ГЕОГРАФИЯ КАФЕДРАСЫ ТУРАЛЫ ТОЛЫҚ АҚПАРАТ
Тарихы:
Қазақстанның Орталық және Солтүстік аймақтарында географ мамандарының жетіспеушілігіне байланысты 1990 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің биология факультетінің (қазіргі биология-география факультеті) жанында география кафедрасының ашылуына г.ғ.к., доцент Мұратхан Қожахмет мұрындық болды. Алғашқы кафедра меңгерушісі Мұратхан Кожахмет тағайындалды.
1990 жылдың 25 тамызында «010-География» мамандығы бойынша күндізгі оқу бөліміне алғашқы 50 студент (қазақ бөліміне – 25 студент және орыс бөліміне – 25 студент) қабылданды.
1995 жылдың шілде айында алғашқы түлектер Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекетттік университетінен Географ-Оқытушы мамандығын иеленді.
2000 жылдың қыркүйегінде География кафедрасының 10 жылдық мерейтойы атап өтілді.
2001 жылдың қыркүйек айында «511030 – География» мамандығы бойынша мамандар даярлау жөніндегі жаңа мемлекеттік стандартқа көшті.
2003 жылдың қаңтарында География кафедрасының оқытушысы С.О. Жетпісов Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Геоэкологические проблемы Карагандинско-Темиртауского промышленного района и пути их решения» тақырыбы бойынша география ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. Мамандық шифрі: 25-00-36 - Геоэкология
2004 жылдың мамыр айында География кафедрасының оқытушысы Талжанов С.А. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Әртүрлі қоғамдық жүйе жағдайында Орталық Қазақстан жер ресурстарын мал шаруашылығының жайылымы ретінде пайдалануын экономикалық-географиялық тұрғыдан талдау» тақырыбы бойынша география ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. Мамандық шифрі: 25.00.24 – экономикалық, әлеуметтік және саяси география
2005 жылдың қыркүйегінде География кафедрасының құрылғанына 15 жыл.
2006 жылдың ақпан айында География кафедрасының оқытушысы Абилова А.Б. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Региональные проблемы социально-демографических процессов в Центральном Казахстане» тақырыбы бойынша география ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. Мамандық шифрі: 25.00.24 – экономикалық, әлеуметтік және саяси география. Қарашасында «Қазақ географиялық қоғамы» Республикалық қоғамдық ұйым құру туралы география кафедрасының отырысында шешім қабылданды, Президенті болып география кафедрасының доценті Акпамбетова К.М. тағайындалды.
2009 жылдың қаңтар айында География кафедрасының оқытушысы Кадирбаева Д.А. академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде ««Жоғары оқу орнында болашақ география мұғалімдерін этнопедагогикалық даярлауды жетілдіру» тақырыбы бойынша педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. Мамандық шифрі: 13.00.08 – Кәсіби білім беру теориясы мен әдістемесі. Желтоқсан айында кафедра меңгерушісі болып г.ғ.к., доцент С.А.Талжанов тағайындалды.
2010 жылдың қыркүйегінде География кафедрасына 20 жыл толды. Қараша айында География кафедрасының оқытушысы Чистякова Г.Н. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Развитие и территориальная организация малого и среднего бизнеса Центрального Казахстана (экономико-географические аспекты)» тақырыбы бойынша география ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. Мамандық шифрі: 25.00.24 – экономикалық, әлеуметтік және саяси география
2011 жылдың тамызында «5В011600–География» мамандығы бойынша студенттер көптілді топқа алғаш қабылданды.
2012 жылдың сәуір айында «5В011600–География» мамандығының студенттер командасы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтында IV Республикалық студенттік олимпиадада 1 орынға ие болды. Команда құрамы: Шадский Евгений Евгеньевич (ГО-22 тобы студенті), Рахметова Анар Асқарбайқызы (ГО-41 тобы студенті) Демьянова Олеся Дмитриевна (ГО-42 тобы студенті). Команда жетекшісі – География кафедрасының меңгерушісі, г.ғ.к. Талжанов С.А. Мамыр айында 1 курс магистранты Аманжолов Айдын академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Жас ғалымдар кеңесінің инновациялық жобалар байқауында 3 дәрежелі диплом иегері атанды. Қыркүйегінде Минхо университетінің (Португалия) профессоры Джоао Сарменто география факультетінде қонақ дәрістерін оқыды. Қазан айында Доктор Войцех Пушта қонақ дәрістерін оқыды (Вроцлав, Польша). Қарашада Karoly Robert College (Венгрия) университетінің профессоры, PhD докторы Дэвид Лорандтың қонақ дәрістері өтті.
2013 жылдың наурызында «В011600–География» мамандығының студенттері М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекетттік университетінде өткен кезекті республикалық пәндік олимпиадаға қатысты. 3-курс студенті Шадский Евгений І орынмен марапатталды. Жетекшісі – география кафедрасының аға оқытушысы Суймуханов Ұ.А.
2014 жылы наурыз айында «5В011600–География» мамандығының студенттері М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекетттік университетінде өткен кезекті республикалық пәндік олимпиадаға қатысты. 4-курс студенті Шадский Евгений ІІ дәрежелі диплом иегері атанды.
2015 жылы наурызда «5В011600–География» мамандығының студенттері М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекетттік университетінде өткен кезекті республикалық пәндік олимпиадаға қатысты. Командалық есепте 3-орынды жеңіп алды. Команда құрамы: Тажентаева Индира, Төлеш Бақытжан. Команда жетекшісі – география кафедрасының аға оқытушысы Аманжолов А.И.
2016 жылы наурызда «5В011600–География» мамандығының студенттері Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде өткен олимпиадада командалық сайыста жүлделі 2-дәрежелі марапатқа ие болды. (Тажентаева И., Төлеш Б.). Команда жетекшісі – география кафедрасының аға оқытушысы Суймуханов Ұ.А.
2017 жылы тамыз айында кафедра меңгерушісі С.А.Талжановтың факультет деканы лауазымына ауысуына байланысты кафедра меңгерушісі болып г.ғ.к., доцент К.М.Акпамбетова тағайындалды. Қыркүйекте Республикамыздың аз қамтылған мектептеріне мұғалімдерді даярлау мақсатында география кафедрасында «5В012900–География-Тарих» мамандығы ашылды. Қазанда №4 26.10.2017 ж. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесінің шешімімен №3 корпустың №511 дәрісханасына кафедраның алғашқы меңгерушсі г.ғ.к., профессор М.Қожахметтің есімі берілді. Наурызда «5В060900–География» мамандығының студенттері Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде өткен олимпиадада 2-орын иеленді. Команда мүшелері: Жанаева Мерей, Шаракулова Жәмилә, Әбдіғапбар Әсем. Команда жетекшісі: аға оқытушы Суймуханов Ұ.А. Сәуірде «5В011600–География» мамандығының студенттері М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекетттік университетінде өткен республикалық пәндік олимпиадада Төребаев Сәуір 1-орынды жеңіп алды. Жетекшісі – география кафедрасының аға оқытушысы Аманжолов А.И.
2018 жылдың сәуір айында Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, география кафедрасының ұйымдастыруымен «5В011600–География» мамандығы бойынша Х Республикалық пәндік олимпиада өткізді. Олимпиадаға еліміздің ЖОО-нан 17 команда қатысты. Тамызда География кафедрасының оқытушылары Абиева Г.Б. (Е.А.Гумилев атындағы ЕҰУ, «6В060900-География»), Суймуханов Ұ.А. (Әл-Фараби атындағы ҚҰУ, «6В060900-География»), Кенжина К.Д. (Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ «8D05108001 – Биология») докторантураға оқуға қабылданды.
2019 жылдың қараша айында «6В05203 (5В060900)–География» мамандығы Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігінен аккердитациядан өтті. Желтоқсан айында География кафедрасының доценті Г.Н.Чистяковаға «ҚарМУ еңбек сіңірген қызметкері» атағы берілді. Сәуірде «5В011600–География» мамандығының студенттері Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекетттік университетінде өткен республикалық пәндік олимпиадада командалық 1-орынды жеңіп алды. Команда құрамы: Сайлауов Нұртас, Оспан Нәзипа. Команда жетекшісі – география кафедрасының аға оқытушысы Аманжолов А.И. Сәуірде «5В011600–География» мамандығының студенттері Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекетттік университетінде өткен республикалық пәндік олимпиадада командалық 1-орынды жеңіп алды. Команда құрамы: Сайлауов Нұртас, Оспан Нәзипа. Команда жетекшісі – география кафедрасының аға оқытушысы Аманжолов А.И. Тамызда География кафедрасының аға оқытушысы Жангожина Г.М. Алтай мемлекеттік университетіне аспирантураға оқуға қабылданды.
2020 жылдың мамыр айында «5В011600–География» мамандығының студенттері С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекетттік университетінде өткен республикалық пәндік олимпиадада командалық 3-орынды жеңіп алды. Команда құрамы: Кабирова Дана, Комарзина Нұрбану. Команда жетекшісі – география кафедрасының аға оқытушысы Аманжолов А.И.
2021 жылдың тамыз айында География кафедрасының меңгерушісі қызметіне п.ғ.к., доцент Д.А.Кадирбаева тағайындалды. Қазанда М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің доценті Д.Л.Головановтың «Почвоведение с основами геохимии ландшафтов, географии почв и структуры почвенного покрова» атты тақырыпта қонақ дәрісі өткізілді. Наурызда «5В060900–География» мамандығының студенттері Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде өткен олимпиадада 3-орынға ие болды. Команда мүшелері: Темірбаева С., Қуанышбеков А., Буланбаева Д. Команда жетекшісі: аға оқытушы Аманжолов А. Сәуірде «5В011600–География» мамандығының студенттері А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде өткен республикалық пәндік олимпиадада командалық 3-орынды жеңіп алды. Команда құрамы: Нығмет Мейірман, Шөпбай Жансая. Команда жетекшісі – география кафедрасының аға оқытушысы Аманжолов А.И.
2022 жылдың қарашасында И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінің профессоры, г.ғ.д. Т.М.Чодураевтің «Природные основы устойчивого развития» тақырыбында қонақ дәрісі өткізілді. Наурызда «5В060900-География» мамандығының студенттері Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде өткен олимпиадада 3-орын алды. Команда мүшелері: Темірбаева С., Хасенов Д., Буланбаева Д., Команда жетекшісі: п.ғ.к., ассистент профессор Кадирбаева Д.А. Сәуірде «5В011600-География» мамандығының студенттері Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университетінде өткен республикалық пәндік олимпиадада командалық 3-орынды жеңіп алды. Команда құрамы: Нығмет Мейірман, Шөпбай Жансая.Команда жетекшісі – география кафедрасының аға оқытушысы Суймуханов Ұ.А. Сондай-ақ Karoly Robert College (Венгрия) университетінің профессоры, PhD докторы Дэвид Лорандтың «Travel and tourism geography: Ecological and geographical impact» қонақ дәрістері өтті. Желтоқсанда «ARQA» аккредиттеу және білім беру сапасын сараптау тәуелсіз агенттігінен «6В01511 – География-Тарих» және «7М01506-География» білім беру бағдарламасы аккредитациядан өтті.
2023 жылдың наурызында «5В060900–География» мамандығының студенттері Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде өткен олимпиадада 2-орын алды. Команда мүшелері: Жақсыбай Д., Зиядинов Ж., Кұздеш Ф. Команда жетекшісі: аға оқытушы Суймуханов Ұ.А. Оған қоса Ә.Марғұлан атындағы Павлодар университетінде «В014-География мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасының тобы бойынша өткен республикалық пәндік олимпиадада Серік Манас 3-орыналды. Жетекшісі – география кафедрасының аға оқытушысы Аманжолов А.И. Қарашада Ататюрк университетінің PhD доктор, профессоры Taskin Oztas «Fundamentals of Soil Science» тақырыбында қонақ дәріс оқыды. Желтоқсанда «6В01511-География-Тарих» білім беру бағдарламасы 2023 жылғы білім беру бағдарламалары рейтингісінің қорытындысы бойынша 3 орын иеленді.
2024 жылы қыркүйекте Кафедра меңгерушісі болып ж.ғ.м., аға оқытушы А.И.Аманжолов тағайындалды. Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігi – рейтингісінің қорытындысы бойынша жетістікке жеткендер:
«В014-География мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасының тобы бойынша – 2 орын
«В052 – Жер туралы ғылым» білім беру бағдарламасының тобы бойынша 2-орын
«М015-География педагогтарын даярлау» - білім беру бағдарламасының тобы бойынша 2-орын
Қазан айында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде өткен республикалық пәндік олимпиадада «В014-География мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасының студенті Токташ Ерсұлтан 3 орын иеленді. «В052 – Жер туралы ғылым» білім беру бағдарламасының тобы бойынша 3-орын жеңіп алды (Аширбекова А., Досан І., Аманкелдиқызы А.). Команда жетекшісі: аға оқытушы Суймуханов Ұ.А.
Білім алушылар:
География кафедрасының оқу бағдарламалары бойынша (мысалы, 6В01511-География-Тарих білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар саны 2017-2024 оқу жылдары аралығында 23-тен 110 білім алушыға артты) бакалавриат пен магистратураға сұраныс жылдан жылға артуда.
Білім беру бағдарламалары:
Кафедрада оқу бағдарламалары қазақ және орыс тілдерінде оқытатын дәстүрлі топтар бар, сондай-ақ, білім алушылар қонақ дәрістерді ағылшын тілінде тыңдай алады.
Аккредиттеу және көшбасшылық:
Кафедраның барлық мамандықтары «IQAA» білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз және «ARQA» аккредиттеу және білім беру сапасын сараптау бойынша тәуелсіз агенттіктерінен аккредитациядан сәтті өтті.
Білім беру бағдарламалары «IQAA» білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Тәуелсіз агенттіктігі мен «Атамекен» ҰҚП рейтингтері бойынша жоғары орындарды иеленді.
Серіктестер:
География кафедрасы жақын және алыс шет елдердің көптеген жетекші жоғары оқу орындарымен байланыс орнатқан. Олардың ішінде М.В.Ломоносов атындағы ММУ (РФ), Алтай мемлекеттік университеті (РФ), Наварра университеті (Испания), Ататүрік университеті (Түркия), И. Арабаев атындағы ҚМУ (ҚР), Ұлықбек мырза атындағы Өзбекстан ұлттық университеті бар.
Академиялық ұтқырлық:
Студенттер академиялық ұтқырлық бағдарламасын оқу және ғылыми ізденістері бойынша тиімді пайдалана алады. Академиялық ұтқырлық бойынша серіктес университеттер қатарында: Абай атындағы ҚазҰПУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Беларусь мемлекеттік университеті (Беларусь), Томск мемлекеттік университеті, Орынбор мемлекеттік университеті, Пермь ұлттық зерттеу университеті (РФ), Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университеті.