Білім беру бағдарламалары

Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

Қолжетімді мамандықтар

1
Докторантура PhD · 8D01701

Қазақ тілі мен әдебиеті

Оқу мерзімі3 жыл Оқу нысаныДокторантура Конкурсқа қатысу үшін ең төменгі балл75 Оқу ақысы1 307 000 ₸

Бейіндік пәндер

Жабық тапсырмалармен тестілеу Ашық тапсырмалармен тестілеу

Білім беру бағдарламасының мақсаты

кәсіби білім беру стандартына сәйкес ғылыми-зерттеу орталықтары мен оқу орындарында тілдер мен әдебиетті зерттеуге, оқытуға негізделген отандық білім беру жүйесінде сұранысқа ие білікті және бәсекеге қабілетті мамандар даярлау.

Берілетін дәреже

8D01701-Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы бойынша философия ғылымдарының докторы /PhD/

Аккредиттеу

Аккредиттеу сертификаты«ARQA» аккредиттеу және білім беру сапасын сараптау тәуелсіз агенттігі Аккредиттеудің мерзім уақыты: 30.12.2022ж.-29.12.2027 ж.

Рейтингтердегі орны

0

Рейтинг нәтижелері әлі қосылмаған.

Оқуды аяқтағаннан кейін

Мүмкін лауазымдар

  • Жоғары және орта арнаулы білім беру ұйымдарының оқытушысы; аға оқытушы; ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер; білім беру ұйымдарындағы педагог-зерттеуші; ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарының зерттеушісі; әдеби редактор, бас редактор, корректор; білім беру кеңесшісі, сарапшы; оқу-әдістемелік кешендер мен цифрлық білім беру ресурстарын әзірлеуші маман; мәдени-ағартушылық және ғылыми-жобалау ұйымдарының басшысы/маманы.

Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері

  • мінез-құлық дағдылары мен жеке қасиеттер (Softskills):
  • тілдің әлеуметтік табиғатын, әлеуметтік мәнін, тілдің әлеуметтік қызметін, тілдің эволюциясын анықтайды; тілдердің бір-біріне әсерін, ауытқу құбылыстарын ажыратады.
  • жоғары рейтингті басылымдардың талаптарын ескере отырып, ғылыми мақалалар жазады, ғылыми мәтіндерді ағылшын тілінен аударады, олардың мағынасын түсіндіреді.
  • диссертациялық жұмыс шеңберінде ғылыми зерттеу жүргізу және ғылыми жарияланымдарды дайындау процесін жоспарлайды.
  • цифрлық құзыреттер (Digital skills):
  • жоғары мектепте тіл мен әдебиетті оқытудың заманауи әдістемелерін қолданады, сандық және интернет-технологияларды талдайды.
  • сабақтарға, ЖОО-нда оқытуды ұйымдастырудың негізгі формаларына талдау жасайды, көркем мәтінді филологиялық талдау принциптерін іс-тәжірибеде қолданады.
  • кәсіби құзыреттер (Hardskills):
  • қазақ әдебиетіндегі постмодернизмге тән белгілерді анықтайды, әлем әдебиетіндегі постмодернизмнің типтік сипаттамаларын салыстырады; постмодернизмнің көркем туындыларын талдау алгоритмін ұсынады.
  • ғылыми әдебиеттегі мәтін мен дискурсты айыра біледі, әдеби дискурс мәнін түсіндіреді, көркем әдебиеттегі автор, кейіпкер және оқырман арасындағы қатынастарды анықтай алады.

Кәсіби қызмет салалары

  • а) Бітіруші лауазымдардың тізімі
  • университет профессоры;
  • ғылыми қызметкер;
  • редакцияның, мәдениет мекемелерінің қызметкері.
  • б) Бітірушінің кәсіби қызмет саласы
  • білім (жоғары оқу орындарының оқытушысы);
  • ғылым (ғылыми-зерттеу мекемелерінің қызметкері);
  • білім беру саласындағы әкімшілік (жоғары оқу орындарының бөлімдері);
  • Бітірушінің кәсіби қызметінің объектілері
  • университеттер;
  • ғылыми-зерттеу институттары.
  • в) Бітірушінің кәсіби қызметінің түрлері
  • ғылыми-педагогикалық;
  • зерттеу;
  • тәрбиелік және педагогикалық;
  • ұйымдастырушылық-педагогикалық.
  • г) Бітірушінің кәсіби қызметінің функциялары
  • жоғары оқу орындарында, жалпы білім беретін мектептерде, гимназиялар мен лицейлерде, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында қазақ тілі мен әдебиетін оқыту;
  • білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және педагогикалық процесті ұйымдастыру бойынша жұмыстарды жүзеге асыру;
  • тіл білімі, әдебиеттану, фольклортану және мәтінтану салаларында зерттеулер жүргізу;

Бейіндік дайындық

  • Бағдарлама академиялық жазуды, ғылыми-зерттеу методологиясын және қолданбалы кәсіби дағдыларды интеграциялауға бағытталған. Магистранттар «Академиялық хат (ағылшын тілінде)», «Ғылыми зерттеу әдістері», «Әдеби/тілдік дискурс теориясы», «Жоғары оқу орнында қазақ тілін/әдебиетін оқытудың инновациялық технологиялары», «Әдебиеттегі постмодернизм», «Лингвотұлғатану» сияқты маңызды пәндерді меңгереді.
  • Ғылыми-педагогикалық практика докторанттардың кәсіби және ғылыми-зерттеу құзыреттіліктерін жетілдіруге, жоғары білім беру жүйесіндегі педагогикалық қызметтің теориялық және әдістемелік негіздерін терең меңгеруге, ғылыми зерттеу нәтижелерін оқу үдерісіне енгізуге, сондай-ақ жоғары оқу орындарында оқытушылық және ғылыми-зерттеушілік қызметті жүзеге асыруға қажетті кәсіби дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Сонымен қатар, практика докторанттың дербес ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, білім беру үдерісін заманауи әдістер негізінде жобалау және ғылыми-педагогикалық қызметте инновациялық тәсілдерді қолдану қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.

ББ өзгерістері жылдар бойынша

1
2025New feature

2025 жылы білім беру бағдарламасына жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері (профессор-оқытушылар құрамы) үшін кәсіби стандартта көзделген еңбек функциялары енгізілді. Бұдан бөлек, оқу пәндерінің қысқаша сипаттамалары жаңартылды.

Өзгерістер туралы құжат