Білім беру бағдарламалары

Физика педагогтерін даярлау (қазақ, орыс, ағылшын тілі)

Қолжетімді мамандықтар

1
Магистратура · 7M01501

Физика

Оқу мерзімі2 жыл Оқу нысаныҒылыми-педагогикалық маг (2 жыл) Конкурсқа қатысу үшін ең төменгі балл75 Оқу ақысы732 600 ₸

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Заманауи жаратылыстану-ғылыми білім беруді ұйымдастырудың базалық негіздерін меңгерген, әрекеттік типтегі білім беру ортасын құру және зияткерлік білім беру технологияларының қолдану дағдыларына ие, ғылыми-зерттеу және инновациялық кәсіби қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ өзін-өзі білімдендіруге және өзін-өзі дамытуға қабілетті физика оқытушыларын даярлау.

Берілетін дәреже

7M01501-«Физика» білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі

Аккредиттеу

Аккредиттеу сертификатыСертификат SA-А № 0242/3 БСҚБТ агенттігі берілген күні 2022 жылғы 28 мамыр, қолданылу мерзімі 2027 жылғы 27 мамыр.

Рейтингтердегі орны

0

Рейтинг нәтижелері әлі қосылмаған.

Оқуды аяқтағаннан кейін

Мүмкін лауазымдар

  • білім саласындағы оқытушы, ассистент, ЖЖОКБҰ;
  • техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының оқытушысы;
  • орта мектептің мұғалімі.

Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері

  • 1.Мінез-құлық дағдылары және жеке қасиеттер (Softskills)
  • Өзінің ғылыми идеялары мен гипотезаларын тұжырымдайды және дәлелдейді, зерттеудің оңтайлы әдіснамасын таңдайды, олардың ғылыми және коммерциялық құндылығын түсінеді.
  • Кәсіби қызметте әлеуметтік-психологиялық білімді, заманауи философия мен ғылым білімдерін қолданады, көшбасшылық қасиеттерін танытады, қолайлы психологиялық ахуал жасайды.
  • Тұлғааралық, іскерлік және кәсіби деңгейлерде қарым-қатынас жасайды, ауызша және жазбаша түрде өз ғылыми бастамаларын баяндайды және дәлелдейді, ғылыми әдебиетті, соның ішінде шетел тіліндегі әдебиетті пайдаланады.
  • 2.Сандық құзыреттіліктер(Digital skills)
  • Түрлі әлеуметтік және ғылыми оқиғалардың дамуының болжамдарын құруда және дұрыс шешімдер қабылдауда зияткерлік технологияларды қолданады.
  • Ақпараттық қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, білім беру, ғылыми және қолданбалы есептерді шешу үшін деректерді талдаудың, модельдеудің және визуализациялаудың математикалық және компьютерлік әдістерін қолданады.
  • Цифрлық оқу контентін, оқу-әдістемелік және бақылау-тексеру материалдарын, білім берудің интернет-ресурстарын, оның ішінде өзінің ғылыми зерттеулерін негізінде әзірлейді, пәнаралық байланыстар мен зерттеу нәтижелерін ескере отырып оқытуды жоспарлайды.
  • Кәсіби құзыреттіліктер (Hardskills)
  • Пәндік және психологиялық-педагогикалық мәселелерді қояды және шешеді, өз бетінше және топ мүшесі ретінде білім беру процесін зерттеу нәтижелерін өңдейді, сынақтан өткізеді және енгізеді, озық тәжірибені тарату және алынған нәтижелерді коммерцияландыру мақсатында барлық мүдделі тұлғалармен оқу процесінде ынтымақтастық орнатады.
  • Физикалық есепті шешудің тиімді әдістерін ұсынады, нәтижелерді түсіндіреді, олардың негізінде ұсыныстар әзірлейді, математикалық әдістер мен жасанды интеллектті кәсіби мәселелерді зерттеуге қолданады.
  • Жайлы және белсенді білім беру ортасын құрады, білім алушылар мен оқытушылардың ғылыми зерттеулерін ұйымдастырады, қазіргі заманғы білім беру, ғылыми және инновациялық технологияларды, жасанды интеллект, STEM технологияларын, бағалаудың тиімді әдістерін қолданады.
  • Қазіргі физикалық тұжырымдамаларды түсінеді және түсіндіреді, физикалық есептерді шешуде аналитикалық және сандық әдістерді қолданады, әртүрлі физикалық модельдердің қолданылуын әзірлейді және негіздейді.
  • Аналогты және сандық техникалық өлшеу құралдарын, әртүрлі физикалық шамаларды өлшеу құралдары мен әдістерін қолданады.
  • Физика және басқа жаратылыстану ғылымдары, инжиниринг және заманауи технологиялар саласындағы білімге сүйене отырып, шешімдерді табады және қолданады. Қоғам өміріндегі ғылыммен білімнің рөлін салыстырады және болжайды.

Кәсіби қызмет салалары

  • Мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржыландырудағы білім беру ұйымдары; жоғары оқу орындары.
  • Түлектің кәсіби қызмет түрлері:
  • білім беру (педагогикалық); ғылыми-зерттеу; ғылыми-әдістемелік.
  • Түлектің кәсіби қызметінің функциялары:
  • оқыту; тәрбиелеу; зерттеушілік; әдістемелік; әлеуметтік-коммуникативтік.

Бейіндік дайындық

  • 7М01501 «Физика» білім беру бағдарламасы физика саласында терең теориялық білімге, кәсіби педагогикалық және ғылыми-зерттеушілік құзыреттіліктерге ие, заманауи білім беру технологияларын тиімді қолдана алатын, ғылыми-зерттеу, ғылыми-әдістемелік және инновациялық қызметті жүзеге асыруға қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған. Бағдарлама физиканы оқытудың инновациялық әдістерін, цифрлық және зияткерлік технологияларды, STEM тәсілдерін меңгерген, ғылыми зерттеулерді ұйымдастыруға және білім беру үдерісін жетілдіруге қабілетті педагогика ғылымдарының магистрлерін даярлауды көздейді.
  • Оқу барысында магистранттар физиканың іргелі заңдары мен заманауи теорияларын ғылыми және педагогикалық міндеттерді шешуде қолдануды, физикалық құбылыстар мен үдерістерді математикалық және компьютерлік модельдеуді, эксперименттік зерттеулерді жоспарлау мен жүргізуді, алынған нәтижелерді талдау және түсіндіруді меңгереді. Сонымен қатар білім беру үдерісінде жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды қолдануды, интерактивті оқу материалдарын әзірлеуді, STEM және CLIL технологиялары негізінде сабақтарды ұйымдастыруды, білім алушылардың ғылыми-зерттеу қызметіне жетекшілік етуді, ғылыми жобаларды басқаруды және зерттеу нәтижелерін ғылыми ортада ұсынуды үйренеді.
  • Магистранттарға «Жоғары мектептің педагогикасы», «Басқару психологиясы», «ЖОО-да физикалық экспериментті ұйымдастыру және өткізу әдістемесі», «Білім алушылардың ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру», «Физиканы оқытудағы инновациялық технологиялар мен жасанды интеллект», «Жаратылыстану-ғылыми пәндерін оқытудағы қазіргі педагогикалық технологиялар», «Физикадағы практикалық-бағытталған есептер», «Теориялық физиканың арнайы тараулары», «Қазіргі кездегі физиканың өзекті мәселелері», «Теориялық физикадағы компьютерлік әдістер», «STEM технологиялары бойынша практикум», «Интеллектуалды технологиялар практикумы», «Баламалы энергия көздерінің физикалық негіздері», «Энергияны түрлендірудің қазіргі технологиялары», «Нанотехнология саласындағы зерттеулер», «Техникалық өлшеудің әдістері мен құралдары», «CLIL-технологияларын физиканы оқытуға енгізу», «Ғылыми жобаларды басқару» және «Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру» сияқты бейіндік және таңдау пәндері ұсынылады.
  • Білім беру бағдарламасында физиканы оқытудың заманауи педагогикалық әдістерін, жасанды интеллект пен цифрлық білім беру ресурстарын, STEM технологияларын, ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және компьютерлік модельдеу әдістерін меңгеруге ерекше назар аударылады. Даярлықтың маңызды құрамдас бөліктері болып табылатын педагогикалық практика, ғылыми-зерттеу жұмысы, ғылыми тағылымдама және магистрлік диссертацияны орындау магистранттарға теориялық білімдерін тәжірибеде қолдануға, ғылыми-педагогикалық қызмет дағдыларын жетілдіруге және дербес ғылыми зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Бағдарлама түлектері жоғары оқу орындарында, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында педагогикалық, ғылыми-зерттеу және ғылыми-әдістемелік қызметті жүзеге асыра алады.

ББ өзгерістері жылдар бойынша

0

Бағдарлама өзгерістері әлі қосылмаған.