Магистратура
· 7M05402
Механика
Оқу мерзімі2 жыл
Оқу нысаныҒылыми-педагогикалық маг (2 жыл)
Конкурсқа қатысу үшін ең төменгі балл75
Оқу ақысы732 600 ₸
Бейіндік пәндер
Білім беру бағдарламасының мақсаты
Теориялық және қолданбалы механика, математика, ғылыми-педагогикалық және өндірістік қызметте оларды енгізу үшін қазіргі заманғы модельдеу әдістеріне және бағдарламалауға негізделген іргелі білімге ие механикадағы жаратылыстану магистрлерін дайындау.
Берілетін дәреже
«7М05402 – Механика» білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі
Аккредиттеу
Аккредиттеу сертификаты«АРТА» КЕМ агенттігінің AВ № 5601 мамандандырылған аккредиттеу туралы куәлігі 20.12.2024 ж – 19.12.2029 ж.Құжат әлі қосылмаған.
Рейтингтердегі орны
0Рейтинг нәтижелері әлі қосылмаған.
Оқуды аяқтағаннан кейін
Мүмкін лауазымдар
- -жоғары мектепте механикалық-математикалық циклді пәндердің және информатика пәнінің оқытушысы;
- ғылыми-зерттеу және есептеу-тәжірибе орталықтарында ғылыми қызметкер;
- ғылыми-өндірістік және өндірістік кәсіпорындардағы инженер;
- ғылыми-зерттеу және өндірістік ұйымдарда инженер-бағдарламашы;
- ғылыми және өндірістік ұйымдарда талдаушы, логист, әзірлеуші, конструктор, сынақшы, технолог.
Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері
- Мінез-құлық дағдылары мен тұлғалық қасиеттер (Soft skills):
- -оқытуды ұйымдастыру принциптерін меңгереді, қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі бағыттарын жүзеге асыруға ықпал ететін қолданбалы философиялық, педагогикалық, психологиялық және жаратылыстану пәндері бойынша білімін көрсетеді. Өзінің кәсіби қызметінде ол қазіргі қоғамның бәсекеге қабілеттілігі, прагматизм, өзара түсіністік, толеранттылық және демократиялық құндылықтардың басымдықтары бойынша белсенді азаматтық ұстанымды ұстанады;
- -ғылыми зерттеу саласындағы мәселелерді шешу үшін ғылым философиясының негізгі ұғымдарын еркін меңгерген; жоғары білім берудің заманауи парадигмасын негіздейді, заманауи білім беру технологиялары саласындағы білімін көрсетеді және оларды тәжірибеде қолданады; басқару психологиясы саласындағы мәселелерді шешу үшін қарым-қатынас жасауға дайындығын көрсетеді, кәсіптік қызмет саласындағы әлеуметтік, этикалық және ғылыми мүдделерді ескере отырып, мемлекеттік органдар қызметінің профильдерінің бірі ретінде коммерцияландыру әдістерін меңгереді;
- -шет тілінің жалпы, іскерлік және кәсіби лексикасын кәсіби қарым-қатынас үшін қажетті көлемде біледі, кәсіби терминологияны және механика бойынша ағылшын ғылыми-техникалық әдебиеттерін оқу және аудару негіздерін біледі, механика кәсіптік саласында ауызша және жазбаша ағылшын тілінде сөйлеу дағдыларына ие; осы пән саласында халықаралық ынтымақтастық үшін кәсіби ғылыми байланыстарды жүзеге асырады.
- Цифрлық құзыреттер (Digital skills):
- -цифрлық технологияларды және ақпаратпен жұмыс істеу құралдарын қолдануда цифрлық сауаттылыққа ие, соңғы технологиялардан хабардар және цифрлық технологиялар саласындағы жұмыстың инновациялық әдістерін біледі; білім беру, кәсіптік және ғылыми қызметте ақпараттық, коммуникациялық және цифрлық технологияларды енгізуге дайындығын көрсетеді;
- -бағдарламалау дағдыларын меңгереді, стандартты жобалық шешімдерді пайдалана отырып, ақпарат пен бағдарламалық қамтамасыз етуді жасайды, заманауи компьютерлік технологияларды пайдалана отырып бағдарламалық жүйелерді әзірлейді;
- -зерттелген цифрлық технологияларды, ақпаратпен жұмыс істеу құралдарын, стандартты бағдарламаларды, алған білімдері мен бағдарламалау дағдыларын ғылыми зерттеулер жүргізу және компьютерлік құралдарды пайдалана отырып кәсіби мәселелерді шешу үшін қолданады, цифрлық технологиялар саласындағы жұмыстың заманауи инновациялық әдістерін үнемі зерттейді және оларды тәжірибеде қолданады, ғылыми және кәсіптік қызметке цифрлық технологияларды енгізу қажеттілігін түсінеді.
- Кәсіби құзыреттер (Hard skills):
- -механика пәндерінің қалыптасқан және жүйелік теориялық аппаратын біледі (негізгі басты элементтер мен анықтамалар, теориялық ережелер мен мәлімдемелер, зерттеу әдістері мен тәсілдері), тұжырымдарды дәлелдеуді жүргізеді және түсіндіреді, мысалдар келтіреді, талдау жасайды, әртүрлі теориялық түсініктерді бағалайды және салыстырады, қорытынды жасайды;
- -механиканың типтік практикалық есептерін шешудің негізгі әдістерін біледі және оларды механикалық, жаратылыстану-ғылыми сипаттағы және пәнаралық саладағы есептерді зерттеу мен шешуде қолданады; зерттеу бағытын және есептерді шешу әдістерін таңдауды жүзеге асырады, таңдалған әдіс бойынша есептің шешімін іс жүзінде жүзеге асырады, қажет болған жағдайда есептеу жүргізеді, шешім схемасын бейнелейді, алынған шешімдердің қасиеттерін зерттейді, соңғы нәтижелерді жалпылайды, қорытынды жасайды;
- -нақты механикалық және жаратылыстану процестерін математикалық, сандық және эксперименттік модельдеу принциптерін меңгереді, нақты процестерді математикалық және эксперименттік модельдерге аударады; абстракты объектілермен жұмыс істейді, теориялық үлгінің сәйкестігін тексере алады, механиканың математикалық, сандық және тәжірибелік үлгілерін зерттеу әдістерін, тәсілдерін және типтік жобалық шешімдерді таңдау және қолдануды негіздейді;
- -авиация және зымыран техникасының теориялық негізі ретінде аспан механикасы және аэродинамика саласындағы базалық білімге ие; ауа ағындарының қозғалыс заңдылықтарын және олардың кедергілермен және қозғалатын денелермен әрекеттесуін зерттеуді жүргізеді, зерттеу нәтижелерін математикалық өңдейді; практикалық есептерді шешудің ең жақсы әдістерін таңдайды және қолданады; аспан механикасындағы фактілер, құбылыстар, теориялар мен күрделі қатынастар туралы білім мен түсінікті талдайды және қолданады;
- -қолданбалы механиканың ең озық тенденцияларының элементтерін қамтитын оқу саласындағы білімі мен түсінігін көрсетеді; қолданбалы механиканың әртүрлі әдістерінің мәнін, қолдану тәсілін, артықшылықтары мен кемшіліктерін негіздейді; үйренген әдістерді жүзеге асырады, дәлелдер тұжырымдайды және қолданбалы механиканың кәсіби мәселелерін шешеді; оқу саласында одан әрі білім алуды өз бетінше жалғастыруға қажетті оқу үдерістерін саналы түрде жоспарлайды;
- -қойылған ғылыми мәселені зерттеу мен шешуде өз бетінше ғылыми қызметті жүзеге асырады (механикалық пәндер мен талдау әдістерінің зерттелетін теориялары негізінде ғылыми зерттеудің күрделі процесін жоспарлайды, әзірлейді және түзетеді); механиканың күрделі ғылыми-техникалық мәселелерін шешеді, оларды тәжірибелік сынақтан өткізеді; ғылымның, техниканың және технологияның дамуындағы әлемдік тенденцияларды ескере отырып, механикадағы зерттеулердің ағымдағы бағыттарын бағалайды; өзінің жаңа ғылыми идеяларын тудыра алады, дәлелдеуді, шешімдерді, есептеулерді және алынған нәтижелерді жан-жақты талдауды жүзеге асырады.
Кәсіби қызмет салалары
- «7М05402 – Механика» білім беру бағдарламасы бойынша түлектердің кәсіби қызмет саласы:
- білім және ғылым саласы:
- орта кәсіптік және жоғары оқу орындарында механикалық және математикалық циклдер пәндерін оқыту;
- жалпы білім беретін мектептерде физика, математика, информатика пәндерін оқыту;
- білім және ғылым саласындағы ғылыми-педагогикалық қызмет;
- ғылыми орталықтардағы механика және техникалық ғылымдар саласындағы ғылыми-зерттеу және есептеу-тәжірбиелік қызмет;
- ғылыми-өндірістік ұйымдардағы жобалау-құрушы және өндірістік-технологиялық қызмет;
- қазіргі компьютерлік технологияларды пайдалана отырып, механиканың қолданбалы есептері үшін бағдарламалық жүйелерді құрастыру және енгізу бойынша әзірлеушінің қызметі;
- өндіріс саласы:
- ғылыми-өндірістік және өндірістік кәсіпорындардағы инженерлік қызмет;
- ғылыми-өндірістік және өндірістік ұйымдарда кеңес беруші-сарапшы;
- ғылыми-өндірістік-өндірістік орталықтардағы ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет;
- әлеуметтік сала:
- -әкімшілік органдардың маманы, кеңесшісі, талдаушысы ретіндегі әкімшілік-басқару қызметі.
- «7М05402 – Механика» білім беру бағдарламасы бойынша түлектердің кәсіби қызметінің объектілері:
- ғылыми-зерттеу орталықтары;
- жобалау және сынау мекемелері;
- ғылыми-өндірістік ұйымдар;
- оқу орындары;
- басқару органдары;
- жобалық және технологиялық қызметтер;
- өнеркәсіптік өндіріс кәсіпорындары;
- әртүрлі меншік нысанындағы ұйымдар.
- б) Түлектің кәсіби қызмет түрлері:
- ғылыми-зерттеу;
- есептеу-тәжірбиелік;
- тәрбиелік;
- ғылыми-педагогикалық;
- жобалау-құрылмалық;
- өндірістік-технологиялық;
- әкімшілік-басқарушылық;
- ғылыми-инновациялық;
- кеңес беру-сарапшылық;
- в) Түлектің кәсіби қызметінің функциялары:
- -оқыту;
- ғылыми-зерттеу қызметі;
- жобалау;
- модельдеу;
- құрылымдық;
- тәжірбиелер жүргізу;
- бағдарламалық қамтамасыз ету;
- басқару.
Бейіндік дайындық
- Бағдарлама зерттеушілік, оқытушылық және инженерлік-талдамалық қызметті жүзеге асыруға қабілетті, терең ғылыми және педагогикалық даярлығы бар магистрлерді даярлауға бағытталған. Оқу барысында магистрант механиканың іргелі теориялық негіздері мен оларды қолданудың базалық әдістерін зерттейді, механикалық процестерді математикалық, сандық және эксперименттік модельдеу қағидаттарын меңгереді, үлгілік жобалық шешімдерді таңдауды негіздеуді, есептеу міндеттеріне арналған бағдарламалық жүйелерді әзірлеуді, жаңа ғылыми идеяларды ұсынуды және алынған нәтижелерді жан-жақты талдауды үйренеді.
- Магистрант «Классикалық механиканың өзекті мәселелері (ағылшын тілінде)», «Құрылыс конструкцияларын есептеу әдістері», «Машиналар мен робототехникалық жүйелер механикасы», «Механиканы оқыту әдістемесі», «Серпімділік және иілімділік теориясының негіздері», «Жазық және кеңістіктік конструкциялардың механикасы», «Гидродинамикасының қосымша тараулары», «Лагранж механикасы және голономды емес жүйелер (ағылшын тілінде)», «Гамильтон механикасы және дене қозғалысының сапалық ерекшеліктері (ағылшын тілінде)» пәндерін оқиды.
- Түлектер жаратылыстану ғылымдарының магистрі дәрежесін алады және жоғары, орта және кәсіптік оқу орындарында механикалық және математикалық цикл пәндерін оқыта алады, ғылыми-зерттеу қызметімен айналыса алады, сондай-ақ механика саласының мамандарына көзделген инженерлік және басшылық лауазымдарда жұмыс істей алады.
ББ өзгерістері жылдар бойынша
0
Бағдарлама өзгерістері әлі қосылмаған.
Buketov University