КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ КАФЕДРАСЫ ТУРАЛЫ ТОЛЫҚ АҚПАРАТ

Тарихы:

Кафедра 1975 жылы мемлекеттік құқық және кеңестік құрылыс кафедрасының негізінде құрылған. 1992 жылы ол конституциялық және халықаралық құқық кафедрасы болып өзгертілді. Әр жылдары кафедраны кәсіби заңгер-ғалымдар басқарды. Атап айтсақ: з.ғ.к., доцент З.Я. Безганс (1972-1980 жж.), з.ғ.к., доцент А.С. Матвеенков (1980-1984 жж.), з.ғ.к., доцент В.Н. Прокопенко (1984-1987 жж.), з.ғ.к., доцент Е.К. Көбеев (1987-1993 жж.), з.ғ.к., доцент М.М. Құлыбеков (1993-1996 жж.), з.ғ.к., доцент С.К. Амандықова (1996-1999 жж.), аға оқытушы Н.П. Старожилова (1999-2000 жж.), з.ғ.к., доцент Л.С. Жақаева (2000-2002 жж.), з.ғ.д., профессор С.К. Амандықова (2002-2013 жж.), з.ғ.к., доцент А. Божқараұлы (2013-2019 жж.), PhD, доцент Г.У.Балгимбекова (2019-2020 ж.ж.), PhD, доцент М.Н. Абыласимов (2020 ж.), 2020 жылдан бері PhD, қауымдастырылған профессор Р.Б. Ботагарин кафедра меңгерушісі лауазымын атқаруда

Оқытушылар құрамы:

Бүгінгі таңда кафедрада құқықтану, халықаралық құқық, кедендік құқық саласында біліктілігі бар 16 оқытушы жұмыс істейді. Кафедра құрамына ғылым кандидаттары, PhD докторлары, магистрлер, республикалық Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы атағының иегерлері, практикалық қызметкерлер кіреді.

Білім алушылар:

Қазіргі таңда 6В04203-Халықаралық құқық білім бағдарламасы бойынша 55 студент білім алып жатыр.

Жұмысқа орналастыру:

Түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші 75%-ды құрайды.

Серіктестер:

Кафедра Феррара (Италия), Варшава және Вроцлав университеттерімен (Польша) бірлесіп 8D04201 - Құқықтану бағдарламасы бойынша философия докторларын (PhD) даярлауды жүзеге асырады.

Жыл сайын Италия, Болгария, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Польша және Өзбекстанның халықаралық және мемлекеттік құқық саласындағы жетекші мамандары заң факультетінің студенттері мен оқытушылары үшін қонақ дәрістерін оқиды. Кафедра мемлекеттік басқару органдарымен, адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Республикалық Бюромен, Қазақстан Республикасы Қызыл жарты ай қоғамының Қарағанды облыстық филиалымен ынтымақтастықта.

Академиялық ұтқырлық:

6В04203 Халықаралық құқық білім бағдарламасының студенттері Карлов университетінде (Чехия), Вильнюс университетінде (Литва) және өзге де жетекші университтерде білімдерін жетілдіре алады.

Жобалар:

Кафедрада бюджеттік бағдарламалар бойынша ғылыми зерттеулер жүзеге асырылады: 2009-2011 жж. - Қазақстан Республикасындағы саяси жүйе мен нысандарды жетілдірудің конституциялық және теориялық-құқықтық мәселелері, жаһандық процестердің дамуы тұрғысындағы мемлекеттік қызметті құқықтық қамтамасыз ету; 2012-2014 жж. - Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің теориялық және халықаралық-құқықтық мәселелері; 2015-2017 жж. - Қазақстанда және қазіргі әлемде ювеналды жүйенің қалыптасуы мен дамуында баланың конституциялық-құқықтық қорғалуы және құқықтарын қамтамасыз ету; 2018-2019 жж. - Ұлттық құқықтағы халықаралық сайлау стандарттарын сақтаудың конституциялық-құқықтық мәселелері.

2022-2024 жж. Интеграциялық процестерді дамыту жағдайында Қазақстан Республикасында азаматтығы және азаматтығы жоқ азаматтығын қысқарту AP14870745 іргелі гранттық тақырыбы.

Түлектер:

Бүгінгі таңда кафедраның көптеген түлектері ҚР Президентінің аппаратында, ҚР Парламентінің аппаратында, ҚР Сыртқы істер министрлігінде, шет мемлекеттердегі Қазақстан Республикасының елшіліктерінде, шет елдік заң компанияларында, ҚР Әділет министрлігінде, ҚР Жоғарғы сотында, ҚР Бас прокуратурасында, барлық деңгейдегі әкімдіктер мен мәслихаттар аппараттарын, сот және өзге де құқық қорғау органдарында қызметтер атқаруды