Білім беру бағдарламалары

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Қолжетімді мамандықтар

1
Магистратура · 7M01201

Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу

Оқу мерзімі2 жыл Оқу нысаныҒылыми-педагогикалық маг (2 жыл) Конкурсқа қатысу үшін ең төменгі баллНақтыланады Оқу ақысы732 600 ₸

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Мектепке дейінгі білім беру, зерттеу әдіснамасы саласында теориялық және қолданбалы сипаттағы білімі бар, әлеуметтік және азаматтық жауапкершілікке ие жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.

Берілетін дәреже

«7М01201 - Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі

Аккредиттеу

Аккредиттеу сертификатыТАжРА агенттігі 30.03.2024 ж. берілген сертификат № SA-А №0300/1 29.03.2029 жылға дейін жарамды.

Рейтингтердегі орны

0

Рейтинг нәтижелері әлі қосылмаған.

Оқуды аяқтағаннан кейін

Мүмкін лауазымдар

  • Мектепке дейінгі ұйымдар – әдіскер, меңгеруші; педагогикалық колледждер, жоғары оқу орындары - оқытушы; ғылыми-зерттеу институттары – кіші ғылыми қызметкер; білім беру саласындағы уәкілетті және жергілікті атқарушы органдар – орынбасарының бұйрығымен бекітілген кәсіптік стандарттарға сәйкес мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу бөлімінің әдіскері.

Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері

  • Мінез-құлық дағдылары және жеке қасиеттер (Softskills):
  • эвристикалық әлеуетті анықтау үшін зерттеу қызметінің өнімдері орналастырылған қажетті шеңбер ретінде білімді пайдаланады.
  • кәсіби қарым-қатынас саласында, оның ішінде шет тілінде, сөйлеу этикетінің нормаларын меңгеріп, оларды орынды қолданады.
  • сөйлеу және тілдік құзыреттілікті игерген: диалогтық технологияларды, көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын, оның ішінде шет тілінде қолдана алады.
  • Сандық құзыреттер (Digital skills) skills):
  • педагогикалық міндеттерді шешу үшін озық инновациялық технологияларды кәсіби деңгейде қолданады, оқу процесінде қолдану үшін инновациялық жобаларды жасай алады.
  • ғылыми зерттеу, педагогикалық және тәрбие жұмыстарын жүргізуде, ғылыми мақалаларды, тезистерді, конференцияларда, симпозиумдарда, дөңгелек үстелдерде, дискуссияларда және пікірталастарда сөз сөйлеуде әдіснамалық және әдістемелік білімді қолданады.
  • ғылыми-зерттеу жұмысының моделін оның өзектілігі, ғылыми жаңалығы және практикалық маңыздылығы талаптарына сәйкес әзірлейді.
  • психологиялық-педагогикалық пәндер циклы бойынша білімді кәсіби деңгейде қолданады.
  • Кәсіби құзыреттер (Hardskills):
  • қызығушылық тудыратын қасиеттер мен негізгі ұғымдарды концептуалдау әдістерін бағалайды, постулаттар, аксиом және формализмдерді анықтайды, гипотезаларды ұсынады және тексереді, өлшеу моделін әзірлейді және алынған нәтижелерді ғылыми түсіндіру ережелерін анықтайды.
  • девиантты мінез-құлықпен жұмыс істеу кезінде педагогикалық әдістер мен технологияларды енгізуді қоса алғанда, әртүрлі кәсіби жағдайларда кәсіби білімі мен практикалық дағдыларын қолданады.
  • психологиялық-педагогикалық және ғылыми ой-өрісін кеңейтуге, психологиялық-педагогикалық пәндерді оқытуда нәтижені жеткізуге қабілетті.

Кәсіби қызмет салалары

  • а) Түлектің кәсіптік қызмет саласы мен объектілері:
  • білім беру саласындағы кәсіби қызмет;
  • жоғары оқу орындары;
  • педагогикалық колледждер:
  • -жалпы білім беретін мектептер, шағын орталықтар және мектепке дейінгі ұйымдар;
  • қосымша білім беру жүйесі (ЖОО-да және педагогикалық колледждерде оқытушы; педагогикалық ғылыми мекемелердің қызметкері).
  • б) Түлектің кәсіби қызмет түрлері:
  • зерттеу (ғылыми жобаларды ұйымдастыру, модельдеу және жүзеге асыру, ғылыми-әдістемелік білім беру және кеңес беру, оқу міндеттерін шешуде шығармашылық ізденіс, педагогикалық тәжірибені зерделеу, рефлексия);
  • тәрбиелік (оқыту; оқу-тәрбие процесін жүзеге асыру, дамыту бағдарламаларын әзірлеу, балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығын бақылау);
  • ұйымдастырушылық-басқару (субъектілер арасындағы өзара әрекеттестік, білім берудегі көшбасшылық, жобалық қызмет, тәлімгерлік, мектепке дейінгі білім беру ұйымын басқару);
  • мәдени-ағарту (мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту мәселелері бойынша ата-аналарға көмек көрсету, мұғалімдерге оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу көмегін көрсету).
  • білім беру (білім беру процесін жүзеге асыру, дамыту бағдарламаларын әзірлеу, балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығын бақылау);
  • в) Түлектің кәсіби қызметінің функциялары:
  • оқу процесін жүзеге асыру (оқу процесін жоспарлау және ұйымдастыру);
  • тәрбиеленушілердің даму деңгейін бақылау (мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын игеру деңгейін бақылау);
  • әдістемелік қызметті жүзеге асыру (оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу; біліктілікті арттыру және қайта даярлау, озық педагогикалық тәжірибені жалпылау);
  • ұйымдастыру-басқару қызметін жүзеге асыру.

Бейіндік дайындық

  • Білім беру бағдарламасы мектепке дейінгі білім беру саласындағы ғылыми-зерттеу, оқыту және академиялық жұмыс үшін жоғары білікті кадрларды даярлауға бағытталған. Оқу барысында магистранттар мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеудегі теориялық және қолданбалы мәселелерді сыни және тұжырымдамалық талдауды жүргізуді, мектепке дейінгі балалардың ақыл-ой, когнитивтік және әлеуметтік дамуындағы заңдылықтарды анықтауды, мектепке дейінгі ұйымдардағы білім беру процесін жетілдіру бойынша ғылыми негізделген және эмпирикалық түрде тексерілген гипотезалар мен ұсыныстарды әзірлеуді үйренеді. Олар зерттеу әдістерін, мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін, инновациялық білім беру технологияларын жобалау принциптерін, мектепке дейінгі тәрбиешілердің кәсіби жұмысын ғылыми-әдістемелік қолдауды меңгереді.
  • Магистратурада «Ғылым тарихы мен философиясы», «Жоғары мектептің педагогикасы», «Басқару психологиясы», «Шет тілі (кәсіби)», «Педагогтың кәсіби терминологиясы», «Педагогтың девиантологиялық құзыреттілігі», «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу саласының инноватикасы», «Педагогикалық зерттеудің әдістемесі мен әдіснамасы», «Білім берудегі сапа менеджментінің жүйесі», «Жоғары оқу орнындағы білім беруді басқару», «Кәсіби іс-әрекеттегі психологиялық- педагогикалық коучинг» «Мектепке дейінгі білімнің теориялық - әдістемелік мәселелері», «Педагогикалық пәндерді оқыту әдістемесі», «Жоғары оқу орындарындағы білім беру үдерісін оқу-әдістемелік тұрғысынан қолдау», «Мектепке дейінгі білім берудегі тәрбие мен оқытудың жаңа тұғырлар» сияқты пәндерді оқиды.
  • Түлектер магистр дәрежесін алады және жоғары оқу орындарында мұғалімдік қызметпен айналыса алады, ғылыми-зерттеу институттарында, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, әдістемелік орталықтарда және психологиялық-педагогикалық қолдау ұйымдарында жұмыс істей алады, сондай-ақ мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу саласында ғылыми-зерттеу, әдістемелік және басқарушылық қызметпен айналыса алады.

ББ өзгерістері жылдар бойынша

1
2026Жаңа функция

2026 жылы білім беру бағдарламасы жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мекемелерінің оқытушыларына (оқытушылар құрамына) арналған кәсіби стандартта көзделген жұмыс функцияларын қамту үшін кеңейтілді. Сонымен қатар, курс сипаттамалары жаңартылды. ББ паспорты 18.06.2026 ж. жаңартылды.

Өзгерістер туралы құжат