Бакалавриат
· 6B01503
Физика
Оқу мерзімі4 жыл
Оқу нысаныкүндізгі
Шекті балл77
Грант балы104
Оқу ақысы869 200 ₸
Бейіндік пәндер
Физика
Математика
Білім беру бағдарламасының мақсаты
Физика саласында пәндік білімі, жоғары әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігі, дамыған негізгі құзыреттері, талдамалық, зерттеу және кәсіпкерлік дағдылары бар жоғары білікті педагогты даярлау.
Берілетін дәреже
"6В01503-Физика" білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры
Аккредиттеу
Аккредиттеу сертификатыАгентство НАОКО, Сертификат SA-А №0242/2Құжат әлі қосылмаған.
Рейтингтердегі орны
2

IAAR
«B010 Физика мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламалар тобы бойынша
2022 жыл2 орынРастау құжаты
Оқуды аяқтағаннан кейін
Мүмкін лауазымдар
- Педагог, орта мектеп мұғалімі, колледж оқытушысы, педагог-психолог, білім беру департаментінің маманы, ғылыми-зерттеу институтының (ҒЗИ) қызметкері, әдіскер, білім беру саласының маманы, білім беру бағдарламаларының жетекшісі (біліктілік талаптарына сәйкес болған жағдайда).
Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері
- Мінез-құлық дағдылары және жеке тұлғалық қасиеттер:(Soft skills)
- Қоғамды тұтас жүйе ретінде және адам туралы білімдерін, Қазақстан құқығының негізгі салаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Қазақстандағы мемлекеттік органдар жүйесін, сондай-ақ әртүрлі қаржылық құралдарды пайдалану дағдыларын қолданады. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру туралы, сондай-ақ адамға және табиғи ортаға зиянды және қауіпті факторлардың әсері туралы түсінігі бар.
- Мәдениетаралық-коммуникативтік құзыреттілікке ие, педагогикалық және қоғамдық қызметте кәсіби қарым-қатынас орнату дағдыларын меңгереді, білім беруде теңдік пен қолжетімділік қағидаларын сақтай отырып, қолайлы және инклюзивті орта қалыптастыруға ықпал етеді, көшбасшылық қасиеттерге ие және оларды ұжымдық әлеуетті дамыту үшін қолдана алады, оқу-тәрбие үдерісіне қазақ мәдениеті мен тілінің байлығын, сондай-ақ Қазақстан халқының басқа да мәдениеттері мен тілдерін кіріктіреді.
- Әлеуметтік, этикалық және ғылыми аспектілерді ескере отырып, пайымдаулар қалыптастыру үшін ақпаратты жинау және талдау жұмыстарын жүргізеді, ғылыми зерттеу әдістері мен академиялық жазу дағдыларын біледі және оларды зерттелетін салада қолданады, академиялық адалдық қағидалары мен мәдениетінің маңызын түсінеді.
- Физика және оны оқыту әдістемесі саласында өз бетінше білім алуды жалғастыруға қажетті оқу дағдыларын меңгереді., оқу-тәжірибелік және кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімдерін қолданады.
- Цифрлық құзыреттіліктер: (Digital skills):
- Өмірдің барлық салаларында және кәсіби қызметінде АКТ құралдарын қолданады, ақпараттық сауаттылығын дамытып, жетілдіреді.
- Физикалық есептерді шешу, физикалық эксперимент нәтижелерін өңдеу, физикалық нысандар мен құбылыстарды модельдеу және бағдарламалау үшін заманауи есептеу техникасын және машиналық оқыту алгоритмдерін қолданады.
- Физика бойынша әртүрлі білім беру ресурстарын, цифрлық құралдар мен сервистерді, ақпараттық-өлшеу техникасын, виртуалды және цифрлық зертханаларды, физикалық симуляторлар мен модельдерді біледі және қолданады, білім беру үдерісі барысында, соның ішінде цифрлық ортада да, білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді.
- Кәсіби құзыреттіліктер: (Hard skills)
- Физиканы оқыту әдістемесі саласындағы озық білімдерге негізделген физика саласындағы білім мен түсінігін көрсетеді және оларды кәсіби деңгейде қолданады.
- Физиканың зерттелетін бөлімдерінің ерекшеліктерін ескере отырып, физикалық эксперименттерді жоспарлап және орындайды, педагогикалық және физикалық эксперименттерді, ғылыми зерттеулерді және білім алушылардың жобалық қызметін жүргізу алгоритмдерін әзірлейді.
- Әртүрлі күрделілік деңгейіндегі есептерді шешу үшін жалпы және теориялық физиканың іргелі ғылыми ұғымдарын, математикалық аппаратын, принциптері мен заңдарын қолданады, физикалық эксперимент нәтижелерін түсіндіреді және дәлелдейді.
- Білім алушылардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, заманауи білім беру технологияларын, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен құралдарын, пәнаралық интеграция қағидаттарын жоспарлайды, әзірлейді және қолданады.
- Оқу үдерісін басқару және мониторинг жүргізу қағидаттарын түсіне отырып, тұтас педагогикалық үдерісті жоспарлайды және ұйымдастырады, пәнаралық байланыстарды, бағалау технологиялары мен стратегияларын қолданады, білім алушылардың жеке қабілеттері мен қажеттіліктерін ескереді.
Кәсіби қызмет салалары
- 6В01503 – Физика білім беру бағдарламасы бойынша бакалавр өзінің кәсіби қызметін білім беру саласында жүзеге асырады.
- Қайда жұмыс істей алады: мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржыландырудың білім беру мекемелері, мектептер, лицейлер, гимназиялар, колледждар, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары.
- Кәсіби қызмет түрлері
- оқу (педагогикалық, тәрбиелік); ғылыми зерттеулер; құқық қорғау; ұйымдастырушылық және басқарушылық; мәдени-ағарту.
- Кәсіби қызметінің функциялары
- – Оқыту;
- – Тәрбиелеу;
- – Оқу процесін жүзеге асыру;
- – Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау;
- – Оқу-әдістемелік қызметті жүзеге асыру;
- – Ғылыми-әдістемелік қызметті жүзеге асыру
Бейіндік дайындық
- 6В01503 «Физика» білім беру бағдарламасы физика саласында терең пәндік білімі, кәсіби педагогикалық құзыреттіліктері, зерттеушілік дағдылары қалыптасқан және орта білім беру ұйымдарында білім беру қызметін жүзеге асыруға дайын жоғары білікті педагог кадрларды даярлауға бағытталған.
- Оқу барысында студент физиканың іргелі заңдары мен қағидаларын теориялық және практикалық есептерді шешуде қолдануды, физикалық эксперименттер жүргізуді және олардың нәтижелерін талдауды, білім беру үдерісінде заманауи цифрлық технологиялар мен жабдықтарды пайдалануды, оқу жобаларын әзірлеу мен жүзеге асыруды, білім алушылардың зерттеу қызметін ұйымдастыруды, сондай-ақ физиканы оқытудың инновациялық әдістері мен технологияларын қолдануды меңгереді.
- Студенттер «Механика», «Молекулалық физика», «Электр және магнетизм», «Оптика», «Атом және атом ядросының физикасы», «Теориялық физика негіздері», «Астрономия», «Мектеп экспериментінің техникасы», «Физиканы оқыту үдерісіндегі цифрлық зертхана», «Физиканы оқыту әдістемесі», «Мектептегі STEM-білім берудің физикалық негіздері», «Физикалық есептерді шығарудың әдістемелік негіздері», «Физикалық есептерді шығару практикумы», «Физика бойынша жобалық жұмыстарды ұйымдастыру», «Радиофизика және электроника негіздері», «Физикалық үдерістерді 3D модельдеу және компьютерлік графика», «Python тілінде алгоритмдеу және бағдарламалау», «Нанотехнологиялар және наноматериалдар негіздері», «Заттар интернетінің (IoT) және Arduino негіздері», «Білім беру робототехникасы» сияқты бейіндік пәндерді оқиды.
- Білім беру бағдарламасында педагогикалық құзыреттіліктерді қалыптастыруға, оқу үдерісін ұйымдастыру дағдыларын дамытуға, физика мұғалімінің жұмысында жасанды интеллектіні қолдануға, цифрлық зертханаларды, STEM-технологияларды және білім беру робототехникасын пайдалануға ерекше назар аударылады. Даярлықтың маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын оқу және педагогикалық практикалар студенттерге алған теориялық білімдерін бекітуге және кәсіби қызмет тәжірибесін жинақтауға мүмкіндік береді.
- Білім беру бағдарламасының түлектері білім бакалавры дәрежесін алады және орта білім беру ұйымдарында физика мұғалімі, білім беру мекемелерінде оқытушы, қосымша білім беру саласының маманы болып жұмыс істей алады, сондай-ақ физикалық білім беру саласындағы ғылыми-зерттеу және жобалық қызметті ұйымдастырумен айналыса алады.
ББ өзгерістері жылдар бойынша
1
2025Еңбек функциясы
ББ еңбек функциясы қосылд
Өзгерістер туралы құжат
Buketov University