СПОРТТЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ ТУРАЛЫ ТОЛЫҚ АҚПАРАТ

Спорттық-педагогикалық пәндер кафедрасы «Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» ҰАҚ директорлары Кеңесінің 08.09.2022 жылғы шешімі (№ 6 Хаттамасы) және Басқарма Төрағасы – Ректор Н.О.Дулатбековтың Бұйрығы (19.09.2022ж. № 1185 Бұйрық) негізінде құрылды.

Спорттық-педагогикалық пәндер кафедрасы дене шынықтыру және спорт саласы бойынша мамандарды дайындайды. Кафедра бакалавриат бағдарламасын ұсынады. Оқыту бағдарламасына «Жеңіл атлетика оқыту әдістемесімен», «Футбол оқыту әдістемесімен», «Шаңғы спорты оқыту әдістемесімен», «Қозғалмалы ойындар оқыту әдістемесімен» секілді және т.б. маңызды пәндерден кіреді.

Спорттық-педагогикалық пәндер кафедрасының түлектері мектеп, колледж, лицейлерде дене шынықтырудан сабақ бере алады жәнеде спорттық ұйымдарда жаттықтырушы болып жұмыс істей алады. Сонымен қатар білім беру, спорт және дене тәрбиесі саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарымен шұғылдана алады. Білім алушылар заманауи үлгідегі спорт құралдарымен жабдықталған спорт кешендерінде және арнайы мамандандырылған аудидорияларда білім алады, университеттің ғылыми кітапханалар мен электронды ресурстарды қолдана алады. Кафедра ұжымы студенттердің кәсіби практикаларын өтуге факультет және университет базасымен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, кафедраның ғылыми жұмыстары спорттық білім беру, салауатты өмір салты идеясын насихаттау және дене шынықтыру оқытушыларын оқыту технологиясын құруға бағытталған.