Магистратура
· 7M05302
Физика
Оқу мерзімі2 жыл
Оқу нысаныҒылыми-педагогикалық маг (2 жыл)
Конкурсқа қатысу үшін ең төменгі балл75
Оқу ақысы732 600 ₸
Бейіндік пәндер
Білім беру бағдарламасының мақсаты
Еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, теориялық және тәжірибелік дайындығының жоғары деңгейі бар және физиканың түрлі салаларында ғылыми зерттеулер жүргізуге дайын физик маманын қалыптастыру.
Берілетін дәреже
магистр дәрежесі / 7M05302-«Физика» білім беру бағдарламасы бойынша.
Аккредиттеу
Аккредиттеу сертификатыСертификат SA-А № 0242/3 БСҚБТ агенттігі берілген күні 2022 жылғы 28 мамыр, қолданылу мерзімі 2027 жылғы 27 мамыр.Құжат әлі қосылмаған.
Рейтингтердегі орны
0Рейтинг нәтижелері әлі қосылмаған.
Оқуды аяқтағаннан кейін
Мүмкін лауазымдар
- Бітіруші мынадай лауазымдарды атқара алады: ғылыми қызметкер, оқытушы-ассистент, куратор, ұйым басшысы, құрылымдық бөлімше басшысы, құрылымдық бөлімше басшысының орынбасары.
Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері
- 1.Мінез-құлық дағдылары және жеке қасиеттер (Softskills)
- Өзінің ғылыми идеялары мен гипотезаларын тұжырымдайды және дәлелдейді, зерттеудің оңтайлы әдіснамасын таңдайды, олардың ғылыми және коммерциялық құндылығын түсінеді.
- Әлеуметтік-психологиялық білімді, қазіргі заманғы философиямен ғылыми кәсіби қызметте қолданады, көшбасшылық қасиеттерін көрсетеді, қолайлы психологиялық климат жасайды.
- 2.Сандық құзыреттіліктер(Digital skills)
- Тұлғааралық, іскерлік және кәсіби деңгейлерде қарым-қатынас жасайды, ауызша және жазбаша түрде өз ғылыми бастамаларын баяндайды және дәлелдейді, ғылыми әдебиетті, соның ішінде шетел тіліндегі әдебиетті пайдаланады.
- Зияткерлік меншік құқықтарын сақтай отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін талдайды, деректер базасымен, ғылыми басылымдармен жұмыс істеу принциптерін біле отырып, қазіргі заманғы ақпарат құралдарын, жасанды интелектіні пайдалана отырып, ақпараттық-талдамалық және патенттік тексеруді жүзеге асырады.
- Кәсіби құзыреттіліктер (Hardskills)
- Ақпараттық қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, ғылыми және қолданбалы есептерді шешу үшін деректерді талдаудың, модельдеудің және визуализациялаудың математикалық және компьютерлік әдістерін таңдайды.
- Физиканың негізгі салаларынан құбылыстарды, негізгі ұғымдарды, негізгі заңдарды және олардың эксперименттік және теориялық негізін анықтайды және сипаттайды.
- Зерттеу нәтижелерін коммерциялық пайдалану бойынша жұмысты ұйымдастыру және коммерциялық әлеуетті бағалауды жүргізу үшін біліммен дағдыларды синтездейді.
- Жаһандану және интернационалдандыру жағдайында отандық ғылымның дамуының заманауи тенденцияларын, бағыттарын және заңдылықтарын біле отырып, физика саласындағы инновациялық қызметті басқарудың тәсілдері мен әдістерін сипаттайды.
- Наноқұрылымдар мен наноматериалдардың оптикалық зерттеулерінің нәтижелерін олардың физикалық қасиеттеріне қарай микроскопиялық зерттеу әдістерін талдай отырып, олардың электронды және аймақтық құрылымына сәйкес бағалайды, түсіндіреді.
- Электрондық құрылғылардың, оптоэлектрондық аспаптармен лазерлердің жұмыс принциптері мен сипаттамаларын талдай отырып, эксперимент техникасын әзірлейді.
- Зерттеу қызметінде және өндірістік міндеттерді орындау кезінде физика-химиялық талдаудың қазіргі заманғы әдістерімен құралдарын қолданады.
- Нанотехнология және конденсирленген күй физикасы саласындағы әртүрлі ғылыми-техникалық мәселелерді шешу үшін зерттеудің оңтайлы әдістерін таңдайды, металдармен қорытпалардағы сканерлеуші зондтық микроскопия әдістерін; металдармен қорытпалардағы сутегінің қасиеттерін талдау әдістерін, беттің құрылымдық талдау әдістерін, конденсирленген орталардағы радиациялық ақауларды көрсетеді.
Кәсіби қызмет салалары
- Магистр по образовательной программе осуществляет свою профессиональную деятельность в сфере науки и техники. Объектами профессиональной деятельности магистров являются: научно-исследовательские институты, научные центры, научно-исследовательские лаборатории, конструкторские и проектные бюро, фирмы и компании, высшие учебные заведения, государственные учреждения образования и организации образования, негосударственные организации образования, министерства, органы государственного управления соответствующего профиля, организации системы высшего и среднего специального образования.
- Виды профессиональной деятельности выпускника:
- экспериментально-исследовательская, образовательная (педагогическая), организационно-управленческая, обучающая, воспитывающая, методическая, социально-коммуникативная.
- Функции профессиональной деятельности выпускника:
- исследовательская;
- обучающая;
- формулирование задачи и плана научного исследования в области физики на основе проведения библиографической работы с применением современных информационных технологий;
- осуществление наладки, настройки и опытной проверки физических приборов, систем и комплексов;
- проектирование и конструирование различных типов систем, блоков и узлов обоснований;
- воспитывающая;
- методическая;
- социально-коммуникативная.
Бейіндік дайындық
- 7М05302 «Физика» білім беру бағдарламасы физика саласында терең теориялық білімге, кәсіби ғылыми-зерттеушілік және эксперименттік құзыреттіліктерге ие, заманауи физиканың, нанотехнологиялардың, материалтанудың, оптоэлектрониканың және энергетиканың өзекті мәселелерін шешуге қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған. Бағдарлама физикалық құбылыстар мен үдерістерді зерттеудің заманауи әдістерін меңгерген, ғылыми-зерттеу, эксперименттік, инновациялық және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметті жүзеге асыра алатын, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті жаратылыстану ғылымдарының магистрлерін даярлауды көздейді.
- Оқу барысында магистранттар физиканың іргелі заңдары мен заманауи теорияларын ғылыми және қолданбалы міндеттерді шешуде қолдануды, физикалық үдерістерді математикалық және компьютерлік модельдеуді, эксперименттік зерттеулерді жоспарлау мен жүргізуді, алынған нәтижелерді талдау және түсіндіруді меңгереді. Сонымен қатар наноқұрылымдар мен наноматериалдардың физикалық қасиеттерін зерттеуді, спектроскопиялық және микроскопиялық талдау әдістерін қолдануды, материалдардың электрондық және оптикалық сипаттамаларын бағалауды, электрондық және оптоэлектрондық құрылғылардың жұмыс принциптерін талдауды, физика-химиялық зерттеулер жүргізуді, ғылыми жобаларды басқаруды және зерттеу нәтижелерін коммерцияландыру жолдарын үйренеді.
- Магистранттар «Конденсирленген молекулалық жүйелердегі электрондық процестер», «Зарядталған бөлшектердің энергиясы және массасын талдаудың заманауи әдістері», «Қазіргі кездегі физиканың өзекті мәселелері», «Теориялық физиканың арнайы тараулары», «Баламалы энергия көздерінің физикалық негіздері», «Энергияны түрлендірудің қазіргі технологиялары», «Материалдарды зерттеу және талдаудың спектралды әдістері», «Оптикалық спектроскопияның техникасы», «Наноқұрылымдарды алу және зерттеу әдістері», «Фотондық технологиялар мен материалдар», «Кванттық химияның есептеу әдістері», «Компьютерлік химия», «Физиканы оқытудағы инновациялық технологиялар мен жасанды интеллект», «Білім алушылардың ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру», «ЖОО-да физикалық экспериментті ұйымдастыру және өткізу әдістемесі», «Ғылыми жобаларды басқару» және «Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру» сияқты бейіндік және таңдау пәндерін оқиды.
- Білім беру бағдарламасында наноқұрылымдар мен наноматериалдарды алу және зерттеудің заманауи әдістерін, оптикалық спектроскопияны, фотондық технологияларды, конденсирленген күй физикасын, электрондық үдерістерді және энергияны түрлендіру технологияларын меңгеруге ерекше назар аударылады. Сонымен қатар материалдардың құрылымы мен қасиеттерін спектрлік және микроскопиялық әдістермен талдау, физикалық және химиялық үдерістерді компьютерлік модельдеу, эксперименттік деректерді өңдеу, ғылыми зерттеулер жүргізу және инновациялық жобаларды жүзеге асыру дағдыларын дамытуға басымдық беріледі. Даярлықтың маңызды құрамдас бөліктері болып табылатын педагогикалық практика, ғылыми-зерттеу жұмысы, ғылыми тағылымдама және магистрлік диссертацияны орындау магистранттарға теориялық білімдерін тәжірибеде қолдануға, заманауи ғылыми-зерттеу жабдықтарымен жұмыс істеуге және дербес ғылыми зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Бағдарлама түлектері ғылыми-зерттеу институттарында, ғылыми орталықтар мен зертханаларда, жобалау ұйымдарында, өндірістік кәсіпорындарда және жоғары оқу орындарында кәсіби қызмет атқара алады.
ББ өзгерістері жылдар бойынша
0
Бағдарлама өзгерістері әлі қосылмаған.
Buketov University