Білім беру бағдарламалары

Филология

Қолжетімді мамандықтар

1
Докторантура PhD · 8D02301

Филология

Оқу мерзімі3 жыл Оқу нысаныДокторантура Конкурсқа қатысу үшін ең төменгі балл75 Оқу ақысы1 307 000 ₸

Бейіндік пәндер

Жабық тапсырмалармен тестілеу Ашық тапсырмалармен тестілеу

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Жоғары оқу орындарында, ғылыми-педагогикалық, ғылыми-зерттеу мекемелерінде ғылыми және кәсіби қызметті жүзеге асыруға қабілетті; лингвистика және әдебиеттану саласында зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу дағдыларын меңгерген; білім беру, мәдениет, басқару, БАҚ, мәдениетаралық коммуникация ұйымдарында және әлеуметтік-гуманитарлық саланың басқа да салаларында филологиялық білімді қолдануға қабілетті жоғары білікті филолог дайындау.

Берілетін дәреже

«8D02301 – Филология» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD)

Аккредиттеу

Аккредиттеу сертификаты

Рейтингтердегі орны

0

Рейтинг нәтижелері әлі қосылмаған.

Оқуды аяқтағаннан кейін

Мүмкін лауазымдар

  • ЖОО оқытушысы;
  • ғылыми қызметкер;
  • баспа, мәдени мекеме қызметкері.

Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері

  • Докторантура пәндерін игеру барысында алынған теориялық білім, іскерлік және практикалық тәжірибе негізінде ғылыми зерттеудің мақсаттары мен міндеттерін табысты шешу; ғылыми бағдарламаларды іске асырудың мақсаттарын, міндеттерін, құралдары мен әдістерін өз бетінше тұжырымдай білу; ғылыми және қолданбалы зерттеулерді жүргізу және коммерцияландыру үшін ғылыми және ғылыми-техникалық қызметке қатысушылардың зияткерлік меншік құқығы туралы, ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға грант алу шарттары туралы білімдерін пайдалану; ғылыми және практикалық міндеттерді, оның ішінде қызмет саласынан тыс міндеттерді шешу үшін кешенді ақпаратты өңдеудің және түсіндірудің қазіргі заманғы әдістерін еркін пайдалану; деректерді құру және жинақтау, оларды өңдеу және талдау, сондай-ақ зерттеу және кәсіби қызметте ақпараттық технологияларды пайдалану бойынша белсенділікті қоса алғанда, цифрлық ортада және цифрлық өнімдермен жұмыс істеу бойынша құзыреттер кешенін меңгеру; ғылыми-техникалық құжаттаманы және зерттеу жұмысын, ғылыми есептерді, шолуларды, баяндамаларды, мақалаларды кәсіби құрастыра білу; педагогикалық қызметті жүзеге асыру үшін психологиялық-педагогикалық (ұйымдастырушылық-педагогикалық, білім беру педагогикалық) білімді меңгеру; аударма дағдыларын меңгеру; қазіргі заманғы компьютерлік технологияларды, оқытудың интерактивті әдістерін, орыс/қазақ тілінің ұлттық корпустары қорын пайдалана отырып, жоғары және орта оқу орындарында қазақ/орыс/ағылшын тілін/әдебиетін оқытудың кәсіптік-практикалық біліктері мен дағдыларын қалыптастыру.
  • ОН1: Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгереді, қарым-қатынас технологиясы саласында білім, коммуникация стратегияларын, диалог құрудың дағдылары мен іскерліктерін полимәдениетті, полиэтникалық және көпконфессиялы қоғамда қарым-қатынас жасайды.
  • ОН2: Кәсіби қоғамдастықпен және білім берудегі барлық мүдделі тараптармен өзара әрекеттестікті жүзеге асырады, білім беру стекхолдерлерін біріктіретін инновациялық идеяларға бастамашылық жасап, қазақ-орыс-ағылшын тілдеріндегі заң-құқық құжаттарының лингвистикалық сараптамасын жасайды.
  • ОН3: Қазіргі филология ғылымының өзекті мәселелері бойынша ғылыми пікірталастар өткізуге және пікір таластыруға қабілетті болады, өздігінен шығармашылық, зерттеу жұмысының дағдыларын, өз қызметін тиімді және нәтижелі ұйымдастыру, өзінің ғылыми жұмысының нәтижелерін коммерциализациялау жолдарын біледі.
  • ОН4: Диссертацияның зерттеу тұжырымдамасын қалыптастыру үшін ақпарат жинау және ғылыми ақпартты өңдеу әдістерін меңгереді, тілдік деректерді жинау, сақтау, өңдеу және талдау, әртүрлі тілдердің электрондық корпустарын құру үшін цифрлық технологияларды пайдаланады.
  • ОН5: Аналитикалық жұмысқа қабілетті болады, жаңа білім алу мақсатында ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметті жүзеге асырады, осы білімді нақты басқарушылық жағдайларды сараптамалық бағалау үшін қолданады, ғылыми мәтіндерді ағылшын тілінде жазу дағдыларын жетілдіріп, ағылшын тіліндегі мәтіндерді жазбаша түсіндіру бойынша практикалық дағдыларды дамытады.
  • ОН6: Қазіргі филология ғылымының жалпы және арнайы әдістерін, филология ғылымының әдіснамасын қолдану дағдыларын жетік меңгереді, қазіргі инновациялық білім беру технологияларын пайдалана отырып, оқытушылық қызметті жүзеге асырады, түрлі аудиториялар үшін филологиялық және арнайы тілдік пәндерді оқытудың оқу бағдарламаларын құрастырады.
  • ОН7: Мамандықтың негізгі проблемаларын шешу мақсатында ғылыми әдебиеттермен жұмыс істей біледі, ғылымның қазіргі жетістіктеріне сүйене отырып, зерттеу тақырыбының ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығын көрсетеді, зерттеу нәтижелерін тұжырымдайды.
  • ОН8: Білім беру саласында және практикалық кәсіби қызметте мәселелерді шешу үшін өз білімін, түсінігін және қабілетін кәсіби деңгейде жетілдіреді, басқа тілді аудиторияда қазақ тілін оқытудың инновациялық технологияларын, әдіс-тәсілдерін тиімді қолданады, сыни тұрғыдан бағалайды, өзіндік тұжырымдар жасайды.

Кәсіби қызмет салалары

  • білім (орта, арнайы орта және жоғары оқу орындарының оқытушысы);
  • мәдениет (мәдениет мекемелерінің қызметкері);
  • ғылым (ғылыми-зерттеу мекемелерінің қызметкері);
  • баспа (баспагер, баспа өнімдерінің редакторы);
  • бұқаралық ақпарат құралдары, оның ішінде Интернет (газет, радио, теледидар, журналдардың редакциясы);
  • білім беру саласындағы әкімшілік (орта, орта кәсіптік және жоғары білім бөлімдері);
  • әлеуметтік-гуманитарлық қызметтің басқа салалары (мәдениаралық байланыс және т.б.).

Бейіндік дайындық

Нақтыланады

ББ өзгерістері жылдар бойынша

0

Бағдарлама өзгерістері әлі қосылмаған.