Кафедра туралы
Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасы туралы толық ақпарат
ТАРИХЫ:
1966 жылдан бастап Қарағанды педагогикалық институтында (ректор С.Б. Баймурзин) физика-математика факультетінің жанындағы көркем-графика бөлімінде (декан, физика-математика ғылымдарының кандидаты К.М. Арынгазин) алғаш рет «Сурет және сызу» мамандығы бойынша студенттер қабылданды. Бұл Қарағанды облысының мектептеріне педагог кадрларды даярлау мақсатында жүзеге асырылды.
1970 жылы алғашқы түлектер (41 маман) бітіріп шықты. Алғашқы түлектердің көпшілігі кейін жетекші мамандарға, белгілі мұғалімдерге, әдіскерлерге, жоғары оқу орындары мен колледждердің профессорлары мен оқытушыларына (профессор В.И. Коркина, М.М. Хасенов, В.С. Шкляров), сондай-ақ Қазақстан Суретшілер одағының мүшелері болып табылатын танымал суретшілерге айналды.
1972 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің құрылуына байланысты көркем-графика бөлімі қайта ашылып, Қарағанды дене тәрбиесі педагогикалық институтына берілді (ректорлар: Б.С. Мусин (1970–1973), Д.А. Шаймуханов (1974–1982)). Осы кезеңде көркем-графика бөлімінде оның алғашқы түлектері В.И. Коркина, Р.С. Сабитов, М.М. Хасенов, А.Г. Гених, А.А. Тимофеев, А.Н. Сердюк жұмыс істеді. Белгілі мүсінші Б.И. Мусат пен өнертанушы Л.Р. Золотарева шақырылды.
1984 жылы ректор, профессор С.К. Досмағамбетовтың бастамасымен ҚарПИ-де «Бейнелеу өнері, сызу және еңбек» мамандығы бойынша қабылдау ашылып, сол жылы «Бейнелеу өнері, сызу және еңбекке баулу» кафедрасы ұйымдастырылды. Кафедра меңгерушісі болып техника ғылымдарының кандидаты, доцент Владимир Ильич Нартя сайланды.
Кафедра мен бөлім физика-математика факультеті құрамында жұмыс істеді (декан, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент К.З. Альжанов). 1985 жылы инженерлік-педагогикалық факультеттің ашылуына байланысты мамандық көркем-графика факультетіне берілді, оның деканы доцент Э.А. Нам болды.
1990-жылдары факультет декандары әр кезеңде В.И. Ненахов, В.С. Шкляров, Ж.Ш. Балкенов болды. Бұл жылдары кафедраларды: кескіндеме кафедрасын — С.К. Калмаханов, сәндік-қолданбалы өнер кафедрасын — М.А. Қалқабаев, сурет кафедрасын — Ж.Ш. Балкенов басқарды.
1996 жылы Қарағанды педагогикалық институты Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті мен біріктірілгеннен кейін факультеттер мен кафедралар қайта ұйымдастырылды. Кәсіби-көркем білім беру факультеті құрылып, оның құрамына графика және сәндік-қолданбалы өнер кафедрасы (меңгерушісі — доцент В.И. Нартя) және бейнелеу өнері кафедрасы (меңгерушісі — доцент Ж.Ш. Балкенов) кірді.
1997 жылы кафедраларды біріктіру нәтижесінде «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасы құрылды. Оның меңгерушісі болып доцент, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Б.Е. Мустафин тағайындалды. Әр жылдары кафедраны: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Л.Н. Солодовиченко, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор М.М. Хасенов, философия ғылымдарының кандидаты, доцент Ж.Ш. Резин, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент С.А. Кипшаков, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент А.Ш. Манабаева, химия ғылымдарының кандидаты, доцент М.С. Нурмагамбетова, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Г.С. Шрайманова басқарды.
2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін кафедраны педагогика ғылымдарының магистрі, Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі Қ.Т. Кошкумбаев басқарады.
Қазіргі уақытта кафедраның профессор-оқытушылар құрамы: 1 педагогика ғылымдарының кандидаты, құрметті профессор, 1 ҚР БҒМ ВАК профессоры; 2 педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор; 1 педагогика ғылымдарының кандидаты, ассистент-профессор; 1 философия докторы (PhD); 1 Өңірлік менеджмент академиясының құрметті ғылым докторы; 1 ҚарМУ-дың құрметті қызметкері; 4 Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі; 8 Қазақстан Дизайнерлер одағының мүшесі; 13 Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі; 1 Қазақстан Педагогика ғылымдары академиясының академигі; 2 Халықаралық ақпараттандыру академиясының толық мүшесі; 2 Қазақстан Көркемөнер академиясының академигі; 3 Қазақстан Ұлттық дизайн академиясының академигі; 1 ҚР білім беру ісінің үздігі; 2 ҚР Мәдениет саласының үздігі; 3 ҚР мәдениет және өнер саласының үздігі; 1 Қазақстан ЮНЕСКО клубының мүшесі; 1 Халықаралық өнертанушылар мен көркем сыншылар қауымдастығының мүшесі.
Білім беру бағдарламалары:
· 6В01406 – Визуалды өнер, көркем еңбек, графика және жобалау;
· 6В02101 – Дизайн;
· 6В02202 – Бейнелеуөнері.
Кафедра оқытушылары жоғарыим пакт-факторы бар журналдарда (Ресей, Беларусь, АҚШ, Германия, Италия, Польша, Ұлыбритания, Словакия, Түркияжәнет.б.) ғылыми мақалалар жариялайды. Зерттеу нәтижелері Қазақстан және жақын шетел жоғары оқу орындарының білім беру процесіне енгізілуде. Монографиялар, оқулықтар және оқу құралдары жарық көрген.
Оқытушылар «ЖОО-ның үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегерлері (Л.Р. Золотарева — 2007 ж., А.Ш. Манабаева — 2010 ж., С.А. Кипшаков — 2016 ж.). Оқытушы Г.А. Ахметжанова 2024–2025 оқужылында «Болашақ» бағдарламасы бойынша АҚШ-тағы Иллинойс университетінде тағылымдамадан өтті.
Жетістіктер:
· Қазақстанда және шетелде еңбек ететін жүздеген мамандар даярланды (суретшілер, дизайнерлер, педагогтар);
· оқытушылар академиялар мен шығармашылық одақтардың мүшелері, байқаулар мен фестивальдердің лауреаттары;
· алыс және жақын шетелдерде қонақ дәріс оқып, ғылыми конференцияларға қатысуда;
· студенттер халықаралық және республикалық байқаулардың тұрақты жеңімпаздары;
· көптеген көрмелер, пленэрлер, музейлік тәжірибелер мен шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.
ЮНЕСКО-ның «Көркем білім беру жол картасына» сүйене отырып, кафедра дәстүр мен инновацияны үйлестіре отырып, болашақтың гуманитарлық және визуалды мәдениетін қалыптастыратын мамандарды даярлауды мақсат етеді.
Buketov University