Білім беру бағдарламалары

Шет тілдері педагогтерін даярлау

Қолжетімді мамандықтар

1
Магистратура · 7M01703

Шетел тілі: екі шетел тілі

Оқу мерзімі2 жыл Оқу нысаныҒылыми-педагогикалық маг (2 жыл) Конкурсқа қатысу үшін ең төменгі балл75 Оқу ақысы732 600 ₸

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Педагогикалық, ғылыми-зерттеу және әдістемелік қызметті жүзеге асыруға, шетел тілдерін оқытудың заманауи тәсілдерін әзірлеуге және іске асыруға, цифрлық технологияларды қолдануға және көптілді әрі мәдениетаралық білім беру ортасында тиімді өзара әрекеттесуді қамтамасыз етуге қабілетті шеттілдік білім беру саласындағы білікті мамандарды даярлау.

Берілетін дәреже

«7М01703 – Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі.

Аккредиттеу

Аккредиттеу сертификатыБСҚА агенттігі, SA-А сертификаты

Рейтингтердегі орны

0

Рейтинг нәтижелері әлі қосылмаған.

Оқуды аяқтағаннан кейін

Мүмкін лауазымдар

  • жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы шетел тілдерінің оқытушысы; орта білім беру ұйымдарындағы шетел тілдерінің мұғалімі; тіл мектептері мен қосымша білім беру орталықтарының оқытушысы; шетел тілдері бойынша әдіскер; білім беру бағдарламаларын, оқу-әдістемелік материалдар мен цифрлық білім беру ресурстарын әзірлеу жөніндегі маман; шеттілдік білім беру саласындағы ғылыми қызметкер; білім беру және зерттеу жобаларының үйлестірушісі.

Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері

  • Мінез-құлық дағдылары мен тұлғалық қасиеттер (Soft skills):
  • Білім беру бағдарламасы шет тіліндегі коммуникативтік, педагогикалық, әдістемелік және зерттеушілік құзыреттерді тереңдетуге бағытталған. Түлек шетел тілдерін оқытудың ғылыми тәсілдерін сыни тұрғыдан талдауға, білім беру үдерісін жобалауға, өз бетінше зерттеу жүргізуге және оның нәтижелерін педагогикалық тәжірибені жетілдіру үшін пайдалануға қабілетті.
  • Цифрлық құзыреттер (Digital skills)
  • көптілді және мәдениетаралық ортада кәсіби және академиялық өзара әрекеттесу;
  • ақпаратты сыни талдау, өз ұстанымын дәлелді ұсыну және қорғау;
  • топпен жұмыс істеу және бірлескен білім беру мен зерттеу қызметін үйлестіру;
  • кәсіби жағдайларда жауапты шешім қабылдау;
  • педагогикалық және зерттеу әдебін сақтау;
  • кәсіби рефлексия, өз бетінше білім алу және үздіксіз даму.
  • цифрлық ортада жұмыс істеу кезінде авторлық құқықты, академиялық адалдықты және дербес деректерді қорғау талаптарын сақтау.
  • Кәсіби құзыреттер (Hard skills):
  • педагогикалық, ғылыми және кәсіби коммуникацияда шетел тілдерін пайдалану;
  • тілдің, мәдениетаралық коммуникацияның және шеттілдік білім берудің заманауи теорияларын қолдану;
  • оқу курстарын, сабақтарды және білім беру материалдарын жобалау;
  • оқыту мақсаттары мен білім беру жағдайының ерекшеліктерін ескере отырып, шетел тілдерін оқыту;
  • бағалау құралдарын әзірлеу және оқыту нәтижелерін талдау;
  • шетел тілдерін оқыту әдістемесі саласында зерттеулерді жоспарлау және жүргізу;
  • зерттеу деректерін жинау, өңдеу және түсіндіру әдістерін негізді таңдау;
  • ғылыми мәтіндер, баяндамалар мен презентациялар дайындау;
  • шеттілдік білім берудің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуін талдау және жетілдіру.
  • Білім беру бағдарламасын аяқтағаннан кейін түлек:
  • Лингвистика, педагогика және шетел тілдерін оқыту әдістемесі саласындағы заманауи ғылыми тұжырымдамаларды сыни тұрғыдан талдай алады.
  • Кәсіби өзара әрекеттесу, академиялық жазылым және зерттеу нәтижелерін ұсыну үшін шетел тілдерін пайдалана алады.
  • Мақсаттарды, оқыту нәтижелерін, оқыту және бағалау әдістерін өзара сәйкестендіре отырып, оқу курстары мен сабақтардың мазмұнын жобалай алады.
  • Білім алушылардың жеке және білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, шетел тілдерін оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана алады.
  • Цифрлық технологияларды білім беру үдерісіне кіріктіріп, олардың педагогикалық тұрғыдан орындылығын бағалай алады.
  • Бағалау құралдарын әзірлеп, қолдана алады, оқу жетістіктерін талдап, дамытуға бағытталған кері байланыс ұсына алады.
  • Зерттеу мәселесін тұжырымдап, зерттеудің мақсатын, сұрақтары мен әдістерін анықтай алады.
  • Зерттеу деректерін жинап, талдап және түсіндіре алады, зерттеу шектеулерін ескере отырып, қорытындыларды негіздей алады.
  • Ғылыми жұмыс нәтижелерін диссертация, мақала, баяндама немесе кәсіби презентация түрінде ұсына алады.
  • Өзінің педагогикалық қызметін жетілдіру үшін зерттеу нәтижелері мен кәсіби рефлексияны пайдалана алады.

Кәсіби қызмет салалары

  • а) Түлектің кәсіби қызмет саласы мен нысандары
  • Түлектің кәсіби қызмет салаларына шеттілдік білім беру, педагогика ғылымы, шетел тілдерін оқытуды әдістемелік сүйемелдеу және мәдениетаралық академиялық коммуникация жатады.
  • Кәсіби қызмет нысандары:
  • жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары;
  • техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары;
  • жалпы білім беретін мектептер, гимназиялар мен лицейлер;
  • тіл мектептері мен қосымша білім беру орталықтары;
  • тіл және білім беру мәселелерін зерттейтін ғылыми-зерттеу ұйымдары мен бөлімшелері;
  • әдістемелік орталықтар мен біліктілікті арттыру ұйымдары;
  • білім беру және халықаралық жобаларды іске асыратын ұйымдар.
  • б) Түлектің кәсіби қызмет түрлері:
  • педагогикалық қызмет;
  • ғылыми-зерттеу қызметі;
  • оқу-әдістемелік қызмет;
  • ұйымдастырушылық-әдістемелік қызмет;
  • шеттілдік білім беру саласындағы сараптамалық-талдамалық қызмет;
  • коммуникативтік және мәдениетаралық делдалдық қызмет;
  • жобалық қызмет.
  • в) Түлектің кәсіби қызмет функциялары:
  • оқыту: заманауи педагогикалық тәсілдер негізінде шетел тілдерін оқытуды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
  • тәрбиелеу: академиялық өзара әрекеттесу мәдениетін, жауапкершілікті, тілдік және мәдени әртүрлілікке құрметті дамыту;
  • әдістемелік: оқу бағдарламаларын, материалдар мен бағалау құралдарын әзірлеу және жетілдіру;
  • зерттеушілік: шеттілдік білім беру саласындағы ғылыми мәселелерді айқындау және зерттеу;
  • диагностикалық-талдамалық: білім беру қажеттіліктерін, оқыту нәтижелерін және қолданылатын әдістердің тиімділігін талдау;
  • ұйымдастырушылық: оқу, әдістемелік және зерттеу жұмыстарын жоспарлау және үйлестіру;
  • консультациялық: шетел тілдерін оқыту және үйрену бойынша ұсынымдар беру;
  • сараптамалық: оқу-әдістемелік материалдардың сапасын талдау және оларды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды негіздеу;
  • мәдениетаралық делдалдық: көптілді білім беру ортасында өзара түсіністік пен ынтымақтастықты қамтамасыз ету.

Бейіндік дайындық

  • Білім беру бағдарламасы бойынша даярлық шетел тілдерін, шеттілдік білім берудің заманауи тұжырымдамаларын, жоғары мектеп педагогикасын және ғылыми зерттеу әдіснамасын тереңдетіп зерделеуді біріктіреді.
  • Лингвистикалық және коммуникативтік даярлық кәсіби және академиялық сөйлеуді жетілдіруге, ғылыми мәтіндерді талдау, академиялық жазылым және мәдениетаралық өзара әрекеттесу дағдыларын дамытуға бағытталған.
  • Педагогикалық және әдістемелік даярлық оқу курстарын жобалауға, оқытудың заманауи технологияларын қолдануға, оқу материалдарын әзірлеуге және оқыту нәтижелерін бағалауға бағдарланған.
  • Ғылыми-зерттеу даярлығы ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеуді, зерттеу мәселесін тұжырымдауды, зерттеу әдістерін таңдауды, деректерді талдауды және магистрлік диссертация дайындауды көздейді.
  • Практикалық даярлық педагогикалық және зерттеу практикалары барысында, білім беру материалдарын әзірлеу және өз бетінше зерттеу жүргізу кезінде меңгерілген білім мен біліктерді қолдануды қамтамасыз етеді.

ББ өзгерістері жылдар бойынша

1
2026Еңбек функциясы

2026 жылы білім беру бағдарламасына жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне (профессор-оқытушылар құрамына) арналған кәсіптік стандартта көзделген еңбек функциялары енгізілді. Сонымен қатар оқу пәндерінің қысқаша сипаттамалары жаңартылды. Білім беру бағдарламасының жаңартылған күні: 10.06.2026

Өзгерістер туралы құжат