Кафедра туралы
Механика және робототехника кафедрасы туралы толық ақпарат
Тарихы:
Кафедра 1997 жылы құрылды. Алғашқы меңгерушісі – техника ғылымдарының докторы, профессор К.А.Тұрсынов. Кафедра механика саласы бойынша мамандар даярлауға, мемлекеттік тілдегі оқу-әдістемелік әдебиеттерді дамытуға елеулі үлес қосты. 2014 жылы кафедра профессор Т.Ғ.Мұстафин атындағы алгебра, математикалық логика және геометрия кафедрасының құрамына қосылып, 2026 жылы қайта бөлінді. Қазіргі меңгерушісі PhD, қауымдастырылған профессор Р.А.Қайыров. Кафедра «Механика», «Робототехника және мехатроника» бакалавриаты, «Механика» магистратурасы мен докторантурасы бойынша мамандар даярлайды. Кафедрада 8 оқытушы қызмет етеді, олардың бесеуі PhD дәрежесіне ие. Оқу және ғылыми-зерттеу зертханалары заманауи зертханалық, робототехникалық және компьютерлік құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Кафедра оқытушылары гранттық жобаларды жүзеге асырып, халықаралық тағылымдамалардан өтуде. Студенттер республикалық және халықаралық олимпиадаларға, ғылыми конкурстар мен конференцияларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып келеді. Кафедраның негізгі мақсаты – механика, робототехника, мехатроника және компьютерлік модельдеу салаларында бәсекеге қабілетті, заманауи технологияларды меңгерген жоғары білікті мамандар даярлау болып табылады.
Buketov University