Докторантура PhD
· 8D01301
Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Оқу мерзімі3 жыл
Оқу нысаныДокторантура
Конкурсқа қатысу үшін ең төменгі баллНақтыланады
Оқу ақысы1 307 000 ₸
Бейіндік пәндер
Жабық тапсырмалармен тестілеу
Ашық тапсырмалармен тестілеу
Білім беру бағдарламасының мақсаты
Кәсіби білім беру стандартына сәйкес оқу-тәрбие, ғылыми-зерттеу, әкімшілік қызметке ынталандырылған, отандық білім беру жүйесі талап ететін білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.
Берілетін дәреже
«8D01301 - Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы бойынша (PhD) философия докторы
Аккредиттеу
Аккредиттеу сертификатыБілім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз қазақстандық агенттік. БСҚБТА агенттігінің SA-А №0271/3 мамандандырылған аккредиттеу туралы куәлігі (қайта рәсімдеу күні 06.05.2023ж.) әрекет ету мерзімі 06.05.2023 ж. – 05.05.2028 ж.Құжат әлі қосылмаған.
Рейтингтердегі орны
0Рейтинг нәтижелері әлі қосылмаған.
Оқуды аяқтағаннан кейін
Мүмкін лауазымдар
- жетекші маман,
- ЖОО оқытушысы,
- ғылыми қызметкер,
- білім беру ұйымының басшысы, басшының орынбасары,
- бас маман.
Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері
- 1.Мінез-құлық дағдылары және жеке қасиеттер:
- (Softskills)
- Ғылыми құжаттарды (ғылыми баяндамалар, рефератталатын журналдардағы мақалалар, есептер, шолулар, рефераттар, аннотациялар), библиография мен сілтемелер жасау және рәсімдеу тәсілдерін, іскерлік қарым қатынас, кәсіби және корпоративтік этика саласындағы электрондық дерекқорлармен жұмыс істеу дағдыларын меңгерген.
- Жоғары мектепте оқу үдерісін ұйымдастырудың оңтайлы және тиімді түрлерін таңдайды. Даулы жағдайларда оқытудың тиімділігі мен сапасын арттырудың психологиялық әдістері мен құралдарымен жұмыс істейді.
- Сандық құзыреттер: (Digital skills)
- Қазіргі педагогика әдістемесінің білімдеріне ие және жоғары мектепте оқытуда озық технологияларды қолданады; ақпараттық-оқу ортасын жобалау, білім беру процесіне қатысушылармен өзара әрекеттесу дағдыларына ие, кәсіби міндеттерді шешу үшін цифрлық технологияларды пайдаланады.
- Кәсіби ортада тиімді қарым-қатынас әдістерін қолданады, іскерлік этика шеңберінде пікірсайыс жүргізеді, ақпаратты іздеу, өңдеу, талдау және ұсыну, академиялық этиканы сақтай отырып, жасанды интеллект технологияларын, онлайн-коммуникация мен цифрлық контент жасау үшін цифрлық құралдарды тиімді пайдаланады.
- Кәсіби құзыреттер: (Hardskills)
- Өзара іс-қимылдың түрлері мен нысандарын, олардың табиғаттағы, қоғамдағы және адам санасындағы орны мен рөлін анықтайды.
- Әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми білімге заманауи тәсілдер мен олардың өлшеулігі туралы білімдерін көрсетеді; жоғары мектепте оқыту процесінің қозғаушы күші мен принциптерін анықтайды; жоғары мектептегі заманауи дидактикалық тұжырымдамалардың ерекшеліктерін анықтайды.
- Ғылыми зерттеулердің әдіснамасы мен әдістемесін меңгерген, зерттеу мәселесін айқындайды, эксперименттік деректерді ұйымдастырады, жүргізеді, түсіндіруді жүзеге асырады; ғылыми зерттеулердің нәтижелерін бағалайды және практикалық іс-әрекетке енгізеді.
- Мұғалімнің кәсіби ойлау түрін анықтайтын ғылыми теориялардың мәні мен функцияларын талдайды; педагогикалық ойлаудың қалыптасуына әсер ететін педагогикалық білім жүйесінің логикалық құрылымын зерттейді.
Кәсіби қызмет салалары
- Түлектердің кәсіби қызмет саласы: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі, ғылыми-зерттеу ұйымдары.
- Түлектердің кәсіби қызметінің объектілері: жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттары мен зертханалар, педагогикалық колледждер, білім басқармасының департаменттері, білім беру жүйесі кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттары.
- Түлектің кәсіби қызмет түрлері:
- білім беру;
- басқарушылық;
- зерттеушілік.
Бейіндік дайындық
- 25 кредит. Теориялық оқыту: академиялық хат (ағылшын тілінде), ғылыми зерттеу әдістері, кәсіби этика, педагогиканың философиясы және әдіснамасы, педагогикалық ойлау: теория және практика.
- 20 кредит. Практика: педагогикалық және зерттеу практикасы.
- 123 кредит. Ғылыми-зерттеу жұмысы: тағылымдамадан өту және докторлық диссертацияны орындау.
- 12 кредит. Қорытынды аттестаттау: докторлық диссертацияны қорғау.
ББ өзгерістері жылдар бойынша
0
Бағдарлама өзгерістері әлі қосылмаған.
Buketov University