Дефектология
Бейіндік пәндер
Білім беру бағдарламасының мақсаты
Арнайы педагогика саласында іргелі және қолданбалы білімі бар, мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеуді, түзету мен дамытуды, әлеуметтендіруді және әлеуметтік бейімдеуді жүзеге асыруға, арнайы педагогика саласында ғылыми зерттеулер жүргізуге және басқару қызметін жүзеге асыруға қабілетті магистрлерді даярлау.
Берілетін дәреже
«7М01903 – Логопедия» білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі
Аккредиттеу
Аккредиттеу сертификатыБСҚТА, №SA-А №0300/5 сертификаты, берілген күні 30.03.2024 ж., мерзімі - 29.03.2029 ж.Құжат әлі қосылмаған.
Рейтингтердегі орны
0Рейтинг нәтижелері әлі қосылмаған.
Оқуды аяқтағаннан кейін
Мүмкін лауазымдар
- «Дефектология» білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі (олигофренопедагог, педагог-дефектолог, дефектолог, педагог-логопед, логопед, ерте дамыту педагогі, сурдопедагог, тифлопедагог, сондай-ақ, жалпы және арнайы білім беру ұйымының әдіскері, басшысы, басшының орынбасары).
Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері
- Мінез-құлық дағдылары мен жеке қасиеттер (Soft skills)
- Құзыреттіліктер сипаттамасы: Зерттеу контексінде идеяларды әзірлеу және қолдану кезінде инклюзивті және арнайы педагогика саласының озық білімдеріне негізделген осы саладағы дамытылатын білімдер мен түсініктерді көрсете білу және осы негізде жеке тұлғаның интеллектуалдық, жалпы мәдени деңгейін дамытады, адамгершілік жағынан жетілдіреді. Ғылыми-өндірістік жұмыстарды ұйымдастыруда, ұжымды басқаруда іскерлік пен дағдыларды тәжірибеде қолданады, ұжымның мақсатын қалыптастыруға әсер етеді, қызмет сапасын бағалайды. ЕББҚ бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау мен оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру үшін өз білімін, түсінігі мен қабілетін кәсіби деңгейде пайдалана біледі; Мүгедектердің құқықтарын сақтау саласындағы талдау мен болжау сапасын арттыру мақсатында қоғамды кеңінен тарта отырып, мониторинг жүйесін енгізеді; Жұмыс берушілерді тұрақты жұмыс орындарына мүгедектерді жұмысқа тартуға ынталандыру шараларын әзірлеуге қабілетті.
- Жалпы адамзаттық мәдениеттің бір бөлігі ретінде ғылыми ойлаудың тарихы мен философиясын терең түсінуге негізделген пәнаралық, көпмәдениетті дүниетанымды көрсетеді
- Әлеуметтік, этикалық және ғылыми ойларды ескере отырып, пікір қалыптастыру үшін ақпарат жинауды және түсінік беруді жүзеге асыруда қазіргі жоғары мектеп өкілдерінің жеке стильдік ерекшеліктерін талдайды.
- Басқару психологиясы мен педагогика саласында өзіндік аналитикалық жұмыс дағдыларын меңгере алады.
- Жеке және кәсіби қарым-қатынас құралы ретінде шет тілін қолданады; әлеуметтік, этникалық, конфессиялық және мәдени айырмашылықтарды толерантты қабылдай отырып, ұжымда жұмыс істей алады.
- Цифрлық құзыреттер (Digital skills)
- Құзыреттіліктер сипаттамасы: Цифрлық технологиялар арқылы басқалармен деректер алмасады, бірлескен орта құру үшін озық құралдар мен технологияларды пайдаланады. Цифрлық ортадағы нақты кәсіби салаларда мамандандырылған деректерді, ақпаратты, цифрлық мазмұнды белгілейді, зерттейді, бағалайды. Нормативтік актілерге және кәсіби этика стандарттарына сәйкес мүгедектер үшін қызметтер мен ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ететін технологияларды пайдаланады. Ақпаратпен, желілік ресурстармен, ақпараттық жүйелермен, бағдарламалармен және жасанды интеллект технологияларымен жұмыс істеудің заманауи технологияларын меңгерген.
- Ғылыми және кәсіби мәтіндерді талдайды, бағалайды және аудармасын жасайды, контекст пен шарттарды ескере отырып түрлендіреді; оқу саласы бойынша одан әрі оқуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті оқу дағдыларының болу қабілетін сипаттайтын оқыту нәтижелерін дамытады.
- Кәсіби құзыреттіліктер (Hard skills)
- Құзыреттіліктер сипаттамасы: Арнайы және инклюзивті білім берудегі озық білімге сүйене отырып, мамандарға, сондай-ақ басқа да сала мамандарына ақпаратты, идеяны, қорытындыларды, пробемаларды және шешімдерді нақты және тиянақты түрде хабарлауда ғылыми мәселелерді тұжырымдап, шеше алады. Арнайы педагогикада одан әрі білім алуды өз бетінше жалғастыру үшін оқу дағдыларын пайдаланады. Орта және жоғары оқу орындарында сабақ бере алады, әлеуметтік, этикалық және ғылыми ойларды ескере отырып, пікір қалыптастыру үшін ақпарат жинауды және түсінік беруді жүзеге асырады. Арнайы білім беру, медициналық және әлеуметтік қызмет көрсетуге, мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыруға көмек көрсетеді.
- Мүгедектерге арналған нысандар мен қызметтерге қолжетімділіктің ұлттық стандарттарын жаңарту және біріздендіру бойынша тиімді шараларды қамтамасыз етуге назар аударады.
- Арнайы және инклюзивті білім беру саласында кәсіби шетелдік терминологияны меңгереді.
- Нарықтардың әлеуетін тиімді пайдалану негізінде нарықтық қатынастар жағдайында коммерцияландыру құралдарын іс жүзінде қолдану тәсілдері мен әдістерін пайдалана алады.
- Білім беру мекемелерінің инновациялық қызметінің тәжірибесі мен нәтижелерін талдайды және көрсетеді; Қазақстан мектептеріндегі инновациялардың әртүрлі түрлерін және инновациялық тәжірибені қолданады.
- Арнайы ғылыми білімге негізделген білім беру ортасын басқарудың әртүрлі функционалдық аспектілерін біріктіреді және мамандарға, сондай-ақ маман еместерге ақпараттты, идеяны, қорытындыларды, проблемаларды және шешімдерді нақты және тиянақты түрде хабарлай алады.
- Инклюзивті зерттеулердің нәтижелерін кәсіби қызметке жобалау, енгізу және бейімдеу қабілеті оқытылып отырған саланың озық білімдеріне негізделе отырып, осы саладағы дамытылатын білімдер мен түсініктерді көрсете біледі.
- Психологиялық, педагогикалық және ғылыми әлеуетті кеңейтеді, жеке білім беру, түзету және дамыту бағдарламаларын әзірлейді және жүзеге асырады, білім алушылардың алуан түрлілігін және олардың қажеттіліктерін ескеретін оқу бағдарламаларын, материалдары мен әдістерін таңдайды («әмбебап оқыту дизайны»).
- Қолдау және түзету көмегін анықтайды және талдайды, әзірлейді, оның ішінде ерте көмек көрсетудің тиімділігін негіздейді, түзету көмегін көрсету мәселелері бойынша ата-аналарға кеңес береді.
- Арнайы білім беру қажеттіліктерін бағалауды жүзеге асырады, түзету және дамыту жұмыстарын жүргізеді, стресстің алдын алу мақсатында еңбек жағдайларын ұйымдастырады.
- Ауызша және жазбаша сөйлеу бұзылыстарын анықтау және жеңу технологияларын көрсете отырып, оқу қызметіндегі олқылықтардың орнын толтыра отырып, бұл проблемалардың оқытудың келесі кезеңдеріне көшуіне жол бермейді.
- Арнайы және инклюзивті ортада өзекті мәселелерді шешу үшін өз білімін, түсінігі мен қабілетін кәсіби деңгейде пайдалана біледі, заманауи түзету және дамыту технологияларын талдау және бейімдеу, арнайы білім беруде сапаны басқарудың заманауи технологиялары мен әдістерін, бейімдейді және қолданады, сыни тұрғыдан бағалай алады, аналитикалық басқару әдістерін қолдана алады.
Кәсіби қызмет салалары
- Кәсіби қызмет саласы мен объектілері: Білім беру мекемесі,арнайы орта және жоғарғы білім, интеллектісі бұзылысы бар,есту,көру,тірек-қимыл бұзылысы бар, психикалық дамуының тежелуі бар балаларға арналған түзету-білім беру арнайы мекетеп мекемелері.
- а) Түлектің кәсіби қызметінің саласы мен объектілері: Жоғарғы білім ұйымдары, интеллект бұзылысы бар, есту, көру, тірек-қимыл бұзылысы бар, психикалық дамуының тежелуі бар т.б. балаларға арналған жалпы және арнайы орта білім, мектепке дейінгі білім беру-түзету ұйымдары.
- б) Түлектің кәсіби қызметінің түрлері: ғылыми-зерттеу;
- оқытушылық;
- ұйымдастырушылық-тәрбиелік;
- консультациялық-диагностикалық және профилактикалық; түзету-дамыту;
- әлеуметтік-педагогикалық;
- мәдени-ағартушылық;
- ұйымдық-басқарушылық
- в) Түлектің кәсіби қызметінің функциялары: оқыту - оқу ақпаратын таратады, қажетті білімді, дағдыларды өз бетінше іздеуге үйретеді, білім алушылардың қажетті коммуникативтік құзыреттілігін ескере отырып, оқу сабақтарын құрастырады, жаңартылған білім беру мазмұны шеңберінде талап етілетін оқытудың жаңа технологияларын пайдаланады;
- тәрбие – білім алушыларды әлеуметтік құндылықтар жүйесіне енгізеді, педагогикалық тактті, педагогикалық әдеп ережелерін сақтайды, білім алушылардың жеке қасиеттеріне құрмет көрсетеді, елдің басымдықтарын ескере отырып, тәрбие процесін құрады;
- әдістемелік - білім беру үдерісін әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады, өзінің біліктілігін арттыруды жоспарлайды, әдістері мен тәсілдерін айқындайды, сабақтың берілген мақсаттарына сәйкес оқу материалдарын әзірлейді және т. б.;
- зерттеу – білім алушылардың білім мазмұнын меңгеру деңгейін зерделейді, көпмәдениетті білім беру ортасын зерттейді, білім алушылардың жеке ерекшеліктерін диагностикалау нәтижелерін пайдаланады;
- әлеуметтік-коммуникативтік – кәсіби қоғамдастықпен және білім берудің барлық мүдделі тараптарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады, білім беру стейкхолдерлерін біріктіретін инновациялық идеяларды бастамашылық етеді және енгізеді және т. б.
Бейіндік дайындық
- Арнайы және инклюзивті білім беру саласында ғылыми-зерттеу, педагогикалық, түзете-дамыту және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметті жүзеге асыруға қабілетті, терең теориялық білімі, кәсіби құзыреттіліктері мен зерттеушілік дағдылары қалыптасқан, заманауи инновациялық технологияларды меңгерген жоғары білікті мамандарды даярлау.
ББ өзгерістері жылдар бойынша
1
2026Жаңарту
2025 жылы «7М01901 – Дефектология» магистратура білім беру бағдарламасы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 24 ақпандағы № 31 бұйрығымен бекітілген білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған кәсіптік стандарт талаптарына сәйкес өзектендірілді.
Өзгерістер туралы құжат
Buketov University