← Кафедраға оралу

Кафедра туралы

Химиялық технология және мұнай химиясы кафедрасы туралы толық ақпарат

Тарихы:

Коллоидтық химия және экология кафедрасы Қарағанды мемлекеттік университетінде 1980 жылы 4 қыркүйекте ашылды. Кафедра табиғатты қорғау және экологиялық бұзылулар мен қалпына келтіруді кешенді зерттеу бойынша мамандар даярлады. Коллоидты химия және экология кафедрасы өзінің жетістігі үшін, ең алдымен жоғары білікті профессорлық-оқытушылық құрамға, атап айтқанда: профессор В.П.Журавлевке, доценттер Р.Г.Омароваға (химия факультетінің алғашқы деканы), В.П.Волковаға, М.И.Жамбековке, А.А.Цыцураға және аға оқытушылар И.В.Вейсенбергке, Е.Ф.Демишеваға, О.М.Ермековке қарыздар.
Кафедраның алғашқы басшысы В.А.Журавлев болды, ол 20 жылдан астам уақыт бойы ауа бассейнін қорғау проблемасымен айналысты. Кейін кафедраны химия ғылымдарының докторы, профессор А.А.Цыцура басқарды. А.А.Цыцура бастаған ғылыми бағыт дисперсті сұйықтықтардың әсерінен шаң аэрозолдарының гетерокоагуляциясымен байланысты болды.
1991 жылдан 2006 жылға дейін коллоидтық химия және экология кафедрасында Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері, ғылым және техника саласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, органикалық химия және катализ саласындағы көрнекті ғалым А.Д.Кагарлицкий жұмыс істеді.

90-жылдары коллоидтық химия және экология кафедрасын мышьяк және оның қосылыстары химиясының маманы, х.ғ.к., профессор М.И.Жамбеков басқарды. Оның басшылығымен жаңа «Қолданбалы экология» мамандығы ашылды. 2001 жылы осы мамандық бойынша кафедра алғашқы түлектерін шығарды.

2000–2020 жылдар аралығында кафедраны мұнай химиясы және көмір химиясы саласының жетекші маманы, химия ғылымдарының докторы, профессор М. И. Байкенов басқарды. Кейінгі жылдары, яғни 2020 жылдан 2025 жылға дейін жетекшілік қызметті қауымдастырылған профессор, PhD А. Түсіпхан атқарды. Ал 2025 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін кафедра тізгінін химия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Н. Ж. Рахимжанова қолға алды.Бүгінгі таңда кафедра бейорганикалық заттар мен материалдар өндірісі, сондай-ақ мұнай, газ және көмірді өңдеу саласында терең теориялық біліммен және берік практикалық дағдылармен қаруланған жоғары білікті мамандарды даярлауды жүзеге асырады.

Білім алушылар:

Бүкіл Қазақстаннан келген білім алушылардың ауқымды географиясы және жетекші жұмыс берушілердің сенімі —  кафедраның табысының басты маркерлері. Мұнда Қазақстанның барлық аймақтары мен облыстарынан келген студенттер білім алуда. Кафедра білім берудің тәжірибеге бағытталуына ерекше көңіл бөледі. 6B07101 «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы», 6B07203 «Мұнай өңдеу өндірістерінің технологиясы (салалар бойынша)» және 7М07103 «Мұнайхимия» білім беру бағдарламаларының түлектері еңбек нарығында дәстүрлі түрде жоғары сұранысқа ие және олар «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Шұбаркөл көмір» АҚ және «ҚазГидромед» АҚ сияқты отандық индустрия гиганттарында сәтті жұмыс істеп келеді. Кәсіби құзыреттіліктердің кең ауқымы жас мамандарға жетекші салалық кәсіпорындардың есігін айқара ашады: Мұнай және газ өңдеу зауыттары; Металлургиялық зауыттар, тау-кен байыту және гидрометаллургиялық кешендер; Өнеркәсіптік газдар, құрылыс материалдары мен минералды тыңайтқыштар шығаратын зауыттар; Ғылыми-зерттеу орталықтары, орталық зауыт зертханалары және экологиялық әрі техникалық қадағалау органдары.

Жұмыспен қамту:

Түлектердің жұмысқа орналасу деңгейі 100%-ды құрайды.

Оқытушылар:

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамында 13 адам жұмыс істейді. Ғылыми-педагогикалық ұжымда 1 ғылым докторы, 5 химия ғылымдарының кандидаты, 1 техника ғылымдарының кандидаты, 3 философия докторы (PhD) және 1 магистр бар.Кафедраның бірқатар оқытушылары ғылыми-педагогикалық қызметке қосқан үлесі үшін мемлекеттік марапаттарға ие болған. Үш қызметкер «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» республикалық грантының иегері болып табылады: Химия ғылымдарының докторы М. И. Байкенов — (2005 және 2010 жж.); Химия ғылымдарының кандидаты, профессор А. Б. Татеева — 2017 жылғы лауреат; Химия ғылымдарының кандидаты, профессор А. А. Муратбекова — 2018 жылғы лауреат. Штаттық қызметкерлердің біліктілігі студенттерді білім беру бағдарламаларының талаптарына сәйкес теориялық және практикалық тұрғыдан даярлауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Көшбасшылық және аккредиттеу:

Тәуелсіз рейтингтік аккредиттеу агенттігі мен Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік 2018 және 2020 жылдары 6В07101(5В072000) - Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы білім беру бағдарламасының жоғары рейтингін атап өтті.

Серіктестер:

Ж. Әбішев атындағы химия-металлургия институты (Қазақстан Республикасы);
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жаңа химиялық технологиялар және материалдар ғылыми-зерттеу институты (Қазақстан Республикасы);
Н.Д. Зелинский атындағы органикалық химия институты, РҒА (Ресей);
А.В.Топчиев атындағы мұнай-химиялық синтез институты (Ресей);
Шыңжаң университеті, Үрімші (Қытай);
Харбин политехникалық университеті (Қытай);
Пекин университеті (Қытай);
Иллиной университеті (АҚШ).