Тарихы:
Адам және жануарлар физиологиясы кафедрасы жеке кафедра ретінде 1966 жылы зоология кафедрасын адам және жануарлар физиологиясы мен зоология тәрізді 2 кафедраға бөлу нәтижесінде құрылды. Оның құрылған сәтінен бастап 1973 жылға дейін кафедраны м.ғ.д., профессор Паулина Семеновна Кравицкая басқарды.
1965 жылы зоология кафедрасында физиология мамандығы бойынша П.С.Кравицкаяның жетекшілігімен аспирантура құрылды.
1973-1979 жылдары адам және жануарлар физиологиясы кафедрасын б.ғ.к., доцент К.И. Құлжанова басқарды. К.И. Құлжанова басшылығымен факультетте анатомиялық мұражай ұйымдастырылды.
1979-1992 жылдар аралығында кафедраны б.ғ.к., доцент Х.Ж. Аубакирова басқарды. Кафедраны басқару кезінде үлкен оқу-әдістемелік, тәрбиелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Ғылыми-зерттеу жұмысының қорытындысы бойынша кафедра факультет кафедралары арасында жетекші орынға ие болды.
1992-1996 жылдары кафедраны м.ғ.к., доцент Д.М. Джангозина басқарды. Доцент Д.М. Джангозина кафедраны басқару барысында жас оқытушылардың ғылыми өсуіне ерекше назар аударды
1996-2007 жылдары кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Н.К. Смағұлов болды. Сол жылдары «Адам ағзасының функционалдық жағдайына қолайсыз факторлардың әсері» бағыты бойынша ғылыми мектеп құрылды. Профессор Н.К. Смағұлов жетекшілігімен 10-нан астам кандидаттық диссертация қорғалды: С.А. Блялев, З.Т.Кыстаубаева, Г.Ж. Мукашева, А.Е. Сатыбалдина,
2007-2022 жылдары кафедра меңгерушісі б.ғ.к., доцент Г.М. Тыкежанова болды. 2022 жылдан бастап физиология кафедрасын б.ғ.к. профессор ассистенті Г.Ж. Мукашева басқарады.
Білім беру бағдарламалары:
2001 оқу жылында «7М05201-Экология» мамандығы бойынша магистратура ашылды. Қазіргі уақытта 7 магистрант білім алуда. 2014 жылы «6D060700 – Биология» мамандығы бойынша докторантура ашылды. Алғаш рет бір білім алушы қабылданса, қазіргі уақытта 6 докторант білім алуда.
2019 жылы «7М05102 – Биотехнология» мамандығы бойынша магистратура ашылды, қазіргі уақытта 7 магистрант білім алуда.
Жұмысқа орналастыру:
Кафедраның барлық түлектері университетті бітіргеннен кейін бірден жұмысқа орналасады.
Мұғалімдер:
Кафедрада 10 оқытушы жұмыс істейді, оның ішінде 70%-ның ғылыми дәрежесі бар, 30%-ы республикалық «ЖОО үздік оқытушысы» атағына ие: Н.К. Смағұлов – 2006 ж., А.Е. Конкабаева – 2012 ж., Г.М. Тыкежанова – 2015 ж.
Диссертациялық кеңестер:
Факультетте «6D060700 – Биология» мамандығы бойынша диссертациялық кеңес жұмыс істейді, төрайымы – м.ғ.д., кафедра профессоры А.Е. Конкабаева.
Аккредиттеу және көшбасшылық:
Кафедраның барлық бағдарламалары білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Тәуелсіз агенттікпен аккредиттелген, олар 2020 жылғы Ұлттық рейтингтердегі үздік бағдарламалардың қатарына кіреді.
Серіктестер:
Кафедра Бен-Гурион университетімен (Израиль), Вроцлав қоршаған ортаны қорғау және жер туралы ғылымдар университетімен (Польша), Санкт-Петербург мемлекеттік университетімен, Томск техникалық университетімен, Новокузнецк мемлекеттік университетімен (Ресей) белсенді ынтымақтастық орнатқан.