Магистратура
· 7M01301
Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Оқу мерзімі2 жыл
Оқу нысаныҒылыми-педагогикалық маг (2 жыл)
Конкурсқа қатысу үшін ең төменгі баллНақтыланады
Оқу ақысы732 600 ₸
Бейіндік пәндер
Білім беру бағдарламасының мақсаты
Бастауыш білім беру жүйесінде сұранысқа ие, оқу-тәрбие, ғылыми-зерттеу және басқару қызметіне уәжделген білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.
Берілетін дәреже
«7М01301- Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі.
Аккредиттеу
Аккредиттеу сертификаты«Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі» КЕАҚ (АРТА) берген АВ 5609 нөмірлі сертификат, 2024 жылғы 20 желтоқсанда берілген, 2029 жылғы 19 желтоқсанға дейін жарамды.Құжат әлі қосылмаған.
Рейтингтердегі орны
0Рейтинг нәтижелері әлі қосылмаған.
Оқуды аяқтағаннан кейін
Мүмкін лауазымдар
- Педагог. Бастауыш сынып мұғалімі.
- Мектеп алды даярлық педагогы.
- Педагог. Колледж оқытушысы.
- Педагог. ЖОО оқытушысы.
- Зерттеуші-мұғалім.
- Мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
- Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
- Мектеп директорының ғылыми-зерттеу жұмысы жөніндегі орынбасары.
- Бастауыш мектеп бойынша білім беру департаментінің әдіскері.
Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері
- Мінез-құлық дағдылары және жеке қасиеттер: (Softskills)
- Әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми білімге заманауи көзқарастар мен олардың үйлесімділігі туралы білімдерін көрсетеді, жоғары мектептегі заманауи дидактикалық тұжырымдамалардың ерекшеліктерін анықтайды.
- Кикілжің жағдаяттарда оқытудың тиімділігін және сапасын арттырудың психологиялық әдістері мен құралдарын игереді.
- Халықаралық стандарттар деңгейінде шет тілін біледі, ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді аударады, ғылыми жұмысқа байланысты тақырыптарға жазбаша хабарламалар дайындайды, халықаралық ынтымақтастықтың нысандары мен түрлері бойынша ресми құжаттарды ресімдейді.
- Сандық құзыреттер: (Digital skills)
- Жоғары оқу орнының ғылыми әзірлемелері мен технологияларын коммерцияландыру әдіснамасы туралы білімді кәсіби деңгейде қолданады.
- Инновациялық және компьютерлік технологияларды қолдана отырып, бастауыш мектептің педагогикалық процесін ұйымдастыруды меңгереді, бастауыш білім беру жүйесінде қашықтықтан оқытуға арналған жасанды интеллект әдістерін, онлайн сервистер мен платформаларды қолданады.
- Ғылыми зерттеу логикасын, ғылыми жұмыс процедураларын, ғылыми зерттеу әдістерін және оларды педагогикада қолдану ерекшеліктерін меңгереді, педагогика ғылымында оның дамуының қазіргі кезеңінде туындайтын негізгі әдіснамалық және дүниетанымдық мәселелерді бағдарлай алады.
- Кәсіби құзыреттер: (Hardskills)
- Басқа елдердің білім беру жүйесі туралы білімдерін көрсетеді, білім беру жүйесінің қазіргі дамуының әлеуметтік-педагогикалық құбылыстары мәнмәтінінде деонтологиялық ұғымдарды қолданады.
- Бастауыш мектептің заманауи оқу процесіне қойылатын талаптарды негіздеуде заманауи педагогикалық технологияларды қолданады, сандық сәйкестікті басқарады және сандық этикетті сақтайды.
- Педагогика ғылымының заманауи жетістіктері негізінде ЖОО-да оқыту әдістері мен әдістемелерін іріктеуді жүргізеді.
- Этносаралық қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеудің адамгершілік негіздерін, этносаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың принциптерін, нысандарын, әдістерін, құралдарын айқындайды, бастауыш мектепте білім беру процесін ұйымдастыру және әдістемелік сүйемелдеу дағдыларын меңгереді.
- Ғылыми іздеу, талдау, эксперимент, деректерді өңдеу, негізделген шешімдер алу, кәсіби қызметте ғылыми зерттеулер жүргізу дағдыларын меңгереді.
Кәсіби қызмет салалары
- Түлектің кәсіби қызметінің саласы мен объектілері:
- жоғары оқу орындары;
- педагогикалық колледждер;
- қосымша білім беру жүйесі (ЖОО және педагогикалық колледждерде оқытушы; педагогикалық ғылыми мекемелердің қызметкері).
- Түлектің кәсіби қызмет түрлері:
- білім беру (оқу-тәрбие, педагогикалық);
- ғылыми-зерттеу;
- әдістемелік.
Бейіндік дайындық
- Білім алушылар бастауыш білім беру саласындағы жасанды интеллект, салыстырмалы педагогика, бастауыш білім беру саласындағы кәсіби шетелдік терминология, ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, бастауыш сынып мұғалімінің әдістемелік іс-әрекеті, қақтығыс жағдайларын шешу технологиясы пәндері бойынша терең теориялық білім алып, кәсіби қызметте қолдануға қажетті практикалық дағдыларды қалыптастырады.
- Оқу үдерісінде заманауи цифрлық құралдар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану, сондай-ақ инклюзивті білім беру ортасының талаптарына сәйкес оқу үдерісін ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінеді.
ББ өзгерістері жылдар бойынша
0
Бағдарлама өзгерістері әлі қосылмаған.
Buketov University