Қазақ тілі мен әдебиеті
Бейіндік пәндер
Білім беру бағдарламасының мақсаты
Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту үшін жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау, Қазақ тілі мен әдебиеті саласында толыққанды білім, кәсіби құзыреттер алу үшін жағдайларды қамтамасыз ету.
Берілетін дәреже
7М01701-Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі
Аккредиттеу
Аккредиттеу сертификаты«ARQA» аккредиттеу және білім беру сапасын сараптау бойынша тәуелсіз агенттігінің аккредитеуінен өткен. 23.04.2024ж.-22.04.2029 ж.Құжат әлі қосылмаған.
Рейтингтердегі орны
0Рейтинг нәтижелері әлі қосылмаған.
Оқуды аяқтағаннан кейін
Мүмкін лауазымдар
- Жоғары және орта арнаулы білім беру ұйымдарының оқытушысы; аға оқытушы; ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер; білім беру ұйымдарындағы педагог-зерттеуші; ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарының зерттеушісі; әдеби редактор, бас редактор, корректор; білім беру кеңесшісі, сарапшы; оқу-әдістемелік кешендер мен цифрлық білім беру ресурстарын әзірлеуші маман; мәдени-ағартушылық және ғылыми-жобалау ұйымдарының басшысы/маманы.
Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері
- мінез-құлық дағдылары мен жеке қасиеттер (Softskills):
- ғылыми зерттеулер саласындағы өзекті міндеттерді қою және шешу үшін ғылым философиясының негізгі ұғымдары мен категорияларын талдайды. Ғылым тарихы мен философиясының дәстүрлі және заманауи мәселелері туралы алған білімдерін кәсіби бағыты бойынша ғылыми-зерттеу қызметі саласында қолданады.
- кәсіби және ғылыми ортада тиімді өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік беретін деңгейде шет тілін зерттейді. Тілдік тұлғаны одан әрі оқыту мен дамытуды дербестік пен өзін-өзі реттеудің үлкен дәрежесімен жүзеге асыруға мүмкіндік беретін дағдыларды меңгереді.
- жоғары мектепте тіл мен әдебиетті оқыту әдістерін, әдістемелерін, сандық және интернет-технологияларды қолданады, басқару психологиясын зерттеу барысында алынған білімдерін кәсіби қызметте пайдалану дағдыларын қалыптастырады.
- цифрлық құзыреттер (Digital skills):
- диссертациялық жұмыс шеңберінде ғылыми зерттеу жүргізу және ғылыми жарияланымдарды дайындау процесін жоспарлайды.
- жоғары рейтингті басылымдардың талаптарын ескере отырып, ғылыми мақалалар жазады, ғылыми мәтіндерді ағылшын тілінен аударады, олардың мағынасын түсіндіреді.
- филология және пәнаралық гуманитарлық зерттеулер саласындағы ғылыми зерттеулерді ұйымдастырады.
- кәсіби құзыреттер (Hardskills):
- тілдің даму заңдылықтарын, қалыптасу тарихы мен ерекшеліктерін және тілдің әлеуметтік, тарихи қызметін, тілдегі инноватикалық тұжырымдарды анықтайды. Лингвистикалық терминологияны лексикографиялаудың негізгі мәселелері мен түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасын тілдік талдау ерекшеліктерін меңгереді.
- қазіргі лингвистика мен әдебиеттанудың жалпы және арнайы әдістері туралы білімін тереңдетеді. Қазіргі филология ғылымының әдіснамасын қолдану дағдыларын қалыптастырады.
- қазіргі қазақ әдебиеті мен әдебиеттанудың даму тенденцияларын тереңінен меңгереді, қазіргі қазақ әдебиеті мен түрік әдебиетін салыстырады, ұқсастықтары мен ерекшеліктерін анықтайды.
Кәсіби қызмет салалары
- а) Бітіруші лауазымдардың тізімі
- университет профессоры;
- ғылыми қызметкер;
- редакцияның, мәдениет мекемелерінің қызметкері.
- б) Бітірушінің кәсіби қызмет саласы
- білім (орта, орта арнаулы және жоғары оқу орындарының оқытушысы);
- ғылым (ғылыми-зерттеу мекемелерінің қызметкері);
- білім беру саласындағы әкімшілік (орта, орта кәсіптік және жоғары оқу орындарының бөлімдері);
- Бітірушінің кәсіби қызметінің объектілері
- университеттер;
- колледждер;
- ғылыми-зерттеу институттары.
- в) Бітірушінің кәсіби қызметінің түрлері
- ғылыми-педагогикалық;
- зерттеу;
- тәрбиелік және педагогикалық;
- ұйымдастырушылық-педагогикалық.
- г) Бітірушінің кәсіби қызметінің функциялары
- жоғары оқу орындарында, жалпы білім беретін мектептерде, гимназиялар мен лицейлерде, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында қазақ тілі мен әдебиетін оқыту;
- білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және педагогикалық процесті ұйымдастыру бойынша жұмыстарды жүзеге асыру;
- тіл білімі, әдебиеттану, фольклортану және мәтінтану салаларында зерттеулер жүргізу;
Бейіндік дайындық
- Бағдарлама академиялық жазуды, ғылыми-зерттеу методологиясын және қолданбалы кәсіби дағдыларды интеграциялауға бағытталған. Магистранттар «ғылыми аударма негіздері», «гуманитарлық ғылымдар саласында ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау», «әдебиеттану/тіл ғылымының философиялық-әдіснамалық мәселелері», «әдебиеттанудағы/ лингвистикадағы шетелдік кәсіби терминология», «әдеби редакциялау», «әдебиеттанудағы/ лингвистикадағы инноватика» сияқты маңызды пәндерді меңгереді.
- Ғылыми-педагогикалық практика ЖОО және ҒЗИ базасында теориялық білімді тереңдетуге, зерттеу нәтижелерін өндіріске енгізуге және болашақ оқытушы-зерттеушінің құзыреттілігін дамытуға мүмкіндік береді.
ББ өзгерістері жылдар бойынша
1
2025Еңбек функциясы
2025 жылы білім беру бағдарламасына жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері (профессор-оқытушылар құрамы) үшін кәсіби стандартта көзделген еңбек функциялары енгізілді. Бұдан бөлек, оқу пәндерінің қысқаша сипаттамалары жаңартылды.
Өзгерістер туралы құжат
Buketov University