Педагогика және психология
Бейіндік пәндер
Білім беру бағдарламасының мақсаты
Білім беру бағдарламасының мақсаты Қазақстан Республикасындағы білім және ғылым дамуы үшін білікті мамандар даярлау, толыққанды білім алу үшін жағдайларды, кәсіби құзырлылықты қамтамасыз ету болып табылады.
Берілетін дәреже
«8D01101 - Педагогикажәнепсихология» білім беру бағдарламасы бойынша философиядокторы(PhD).
Аккредиттеу
Аккредиттеу сертификатыұйым БСҚТҚА, сертификат №АВ 5608, берілген күні «20.12.2024 ж.», қолданылу мерзімі 5 жыл – 19.12.2029 ж. дейін.Құжат әлі қосылмаған.
Рейтингтердегі орны
0Рейтинг нәтижелері әлі қосылмаған.
Оқуды аяқтағаннан кейін
Мүмкін лауазымдар
- ЖОО оқытушысы, білім бөлімдеріндегі маман, білім беру ұйымының және ҒЗИ басшысы, білім беру ұйымы мен ҒЗИ басшысының орынбасары, ғылыми қызметкер.
Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері
- Мінез-құлық дағдылары мен тұлғалық қасиеттер (Soft Skills):
- халықаралық академиялық қоғамдастықтың ғылыми зерттеу нәтижелерін эссе, ғылыми мақала, диссертация және басқа да жанрларда рәсімдеу мен ұсыну құрылымына қойылатын талаптарын қолданады;
- сөйлеу және тілдік құзыреттерді, соның ішінде диалог жүргізу технологиясын, көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын және т.б. меңгерген;
- өзін-өзі жетілдіру және кәсіби даму мақсатында психологиялық-педагогикалық ғылым жетістіктері мен ғылыми жаңалықтардың маңыздылығын сыни тұрғыдан бағалайды;
- ғылыми зерттеулердің әдіснамасы мен әдістемесін меңгерген, зерттеу мәселесін анықтайды, зерттеуді ұйымдастырады және жүргізеді, эксперименттік деректерді түсіндіреді;
- ғылыми зерттеу нәтижелерін бағалайды және оларды жасанды интеллектті қолдану арқылы практикалық қызметке енгізеді.
- Цифрлық құзыреттер (Digital Skills):
- педагогикалық міндеттерді шешу және инновациялық жобаларды әзірлеу мақсатында қашықтан оқыту әдістерін, жасанды интеллектті, онлайн-сервистер мен қашықтан оқыту платформаларын қолдана отырып, әлеуметтік, этикалық және ғылыми аспектілерді ескере отырып, ақпаратты жинау және түсіндіру дағдыларын көрсетеді;
- кәсіби деңгейде озық инновациялық технологиялар мен жасанды интеллектті педагогикалық міндеттерді шешу үшін қолданады, оқу үдерісіне енгізуге арналған инновациялық жобаларды әзірлейді.
- Кәсіби құзыреттер (Hard Skills):
- педагогикалық қызметті жүзеге асырады, заманауи педагогикалық технологияларды меңгерген және оларды кәсіби қызметінде қолданады;
- кәсіби қарым-қатынас саласында сөйлеу әдебінің нормаларын сақтайды;
- зерттеудің жалпы әдістерін: талдау, синтез, диалектикалық, тарихи, құрылымдық-функционалдық, әлеуметтанулық және статистикалық әдістерді меңгерген;
- психологиялық-педагогикалық антропологияның мәселелері мен оның даму тенденцияларын түсінеді;
- өзін-өзі жетілдіру және үздіксіз кәсіби даму мақсатында адам туралы білімнің маңыздылығын сыни тұрғыдан бағалайды;
- білім беру сапасынбасқарутехнологиясынмеңгерген.
Кәсіби қызмет салалары
- а) «8D01101 - Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша бітірушілердің кәсіби қызмет саласы болып табылады:
- жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі;
- ғылыми-зерттеу ұйымдары.
- «8D01101 - Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша түлектердің кәсіби қызметінің нысаны болып табылады:
- жоғарыоқуорындары;
- педагогикалықколледждер;
- білімбасқармасыныңдепартаменттері;
- білім беру жүйесікадрларыныңбіліктілігінарттыружәнеқайтадаярлауинституттары;
- ғылыми-зерттеуинституттары мен зертханалар.
- в) Кәсіби қызмет түрлері:
- білім беру;
- басқарушылық;
- зерттеушілік.
- г) Кәсіби қызметінің функциялары:
- оқыту – оқу ақпаратын таратады, өз бетінше білім алуға үйретеді, оқушылардың лингвистикалық сұраныстары мен сұраныстарын ескере отырып, оқу сабақтарын құрастырады, оқытудың жаңа технологияларын, соның ішінде АКТ және т. б. пайдаланады;
- тәрбиелеу – білім алушыларды әлеуметтік құндылықтар жүйесіне, педагогикалық тактіні, педагогикалық этика ережелерін сақтауға баулиды, білім алушылардың тұлғасына құрмет көрсетеді, Қазақстанның ұлттық басымдықтарын ескере отырып, тәрбие процесін құрады және т. б.;
- әдістемелік – білім беру үдерісін әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады, өз біліктілігін арттыруды жоспарлайды, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін анықтайды, берілген мақсаттарға сәйкес оқу материалдарын әзірлейді және т.б.;
- зерттеушілік – білім алушылардың білім беру мазмұнын меңгеру деңгейін зерттейді, білім беру ортасын зерттейді, білім алушылардың жеке ерекшеліктерін диагностикалау нәтижелерін қолданады;
- әлеуметтік-коммуникативтік – кәсіби қоғамдастықпен және барлық мүдделі тараптармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады, білім беру стейкхолдерлерін біріктіретін инновациялық идеяларға бастамашылық жасайды және т.б.;
- басқарушылық–білім мен ғылымды дамытудың жалпы үрдістері, білім беру ұйымының дамуының жалпы стратегиялық бағыттары контекстінде үдерістерді басқарады.
Бейіндік дайындық
- Білім беру бағдарламасы педагогика және психология саласындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі, ғылыми-зерттеу және білім беру ұйымдары үшін жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауға бағытталған. Оқу барысында докторант психологиялық-педагогикалық зерттеулердің заманауи әдіснамалық тәсілдері мен әдістерін меңгереді, педагогика және психология саласындағы теориялық және қолданбалы мәселелерге сыни және тұжырымдамалық талдау жасауды, білім беру үдерістері мен психологиялық құбылыстардың даму заңдылықтарын анықтауды, ғылыми гипотезаларды әзірлеу мен негіздеуді, эмпирикалық зерттеулер жүргізуді және олардың нәтижелерін интерпретациялауды үйренеді. Докторант инновациялық педагогикалық және психологиялық-педагогикалық технологияларды әзірлеуге және енгізуге, білім беру жүйелері мен үдерістерінің тиімділігін бағалауға, ғылыми және кәсіби қызметінде цифрлық құралдар мен жасанды интеллект технологияларын қолдануға қабілетті болады.
- Докторант «Академиялық хат (ағылшын тілінде)», «Ғылыми зерттеу әдістері», «Педагогтің кәсіби құзыреттілігі», «Замануи ғылымның өзекті мәселелері», «Педагогикалық ғылымдардың қазіргі кездегі жағдайы мен тарихы», «Білім беру сапасын басқару», «Кәсіби-педагогикалық қарым-қатынас» сияқты пәндерді оқиды.
- Білім беру бағдарламасының түлектеріне философия докторы (PhD) дәрежесі беріледі. Олар жоғары оқу орындарында оқытушылық қызметпен айналыса алады, сондай-ақ ғылыми-зерттеу институттары мен ұйымдарында жұмыс істей алады.
ББ өзгерістері жылдар бойынша
1
2026Жаңа функция
2025 жылы білім беру бағдарламасына жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері (профессор-оқытушылар құрамы) үшін кәсіптік стандартта көзделген еңбек функциялары енгізілді. Сонымен қатар, оқу пәндерінің қысқаша сипаттамалары жаңартылды. ОП паспортын жаңарту күні 17.06.2025
Өзгерістер туралы құжат
Buketov University