж.) болды. Кейінгі жылдары кафедраға басшылық еткен адамдар: профессор Т.А. Алимбаев (1998-2001 жж.; 2004 2006 жж.); т.ғ.к., доцент Б.С. Малыбаева (2002 2004 жж.); т.ғ.д., профессор В.В. Козина (2006 2012 жж.); т.ғ.к., доцент Д.А. Джумабеков (2012 2019 жж.); PhD доктор, доцент А.З. Жұманова (2019 2022жж.). 2022 жылдан бастап кафедраны т.ғ.к., профессор ассистенті М.С. Амрина басқарады.

Отан тарихы (Қазақстан Республикасының тарихы) мамандығы бойынша ізденушілік қызметін атқарды. Осы уақыт ішінде кафедраның 11 оқытушысы кандидаттық диссертацияларын қорғады. 2015 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан тарихы кафедрасы Қазақстан тарихы және ҚХА кафедрасы болып өзгертілді.

Кафедра дәстүрлері:

Кафедраның құрылған уақытынан бастап жыл сайын дәстүрге айналған іс-шаралар жүзеге асырылып келеді. 1998 жылдың желтоқсан айынан бастап жыл сайын Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Қазақстан тарихы кафедрасы «Қазақстан – менің Отаным» атты ғылыми-тәжірибелік студенттік конференциясын өткізіп келеді. 2015 жылы конференция Республикалық мәртебеге ие болды. Конференцияға ҚарУ-дың барлық факультеттерінің студенттері қатысады, олардың ішіндегі белсенділік танытқандары грамоталармен және дипломдармен марапатталады. 2012 ж. кафедра тарихында тұңғыш рет оқытушылардың жетекшілігімен дайындалған студенттердің үздік жұмыстары жарияланған «Қазақ әлемі» жинағы жарық көрді.

Кафедра қаланың және аймақтың студент жастарының кездесу орнына, республикалық студенттік акцияларды, конференцияларды, пікірталастарды, дөңгелек үстелдерді өткізу орталығына айналды. Кафедра оқушылар мен колледж студенттері арасында «Тарих тағылымы» атты ғылыми жобалар мен бейнероликтер байқауын, «Тарих сабақтары» ғылыми жұмыстар байқауын, Қарағанды облысы оқушыларының Қазақстан тарихы бойынша Олимпиадасын және т.б. шараларды дәстүрлі түрде ұйымдастырады. Өткізілетін ғылыми білім беру, әлеуметтік мәдени іс-шаралар, акциялар Қазақстандағы азаматтық бейбітшілік пен этносаралық толеранттылықты сақтауға және нығайтуға бағытталған.