Білім беру бағдарламалары

Филология

Қолжетімді мамандықтар

1
Магистратура · 7M02302

Қолданбалы филология

Оқу мерзімі2 жыл Оқу нысаныҒылыми-педагогикалық маг (2 жыл) Конкурсқа қатысу үшін ең төменгі балл75 Оқу ақысы732 600 ₸

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Кәсіби қызметін жоғары оқу орындарында, ғылыми-педагогикалық, ғылыми-зерттеу мекемелерінде іске асыра алатын біліктілігі жоғары филолог-маман дайындау.

Берілетін дәреже

«7М02302 – Қолданбалы филология» білім беру бағдарламасы бойынша гуманитарлық ғылым магистрі

Аккредиттеу

Аккредиттеу сертификаты

Рейтингтердегі орны

0

Рейтинг нәтижелері әлі қосылмаған.

Оқуды аяқтағаннан кейін

Мүмкін лауазымдар

  • ЖОО оқытушысы;
  • ғылыми қызметкер;
  • баспа, мәдени мекеме қызметкері.

Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері

  • Дәстүрлі әдістер мен қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, тілдік және әдеби фактілерді жинау мен талдаудың базалық дағдыларын меңгеру; негізгі оқытылатын тіл (тілдер) мен әдебиеттің теориясы мен тарихы, коммуникация теориясы, филологиялық талдау және өзінің ғылыми-зерттеу қызметінде мәтінді түсіндіру саласында алынған білімді қолдану; ғылыми-зерттеу қызметінің әдіснамалық негіздерін меңгеру, жүргізілетін зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми шолулар, аннотациялар, рефераттар мен библиографиялар құрастыру дағдылары, библиографиялық сипаттау тәсілдері; негізгі библиографиялық дереккөздер мен іздеу жүйелерін білу; коммуникацияның әртүрлі салаларында қабылданған коммуникативтік стратегиялар мен тактикаларды, риторикалық, стилистикалық және тілдік нормалар мен әдістерді білу және меңгеру; мәтіндердің әртүрлі типтерін (негізінен, ғылыми және публицистикалық, сондай-ақ құжаттар) шет тілдерінен және шет тілдеріне аудару; құжаттарды, ғылыми еңбектер мен көркем шығармаларды аннотациялау және рефераттау.
  • ОН1: Қазіргі өмірдің өзекті мәселелерін шешуде философиялық көзқарас дағдыларын қолданады, кәсіби қызмет аясында қазіргі қоғамдағы әлеуметтік-саяси, әлеуметтік-мәдени үрдістерді болжау және жобалау әдістерін меңгереді. Білім беру мекемелерімен (стейкхолдерлерімен) өзара қарым-қатынасқа түседі.
  • ОН2: Басқарушылық қызметтің психологиялық заңдылықтары мен менеджер қызметінде әлеуметтік-психологиялық білімді пайдаланады. Білім беру ұйымдарында оқытудың кәсіби дағдылары мен жоғары мектепте педагогикалық бақылау және білімді бағалауды меңгереді.
  • ОН3: Арнайы мақсаттағы шетел тілінің ерекшеліктері мен кәсіби сөйлеу нормалары, әртүрлі коммуникациялардың заманауи тұжырымдамаларын негізінде кәсіби коммуникативтік құзыреттілік қалыптасады. Коммуникацияда сөйлеу мәдениетінің ұлттық сипаты мен мәдениаралық коммуникация нормаларын меңгереді. Ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметті жүзеге асырады, библиографиялық картотека, каталогтар, көрсеткіштермен,цифрлық өнімдермен жұмыс істеу және цифрлық технологияларды пайдалану дағдыларын меңгереді.
  • ОН4: Тіл жүйесінің тарихи дамуын, тілдегі құбылыстардың шығу тегі мен тарихи өзгерістерін ескере отырып, тілтуралы теориялар мен тұжырымдарды, ағым-дәстүрлерді, бағыттар мен мектептерді салыстырады, тілдің қазіргі жағдайын талдайды, дамуын болжайды.
  • ОН5: Жаңа парадигмаға сәйкес автор-мәтін-оқырман үштағаны негізінде тілдік бірліктердің мәтінде трансформациялануын, тіркесу қабілетін талдайды. Құжаттау мен іс қағаздарын жүргізудің теориясы мен жазба практикасын меңгереді. Мәтін мен дискурстың арақатынасын, дискурс түрлерін анықтайды.
  • ОН6: Рефлективті оқыту әдістемесі аясында оқыту ортасын қалыптастыру, оқушылармен қарым-қатынас жасау, оқыту бағдарламасын жүзеге асыру үшін тиімді стратегияларды қолданады. Филологиялық пәндерді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, ұстанымдар, оқытудың формалары мен түрлерін меңгереді.
  • ОН7: Макросинтаксистің қолданбалы аспектілерін, синтаксемалардың, сөз тіркестерінің, сөйлемдердің, күрделі синтаксистік тұтастық пен мәтіндердің функционалдық-семантикалық ерекшеліктерін анықтайды. Функционалды грамматиканың негізгі ұғымдарын, жұмсалымдық бағыттың ерекшеліктерін, тілді функционалдық тұрғыда зерттеудің қазіргі ұстанымдарын меңгереді.
  • ОН8: Риториканың негізгі заңдары мен ережелерін, сөйлеу мәдениетін,сөйлеу этикетін меңгереді, іскерлік қарым-қатынастағы сөз мәдениеті мен көпшілік алдында сөз сөйлеу шеберлігі қалыптасады. Қазіргі қазақ әдебиетінің көркемдік даму арналарын айқындайды, әдеби процесс пен көркем шығарманы ғылыми-теориялық тұрғыдан саралайды, текстологиялық талдаулар жасайды.

Кәсіби қызмет салалары

  • білім (орта, арнайы орта және жоғары оқу орындарының оқытушысы);
  • мәдениет (мәдениет мекемелерінің қызметкері);
  • ғылым (ғылыми-зерттеу мекемелерінің қызметкері);
  • баспа (баспагер, баспа өнімдерінің редакторы);
  • бұқаралық ақпарат құралдары, оның ішінде Интернет (газет, радио, теледидар, журналдардың редакциясы);
  • білім беру саласындағы әкімшілік (орта, орта кәсіптік және жоғары білім бөлімдері);
  • әлеуметтік-гуманитарлық қызметтің басқа салалары (мәдениаралық байланыс және т.б.).

Бейіндік дайындық

Нақтыланады

ББ өзгерістері жылдар бойынша

0

Бағдарлама өзгерістері әлі қосылмаған.