ШЕТЕЛ ТІЛІНІҢ ПРАКТИКАЛЫҚ КУРСЫ КАФЕДРАСЫ ТУРАЛЫ ТОЛЫҚ АҚПАРАТ

Даталар мен фактілер

 

Кафедрада шеттілдік білім беру саласындағы шетелдік мамандар жұмыс атқарады. 2022 жылдың қыркүйек айынан түрік тілі мамандары  Асуман Ергюн (Хаджетепе университеті, Түркия),  Чидем Бекар Курт (Докуз Ейлюл университеті, Түркия), Бурак Коркмаз (Анкара Хажи Байрам Вели университеті, Түркия), ағылшын тілі оқытушысы Джон Марусчак (АҚШ, English Language Fellow Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігінің бағдарламасы) және француз тілі оқытушысы Элен Гарнье (шығыс тілдері және мәдениеті Ұлттық институты, Париж, Франция), екінші шетел тілінен сабақ береді.

 

Кафедра Қарағанды қаласының Француз Альянсы, Гете институты, Түркияның Қазақстандағы елшілігі секілді халықаралық ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс істейді. Студенттердің бірнеше шетел тілдерін үйренуге және шет тілді мәдениеттермен танысуға қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі іс-шаралар бірлесіп ұйымдастырылады.

 

 Қазіргі уақытта кафедра ұжымы оқу-әдістемелік қамтамасыз етудің сапалы базасын құруға көп көңіл бөледі, кафедра пәндері бойынша оқу-әдістемелік кешендерді, авторлық баспа және электрондық басылымдарды әзірлеуді жалғастыруда.