Білім беру бағдарламалары

Докторантура бағдарламалары

Қолжетімді мамандықтар

17
Докторантура PhD · 8D01101

Педагогика және психология

Оқу мерзімі3 жыл Оқу нысаныДокторантура Конкурсқа қатысу үшін ең төменгі балл75 Оқу ақысы1 307 000 ₸

Бейіндік пәндер

Жабық тапсырмалармен тестілеу Ашық тапсырмалармен тестілеу

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Білім беру бағдарламасының мақсаты Қазақстан Республикасындағы білім және ғылым дамуы үшін білікті мамандар даярлау, толыққанды білім алу үшін жағдайларды, кәсіби құзырлылықты қамтамасыз ету болып табылады.

Берілетін дәреже

«8D01101 - Педагогикажәнепсихология» білім беру бағдарламасы бойынша философиядокторы(PhD).

Аккредиттеу

Аккредиттеу сертификатыұйым БСҚТҚА, сертификат №АВ 5608, берілген күні «20.12.2024 ж.», қолданылу мерзімі 5 жыл – 19.12.2029 ж. дейін.

Рейтингтердегі орны

0

Рейтинг нәтижелері әлі қосылмаған.

Оқуды аяқтағаннан кейін

Мүмкін лауазымдар

  • ЖОО оқытушысы, білім бөлімдеріндегі маман, білім беру ұйымының және ҒЗИ басшысы, білім беру ұйымы мен ҒЗИ басшысының орынбасары, ғылыми қызметкер.

Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері

  • Мінез-құлық дағдылары мен тұлғалық қасиеттер (Soft Skills):
  • халықаралық академиялық қоғамдастықтың ғылыми зерттеу нәтижелерін эссе, ғылыми мақала, диссертация және басқа да жанрларда рәсімдеу мен ұсыну құрылымына қойылатын талаптарын қолданады;
  • сөйлеу және тілдік құзыреттерді, соның ішінде диалог жүргізу технологиясын, көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын және т.б. меңгерген;
  • өзін-өзі жетілдіру және кәсіби даму мақсатында психологиялық-педагогикалық ғылым жетістіктері мен ғылыми жаңалықтардың маңыздылығын сыни тұрғыдан бағалайды;
  • ғылыми зерттеулердің әдіснамасы мен әдістемесін меңгерген, зерттеу мәселесін анықтайды, зерттеуді ұйымдастырады және жүргізеді, эксперименттік деректерді түсіндіреді;
  • ғылыми зерттеу нәтижелерін бағалайды және оларды жасанды интеллектті қолдану арқылы практикалық қызметке енгізеді.
  • Цифрлық құзыреттер (Digital Skills):
  • педагогикалық міндеттерді шешу және инновациялық жобаларды әзірлеу мақсатында қашықтан оқыту әдістерін, жасанды интеллектті, онлайн-сервистер мен қашықтан оқыту платформаларын қолдана отырып, әлеуметтік, этикалық және ғылыми аспектілерді ескере отырып, ақпаратты жинау және түсіндіру дағдыларын көрсетеді;
  • кәсіби деңгейде озық инновациялық технологиялар мен жасанды интеллектті педагогикалық міндеттерді шешу үшін қолданады, оқу үдерісіне енгізуге арналған инновациялық жобаларды әзірлейді.
  • Кәсіби құзыреттер (Hard Skills):
  • педагогикалық қызметті жүзеге асырады, заманауи педагогикалық технологияларды меңгерген және оларды кәсіби қызметінде қолданады;
  • кәсіби қарым-қатынас саласында сөйлеу әдебінің нормаларын сақтайды;
  • зерттеудің жалпы әдістерін: талдау, синтез, диалектикалық, тарихи, құрылымдық-функционалдық, әлеуметтанулық және статистикалық әдістерді меңгерген;
  • психологиялық-педагогикалық антропологияның мәселелері мен оның даму тенденцияларын түсінеді;
  • өзін-өзі жетілдіру және үздіксіз кәсіби даму мақсатында адам туралы білімнің маңыздылығын сыни тұрғыдан бағалайды;
  • білім беру сапасынбасқарутехнологиясынмеңгерген.

Кәсіби қызмет салалары

  • а) «8D01101 - Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша бітірушілердің кәсіби қызмет саласы болып табылады:
  • жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі;
  • ғылыми-зерттеу ұйымдары.
  • «8D01101 - Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша түлектердің кәсіби қызметінің нысаны болып табылады:
  • жоғарыоқуорындары;
  • педагогикалықколледждер;
  • білімбасқармасыныңдепартаменттері;
  • білім беру жүйесікадрларыныңбіліктілігінарттыружәнеқайтадаярлауинституттары;
  • ғылыми-зерттеуинституттары мен зертханалар.
  • в) Кәсіби қызмет түрлері:
  • білім беру;
  • басқарушылық;
  • зерттеушілік.
  • г) Кәсіби қызметінің функциялары:
  • оқыту – оқу ақпаратын таратады, өз бетінше білім алуға үйретеді, оқушылардың лингвистикалық сұраныстары мен сұраныстарын ескере отырып, оқу сабақтарын құрастырады, оқытудың жаңа технологияларын, соның ішінде АКТ және т. б. пайдаланады;
  • тәрбиелеу – білім алушыларды әлеуметтік құндылықтар жүйесіне, педагогикалық тактіні, педагогикалық этика ережелерін сақтауға баулиды, білім алушылардың тұлғасына құрмет көрсетеді, Қазақстанның ұлттық басымдықтарын ескере отырып, тәрбие процесін құрады және т. б.;
  • әдістемелік – білім беру үдерісін әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады, өз біліктілігін арттыруды жоспарлайды, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін анықтайды, берілген мақсаттарға сәйкес оқу материалдарын әзірлейді және т.б.;
  • зерттеушілік – білім алушылардың білім беру мазмұнын меңгеру деңгейін зерттейді, білім беру ортасын зерттейді, білім алушылардың жеке ерекшеліктерін диагностикалау нәтижелерін қолданады;
  • әлеуметтік-коммуникативтік – кәсіби қоғамдастықпен және барлық мүдделі тараптармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады, білім беру стейкхолдерлерін біріктіретін инновациялық идеяларға бастамашылық жасайды және т.б.;
  • басқарушылық–білім мен ғылымды дамытудың жалпы үрдістері, білім беру ұйымының дамуының жалпы стратегиялық бағыттары контекстінде үдерістерді басқарады.

Бейіндік дайындық

  • Білім беру бағдарламасы педагогика және психология саласындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі, ғылыми-зерттеу және білім беру ұйымдары үшін жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауға бағытталған. Оқу барысында докторант психологиялық-педагогикалық зерттеулердің заманауи әдіснамалық тәсілдері мен әдістерін меңгереді, педагогика және психология саласындағы теориялық және қолданбалы мәселелерге сыни және тұжырымдамалық талдау жасауды, білім беру үдерістері мен психологиялық құбылыстардың даму заңдылықтарын анықтауды, ғылыми гипотезаларды әзірлеу мен негіздеуді, эмпирикалық зерттеулер жүргізуді және олардың нәтижелерін интерпретациялауды үйренеді. Докторант инновациялық педагогикалық және психологиялық-педагогикалық технологияларды әзірлеуге және енгізуге, білім беру жүйелері мен үдерістерінің тиімділігін бағалауға, ғылыми және кәсіби қызметінде цифрлық құралдар мен жасанды интеллект технологияларын қолдануға қабілетті болады.
  • Докторант «Академиялық хат (ағылшын тілінде)», «Ғылыми зерттеу әдістері», «Педагогтің кәсіби құзыреттілігі», «Замануи ғылымның өзекті мәселелері», «Педагогикалық ғылымдардың қазіргі кездегі жағдайы мен тарихы», «Білім беру сапасын басқару», «Кәсіби-педагогикалық қарым-қатынас» сияқты пәндерді оқиды.
  • Білім беру бағдарламасының түлектеріне философия докторы (PhD) дәрежесі беріледі. Олар жоғары оқу орындарында оқытушылық қызметпен айналыса алады, сондай-ақ ғылыми-зерттеу институттары мен ұйымдарында жұмыс істей алады.

ББ өзгерістері жылдар бойынша

1
2026Жаңа функция

2025 жылы білім беру бағдарламасына жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері (профессор-оқытушылар құрамы) үшін кәсіптік стандартта көзделген еңбек функциялары енгізілді. Сонымен қатар, оқу пәндерінің қысқаша сипаттамалары жаңартылды. ОП паспортын жаңарту күні 17.06.2025

Өзгерістер туралы құжат
Докторантура PhD · 8D01301

Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Оқу мерзімі3 жыл Оқу нысаныДокторантура Конкурсқа қатысу үшін ең төменгі баллНақтыланады Оқу ақысы1 307 000 ₸

Бейіндік пәндер

Жабық тапсырмалармен тестілеу Ашық тапсырмалармен тестілеу

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Кәсіби білім беру стандартына сәйкес оқу-тәрбие, ғылыми-зерттеу, әкімшілік қызметке ынталандырылған, отандық білім беру жүйесі талап ететін білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.

Берілетін дәреже

«8D01301 - Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы бойынша (PhD) философия докторы

Аккредиттеу

Аккредиттеу сертификатыБілім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз қазақстандық агенттік. БСҚБТА агенттігінің SA-А №0271/3 мамандандырылған аккредиттеу туралы куәлігі (қайта рәсімдеу күні 06.05.2023ж.) әрекет ету мерзімі 06.05.2023 ж. – 05.05.2028 ж.

Рейтингтердегі орны

0

Рейтинг нәтижелері әлі қосылмаған.

Оқуды аяқтағаннан кейін

Мүмкін лауазымдар

  • жетекші маман,
  • ЖОО оқытушысы,
  • ғылыми қызметкер,
  • білім беру ұйымының басшысы, басшының орынбасары,
  • бас маман.

Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері

  • 1.Мінез-құлық дағдылары және жеке қасиеттер:
  • (Softskills)
  • Ғылыми құжаттарды (ғылыми баяндамалар, рефератталатын журналдардағы мақалалар, есептер, шолулар, рефераттар, аннотациялар), библиография мен сілтемелер жасау және рәсімдеу тәсілдерін, іскерлік қарым қатынас, кәсіби және корпоративтік этика саласындағы электрондық дерекқорлармен жұмыс істеу дағдыларын меңгерген.
  • Жоғары мектепте оқу үдерісін ұйымдастырудың оңтайлы және тиімді түрлерін таңдайды. Даулы жағдайларда оқытудың тиімділігі мен сапасын арттырудың психологиялық әдістері мен құралдарымен жұмыс істейді.
  • Сандық құзыреттер: (Digital skills)
  • Қазіргі педагогика әдістемесінің білімдеріне ие және жоғары мектепте оқытуда озық технологияларды қолданады; ақпараттық-оқу ортасын жобалау, білім беру процесіне қатысушылармен өзара әрекеттесу дағдыларына ие, кәсіби міндеттерді шешу үшін цифрлық технологияларды пайдаланады.
  • Кәсіби ортада тиімді қарым-қатынас әдістерін қолданады, іскерлік этика шеңберінде пікірсайыс жүргізеді, ақпаратты іздеу, өңдеу, талдау және ұсыну, академиялық этиканы сақтай отырып, жасанды интеллект технологияларын, онлайн-коммуникация мен цифрлық контент жасау үшін цифрлық құралдарды тиімді пайдаланады.
  • Кәсіби құзыреттер: (Hardskills)
  • Өзара іс-қимылдың түрлері мен нысандарын, олардың табиғаттағы, қоғамдағы және адам санасындағы орны мен рөлін анықтайды.
  • Әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми білімге заманауи тәсілдер мен олардың өлшеулігі туралы білімдерін көрсетеді; жоғары мектепте оқыту процесінің қозғаушы күші мен принциптерін анықтайды; жоғары мектептегі заманауи дидактикалық тұжырымдамалардың ерекшеліктерін анықтайды.
  • Ғылыми зерттеулердің әдіснамасы мен әдістемесін меңгерген, зерттеу мәселесін айқындайды, эксперименттік деректерді ұйымдастырады, жүргізеді, түсіндіруді жүзеге асырады; ғылыми зерттеулердің нәтижелерін бағалайды және практикалық іс-әрекетке енгізеді.
  • Мұғалімнің кәсіби ойлау түрін анықтайтын ғылыми теориялардың мәні мен функцияларын талдайды; педагогикалық ойлаудың қалыптасуына әсер ететін педагогикалық білім жүйесінің логикалық құрылымын зерттейді.

Кәсіби қызмет салалары

  • Түлектердің кәсіби қызмет саласы: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі, ғылыми-зерттеу ұйымдары.
  • Түлектердің кәсіби қызметінің объектілері: жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттары мен зертханалар, педагогикалық колледждер, білім басқармасының департаменттері, білім беру жүйесі кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттары.
  • Түлектің кәсіби қызмет түрлері:
  • білім беру;
  • басқарушылық;
  • зерттеушілік.

Бейіндік дайындық

  • 25 кредит. Теориялық оқыту: академиялық хат (ағылшын тілінде), ғылыми зерттеу әдістері, кәсіби этика, педагогиканың философиясы және әдіснамасы, педагогикалық ойлау: теория және практика.
  • 20 кредит. Практика: педагогикалық және зерттеу практикасы.
  • 123 кредит. Ғылыми-зерттеу жұмысы: тағылымдамадан өту және докторлық диссертацияны орындау.
  • 12 кредит. Қорытынды аттестаттау: докторлық диссертацияны қорғау.

ББ өзгерістері жылдар бойынша

0

Бағдарлама өзгерістері әлі қосылмаған.

Докторантура PhD · 8D01701

Қазақ тілі мен әдебиеті

Оқу мерзімі3 жыл Оқу нысаныДокторантура Конкурсқа қатысу үшін ең төменгі балл75 Оқу ақысы1 307 000 ₸

Бейіндік пәндер

Жабық тапсырмалармен тестілеу Ашық тапсырмалармен тестілеу

Білім беру бағдарламасының мақсаты

кәсіби білім беру стандартына сәйкес ғылыми-зерттеу орталықтары мен оқу орындарында тілдер мен әдебиетті зерттеуге, оқытуға негізделген отандық білім беру жүйесінде сұранысқа ие білікті және бәсекеге қабілетті мамандар даярлау.

Берілетін дәреже

8D01701-Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы бойынша философия ғылымдарының докторы /PhD/

Аккредиттеу

Аккредиттеу сертификаты«ARQA» аккредиттеу және білім беру сапасын сараптау тәуелсіз агенттігі Аккредиттеудің мерзім уақыты: 30.12.2022ж.-29.12.2027 ж.

Рейтингтердегі орны

0

Рейтинг нәтижелері әлі қосылмаған.

Оқуды аяқтағаннан кейін

Мүмкін лауазымдар

  • Жоғары және орта арнаулы білім беру ұйымдарының оқытушысы; аға оқытушы; ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер; білім беру ұйымдарындағы педагог-зерттеуші; ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарының зерттеушісі; әдеби редактор, бас редактор, корректор; білім беру кеңесшісі, сарапшы; оқу-әдістемелік кешендер мен цифрлық білім беру ресурстарын әзірлеуші маман; мәдени-ағартушылық және ғылыми-жобалау ұйымдарының басшысы/маманы.

Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері

  • мінез-құлық дағдылары мен жеке қасиеттер (Softskills):
  • тілдің әлеуметтік табиғатын, әлеуметтік мәнін, тілдің әлеуметтік қызметін, тілдің эволюциясын анықтайды; тілдердің бір-біріне әсерін, ауытқу құбылыстарын ажыратады.
  • жоғары рейтингті басылымдардың талаптарын ескере отырып, ғылыми мақалалар жазады, ғылыми мәтіндерді ағылшын тілінен аударады, олардың мағынасын түсіндіреді.
  • диссертациялық жұмыс шеңберінде ғылыми зерттеу жүргізу және ғылыми жарияланымдарды дайындау процесін жоспарлайды.
  • цифрлық құзыреттер (Digital skills):
  • жоғары мектепте тіл мен әдебиетті оқытудың заманауи әдістемелерін қолданады, сандық және интернет-технологияларды талдайды.
  • сабақтарға, ЖОО-нда оқытуды ұйымдастырудың негізгі формаларына талдау жасайды, көркем мәтінді филологиялық талдау принциптерін іс-тәжірибеде қолданады.
  • кәсіби құзыреттер (Hardskills):
  • қазақ әдебиетіндегі постмодернизмге тән белгілерді анықтайды, әлем әдебиетіндегі постмодернизмнің типтік сипаттамаларын салыстырады; постмодернизмнің көркем туындыларын талдау алгоритмін ұсынады.
  • ғылыми әдебиеттегі мәтін мен дискурсты айыра біледі, әдеби дискурс мәнін түсіндіреді, көркем әдебиеттегі автор, кейіпкер және оқырман арасындағы қатынастарды анықтай алады.

Кәсіби қызмет салалары

  • а) Бітіруші лауазымдардың тізімі
  • университет профессоры;
  • ғылыми қызметкер;
  • редакцияның, мәдениет мекемелерінің қызметкері.
  • б) Бітірушінің кәсіби қызмет саласы
  • білім (жоғары оқу орындарының оқытушысы);
  • ғылым (ғылыми-зерттеу мекемелерінің қызметкері);
  • білім беру саласындағы әкімшілік (жоғары оқу орындарының бөлімдері);
  • Бітірушінің кәсіби қызметінің объектілері
  • университеттер;
  • ғылыми-зерттеу институттары.
  • в) Бітірушінің кәсіби қызметінің түрлері
  • ғылыми-педагогикалық;
  • зерттеу;
  • тәрбиелік және педагогикалық;
  • ұйымдастырушылық-педагогикалық.
  • г) Бітірушінің кәсіби қызметінің функциялары
  • жоғары оқу орындарында, жалпы білім беретін мектептерде, гимназиялар мен лицейлерде, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында қазақ тілі мен әдебиетін оқыту;
  • білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және педагогикалық процесті ұйымдастыру бойынша жұмыстарды жүзеге асыру;
  • тіл білімі, әдебиеттану, фольклортану және мәтінтану салаларында зерттеулер жүргізу;

Бейіндік дайындық

  • Бағдарлама академиялық жазуды, ғылыми-зерттеу методологиясын және қолданбалы кәсіби дағдыларды интеграциялауға бағытталған. Магистранттар «Академиялық хат (ағылшын тілінде)», «Ғылыми зерттеу әдістері», «Әдеби/тілдік дискурс теориясы», «Жоғары оқу орнында қазақ тілін/әдебиетін оқытудың инновациялық технологиялары», «Әдебиеттегі постмодернизм», «Лингвотұлғатану» сияқты маңызды пәндерді меңгереді.
  • Ғылыми-педагогикалық практика докторанттардың кәсіби және ғылыми-зерттеу құзыреттіліктерін жетілдіруге, жоғары білім беру жүйесіндегі педагогикалық қызметтің теориялық және әдістемелік негіздерін терең меңгеруге, ғылыми зерттеу нәтижелерін оқу үдерісіне енгізуге, сондай-ақ жоғары оқу орындарында оқытушылық және ғылыми-зерттеушілік қызметті жүзеге асыруға қажетті кәсіби дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Сонымен қатар, практика докторанттың дербес ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, білім беру үдерісін заманауи әдістер негізінде жобалау және ғылыми-педагогикалық қызметте инновациялық тәсілдерді қолдану қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.

ББ өзгерістері жылдар бойынша

1
2025New feature

2025 жылы білім беру бағдарламасына жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері (профессор-оқытушылар құрамы) үшін кәсіби стандартта көзделген еңбек функциялары енгізілді. Бұдан бөлек, оқу пәндерінің қысқаша сипаттамалары жаңартылды.

Өзгерістер туралы құжат
Докторантура PhD · 8D01702

Шетел тілі: екі шетел тілі

Оқу мерзімі3 жыл Оқу нысаныДокторантура Конкурсқа қатысу үшін ең төменгі балл75 Оқу ақысы1 307 000 ₸

Бейіндік пәндер

Жабық тапсырмалармен тестілеу Ашық тапсырмалармен тестілеу

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Шетел тілдері, лингвистика, мәдениетаралық коммуникация және екі шетел тілін оқыту әдістемесі саласында терең зерттеушілік, тілдік, педагогикалық және кәсіби құзыреттілікке ие, халықаралық академиялық кеңістік жағдайында инновациялық білім беру және ғылыми қызметті жүзеге асыруға қабілетті, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіне, сондай-ақ ғылыми-зерттеу саласына арналған жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.

Берілетін дәреже

8D01702 – Шетел тілі: екі шетел тілі білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD)

Аккредиттеу

Аккредиттеу сертификатыБілім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі (БСҚА, IQAA). Қолданылу мерзімі: 01.04.2023–31.03.2030. 01.04.2023 жылғы IA-A № 0139 сертификаты.

Рейтингтердегі орны

0

Рейтинг нәтижелері әлі қосылмаған.

Оқуды аяқтағаннан кейін

Мүмкін лауазымдар

  • жоғары оқу орнының оқытушысы, ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері, білім беру ұйымының басшысы немесе басшысының орынбасары, білім беру ұйымдарындағы маман, білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттарының қызметкері.

Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері

  • Мінез-құлық дағдылары мен тұлғалық қасиеттер (Soft skills):
  • дерекқорлармен жұмыс істеу дағдыларын меңгеру; зерттеу нәтижелерін ғылыми жарияланым түрінде ұсыну; ұлттық немесе халықаралық деңгейде мақалалар жариялау арқылы ғылыми саланың аясын кеңейту;
  • нақты практикалық әдістемелік міндеттерді шешу үшін отандық және шетелдік педагогикалық мұра жетістіктерін, шеттілдік және көптілді білім берудің заманауи бағыттары мен тұжырымдамаларын білетінін көрсету;
  • жаңа ғылыми идеяларды сыни тұрғыдан талдау, бағалау және жинақтау; ғылыми коммуникацияны жүзеге асыру, зерттеу нәтижелерін ұлттық және халықаралық академиялық кеңістікте ұсыну және ілгерілету;
  • лингводидактикалық мәселелерді зерделеу немесе зерттеу саласына қатысты кеңірек не пәнаралық салалар шеңберіндегі жаңа немесе таныс емес жағдайлар мен контекстерде білімді қолдану, түсінігін көрсету және мәселелерді шешу қабілетін таныту;
  • теориялық және эксперименттік педагогикалық зерттеулер жүргізу, олардың нәтижелерін сынақтан өткізу және шеттілдік білім беру тәжірибесіне енгізу; этикалық және әлеуметтік жауапкершілікті ескере отырып, ғылыми негізделген ұсынымдар тұжырымдау және шешім қабылдау;
  • кәсіби және ғылыми ортада тиімді өзара әрекеттесуге мүмкіндік беретін деңгейде қазақ, орыс және шетел тілдерін еркін меңгеру; инновациялық педагогикалық және ғылыми қызмет нәтижелерін таныстыру және қорғау;
  • Цифрлық құзыреттер (Digital skills):
  • оқыту мен оқуды жетілдіру үшін цифрлық құралдар мен технологияларды пайдалану; зерттеу жүргізу, қарым-қатынас жасау, бірлесіп жұмыс істеу және мәселелерді шешу үшін цифрлық құрылғыларды, бағдарламалық қамтылым мен қосымшаларды тиімді пайдалану.
  • Кәсіби құзыреттер (Hard skills):
  • жоғары әлеуметтік құндылықтарға және ізгілік педагогикасы идеяларына адалдық таныту; қабылданған моральдық және құқықтық нормалар негізінде кәсіби қоғамдастықпен және білім берудің барлық мүдделі тараптарымен әлеуметтік және кәсіби өзара әрекеттесуге дайын болу; білім алушылардың зияткерлік, шығармашылық және тұлғалық әлеуетін іске асыруына мүмкіндік беретін дамытушы білім беру ортасын құруға дайын болу;
  • дербестік пен өзін-өзі реттеудің жоғары деңгейінде әрі қарай білім алуға және тұлғалық дамуға мүмкіндік беретін дағдыларды меңгеру;
  • жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде кәсіби оқытушылық қызметті жүзеге асыру; заманауи білім беру және цифрлық технологияларды қолдана отырып, оқу пәндерін әзірлеу және оқыту; оқу сабақтарының әртүрлі түрлерін өткізу әдістемесін меңгеру;
  • талдамалық жұмыс жүргізуге қабілетті болу; педагогикалық құбылыстар мен ғылыми деректерге сыни талдау жасау, шеттілдік білім беру саласындағы ғылыми мәселелер мен зерттеу міндеттерін тұжырымдау және негіздеу; меңгерілген білімді нақты педагогикалық жағдайларды сараптамалық бағалау үшін қолдану;
  • жаңа ғылыми идеяларды сыни тұрғыдан талдау, бағалау және жинақтау; ғылыми коммуникацияны жүзеге асыру, зерттеу нәтижелерін ұлттық және халықаралық академиялық кеңістікте ұсыну және ілгерілету;
  • шеттілдік білім берудің заманауи парадигмасының әдіснамалық негіздерін меңгеру; білім беру бағдарламаларын, технологияларын және шетел тілдерін оқыту үдерісін модельдеу, жобалау және жетілдіру;
  • диссертациялық зерттеу шеңберіндегі ғылыми-зерттеу қызметін жоспарлау, ұйымдастыру және басқару; зерттеу әдіснамасы мен әдістерін айқындау, ғылыми ақпаратты іздеу және өңдеу, зерттеу нәтижелерінің енгізілуін қамтамасыз ету;

Кәсіби қызмет салалары

  • а) «8D01702 – Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасы түлегінің кәсіби қызмет саласы мен нысандарына жоғары оқу орындары, колледждер, ғылыми-зерттеу институттары, мемлекеттік мекемелер (білім департаменті, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі), педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру және білім беру жүйесі қызметкерлерін қайта даярлау институттары жатады.
  • б) Түлектің кәсіби қызмет түрлері:
  • білім беру (педагогикалық);
  • әлеуметтік-педагогикалық;
  • ғылыми-зерттеу.
  • в) Түлектің кәсіби қызмет функциялары:
  • білім беру;
  • коммуникативтік-оқыту;
  • тәрбиелеу;
  • дамыту;
  • диагностикалық (ғылыми-зерттеу);
  • құрастыру және жоспарлау;
  • ұйымдастырушылық (басқарушылық);
  • инновациялық.

Бейіндік дайындық

  • «8D01702 – Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіне, сондай-ақ шеттілдік білім беру, лингвистика және шетел тілдерін оқыту әдістемесі саласындағы ғылыми-зерттеу қызметіне арналған жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауға бағытталған. Оқу барысында докторант лингвистика, педагогика және шеттілдік білім беру саласындағы заманауи теориялық және қолданбалы мәселелерге сыни және тұжырымдамалық талдау жасауды; тілдік құбылыстар мен білім беру үдерістерінің даму заңдылықтарын анықтауды; шетел тілдерін оқытудың заманауи әдіснамалары мен инновациялық технологияларын қолдануды; білім беру технологиялары мен шетел тілдерін оқыту әдістемелерінің тиімділігін бағалауды, сондай-ақ ғылыми зерттеу нәтижелерін білім беру және академиялық тәжірибеге енгізуді үйренеді.
  • Докторант «Академиялық жазылым (ағылшын тілінде)», «Ғылыми зерттеу әдістері», «Шеттілдік білім беру саласындағы зерттеулер: теория және практика», «Шеттілдік білім беру парадигмасының теориялық-әдіснамалық негіздері», «Шеттілдік даярлықтағы ашық білім беру ресурстары», «Тілдік категорияларды зерттеудің когнитивтік әдістері (ағылшын тілінде)», «Кәсіби білім беру акмеологиясы» сияқты пәндерді оқиды.
  • Түлектер философия докторы (PhD) дәрежесін алады және жоғары оқу орындарында сабақ бере алады, ғылыми-зерттеу институттарында жұмыс істей алады.

ББ өзгерістері жылдар бойынша

1
2026Еңбек функциясы

2026 жылы білім беру бағдарламасына жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне (профессор-оқытушылар құрамына) арналған кәсіптік стандартта көзделген еңбек функциялары енгізілді. Сонымен қатар оқу пәндерінің қысқаша сипаттамалары жаңартылды.Білім беру бағдарламасының жаңартылған күні: 14.07.2026

Өзгерістер туралы құжат
Докторантура PhD · 8D02201

Философия

Оқу мерзімі3 жыл Оқу нысаныДокторантура Конкурсқа қатысу үшін ең төменгі балл75 Оқу ақысы1 307 000 ₸

Бейіндік пәндер

Жабық тапсырмалармен тестілеу Ашық тапсырмалармен тестілеу

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Академиялық философиялық зерттеулер, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде философиялық пәндерді оқыту саласында құзыреттілікке ие ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.

Берілетін дәреже

«8D02201-Философия» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD)

Аккредиттеу

Құжат әлі қосылмаған.

Рейтингтердегі орны

0

Рейтинг нәтижелері әлі қосылмаған.

Оқуды аяқтағаннан кейін

Мүмкін лауазымдар

  • жоғары оқу орындарында әлеуметтік-гуманитарлық пәндер оқытушысы; жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінің ғылыми қызметкері; гуманитарлық бағыттағы ғылыми-зерттеу институттары мен академиялардың ғылыми қызметкері; облыстық және республикалық деңгейдегі мемлекеттік басқару органдарының ғылыми сарапшысы.

Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері

  • Мінез-құлық дағдылары және жеке қасиеттер (Softskills):
  • алған білімін Қазақстанның әлеуметтік және рухани жаңғыруының өзекті мәселелерін қоюға және шешуге бағытталған ғылыми-зерттеу бағдарламаларын қалыптастыру үшін қолданады;
  • қазіргі ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру технологияларын қолданады, командада жұмыс істей білетінін көрсетеді, тиімді тұлғааралық және мәдениетаралық коммуникацияны жүзеге асырады;
  • әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму үдерістерін басқару саласындағы өзекті теориялық және қолданбалы міндеттерді шешуге бағытталған инновациялық қызмет қағидаттарын әзірлеу үшін философиялық ойлау мәдениетін пайдалану қажеттігін дәлелдейді.
  • Цифрлық құзыреттер (Digital skills):
  • қазіргі философиялық дискурс туралы кәсіби білімін және қазіргі философиялық әдіснаманың негізгі қағидаттарын түсінуін қазіргі қоғамдық даму үдерістерін ізгілендіруге қатысты қолданады;
  • жүйелік талдау қағидаттарын түсіну, түрлі құбылыстардың модельдері мен болжамдарын әзірлей білу негізінде қазіргі өркениеттік дамудың пәнаралық мәселелерін талқылауға және шешуге қатысады;
  • әлеуметтік-гуманитарлық білім саласындағы өзекті ғылыми зерттеулердің теориялық тұжырымдамаларын талдайды, сыни бағалайды және әзірлейді.
  • Кәсіби құзыреттер (Hardskills):
  • философиялық зерттеудің ең жаңа әдістерін қолдану негізінде әлеуметтік-гуманитарлық дискурста жаңа білім жасайды, өзінің ғылыми жетістіктерін дәлелдеу мен жария талқылауда құзыреттілік көрсетеді;
  • шетелдік және отандық философия ғылымының даму үрдістерін талдау, жетекші отандық және шетелдік ғалымдармен ғылыми коммуникация негізінде қазіргі философиялық білімнің өзекті бағыттары бойынша дербес ғылыми зерттеулер жүргізеді;
  • жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде жоғары білікті мамандар даярлау үшін білім мен ғылым мәселелері бойынша философиялық рефлексияның танымдық әлеуетін пайдаланады.

Кәсіби қызмет салалары

  • а) «8D02201-Философия» білім беру бағдарламасы бойынша түлектің кәсіби қызметінің саласы ғылыми-зерттеу қызметі, білім беру, мемлекеттік және жергілікті басқару болып табылады.
  • «8D02201-Философия» білім беру бағдарламасы бойынша түлектің кәсіби қызметінің объектілері:
  • ғылыми-зерттеу ұйымдары;
  • жоғары оқу орындары;
  • ғылыми-білім беру қорлары;
  • мемлекеттік басқару органдары.
  • б) Түлектің кәсіби қызмет түрлері:
  • ғылыми-педагогикалық;
  • ғылыми-зерттеу;
  • диагностикалық-талдамалық;
  • кеңес беру-сараптамалық;
  • ұйымдастырушылық-басқарушылық.
  • в) Түлектің кәсіби қызметінің функциялары:
  • оқыту;
  • басқару;
  • жобалау;
  • болжау.

Бейіндік дайындық

  • Бағдарлама академиялық философиялық зерттеулер мен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде философиялық пәндерді оқыту үшін ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлауға бағытталған. Оқу барысында докторант Қазақстанның әлеуметтік және рухани жаңғыруының өзекті мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу бағдарламаларын әзірлеуді, философиялық зерттеудің ең жаңа әдістерін қолдануды, әлеуметтік-гуманитарлық дискурста жаңа білім жасап, оны жария түрде дәлелдеуді, отандық және шетелдік ғалымдармен ғылыми коммуникация жүргізуді үйренеді.
  • Докторант «Академиялық хат (ағылшын тілінде)», «Ғылыми зерттеу әдістері», «Қазіргі заманғы постклассикалық емес философия», «Қазақ философиясының өзекті мәселелері», «Әлеуметтік қызмет», «Басқару философиясы», «Жаһандану перспективасындағы жасанды интеллект» сияқты пәндерді оқиды.
  • Түлектер философия докторы (PhD) дәрежесін алады және жоғары оқу орындарында сабақ бере алады, ғылыми-зерттеу институттарында, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдарының ғылыми сарапшысы ретінде жұмыс істей алады.

ББ өзгерістері жылдар бойынша

1
20262025 жылы білім беру бағдарламасында оқу пәндерінің қысқаша сипаттамалары жаңартылды.

БББ паспортының жаңартылған күні 05.06.2025.

Өзгерістер туралы құжат
Докторантура PhD · 8D02202

Тарих

Оқу мерзімі3 жыл Оқу нысаныДокторантура Конкурсқа қатысу үшін ең төменгі балл75 Оқу ақысы1 307 000 ₸

Бейіндік пәндер

Жабық тапсырмалармен тестілеу Ашық тапсырмалармен тестілеу

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Гуманитарлық білім саласында, ең алдымен Отан тарихы мен дүниежүзі тарихы бойынша педагогикалық және ғылыми қызметті жүзеге асыра алатын ғылымипедагогикалық кадрларды даярлау.

Берілетін дәреже

8D02202 «Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD)

Аккредиттеу

Аккредиттеу сертификатыАРТА мамандандырылған аккредиттеуі. Шешім 20.12.2024 күні қабылданған, 19.12.2029 дейін жарамды.

Рейтингтердегі орны

0

Рейтинг нәтижелері әлі қосылмаған.

Оқуды аяқтағаннан кейін

Мүмкін лауазымдар

  • ЖОО оқытушысы, доценті
  • ғылыми қызметкер, ғылыми жоба жетекшісі
  • ҒЗИ, ғылыми орталық қызметкері
  • мемлекеттік органдардың сарапшысы

Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері

  • Докторлық диссертацияға қойылатын талаптарға сай дербес ғылыми зерттеу жүргізеді.
  • Тарих және басқа гуманитарлық ғылымдардың теорияларын меңгерген, пәнаралық тәсілді қолданады.
  • Отан тарихының, деректанудың, тарихнаманың және тарихи демографияның негізгі мәселелерін біледі.
  • Зерттеу үдерісін жобалайды және бейімдейді, сандық әдістер мен жасанды интеллектіні қолданады.
  • Ұлттық және халықаралық деңгейде жариялауға лайық төл зерттеулерімен ғылымға үлес қосады.
  • Білім мен нәтижелерді ғылыми қауымдастыққа және көпшілік аудиторияға жеткізеді, жаңа әрі күрделі идеяларды сыни талдайды.

Кәсіби қызмет салалары

  • ЖОО
  • ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары
  • музейлер, архивтер
  • мемлекеттік органдар, сараптама және талдау құрылымдары

Бейіндік дайындық

  • «Тарих ғылымы және қазіргі теориялар», «Клиометрика», «Ғылыми зерттеу әдістері», «Академиялық жазу (ағылшын тілінде)», «Отан тарихының тарихнамасы мен деректануының қазіргі бағыттары», «Күнделікті өмір тарихы: теория мен тарихнама мәселелері», «XVIIIXX ғғ. Отан тарихының іргелі мәселелері».

ББ өзгерістері жылдар бойынша

1
Докторантура PhD · 8D02301

Филология

Оқу мерзімі3 жыл Оқу нысаныДокторантура Конкурсқа қатысу үшін ең төменгі балл75 Оқу ақысы1 307 000 ₸

Бейіндік пәндер

Жабық тапсырмалармен тестілеу Ашық тапсырмалармен тестілеу

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Жоғары оқу орындарында, ғылыми-педагогикалық, ғылыми-зерттеу мекемелерінде ғылыми және кәсіби қызметті жүзеге асыруға қабілетті; лингвистика және әдебиеттану саласында зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу дағдыларын меңгерген; білім беру, мәдениет, басқару, БАҚ, мәдениетаралық коммуникация ұйымдарында және әлеуметтік-гуманитарлық саланың басқа да салаларында филологиялық білімді қолдануға қабілетті жоғары білікті филолог дайындау.

Берілетін дәреже

«8D02301 – Филология» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD)

Аккредиттеу

Аккредиттеу сертификаты

Рейтингтердегі орны

0

Рейтинг нәтижелері әлі қосылмаған.

Оқуды аяқтағаннан кейін

Мүмкін лауазымдар

  • ЖОО оқытушысы;
  • ғылыми қызметкер;
  • баспа, мәдени мекеме қызметкері.

Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері

  • Докторантура пәндерін игеру барысында алынған теориялық білім, іскерлік және практикалық тәжірибе негізінде ғылыми зерттеудің мақсаттары мен міндеттерін табысты шешу; ғылыми бағдарламаларды іске асырудың мақсаттарын, міндеттерін, құралдары мен әдістерін өз бетінше тұжырымдай білу; ғылыми және қолданбалы зерттеулерді жүргізу және коммерцияландыру үшін ғылыми және ғылыми-техникалық қызметке қатысушылардың зияткерлік меншік құқығы туралы, ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға грант алу шарттары туралы білімдерін пайдалану; ғылыми және практикалық міндеттерді, оның ішінде қызмет саласынан тыс міндеттерді шешу үшін кешенді ақпаратты өңдеудің және түсіндірудің қазіргі заманғы әдістерін еркін пайдалану; деректерді құру және жинақтау, оларды өңдеу және талдау, сондай-ақ зерттеу және кәсіби қызметте ақпараттық технологияларды пайдалану бойынша белсенділікті қоса алғанда, цифрлық ортада және цифрлық өнімдермен жұмыс істеу бойынша құзыреттер кешенін меңгеру; ғылыми-техникалық құжаттаманы және зерттеу жұмысын, ғылыми есептерді, шолуларды, баяндамаларды, мақалаларды кәсіби құрастыра білу; педагогикалық қызметті жүзеге асыру үшін психологиялық-педагогикалық (ұйымдастырушылық-педагогикалық, білім беру педагогикалық) білімді меңгеру; аударма дағдыларын меңгеру; қазіргі заманғы компьютерлік технологияларды, оқытудың интерактивті әдістерін, орыс/қазақ тілінің ұлттық корпустары қорын пайдалана отырып, жоғары және орта оқу орындарында қазақ/орыс/ағылшын тілін/әдебиетін оқытудың кәсіптік-практикалық біліктері мен дағдыларын қалыптастыру.
  • ОН1: Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгереді, қарым-қатынас технологиясы саласында білім, коммуникация стратегияларын, диалог құрудың дағдылары мен іскерліктерін полимәдениетті, полиэтникалық және көпконфессиялы қоғамда қарым-қатынас жасайды.
  • ОН2: Кәсіби қоғамдастықпен және білім берудегі барлық мүдделі тараптармен өзара әрекеттестікті жүзеге асырады, білім беру стекхолдерлерін біріктіретін инновациялық идеяларға бастамашылық жасап, қазақ-орыс-ағылшын тілдеріндегі заң-құқық құжаттарының лингвистикалық сараптамасын жасайды.
  • ОН3: Қазіргі филология ғылымының өзекті мәселелері бойынша ғылыми пікірталастар өткізуге және пікір таластыруға қабілетті болады, өздігінен шығармашылық, зерттеу жұмысының дағдыларын, өз қызметін тиімді және нәтижелі ұйымдастыру, өзінің ғылыми жұмысының нәтижелерін коммерциализациялау жолдарын біледі.
  • ОН4: Диссертацияның зерттеу тұжырымдамасын қалыптастыру үшін ақпарат жинау және ғылыми ақпартты өңдеу әдістерін меңгереді, тілдік деректерді жинау, сақтау, өңдеу және талдау, әртүрлі тілдердің электрондық корпустарын құру үшін цифрлық технологияларды пайдаланады.
  • ОН5: Аналитикалық жұмысқа қабілетті болады, жаңа білім алу мақсатында ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметті жүзеге асырады, осы білімді нақты басқарушылық жағдайларды сараптамалық бағалау үшін қолданады, ғылыми мәтіндерді ағылшын тілінде жазу дағдыларын жетілдіріп, ағылшын тіліндегі мәтіндерді жазбаша түсіндіру бойынша практикалық дағдыларды дамытады.
  • ОН6: Қазіргі филология ғылымының жалпы және арнайы әдістерін, филология ғылымының әдіснамасын қолдану дағдыларын жетік меңгереді, қазіргі инновациялық білім беру технологияларын пайдалана отырып, оқытушылық қызметті жүзеге асырады, түрлі аудиториялар үшін филологиялық және арнайы тілдік пәндерді оқытудың оқу бағдарламаларын құрастырады.
  • ОН7: Мамандықтың негізгі проблемаларын шешу мақсатында ғылыми әдебиеттермен жұмыс істей біледі, ғылымның қазіргі жетістіктеріне сүйене отырып, зерттеу тақырыбының ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығын көрсетеді, зерттеу нәтижелерін тұжырымдайды.
  • ОН8: Білім беру саласында және практикалық кәсіби қызметте мәселелерді шешу үшін өз білімін, түсінігін және қабілетін кәсіби деңгейде жетілдіреді, басқа тілді аудиторияда қазақ тілін оқытудың инновациялық технологияларын, әдіс-тәсілдерін тиімді қолданады, сыни тұрғыдан бағалайды, өзіндік тұжырымдар жасайды.

Кәсіби қызмет салалары

  • білім (орта, арнайы орта және жоғары оқу орындарының оқытушысы);
  • мәдениет (мәдениет мекемелерінің қызметкері);
  • ғылым (ғылыми-зерттеу мекемелерінің қызметкері);
  • баспа (баспагер, баспа өнімдерінің редакторы);
  • бұқаралық ақпарат құралдары, оның ішінде Интернет (газет, радио, теледидар, журналдардың редакциясы);
  • білім беру саласындағы әкімшілік (орта, орта кәсіптік және жоғары білім бөлімдері);
  • әлеуметтік-гуманитарлық қызметтің басқа салалары (мәдениаралық байланыс және т.б.).

Бейіндік дайындық

Нақтыланады

ББ өзгерістері жылдар бойынша

0

Бағдарлама өзгерістері әлі қосылмаған.

Докторантура PhD · 8D04101

Экономика

Оқу мерзімі3 жыл Оқу нысаныДокторантура Конкурсқа қатысу үшін ең төменгі баллНақтыланады Оқу ақысы1 307 000 ₸

Бейіндік пәндер

Жабық тапсырмалармен тестілеу Ашық тапсырмалармен тестілеу

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Әлемдік, ұлттық экономиканың салалық және өңірлік нарықтардың, түрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметі саласындағы экономикалық процестер мен өзара байланысты талдаудың теориялық және әдіснамалық тұжырымдамаларын әзірлеу, әлеуметтік-экономикалық қатынастарды мемлекеттік, салалық және фирмаішілік деңгейлерде реттеу саласындағы кәсіби қызмет саласындағы ғылыми және педагогикалық жұмыс үшін халықаралық нарықта жоғары білікті бәсекеге қабілетті PhD докторларын дайындау.

Берілетін дәреже

«8D04101 – Экономика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD)

Аккредиттеу

Аккредиттеу сертификатыНААР, сертификат АВ 5367, берілген күні 31.05.2024, жарамдылық мерзімі 30.05.2029

Рейтингтердегі орны

0

Рейтинг нәтижелері әлі қосылмаған.

Оқуды аяқтағаннан кейін

Мүмкін лауазымдар

  • Жоғары оқу орындарының оқытушысы; Ғылыми-зерттеу институттарының басшысы, жетекші ғылыми қызметкері немесе зерттеушісі; Мемлекеттік және жергілікті басқару органдары бөлімшелерінің басшысы немесе жетекші маманы; Бюджеттік жоспарлау және талдау жөніндегі маман; Қаржылық талдаушы; Бизнесті басқару және жүргізу мәселелері бойынша консультант (кеңесші); Адам ресурстарын басқару (HR) саласының маманы; Кәсіпорындар, ұйымдар мен бизнес-құрылымдардың өндірістік-экономикалық, әлеуметтік-басқарушылық, маркетингтік және қаржы-талдау қызметтерінің маманы.

Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері

  • Мінез құлық дағдылары және жеке қасиеттер (Softskills):
  • Абстрактілі ойлау, талдау, синтездеу мүмкіндігі
  • Зияткерлік және жалпы мәдени деңгейіңізді жақсарту және дамыту мүмкіндігі
  • Жаңа білім мен дағдыларды, оның ішінде қызмет саласына тікелей байланысты емес жаңа білім салаларын өз бетінше алу және практикада қолдану мүмкіндігі
  • Кәсіби құзыреттіліктер (Hardskills):
  • Жасанды интеллектті қолдануды қоса алғанда, макроэкономикалық модельдер шеңберінде әзірленген цифрлық талдау құралдарын тәжірибеге енгізеді.
  • Дайындық бағытына (бейініне)сәйкес қосымша кәсіптік бағдарламалар мен цифрлық платформалар бойынша оқытушылық қызметке қабілеттілігі мен дайындығы
  • Экономика және бизнес саласында ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау, зерттеу және практикалық міндеттерді шешу кезінде, оның ішінде пәнаралық салаларда цифрлық бағдарламалық өнімдерді қолдану арқылы жаңа идеяларды туындату қабілеті
  • Кәсіби құзыреттіліктер (Hardskills):
  • Макроэкономикалық сипаттағы іргелі экономикалық білімді түсінеді және қолданады
  • Республикада экономикалық реформаларды жүргізу және елдің экономикалық даму бағыттары мәселелеріне өз үлесін қосу
  • Ұлттық экономикадағы нақты жағдайларды талдау кезінде әлеуметтік-экономикалық проблемаларды анықтау және күтілетін нәтижелерді бағалай отырып, оларды шешу тәсілдерін ұсыну қабілеті

Кәсіби қызмет салалары

  • Қызмет салалары: Экономиканың барлық салалары, ғылыми-зерттеу институттары, жоғары оқу орындары, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, кәсіпорындардың өндірістік-экономикалық, әлеуметтік-басқарушылық, маркетингтік, қаржылық және аналитикалық қызметтері, бизнес-құрылымдар, ұйымдар мен бөлімшелер.
  • Жұмыс орындары: Экономика және менеджмент саласындағы жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы; бюджетті жоспарлау және талдау жөніндегі мамандар-кәсіпқойлар; қаржы аналитиктері және кәсіби мамандар; басқару және бизнес бойынша кеңесшілер; адам ресурстарын басқару саласындағы мамандар; ҒЗИ жетекші ғылыми қызметкері; мемлекеттік және жергілікті басқару органы бөлімшесінің басшысы; кәсіпорындар мен ұйымдардың экономикалық, қаржылық және аналитикалық қызметтерінің маманы.
  • Кәсіби қызмет түрлері: - Ұйымдастыру-технологиялық қызмет;
  • Өндірістік-басқарушылық қызмет;
  • Жобалау қызметі;
  • Білім беру (педагогикалық) қызметі;
  • Ғылыми-зерттеу қызметі

Бейіндік дайындық

  • 25 кредит. Теориялық оқыту: Академиялық хат (ағылшын тілінде), Ғылыми зерттеу әдістері, Озық макроэкономика, Экономикалық өсу теориясы, Тұрақты экономикалық даму, Аймақтық экономикалық саясат, Аймақтық экономика
  • 20 кредит. Практика: педагогикалық және зерттеу практикасы.
  • 123 кредит. Ғылыми-зерттеу жұмысы: Тағылымдамадан өту мен докторлық диссертацияны орындауды қамтитын докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы
  • 12 кредит. Қорытынды аттестаттау: Докторлық диссертацияны жазу және қорғау

ББ өзгерістері жылдар бойынша

0

Бағдарлама өзгерістері әлі қосылмаған.

Докторантура PhD · 8D04102

Мемлекеттік және жергілікті басқару

Оқу мерзімі3 жыл Оқу нысаныДокторантура Конкурсқа қатысу үшін ең төменгі баллНақтыланады Оқу ақысы1 307 000 ₸

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Қоғамның саяси трансформациясы жағдайында мемлекеттік менеджмент саласындағы стратегиялық тәсілдерді ғылыми негіздеуге және аналитикалық қызметті жүзеге асыруға қабілетті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау

Берілетін дәреже

«Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD). Даярлау бағыты — 8D041 «Бизнес және басқару».

Аккредиттеу

Аккредиттеу сертификаты«Сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік» (IQAA), Білім беру бағдарламаларын халықаралық бастапқы аккредиттеу туралы куәлік Is-a №0098 05 Сәуір 2025 ж. 04.04.2030 дейін жарамды.

Рейтингтердегі орны

0

Рейтинг нәтижелері әлі қосылмаған.

Оқуды аяқтағаннан кейін

Мүмкін лауазымдар

  • жоғары оқу орындарында оқытушы және зерттеуші;
  • ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарында ғылыми қызметкер;
  • мемлекеттік басқару саласындағы сарапшы және талдаушы;
  • мемлекеттік органдардың басшысы немесе маманы;
  • мемлекеттік саясат және әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері бойынша консультант;
  • өңірлік даму, мемлекеттік басқаруды цифрландыру және басқарушылық шешімдерді әзірлеу саласындағы сарапшы.

Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері

  • Мінез-құлық дағдылары және жеке қасиеттер - Кәсіби қоғамдастықта ғылыми ізденістер ұсынады, ғылыми тақырыптар бойынша сөйлеседі, ғылыми көзқарасты білдіреді, ғылыми мәселелерді талқылайды. Мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару саласындағы заманауи жетістіктерді талдайды, ғылыми проблемалардың жаңа шешімдерін тұжырымдайды. Ғылыми тесттермен жұмыс істеу әдістемесін қолданады, ғылыми мақалалар, баяндамалар жазады, ғылыми зерттеулерді, оның ішінде ағылшын тілінде түсіндіреді.
  • Сандық құзыреттер- Мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін қамтамасыз етуге жобалық және бағдарламалық-нысаналы тәсілді енгізу дәрежесін бағалайды, экономиканың салааралық секторларын дамыту тұрғысында ұлттық бағдарламалар мен жобаларды негіздейді.
  • Кәсіби құзыреттер - Мемлекеттік басқару мәселелері бойынша талдамалық зерттеулерді жүзеге асырады, экономикалық саясат құралдарын пайдаланады. Басқарудың нақты өңірлік проблемаларын ынталандыру және шешу үшін өңірлік саясаттың әртүрлі бағыттары мен нысандарын пайдалану мүмкіндігін әзірлейді. Экономикалық жүйелер мен басқару объектілерінің жұмыс істеу шарттарын сипаттайды, проблемаларды тұжырымдайды, экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша әзірленіп жатқан іс-шаралардың өзектілігі мен практикалық маңыздылығын, сондай-ақ ұйымдарда оны талдау әдістері мен құралдарын негіздейді.

Кәсіби қызмет салалары

  • Түлектер жоғары оқу орындарында, ғылыми-зерттеу ұйымдарында, мемлекеттік органдарда және квазимемлекеттік сектор ұйымдарында ғылыми-зерттеу, педагогикалық, сараптамалық-талдамалық және басқарушылық қызметті жүзеге асыра алады.

Бейіндік дайындық

  • білім беру қызметі;
  • ғылыми-зерттеу қызметі;
  • басқарушылық қызмет.

ББ өзгерістері жылдар бойынша

0

Бағдарлама өзгерістері әлі қосылмаған.

Докторантура PhD · 8D04103

Тұрақты қаржы

Оқу мерзімі3 жыл Оқу нысаныДокторантура Конкурсқа қатысу үшін ең төменгі балл75 Оқу ақысы1 307 000 ₸

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Инновациялық білім беру бағдарламасының мақсаты – тұрақты даму басымдықтарын ескере отырып, қаржы саласындағы ғылыми-педагогикалық кадрларды іргелі даярлау.

Берілетін дәреже

«8D04103 – Тұрақты қаржы» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD)

Аккредиттеу

Құжат әлі қосылмаған.

Рейтингтердегі орны

0

Рейтинг нәтижелері әлі қосылмаған.

Оқуды аяқтағаннан кейін

Мүмкін лауазымдар

  • Қаржы саласындағы оқытушы және зерттеуші, ғылыми қызметкер, тұрақты қаржы жөніндегі сарапшы, ESG-талдаушы, жауапты инвестициялау жөніндегі консультант, климаттық және қаржылық тәуекелдер талдаушысы, тұрақты қаржыландыру құралдарын әзірлеу жөніндегі маман.
  • Еңбек өтіліне, ғылыми нәтижелеріне және біліктілігіне қойылатын белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда түлек қауымдастырылған профессор, профессор, жетекші немесе бас ғылыми қызметкер, ғылыми жоба, зерттеу орталығы немесе тұрақты даму жөніндегі бөлімше басшысы лауазымдарын атқара алады.

Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері

  • Мінез-құлық дағдылары мен тұлғалық қасиеттер (Soft skills)
  • Шет тілінде ғылыми мәтіндер жаза алады, ғылыми жұмыстардың құрылымдық бөліктерін қалыптастырады.
  • Ғылыми-зерттеу жұмысының әдістерін қолданады, қаржы саласындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін талдайды және оларды зерттеу міндеттерін шешуде пайдаланады. Заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып, өз бетінше ғылыми зерттеу жүргізу дағдыларын көрсетеді, ғылыми зерттеудің негізгі тұжырымдары мен қорытындыларын ұсынады; кәсіби саладағы дүниетанымының кеңдігін танытады.
  • Цифрлық құзыреттер (Digital skills)
  • Білім алушылардың ғылыми-зерттеу, эксперименттік және жобалық қызметін ұйымдастырады.
  • Қаржы секторындағы дәстүрлі тәуекелдерді басқару жүйесінде ESG-тәуекелдерді анықтауға және олардың іске асуына байланысты мәселелер кешенін шешеді.
  • Жасанды интеллект технологияларын пайдалану негізінде компаниялардың қаржылық жағдайы мен қор нарығының даму үрдістері туралы деректерді талдайды, инвестициялық портфель қалыптастырады, қаржы-экономикалық көрсеткіштердің өзгерістерін болжайды. Үлкен деректерді талдау негізінде қорытындылар мен ұсынымдар әзірлейді, қаржылық үдерістерге әсер ететін факторларды анықтайды.
  • Кәсіби құзыреттер (Hard skills)
  • Тұрақты даму мақсаттарын ескере отырып, мемлекеттің қазіргі қаржы саясатының басымдықтарын тұжырымдайды. Мемлекеттік қаржыны қалыптастыру мен пайдалану және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету тәсілдерін бағалайды. Тұрақты өсу стандарттары тұрғысынан бюджет-салық және ақша-кредит саясатының тиімділігін арттыру жөніндегі шешімдерді негіздейді.
  • Тұрақты қаржыландыру стратегиялары мен құралдарын қолдана алады, олардың өтімділігі мен кірістілігін айқындайды. Жасыл қаржы құралдарын шығару және верификациялау үшін ақпаратты жинау мен өңдеудің практикалық дағдыларын қолданады. Тұрақты қаржы саласын реттеу және ESG-инвестициялауды кеңейту бойынша озық шетелдік тәжірибені бейімдейді.
  • Оңтайлы инвестициялық стратегиялар мен бизнесті қаржыландыру схемаларын қалыптастыру, қаржы ұйымдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қаржылық инжиниринг технологияларын пайдаланады.

Кәсіби қызмет салалары

  • а) Кәсіби қызмет саласы мен объектілері
  • Түлектің кәсіби қызмет саласына қаржы және тұрақты даму саласындағы ғылыми зерттеулер мен оқытушылық қызмет, қаржы саясатын сараптамалық-талдамалық сүйемелдеу, жауапты инвестициялау, ESG-тәуекелдерді басқару және тұрақты қаржыландыру тетіктерін әзірлеу жатады.
  • Кәсіби қызмет объектілері:
  • жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары;
  • ғылыми-зерттеу институттары мен сараптамалық-талдау орталықтары;
  • қаржы саясатын қалыптастыруға қатысатын мемлекеттік органдар мен ұйымдар;
  • банктер, сақтандыру ұйымдары, инвестициялық және зейнетақы қорлары;
  • даму институттары мен халықаралық қаржы ұйымдары;
  • экономиканың нақты секторындағы компаниялар;
  • қаржы және тұрақты даму саласындағы консалтингтік ұйымдар.
  • б) Кәсіби қызмет түрлері
  • ғылыми-зерттеу;
  • ғылыми-педагогикалық;
  • сараптамалық-талдамалық;
  • ұйымдастырушылық-басқарушылық;
  • инновациялық және жобалық;
  • консультациялық.
  • в) Кәсіби қызмет функциялары
  • ғылыми тұжырымдамаларды, гипотезаларды және зерттеу модельдерін әзірлеу;
  • тұрақты қаржы саласындағы зерттеулерді жоспарлау және жүргізу;
  • климаттық және өзге де ESG-тәуекелдердің қаржылық салдарын бағалау;
  • тұрақты даму жобаларын қаржыландыру тәсілдерін әзірлеу;
  • қаржы тетіктері мен құралдарын жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау;
  • жобалар мен стратегияларға ғылыми сараптама жүргізу;
  • қаржы пәндерін оқыту және білім беру материалдарын әзірлеу;
  • ғылыми жобалар мен зерттеу жұмыстарына жетекшілік ету;
  • зерттеу нәтижелерін жариялау және енгізу.

Бейіндік дайындық

  • Бағдарлама тұрақты даму міндеттерін ескере отырып, қаржы ғылымын дамытуға қабілетті зерттеушілерді даярлауға бағытталған. Ғылыми даярлық қолданыстағы тұжырымдамаларды сыни тұрғыдан талдауды, тың зерттеу сұрақтарын тұжырымдауды және оларды шешудің әдіснамалық тәсілдерін әзірлеуді көздейді.
  • Ұсынылатын зерттеу бағыттары бойынша мамандану қаржы жүйелерінің тұрақтылығын, жауапты инвестициялауды, экологиялық және әлеуметтік жобаларды қаржыландыруды, ESG-факторларды қаржылық шешімдерге кіріктіруді, климаттық тәуекелдерді бағалауды және қаржылық зерттеулерде цифрлық технологияларды қолдануды қамтиды.
  • Докторанттар академиялық жазылым, ғылыми дереккөздермен және эмпирикалық деректермен жұмыс істеу, жарияланымдар дайындау және зерттеу нәтижелерін ғылыми қоғамдастыққа ұсыну дағдыларын дамытады. Педагогикалық даярлық оқу пәндерін әзірлеуге және оқытуға, заманауи білім беру технологияларын қолдануға және білім алушылардың зерттеу қызметін ұйымдастыруға бағытталған.
  • Даярлық белгіленген тәртіппен докторлық диссертацияны орындаумен және қорғаумен аяқталады. Түлектер қаржы және тұрақты даму саласында ғылыми, педагогикалық, сараптамалық және басқарушылық қызметті жүзеге асыра алады.

ББ өзгерістері жылдар бойынша

1
2026Білім беру бағдарламасының паспортына сілтеме:
Өзгерістер туралы құжат
Докторантура PhD · 8D04104

Маркетинг

Оқу мерзімі3 жыл Оқу нысаныДокторантура Конкурсқа қатысу үшін ең төменгі балл75 Оқу ақысы1 307 000 ₸

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Маркетинг саласында инновациялық модельдерді әзірлей алатын, күрделі нарықтық үдерістерді басқаруға қабілетті, өз әлеуетін іске асырып, озық маркетингтік стратегияларды бизнеске, ғылымға және мемлекеттік басқаруға интеграциялауға үлес қоса алатын жоғары білікті, жоғары құзыретті зерттеушілерді, кәсіби мамандар мен көшбасшыларды даярлау.

Берілетін дәреже

"8D04104 - Маркетинг" білім беру бағдарламасы бойынша (PhD) философия докторы

Аккредиттеу

Құжат әлі қосылмаған.

Рейтингтердегі орны

0

Рейтинг нәтижелері әлі қосылмаған.

Оқуды аяқтағаннан кейін

Мүмкін лауазымдар

  • Маркетинг директоры;
  • Аналитикалық орталықтың басшысы;
  • Коммерциялық директор;
  • Инновациялық даму жөніндегі жетекші;
  • Стратегия және бизнес даму директоры;
  • Стратегиялық маркетинг және цифрлық экожүйелер директоры;
  • Маркетингтік зерттеулер орталығының жетекшісі;
  • Маркетинг саласындағы технологиялық/консалтингтік стартаптың негізін қалаушы және СЕО;
  • Маркетинг саласындағы халықаралық білім беру және зерттеу бағдарламаларының жетекшісі.

Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері

  • Мінез-құлықтық (Softskills):
  • Цифрлық трансформация және жаһандану жағдайында күрделі маркетингтік міндеттерді шешу үшін сыни және аналитикалық ойлау, білімді синтездеу және біріктіру қабілеті.
  • Жылдам өзгеретін бизнес-ортаға бейімделуге, стандартты емес жағдайларда шешім қабылдауға және олардың әлеуметтік-этикалық салдарын түсінуге дайындық.
  • Зерттеу нәтижелерін жариялау және халықаралық ғылыми конференцияларға қатысу үшін ағылшын тілінде академиялық жазу және ғылыми коммуникация дағдыларын меңгеру.
  • Ғылыми-зерттеу және педагогикалык кызметте өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі жүзеге асыруға және креативтік әлеуетті пайдалануға қабілеттілік.
  • Қазіргі заманғы инновациялық білім беру технологияларын қолдану арқылы білім беру процесін және ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру дағдылары.
  • Мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде пәнаралық және халықаралық кәсіби қауымдастықтармен тиімді коммуникация орнатуға дайындық.
  • Инклюзивтілік, толеранттылық және мультикультурализм қағидаттарын ескере отырып, көшбасшылық қасиеттер мен ұжымдық баскару дағдыларын меңгеру.
  • Маркетинг ғылымы мен практикасын дамыту үшін ғылыми зерттеулер мен педагогикалық қызметтің маңыздылығын түсіну.
  • Оку міндеттерін қалыптастыру және білім беру процесінде оңтайлы дидактикалық стратегияларды қолдану.
  • Цифрлық құзыреттіліктер (Digital skills):
  • Маркетингтегі заманауи цифрлық технологияларды, экожүйелер мен платформалық шешімдерді, соның ішінде жасанды интеллект пен машиналық оқытуды талдау.
  • Маркетингтік стратегиялардың тиімділігін арттыру үшін цифрлық аналитика әдістерін, предиктивті модельдеуді және үлкен деректерді өндеуді қолдану.
  • Цифрлық трендтер мен тұтынушылар мінез-құлқындағы жаһандық өзгерістерді ескере отырып, маркетингтік шешімдерді әзірлеу, бейімдеу және енгізу.
  • Цифрлык ортадағы маркетингтік зерттеу кұралдарын, соның ішінде деректерді талдау, бағдарламалық модельдеу және нарықтық конъюнктураны болжау әдістерін меңгеру.
  • Кәсіби құзыреттіліктер (Hardskills):
  • Цифрлық трансформация және жаһандану контексінде маркетингтің өзекті мәселелерін аныктау және шешу үшін ғылыми зерттеу әдістерін меңгеру.
  • Жасанды интеллект, машиналык окыту және цифрлык шешімдерді бизнес-процестерге интеграциялауды ескере отырып, марке-тингтік стратегияларды әзірлеу және бейімдеу кабілеті.
  • Кешенді маркетингтік аналитика кұралдарын, соның ішінде экономико-математикалык модельдеу және болжау әдістерін меңгеру.
  • Халыкаралык маркетинг пен жаһандык брендтерді баскаруды терең түсіну, әртүрлі нарықтар мен мәдени ерекшеліктерге бейімдеу кабілеті. 5. Қазіргі заманғы білім беру технологиялары мен окыту әдістерін бейімдей отырып, педагогикалык және зерттеу практикасын ұйымдастыру және өткізу дағдылары.
  • Нарыктык жағдайды бағалау, маркетингтік кампанияларды жоспарлау және олардың тиімділігін талдау үшін стратегиялык марке-тинг әдістерін колдану.
  • Ғылыми зерттеулерде, соның ішінде креативті индустриялар мен цифрлык экономика салаларында пәнаралык тәсілді колдану.
  • Ғылыми зерттеулерді өз бетінше жүргізу, диссертация жазу және корғау, сондай-ақ халыкаралык зерттеу жобаларына катысу кабілеті.

Кәсіби қызмет салалары

  • 8D04104 - Маркетинг білім беру бағдарламасы бойынша түлектердің кәсіби қызмет салалары:
  • басқарушылық;
  • кәсіпкерлік;
  • коммерциялық;
  • ғылыми-зерттеу;
  • академиялық (педагогикалық);
  • сараптамалық-аналитикалық;
  • инновациялық және консалтингтік.

Бейіндік дайындық

  • 25 кредит. Теориялық оқыту: Академиялық хат (ағылшын тілінде), Ғылыми зерттеу әдістері, Қазіргі заманғы маркетинг парадигмалары: теориясы мен әдістемесі, Жасанды интеллект дәуіріндегі маркетинг, Цифрлық экожүйелер мен платформалардың маркетингі, Халықаралық маркетинг және жаһандық брендтер, Маркетингтік аналитика мен болжамды модельдеудің кешенді әдістері (ағылшын тілінде)
  • 20 кредит. Практика: Педагогикалық; Зерттеу
  • 123 кредит. Ғылыми-зерттеу жұмысы: Тағылымдамадан өтуді және докторлық диссертацияны орындауды қамтитын докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы
  • 12 кредит. Докторлық диссертацияны жазу және қорғау

ББ өзгерістері жылдар бойынша

0

Бағдарлама өзгерістері әлі қосылмаған.

Докторантура PhD · 8D04201

Құқықтану

Оқу мерзімі3 жыл Оқу нысаныДокторантура Конкурсқа қатысу үшін ең төменгі балл75 Оқу ақысы1 307 000 ₸

Бейіндік пәндер

Жабық тапсырмалармен тестілеу Ашық тапсырмалармен тестілеу

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Білім беру бағдарламасының мақсаты құқық саласында ғылыми, педагогикалық, кәсіби тәжірибелік қызметті жүзеге асыру үшін өзін-өзі ойлау қабілетіне қабілетті және қоғамның іргелі білімі мен инновациялық тәсілдері бар ғылыми, техникалық, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуын қамтамасыз етуге қабілетті жоғары рухани және адамгершілік қасиеттері бар бәсекеге қабілетті, жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау болып табылады.

Берілетін дәреже

(PhD) доктор философиясы «6D030100 – Құқықтану», «8D04201 – Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша.

Аккредиттеу

Аккредиттеу сертификатыБСҚБТ агенттігі, SA-А №0242/4 сертификаты, берілген күні 28.05.2022 ж., жарамдылық мерзімі 20.12.2026 ж. дейін.

Рейтингтердегі орны

1

Оқуды аяқтағаннан кейін

Мүмкін лауазымдар

  • Судья, прокурор, заңгер, заңгер көмекшісі, нотариус, адвокат, доцент, профессор, бас ғылыми қызметкер, жетекші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер, мемлекеттік органдардың халықаралық ынтымақтастық департаменттерінің басшысы, жергілікті мемлекеттік басқару органдары аппаратының басшысы.

Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері

  • Мінез-құлық дағдылары және жеке қасиеттер (Soft skills):
  • қазіргі заманғы ғылыми жетістіктерді сыни талдау және бағалау әдістерін, сондай-ақ зерттеу және практикалық міндеттерді шешу кезінде, оның ішінде пәнаралық салаларда жаңа идеяларды генерациялау әдістерін біледі;
  • мақсаты мансаптық өсу кезеңдері мен еңбек нарығының талаптарына сүйене отырып, кәсіби міндеттерді шешуде кәсіби және жеке даму болып табылатын процестерді, оның ерекшеліктері мен әдістерін қолдану;
  • пәндік саланың ғылыми-зерттеу қызметінің бағыттары, проблемалары, теориясы мен әдістері туралы ғылымның қазіргі жай-күйі туралы білімдерін көрсету;
  • пән саласындағы ғылыми-зерттеу міндеттерін шешу үшін заң ғылымының іргелі қағидаларын білу дағдыларын меңгеру;
  • жеке ғылыми зерттеу әдістері туралы білімдерін көрсетеді, мысалы: құқықтық біліктілік, ғылыми зерттеулер жүргізу үшін салыстырмалы талдау әдісі.
  • Сандық құзыреттер (digital skills):
  • жасанды интеллект технологияларын қоса алғанда, құқықтық реттеу шеңберінде әзірленген құқықтық талдаудың цифрлық құралдарын қолданады.
  • құқық саласындағы, оның ішінде цифрлық білім беру платформаларын пайдалана отырып, қосымша кәсіби бағдарламалар бойынша оқытушылық қызметке қабілеттілік және дайындық.
  • құқықтану саласындағы ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау қабілеті, ғылыми және практикалық міндеттерді шешуде, оның ішінде пәнаралық салаларда цифрлық технологияларды қолдана отырып, жаңа идеяларды қалыптастырады.
  • Кәсіби құзыреттер (hard skills):
  • кәсіби қызметте зерттеудің эксперименттік және есептік-теориялық әдістерін таңдай және қолдана алады; алынған деректерді түсіндіре және сауатты бағалай алады;
  • зерттеудің жалпы әдістерін меңгерген: талдау, синтез, диалектикалық әдіс, тарихи әдіс, құрылымдық-функционалдық әдіс, социологиялық әдіс, статистикалық әдіс;
  • өзін-өзі жетілдіру және кәсіби даму мақсатында заң ғылымы мен ғылыми зерттеулер жетістіктерінің маңыздылығын сыни тұрғыдан түсінеді;
  • зерттеу мәселесін анықтайды, кәсіби қызметте заң ғылымының қазіргі заманғы жетістіктерін қолданады;
  • іздестіруді, оның ішінде ақпараттық жүйелер мен дерекқорларды пайдалана отырып жүзеге асыра алады және жүргізілетін зерттеулер тақырыбы бойынша ақпаратқа сыни талдауды орындай алады;
  • ғылыми есептерді, шолуларды, баяндамалар мен мақалаларды қоса алғанда, ғылыми-техникалық құжаттаманың барлық түрлері бойынша білімін көрсетеді;
  • ғылыми мәтіндерді талдау дағдыларын; мемлекеттік және шет тілдерінде кәсіби қызметті жүзеге асыру кезінде коммуникацияның әртүрлі әдістерін, технологияларын және типтерін меңгерген;
  • Қазақстан Республикасының бағдарламалық құжаттарына сәйкес қылмысқа қарсы күрес жөніндегі қылмыстық саясаттың бағыттарын сипаттайды; қылмыстық заңнаманы және қылмыстарға қарсы күрес шараларын жетілдіру жөніндегі басым бағыттарды іске асырудың тиімділігін талдау;
  • коммуникативті стратегиялар мен тактикаларды қолдана отырып, академиялық мәтіндерді талдайды, жасайды, рефераттайды және рецензиялайды.

Кәсіби қызмет салалары

  • а) «Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша түлектің кәсіби қызмет саласы: заңтану саласындағы ғылыми-зерттеу және оқытушылық қызмет; мемлекеттік органдар мен мекемелердегі ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет; ішкі істер, қаржы полициясы, ұлттық қауіпсіздік, прокуратура органдарындағы, сот мекемелеріндегі құқық қорғау қызметі болып табылады.
  • «Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша түлектің кәсіби қызметінің объектілері:
  • жоғары оқу орындары;
  • ҒЗИ, орталықтар және зертханалар;
  • құқық қорғау органдары;
  • мемлекеттік билік пен басқарудың сот, атқарушы және өкілді органдары;
  • мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындар;
  • адвокатура; нотариат болып табылады.
  • б) Түлектің кәсіби қызмет түрлері:
  • білім беру-педагогикалық: мемлекеттік және мемлекеттік емес сектордың жоғары оқу орындарында заң пәндерінің оқытушысы ретінде жұмыс істеу;
  • ұйымдастырушылық-басқарушылық: ғылыми ұйымдарда, ҒЗИ-да, сондай-ақ мемлекеттік органдардың әртүрлі бөлімдері мен департаменттерінде бөлімдер мен әртүрлі қызметтердің басшылары ретінде жұмыс істеу;
  • ғылыми-зерттеу: жоғары оқу орындарында, ҒЗИ мен ғылыми орталықтарда мамандар және ғылыми қызметкерлер ретінде жұмыс істеу.
  • в) Түлектің кәсіби қызметінің функциялары:
  • заң пәндерін оқыту;
  • ұлттық заңнама саласындағы әртүрлі нормативтік құқықтық актілердің әдістемелерін әзірлеуді, ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асыру;
  • ғылыми зерттеулерді, бағдарламаларды жоспарлау және ұйымдастыру;
  • мемлекеттік органдар мен мекемелерде ғылыми, педагогикалық және әкімшілік ұжымдарды басқару;
  • білім беру саласындағы оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру.

Бейіндік дайындық

  • Білім беру бағдарламасы ғылыми және педагогикалық академиялық орта үшін жоғары білікті кадрлар даярлауға бағытталған. Оқу барысында докторант құқықтану саласындағы теориялық және қолданбалы мәселелердің жай-күйіне сыни және тұжырымдамалық талдау жүргізуді, құқық саласындағы заңдылықтарды анықтауды, заңнаманы және құқық қолдану практикасын жетілдіру бойынша ғылыми негізделген әрі эмпирикалық тұрғыдан тексерілген гипотезалар мен ұсыныстар әзірлеуді, қолданыстағы заңнамаға және құқық нормаларын іске асыру қызметіне доктриналық талдау мен түсіндіру жүргізуді, сондай-ақ құқықтық актілердің тұжырымдамалары мен жобаларын әзірлеуді меңгереді.
  • Докторант «Академиялық хат (ағылшын тілінде)», «Ғылыми зерттеу әдістері», «Кратология: билік туралы ғылым», «Қазақстан Республикасында және қазіргі әлемде адамның және азаматтың мәдени құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері», «Қазақстан Республикасында азаматтық құқықтық доктринасының дамуы», «Қылмыстық саясатты іске асыру мәселелері», «Қазіргі кезеңдегі атқарушы билік органдарының қызметін реформалау мәселелері», «Конституциялық заңнаманың реформалануының мәселелері (ағылшын тілінде)» сияқты пәндерді оқиды.
  • Білім беру бағдарламасының түлектеріне философия докторы (PhD) дәрежесі беріледі. Олар жоғары оқу орындарында оқытушылық қызметпен айналысып, ғылыми-зерттеу институттарында жұмыс істей алады.

ББ өзгерістері жылдар бойынша

1
2025Еңбек функциясы

Білім беру бағдарламасына жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне (профессор-оқытушылар құрамына) арналған кәсіптік стандартта көзделген еңбек функциялары енгізілді. Сонымен қатар оқу пәндерінің қысқаша сипаттамалары жаңартылды.

Өзгерістер туралы құжат
Докторантура PhD · 8D05101

Биология

Оқу мерзімі3 жыл Оқу нысаныДокторантура Конкурсқа қатысу үшін ең төменгі балл75 Оқу ақысы1 307 000 ₸

Бейіндік пәндер

Жабық тапсырмалармен тестілеу Ашық тапсырмалармен тестілеу

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Нақтыланады

Берілетін дәреже

Нақтыланады

Аккредиттеу

Құжат әлі қосылмаған.

Рейтингтердегі орны

0

Рейтинг нәтижелері әлі қосылмаған.

Оқуды аяқтағаннан кейін

Мүмкін лауазымдар

Нақтыланады

Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері

Нақтыланады

Кәсіби қызмет салалары

Нақтыланады

Бейіндік дайындық

Нақтыланады

ББ өзгерістері жылдар бойынша

0

Бағдарлама өзгерістері әлі қосылмаған.

Докторантура PhD · 8D05301

Химия

Оқу мерзімі3 жыл Оқу нысаныДокторантура Конкурсқа қатысу үшін ең төменгі балл75 Оқу ақысы1 307 000 ₸

Бейіндік пәндер

Жабық тапсырмалармен тестілеу Ашық тапсырмалармен тестілеу

Білім беру бағдарламасының мақсаты

8D05301-Химия білім беру бағдарламасының мақсаты – жоғары рухани-адамгершілік қасиеттері бар, өздігінен ойлауға қабілетті және қоғамның прогрессивті ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуын қамтамасыз етуге қабілетті, химия және іргелес ғылыми салаларда ғылыми, педагогикалық, кәсіби-практикалық қызметті жүзеге асыру үшін фундаменталды білімдері, инновациялық тәсілдері, зерттеу дағдылары бар бәсекеге қабілетті жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау болып табылады.

Берілетін дәреже

«8D05301 – Химия» білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану бакалавры

Аккредиттеу

Аккредиттеу сертификатыБСҚТҚА, аккредиттеу мерзімі: 28.05.2022–27.05.2027

Рейтингтердегі орны

0

Рейтинг нәтижелері әлі қосылмаған.

Оқуды аяқтағаннан кейін

Мүмкін лауазымдар

  • зертханашы, инженер-зертханашы, химия оқытушысы, ғылыми қызметкер, кіші ғылыми қызметкер.

Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері

  • Түлек академиялық адалдық қағидаттарын сақтайды, ақпаратты әлеуметтік, этикалық және ғылыми факторларды ескере отырып талдайды және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді қолданады. Арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді, кванттық-химиялық есептеу әдістерін, ғылыми деректерді өңдеу және ұсыну тәсілдерін меңгерген. Химия саласында іргелі білімі бар, эксперименттік және теориялық зерттеулерді жоспарлап жүргізе алады, заттар мен материалдардың қасиеттерін талдайды, өнім сапасын бағалайды және оны практикалық қолдану мүмкіндіктерін болжайды. Ғылыми зерттеу және академиялық жазу әдістерін меңгерген, өз бетінше кәсіби даму дағдыларына ие.

Кәсіби қызмет салалары

  • химия, металлургия, мұнай-химия және фармацевтика өнеркәсібі; ғылыми-зерттеу қызметі және экология

Бейіндік дайындық

  • Бейіндік даярлық бейорганикалық, органикалық, аналитикалық, физикалық, коллоидтық және полимерлер химиясының іргелі және қолданбалы бағыттарын қамтиды. Білім алушылар заманауи физика-химиялық және спектроскопиялық зерттеу әдістерін, кванттық және компьютерлік химияны, химиялық физиканы, химиялық реакциялар теориясын, химиялық талдау және эксперименттік деректерді өңдеу әдістерін меңгереді. Даярлық химиялық технология, ресурс және энергия үнемдеу, экологиялық қауіпсіздік, метрология мен стандарттау мәселелерін, сондай-ақ зерттеушілік және педагогикалық құзыреттерді қалыптастыруды қамтиды. Практикалық дағдылар оқу, өндірістік және диплом алдындағы практикалар барысында бекітіледі.

ББ өзгерістері жылдар бойынша

1
2026Білім беру бағдарламасы 05.06.2025 ж. өзектендірілді
Өзгерістер туралы құжат
Докторантура PhD · 8D05302

Физика

Оқу мерзімі3 жыл Оқу нысаныДокторантура Конкурсқа қатысу үшін ең төменгі балл75 Оқу ақысы1 307 000 ₸

Бейіндік пәндер

Жабық тапсырмалармен тестілеу Ашық тапсырмалармен тестілеу

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Жаратылыстану ғылымдары саласындағы оқытушының және физика бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу құзыреттілігі бар, ғылыми қызметкердің кәсіби қызметін тиімді жүзеге асыра алатын философия докторларын (PhD) дайындау

Берілетін дәреже

философия докторы (PhD), «8D05302-Физика» білім беру бағдарламасы бойынша

Аккредиттеу

Құжат әлі қосылмаған.

Рейтингтердегі орны

0

Рейтинг нәтижелері әлі қосылмаған.

Оқуды аяқтағаннан кейін

Мүмкін лауазымдар

  • оқытушы, аға оқытушы, қауымдастырылған профессор, ЖОО-дағы профессор, ғылыми қызметкер, жетекші ғылыми қызметкер, оқытушы-ассистент, ұйым басшысы, құрылымдық бөлімше басшысы, құрылымдық бөлімше басшысының орынбасары.

Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері

  • Мінез-құлық дағдылары және жеке тұлғалық қасиеттер:(Soft skills)
  • Ғылыми мәтіндерді талдауды, академиялық ақпаратты өңдеуді, дәлелді тұжырымдарды тұжырымдауды және халықаралық стандарттарға сәйкес ғылыми жарияланымдарды ресімдеуді біледі.
  • Наноқұрылымдар мен наноматериалдардың электрондық және диапазондық құрылымына сәйкес оптикалық зерттеулердің нәтижелерін бағалайды, түсіндіреді. Наноқұрылымдар мен наноматериалдарды физикалық қасиеттеріне қарай микроскопиялық зерттеу әдістерін таңдайды.
  • Ғылыми нәтижелерді алу үшін үлгі дайындау процедурасын талдау және дұрыс жүргізу. Зерттеу төңірегінде алынған нәтижелерді түсіндіру және интерпретациялай білу.
  • Цифрлық құзыреттіліктер: (Digital skills):
  • Білім беру саясатының негізгі бағыттарын іске асыруға ықпал ете отырып, ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі туралы тиісті білімдерін көрсетеді. Ол зерттеу және практикалық мәселелерді шешу кезінде туындайтын әдіснамалық мәселелерді талдауға дағдыланады.
  • Кәсіби құзыреттіліктер: (Hard skills)
  • Наноматериалдардың негізгі түрлерін жіктейді және олардың физикалық қасиеттерін салыстырады. Қажетті қасиеттері бар наноматериалдарды алу әдістерін анықтайды.
  • Алынған білімдерін қажетті қасиеттері бар наноматериалдарды зерттеуде экспериментті ұйымдастыруға және заманауи аналитикалық жабдықта жұмыс істеуге қолдану. Функционалды наноматериалдардың қасиеттерін салыстырады және оларды наноэлектроника және молекулалық электроника, фотоника, фотоэлектрлік, сенсорлар және т.б. үшін әртүрлі құрылғыларды жасау үшін қолданады.
  • Электромагниттік сәулеленудің наноөлшемді объектілермен әрекеттесу принциптері туралы білімін көрсете алады. Наноқұрылымдарда фотоиндукцияланған процестердің пайда болуы туралы мәліметтерді талдау және эксперименттерді ұйымдастыру үшін теориялық модельдер мен эксперименттік әдістерді пайдаланады.
  • Электромагниттік сәулеленуді генерациялау, түрлендіру және анықтау үшін қолданылатын синтезделген наноқұрылымдар мен наноматериалдардың физика-химиялық қасиеттерін талдайды және болжайды. Фотоника, оптикалық технологиялар және фотоэлектроника үшін белгіленген оптикалық сипаттамалары бар наноқұрылымдарды әзірлейді және пайдаланады.
  • Локализацияланған плазмондарды және беттік қасиеттерін зерттеу үшін, сондай-ақ плазмонды қозуларды құру және басқару әдістерін меңгеру. Жарықтың плазмоникалық нанонысандармен өзара әрекеттесу кезінде заманауи аналитикалық жабдықта жұмыс істеу және экспериментті ұйымдастыру үшін алынған білімді пайдалану.
  • Алынған білімді плазмонды наноқұрылымдарды алу әдістемесін әзірлеу кезінде қолдана білу. Плазмонды материалдарды қолдану саласын білу және плазмонды эффектіні пайдаланатын элементтер мен құрылғыларды жасай білу.
  • Молекуларлық және электронды құрылымның ерекшеліктері, сондай-ақ көміртекті наноқұрылымдардағы физика-химиялық процестер туралы тәжірибелік және теориялық сұрақтар бойынша білімдерін түсіндіреді. Көміртекті наноқұрылымдарды және олардың негізінде композициялық материалдарды синтездеу әдістерін әзірлейді.
  • Көміртекті наноматериалдардың физика-химиялық қасиеттерін зерттеу және эксперименттерді ұйымдастырудың заманауи аналитикалық әдістері туралы білімін көрсете алады. Физикалық процестердегі әрекеттердің теориялық реттілігін түсіндіреді және көміртекті құрылымдарды модельдеу және зерттеуде алынған тәжірибе нәтижелерін түсіндіреді. Алынған білімдерін наноқұрылымдарды пайдалана отырып, жаңа функционалды наноэлементтерді жасауда пайдаланады.

Кәсіби қызмет салалары

  • «8D05302-Физика» білім беру бағдарламасы бойынша түлектердің кәсіби қызмет саласы
  • жаңа материалдарды, технологияларды, аспаптар мен құрылғыларды зерттеуді, әзірлеуді, жасауды және пайдалануды қамтитын ғылым мен техника салалары.
  • «8D05302-Физика» білім беру бағдарламасы бойынша докторанттардың кәсіби қызметінің объектілері болып табылады:
  • ғылыми және педагогикалық даярлық кезінде – ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеу зертханалары, конструкторлық және жобалау бюролары, фирмалар мен компаниялар, жоғары оқу орындары, мемлекеттік білім беру мекемелері мен білім беру кәсіпорындары, сондай-ақ мемлекеттік емес білім беру ұйымдары, министрліктер, тиісті бейіндегі мемлекеттік басқару органдары, жоғары және орта арнаулы білім беру жүйесінің ұйымдары.
  • Кәсіби қызмет түрлері
  • білім беру (педагогикалық); эксперименттік-зерттеу; ұйымдастырушылық-басқарушылық; оқыту; тәрбиелеу; әдістемелік; әлеуметтік-коммуникативтік.
  • Кәсіби қызметінің функциялары
  • оқыту;
  • зерттеу;
  • заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып, библиографиялық жұмыс жүргізу негізінде физика саласындағы ғылыми зерттеулердің міндеттері мен жоспарын құрастыру;
  • стандартты және мамандандырылған қолданбалы бағдарламалық пакеттерді қоса алғанда, әзірленген және қолда бар ғылыми-зерттеу және жобалау құралдарының көмегімен объектілердің параметрлерін, физика-математикалық, физика-химиялық модельдеуді және оңтайландыруды орындау;
  • физикалық құрылғыларды, жүйелер мен кешендерді баптауды, баптауды және тәжірибелік тексеруді жүзеге асыру;
  • әртүрлі типтегі жүйелерді, блоктарды және негіздеу қондырғыларын жобалау және құрастыру;
  • тәрбиелік;
  • әдістемелік;
  • әлеуметтік-коммуникативтік

Бейіндік дайындық

  • 8D05302 – Физика білім беру бағдарламасы бойынша бейіндік даярлық іргелі және қолданбалы физика салаларында тереңдетілген кәсіби білім мен зерттеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Даярлық барысында докторанттар физиканың заманауи бағыттары, физикалық материалтану, наноматериалдар мен наноқұрылымдарды алу және зерттеу әдістері бойынша теориялық білімдерін жетілдіріп, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, эксперименттік нәтижелерді талдау, ғылыми жарияланымдар әзірлеу және зерттеу нәтижелерін практикада қолдану құзыреттерін меңгереді

ББ өзгерістері жылдар бойынша

1
Докторантура PhD · 8D05401

Математика

Оқу мерзімі3 жыл Оқу нысаныДокторантура Конкурсқа қатысу үшін ең төменгі балл75 Оқу ақысы1 307 000 ₸

Бейіндік пәндер

Жабық тапсырмалармен тестілеу Ашық тапсырмалармен тестілеу

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Білім беру бағдарламасының мақсаты – жоғары оқу орындарында, білім беруді басқару органдарында, білім беру ұйымдарында және ғылыми-зерттеу орталықтарында ғылыми, педагогикалық және кәсіби-практикалық қызметті жүзеге асыру үшін іргелі білімі, инновациялық тәсілдері мен зерттеу дағдылары бар математиктерді даярлау.

Берілетін дәреже

«8D05401 – Математика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD).

Аккредиттеу

Аккредиттеу сертификатыБілім беру сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттіктің (БСҚБТА) мамандандырылған аккредиттеу туралы SA-A №0156/6 куәлігі. Қолданылу мерзімі: 24.05.2024–23.05.2029.

Рейтингтердегі орны

0

Рейтинг нәтижелері әлі қосылмаған.

Оқуды аяқтағаннан кейін

Мүмкін лауазымдар

  • Түлек педагог, жоғары оқу орнының оқытушысы, ғылыми қызметкер болып жұмыс істей алады; ғылым, білім беру және жоғары технологиялар саласында талдамалық, стратегиялық және сараптамалық міндеттерді орындай алады.

Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері

  • Білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижесінде қалыптасатын түлек құзыреттері:
  • Мінез-құлық дағдылары және жеке қасиеттер (Soft skills):
  • кәсіби қызметте академиялық адалдық қағидаларын, этикалық нормаларды және ғылым мен білім беру саласындағы әлеуметтік жауапкершілікті ұстанады;
  • зерттеулерді жоспарлау және нәтижелерін бағалау кезінде сыни және аналитикалық ойлауды қолданады, заманауи ғылыми жетістіктерді талдап, жаңа идеяларды бағалайды (ОН 4);
  • ғылыми және кәсіби қоғамдастықта тиімді қарым-қатынас орнатады, топпен жұмыс істейді, ғылыми пікірталастарға қатысады;
  • мемлекеттік және шет тілдерінде ғылыми қарым-қатынас жасайды, жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерін түсіндіреді және зерттеу нәтижелерін кәсіби деңгейде ұсынады (ОН 5);
  • кәсіби және жеке даму мүмкіндіктерін дербес іздейді, білім мен ғылымдағы жаңа үрдістерді меңгереді, ғылыми мәдениетті дамытуға үлес қосады.
  • Цифрлық құзыреттер (Digital skills):
  • математикалық есептерді шешу үшін сандық әдістерді, компьютерлік модельдеу құралдарын және математикалық бағдарламалық қамтамасыз етуді қолданады;
  • ғылыми ақпаратты іздеу, талдау және жүйелеу үшін электрондық дерекқорлармен жұмыс істейді; ғылыми құжаттарды, библиография мен сілтемелерді цифрлық құралдар арқылы ресімдейді (ОН 7);
  • зерттеу мен оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, онлайн платформаларды және цифрлық білім беру ресурстарын пайдаланады; зерттеу міндеттерін шешуде жасанды интеллектіні академиялық этиканы сақтай отырып қолданады.
  • Кәсіби құзыреттер (Hard skills):
  • интегралдық түрлендірулер, топтар теориясы, функционалдық талдау қосымшалары және жүктелген теңдеулер туралы күрделі материалды түсіндіру үшін зерттеу және педагогикалық тәжірибені біріктіреді; диссертациялық зерттеу нәтижелерін ресімдейді және баяндайды (ОН 1);
  • Галуа теориясын, кеңейтулер мен топтардың қасиеттерін, реттелген өрістерді, Морли рангін және ℵ1-категориялық теориялардың саналымды модельдерін зерттеп, жүйелейді және қолданады (ОН 2);
  • кешенді аймақтағы, ақырлы және биортогоналдық интегралдық түрлендірулерді, Фурье, Вейерштрасс, Ханкель және Меллин түрлендірулерін қолданбалы есептерді шешуге пайдаланады (ОН 3);
  • жылуөткізгіштіктің бастапқы-шеттік есептерін, динамикалық және гидродинамикалық есептерді, серпімділік теориясының екіөлшемді есептерін жіктейді және шешеді (ОН 3);
  • функциялар теориясы, жалпыланған функциялар, Соболев кеңістіктері, енгізу теоремалары, шеттік есептер, операторлардың коммутативті емес талдауы және стохастикалық талдау мәселелерін зерттейді (ОН 6);
  • группоидтар, топтар, квазитоптар мен лупалар, сақиналар, алгебралық тұйық өрістер, сызықтық алгебралар, модулярлық және дистрибутивті торлар, Буль алгебралары, сүзгілер мен ультрасүзгілер теориясының есептерін талдайды (ОН 6);
  • жүйелі ғылыми дүниетаным негізінде диссертациялық жұмыс аясындағы кешенді, оның ішінде пәнаралық зерттеулерді жоспарлайды, зерттеу және практикалық міндеттерді шешудің негізделген жолдарын ұсынады (ОН 4);
  • ағылшын тілінде ғылыми мақалалар жазады, ғылыми әдебиеттерді аударады; баяндамалар, есептер, шолулар, рефераттар және аннотациялар дайындайды, дәйексөз келтіру мен кәсіби этика талаптарын сақтайды (ОН 5, ОН 7);
  • интегралдық түрлендірулер мен модельдер теориясы саласында дербес зерттеулер жүргізеді, жоғары оқу орнында математикалық пәндерді оқытуда заманауи педагогикалық және ғылыми әдістерді қолданады.

Кәсіби қызмет салалары

  • Түлектің кәсіби қызмет салалары мен объектілері:
  • а) Кәсіби қызмет салалары: жоғары білім беру, ғылыми зерттеулер, жобалау, технологиялық және конструкторлық қызмет, мемлекеттік әкімшілік басқару. Қызмет объектілеріне жоғары оқу орнындағы педагогикалық үдеріс, білім беру мекемелеріндегі әдістемелік және әкімшілік жұмыс, математиканы қолданумен байланысты зерттеулер жатады.
  • Түлектер кәсіби қызметін жүзеге асыратын ұйымдар:
  • жоғары оқу орындары;
  • ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми орталықтар мен зертханалар;
  • жобалау, технологиялық және конструкторлық ұйымдар;
  • мемлекеттік әкімшілік басқару және білім беруді басқару органдары;
  • білім беру ұйымдары.
  • б) Түлектің кәсіби қызмет түрлері:
  • педагогикалық: жоғары оқу орындарында, оның ішінде магистратура мен докторантурада математикалық пәндерді оқыту;
  • әкімшілік-басқарушылық және сараптамалық-кеңесшілік: ғылым, білім беру және жоғары технологиялар саласындағы талдау мен стратегиялық жоспарлау, ғылыми мақалалар мен жобаларды сараптау, магистрлік диссертацияларға жетекшілік ету;
  • ғылыми-зерттеу: математиканың іргелі және қолданбалы бағыттарында зерттеулер жүргізу, ғылыми-техникалық салада инновация элементтерін қолдану.
  • в) Түлектің кәсіби қызмет функциялары:
  • оқыту: математикалық пәндер бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру;
  • тәрбиелеу: білім алушылардың ғылыми мәдениеті мен жауапкершілігін қалыптастыру;
  • әдістемелік: оқу-әдістемелік материалдар мен оқыту тәсілдерін әзірлеу;
  • зерттеушілік: ғылыми жұмыстарды жоспарлау, орындау және нәтижелерін ұсыну;
  • әлеуметтік-коммуникативтік: білім алушылармен, әріптестермен және ғылыми қоғамдастықпен өзара әрекеттесу.

Бейіндік дайындық

  • Бағдарлама ғылыми және академиялық ортаға жоғары білікті математиктерді даярлауға бағытталған. Күндізгі оқу қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі, бағдарламаның көлемі – 180 кредит. Даярлық математикалық талдауды, дифференциалдық теңдеулерді, интегралдық түрлендірулерді, алгебраны және модельдер теориясын қамтиды. Докторант өзекті ғылыми міндеттерді тұжырымдап, зерттеу әдістерін таңдайды, нәтижелерді сыни бағалайды және оларды оқыту тәжірибесінде қолданады.
  • Оқу жоспарына «Академиялық хат (ағылшын тілінде)», «Ғылыми зерттеу әдістері», «Математиканың іргелі бағыттарындағы өзекті мәселелер» пәндері және таңдау пәндері: «Операциялық есептеу», «Интегралдық түрлендірулер және олардың қосымшалары», «Алгебраның таңдаулы сұрақтары (ағылшын тілінде)», «Модельдер теориясының таңдаулы сұрақтары (ағылшын тілінде)» кіреді. Педагогикалық және зерттеу практикаларының әрқайсысына 10 кредит, тағылымдама мен диссертацияны орындауды қамтитын ғылыми-зерттеу жұмысына 123 кредит, қорытынды аттестаттауға 12 кредит бөлінеді.
  • Бағдарламаны аяқтап, докторлық диссертациясын қорғаған түлек философия докторы (PhD) дәрежесін алады және жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу ұйымдарында кәсіби қызмет атқара алады.

ББ өзгерістері жылдар бойынша

0

Бағдарлама өзгерістері әлі қосылмаған.

Докторантура PhD · 8D05402

Механика

Оқу мерзімі3 жыл Оқу нысаныДокторантура Конкурсқа қатысу үшін ең төменгі балл75 Оқу ақысы1 307 000 ₸

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Механика және робототехника саласындағы терең теориялық білім мен практикалық тәжірибені қамтамасыз ету арқылы өнеркәсіп кәсіпорындарында, мамандандырылған ғылыми-зерттеу және білім беру ұйымдарында, құрылыста туындайтын мәселелерді шешуге ықпал ететін қазіргі заманғы құзыреттер мен дағдыларды, техника мен технологияларды меңгерген ғылыми-педагогикалық бағыттағы бәсекеге қабілетті (PhD) докторларын даярлау.

Берілетін дәреже

«8D05402-Механика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD)

Аккредиттеу

Құжат әлі қосылмаған.

Рейтингтердегі орны

0

Рейтинг нәтижелері әлі қосылмаған.

Оқуды аяқтағаннан кейін

Мүмкін лауазымдар

  • механика және робототехника саласындағы ғылыми зерттеуші;
  • жоғары мектепте бакалавриат, магистратура, докторантураның жаратылыстану-техникалық циклінің бірқатар пәндерінің оқытушысы;
  • ғылыми-өндірістік мекемелердегі инженер;
  • өндірістік мекемелердегі инженер;
  • инженер-механик;
  • инженер-жобалаушы;
  • жеке кәсіпкер;
  • құрылыс компаниясының басшысы және т. б.

Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері

  • Мінез-құлық дағдылары мен тұлғалық қасиеттер (Soft skills):
  • – рецензияланатын журналдарда жариялау үшін ғылыми мақалаларды дайындайды, зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми әдебиеттерді пайдалану дағдыларын қалыптастырады, ғылыми әдебиеттерді ағылшын тілінен аударады;
  • – диссертациялық жұмыс шеңберінде кешенді зерттеулерді, оның ішінде пәнаралық зерттеулерді тұтас жүйелі ғылыми дүниетаным негізінде жоспарлайды және жүргізеді, сыни талдауды суреттейді және қолданады, заманауи ғылыми жетістіктерді бағалайды, зерттеу және тәжірибелік мәселелерді шешеді.
  • Цифрлық құзыреттер (Digital skills):
  • – механика және робототехника есептерін шешудің сандық әдістерін, есептеу экспериментіндегі қазіргі заманғы өлшеу әдістерін, қолданбалы бағдарламалар пакеттерінің теориялық негіздерін, бағдарламада көзделген әртүрлі механика есептерін математикалық модельдеудің негізгі әдістерін қолданады;
  • – механика мен робототехниканың әртүрлі әдістерінің мәнін, қолдану әдістемесін, артықшылықтары мен кемшіліктерін, олардың төзімділігі мен үнемділігі жағдайында конструкциялық элементтерді есептеу тәсілдерін, белгілі бір конструкциялардың артықшылықтары мен кемшіліктерін негіздей алады;
  • – конструкцияларды есептеу әдістерін, деформацияланатын қатты дене механикасындағы сандық әдістерді, робототехникалық жүйелер динамикасының әдістерін зерттейді және реттейді, орындаушы механизмдер мен манипуляторларды жобалайды.
  • Кәсіби құзыреттер (Hard skills):
  • – механиканың іргелі бағыттарының негізгі мәселелерін суреттейді және талдайды, келесі бөлімдер мен ұғымдарға қатысты мәселелерді шешеді: серпімділік, жылжымалық және иілімділік теориясы;
  • – зерттеу және педагогикалық тәжірибені синтездейді, иілімділіктің күрделі құрылымдық теориялары, иілімділік теориясы және жылжымалық теориясы туралы ақпарат берудің ұтымды әдісін қалыптастырады, докторлық диссертация тақырыбы бойынша ғылыми зерттеулердің нәтижелерін ұсынады.

Кәсіби қызмет салалары

  • Кәсіби қызмет саласы механика және робототехника саласындағы ғылыми-зерттеу қызметі; инженерлік. Объектілері: ғылыми-өндірістік және өндірістік ұйымдардағы қызмет.
  • б) Түлектің кәсіби қызмет түрлері:
  • – эксперименттік-зерттеу;
  • – есептік-жобалық;
  • – ұйымдастырушылық-басқарушылық;
  • – ғылыми-зерттеу;
  • педагогикалық (магистратурада, докторантурада сабақ беру) және т. б.
  • в) Түлектің кәсіби қызметінің функциялары:
  • – жаңа құрылыстарды жобалау және салу;
  • – жаңа инженерлік бағдарламаларды қолдана отырып, қажетті объектілерді есептеу;
  • – гидротехникалық имараттарды кешенді зерттеу;
  • – ғимараттар мен имараттарды жобалау;
  • – механика мен робототехниканы қолдануға байланысты салалардағы ғылыми-зерттеу жұмыстары;
  • – жаратылыстану, техника, экономика және басқарудың қолданбалы есептерін тиімді әдістермен шешу үшін механикалық және математикалық модельдерді құру және пайдалану;
  • – эксперименттің теориялық негіздерін, аспаптық құралдарды, экспериментті жоспарлау және өңдеу әдістерін әзірлеу; бағдарламалық жүйелерді әзірлеу, оларды қазіргі заманғы есептеу техникасын пайдалана отырып, тәжірибелік іске асыру деңгейіне жеткізу;
  • – ақпаратты жинау, ұсыну, өңдеу және пайдалану процестерін алгоритмдік қамтамасыз етуді дайындау.

Бейіндік дайындық

  • Бағдарлама механика саласында өзіндік ғылыми зерттеулерді дербес жүргізуге, жаңа теориялық тәсілдер мен әдістерді әзірлеуге, оқытушылық және ғылыми-инновациялық қызметті жүзеге асыруға қабілетті, терең ғылыми және педагогикалық даярлығы бар философия докторларын (PhD) даярлауға бағытталған. Оқу барысында докторант механиканың заманауи бағыттары бойынша білімін тереңдетеді, механикалық процестерді математикалық, сандық және эксперименттік модельдеудің озық әдістерін меңгереді, өзекті ғылыми мәселелерді тұжырымдап, шешеді, күрделі есептеу міндеттеріне арналған модельдер, алгоритмдер мен бағдарламалық құралдар әзірлейді. Ғылыми нәтижелерді сыни талдауға, олардың жаңалығы мен дәйектілігін негіздеуге, зерттеу нәтижелерін жариялауға және механика ғылымының дамуына өзіндік үлес қосуға ерекше назар аударылады.
  • Докторант «Академиялық хат (ағылшын тілінде)», «Ғылыми зерттеу әдістері», «Конструкцияларды есептеудің заманауи әдістері», «Серпімділік, иілімділік және жылжымалық теориясының өзекті мәселелері», «Орындаушы механизмдер мен манипуляторларды жобалау», «Робототехникалық жүйелердің динамикасы» пәндерін оқиды.
  • Түлектер философия докторы (PhD) дәрежесін алып, жоғары оқу орындарында сабақ бере алады және ғылыми-зерттеу институттарында жұмыс істей алады.

ББ өзгерістері жылдар бойынша

0

Бағдарлама өзгерістері әлі қосылмаған.