Білім беру бағдарламалары

Дене шынықтыру педагогтерін даярлау

Қолжетімді мамандықтар

1
Магистратура · 7M01403

Дене шынықтыру және спорт

Оқу мерзімі2 жыл Оқу нысаныҒылыми-педагогикалық маг (2 жыл) Конкурсқа қатысу үшін ең төменгі балл75 Оқу ақысы732 600 ₸

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Дене шынықтыру және спорт саласында тереңдетілген іргелі және қолданбалы білімге, кәсіби, педагогикалық, ғылыми-зерттеу және басқарушылық құзыреттерге ие, білім беру, дене шынықтыру және спорт ұйымдарында педагогикалық, ғылыми-әдістемелік, зерттеу және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметті тиімді жүзеге асыруға, сондай-ақ кәсіби тәжірибеге заманауи білім беру және спорттық-педагогикалық технологияларды әзірлеуге және енгізуге қабілетті жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.

Берілетін дәреже

7М01403 – «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы бойынша білім магистрі

Аккредиттеу

Аккредиттеу сертификаты«Білім беру сапасын қамтамасыздандыру жөніндегі тәуелсіз агенттік» коммерциялық емес мекемесі (20.12.2024–19.12.2029 жж.).

Рейтингтердегі орны

0

Рейтинг нәтижелері әлі қосылмаған.

Оқуды аяқтағаннан кейін

Мүмкін лауазымдар

  • Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі;
  • Дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы;
  • Дене тәрбиесі жөніндегі жетекші;
  • Дене шынықтыру нұсқаушысы;
  • Қосымша білім беру педагогі;
  • Спорт түрі бойынша жаттықтырушы;
  • Спорт бойынша жаттықтырушы-оқытушы;
  • Дене шынықтыру және спорт жөніндегі әдіскер;
  • Дене шынықтыру және спорт жөніндегі нұсқаушы-әдіскер;
  • Жоғары оқу орнының оқытушысы;
  • Дене шынықтыру және спорт саласындағы кіші ғылыми қызметкер;
  • Дене тәрбиесі мен спорттық даярлықты ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу жөніндегі маман;
  • Білім беру ұйымдарының әдіскері;
  • Спорт мектептері мен дене шынықтыру-спорт ұйымдарының әдіскері;
  • Дене шынықтыру-сауықтыру және бұқаралық спорт жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі маман;
  • Дене тәрбиесі, дене шынықтыру және спорттық даярлық мәселелері бойынша кеңесші.

Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері

  • Дене шынықтыру және спорт саласындағы заманауи ғылыми жетістіктерді, теориялық негіздер мен даму перспективаларын терең меңгергендігін және түсінетіндігін көрсетеді, кәсіби қызметінде озық ғылыми тәсілдерді қолданады.
  • Дене шынықтыру және спорт саласындағы күрделі педагогикалық, ғылыми-әдістемелік және ұйымдастырушылық-басқарушылық міндеттерді талдау, негіздеу және шешу үшін іргелі және қолданбалы білімді кәсіби деңгейде қолданады.
  • Әлеуметтік, этикалық және ғылыми аспектілерді ескере отырып, негізделген тұжырымдар қалыптастыру үшін ғылыми және кәсіби ақпаратты жинауды, жүйелеуді, талдауды және түсіндіруді жүзеге асырады, академиялық адалдық пен ғылыми этика қағидаттарын сақтайды.
  • Білім беру және жаттығу үдерістерін жобалау, ұйымдастыру және жетілдіру, инновациялық педагогикалық және спорттық технологияларды әзірлеу және енгізу үшін заманауи теориялық және практикалық білімді қолданады.
  • Оқытудың, білім берудің және оқу нәтижелерін бағалаудың заманауи әдістерін меңгерген, білім беру ұйымдары мен дене шынықтыру-спорт мекемелерінде педагогикалық қызметті ұйымдастыра алады.
  • Ғылыми зерттеулердің әдіснамасы мен әдістерін біледі, академиялық жазу, эксперименттік деректерді талдау және өңдеу дағдыларын меңгерген, ғылыми зерттеулерді өз бетінше жүргізуге және олардың нәтижелерін ғылыми жарияланымдарда ұсынуға қабілетті.
  • Дербес ғылыми-зерттеу және шығармашылық қызметке, кәсіби тұрғыдан өзін-өзі дамытуға, өздігінен білім алуға, өзін-өзі ұйымдастыруға және өзін-өзі бақылауға, сондай-ақ кәсіби құзыреттерін үздіксіз жетілдіруге қабілетті.
  • Дене шынықтыру және спорт саласындағы кәсіби, педагогикалық, ғылыми-зерттеу және басқарушылық міндеттерді шешу үшін заманауи ақпараттық-коммуникациялық және цифрлық технологияларды, мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді тиімді пайдаланады.
  • Шұғылданушылардың жеке ерекшеліктері мен дене дайындығы деңгейін ескере отырып, дене тәрбиесі, спорттық даярлық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметі бойынша ғылыми негізделген бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қабілетті.
  • Білім беру және жаттығу үдерістерін ғылыми-әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асыруға, дене дайындығына мониторинг жүргізуге және оны бағалауға, қолданылатын педагогикалық және спорттық технологиялардың тиімділігін талдауға қабілетті.
  • Дене шынықтыру және спорт саласында кәсіби өзара іс-қимылға, пәнаралық ынтымақтастыққа, командалық жұмысқа және негізделген ұйымдастырушылық-басқарушылық шешімдер қабылдауға дайын екендігін көрсетеді.
  • Дене шынықтыру және спорт дамуының заманауи үрдістерін сыни тұрғыдан бағалауға, кәсіби қызмет нәтижелерін болжауға және перспективалы ғылыми әзірлемелерді білім беру мен спорт тәжірибесіне енгізуге қабілетті.

Кәсіби қызмет салалары

  • Білім беру
  • Дене тәрбиесі
  • Спорт (бұқаралық спорт түрлері, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері, паралимпиадалық спорт)

Бейіндік дайындық

  • Осы білім беру бағдарламасының түлектері білім беру ұйымдарында, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт саласында тиімді педагогикалық, ғылыми-зерттеу, ғылыми-әдістемелік және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметті жүзеге асыруды қамтамасыз ететін әмбебап, жалпы кәсіби және кәсіби құзыреттерге ие. Олар кәсіби қызметте заманауи ғылыми жетістіктер мен инновациялық технологияларды қолдануға, сабақтас білім салаларында бағдар табуға, дербес зерттеу қызметін жүзеге асыруға, дене тәрбиесі мен спорттық даярлықтың ғылыми негізделген әдістемелерін әзірлеуге және енгізуге қабілетті. Түлектер үздіксіз кәсіби дамуға, өздігінен білім алуға, әлеуметтік және кәсіби ұтқырлыққа, сондай-ақ серпінді дамып келе жатқан білім беру және спорттық орта жағдайында күрделі кәсіби міндеттерді шешуге дайын.
  • Негізгі білім беру бағдарламасы шеңберінде магистранттар кәсіби, педагогикалық, ғылыми-зерттеу және басқарушылық құзыреттерді дамытуға бағытталған тереңдетілген бейіндік даярлықтан өтеді. Қосымша «Жаттықтырушының кәсіби қызметінің әдістемелік негіздері» (MINOR) бағыты бойынша құзыреттерді меңгеру мүмкіндігі қарастырылуы мүмкін.

ББ өзгерістері жылдар бойынша

0

Бағдарлама өзгерістері әлі қосылмаған.