Білім беру бағдарламалары

Математика және статистика

Қолжетімді мамандықтар

1
Докторантура PhD · 8D05401

Математика

Оқу мерзімі3 жыл Оқу нысаныДокторантура Конкурсқа қатысу үшін ең төменгі балл75 Оқу ақысы1 307 000 ₸

Бейіндік пәндер

Жабық тапсырмалармен тестілеу Ашық тапсырмалармен тестілеу

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Білім беру бағдарламасының мақсаты – жоғары оқу орындарында, білім беруді басқару органдарында, білім беру ұйымдарында және ғылыми-зерттеу орталықтарында ғылыми, педагогикалық және кәсіби-практикалық қызметті жүзеге асыру үшін іргелі білімі, инновациялық тәсілдері мен зерттеу дағдылары бар математиктерді даярлау.

Берілетін дәреже

«8D05401 – Математика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD).

Аккредиттеу

Аккредиттеу сертификатыБілім беру сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттіктің (БСҚБТА) мамандандырылған аккредиттеу туралы SA-A №0156/6 куәлігі. Қолданылу мерзімі: 24.05.2024–23.05.2029.

Рейтингтердегі орны

0

Рейтинг нәтижелері әлі қосылмаған.

Оқуды аяқтағаннан кейін

Мүмкін лауазымдар

  • Түлек педагог, жоғары оқу орнының оқытушысы, ғылыми қызметкер болып жұмыс істей алады; ғылым, білім беру және жоғары технологиялар саласында талдамалық, стратегиялық және сараптамалық міндеттерді орындай алады.

Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері

  • Білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижесінде қалыптасатын түлек құзыреттері:
  • Мінез-құлық дағдылары және жеке қасиеттер (Soft skills):
  • кәсіби қызметте академиялық адалдық қағидаларын, этикалық нормаларды және ғылым мен білім беру саласындағы әлеуметтік жауапкершілікті ұстанады;
  • зерттеулерді жоспарлау және нәтижелерін бағалау кезінде сыни және аналитикалық ойлауды қолданады, заманауи ғылыми жетістіктерді талдап, жаңа идеяларды бағалайды (ОН 4);
  • ғылыми және кәсіби қоғамдастықта тиімді қарым-қатынас орнатады, топпен жұмыс істейді, ғылыми пікірталастарға қатысады;
  • мемлекеттік және шет тілдерінде ғылыми қарым-қатынас жасайды, жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерін түсіндіреді және зерттеу нәтижелерін кәсіби деңгейде ұсынады (ОН 5);
  • кәсіби және жеке даму мүмкіндіктерін дербес іздейді, білім мен ғылымдағы жаңа үрдістерді меңгереді, ғылыми мәдениетті дамытуға үлес қосады.
  • Цифрлық құзыреттер (Digital skills):
  • математикалық есептерді шешу үшін сандық әдістерді, компьютерлік модельдеу құралдарын және математикалық бағдарламалық қамтамасыз етуді қолданады;
  • ғылыми ақпаратты іздеу, талдау және жүйелеу үшін электрондық дерекқорлармен жұмыс істейді; ғылыми құжаттарды, библиография мен сілтемелерді цифрлық құралдар арқылы ресімдейді (ОН 7);
  • зерттеу мен оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, онлайн платформаларды және цифрлық білім беру ресурстарын пайдаланады; зерттеу міндеттерін шешуде жасанды интеллектіні академиялық этиканы сақтай отырып қолданады.
  • Кәсіби құзыреттер (Hard skills):
  • интегралдық түрлендірулер, топтар теориясы, функционалдық талдау қосымшалары және жүктелген теңдеулер туралы күрделі материалды түсіндіру үшін зерттеу және педагогикалық тәжірибені біріктіреді; диссертациялық зерттеу нәтижелерін ресімдейді және баяндайды (ОН 1);
  • Галуа теориясын, кеңейтулер мен топтардың қасиеттерін, реттелген өрістерді, Морли рангін және ℵ1-категориялық теориялардың саналымды модельдерін зерттеп, жүйелейді және қолданады (ОН 2);
  • кешенді аймақтағы, ақырлы және биортогоналдық интегралдық түрлендірулерді, Фурье, Вейерштрасс, Ханкель және Меллин түрлендірулерін қолданбалы есептерді шешуге пайдаланады (ОН 3);
  • жылуөткізгіштіктің бастапқы-шеттік есептерін, динамикалық және гидродинамикалық есептерді, серпімділік теориясының екіөлшемді есептерін жіктейді және шешеді (ОН 3);
  • функциялар теориясы, жалпыланған функциялар, Соболев кеңістіктері, енгізу теоремалары, шеттік есептер, операторлардың коммутативті емес талдауы және стохастикалық талдау мәселелерін зерттейді (ОН 6);
  • группоидтар, топтар, квазитоптар мен лупалар, сақиналар, алгебралық тұйық өрістер, сызықтық алгебралар, модулярлық және дистрибутивті торлар, Буль алгебралары, сүзгілер мен ультрасүзгілер теориясының есептерін талдайды (ОН 6);
  • жүйелі ғылыми дүниетаным негізінде диссертациялық жұмыс аясындағы кешенді, оның ішінде пәнаралық зерттеулерді жоспарлайды, зерттеу және практикалық міндеттерді шешудің негізделген жолдарын ұсынады (ОН 4);
  • ағылшын тілінде ғылыми мақалалар жазады, ғылыми әдебиеттерді аударады; баяндамалар, есептер, шолулар, рефераттар және аннотациялар дайындайды, дәйексөз келтіру мен кәсіби этика талаптарын сақтайды (ОН 5, ОН 7);
  • интегралдық түрлендірулер мен модельдер теориясы саласында дербес зерттеулер жүргізеді, жоғары оқу орнында математикалық пәндерді оқытуда заманауи педагогикалық және ғылыми әдістерді қолданады.

Кәсіби қызмет салалары

  • Түлектің кәсіби қызмет салалары мен объектілері:
  • а) Кәсіби қызмет салалары: жоғары білім беру, ғылыми зерттеулер, жобалау, технологиялық және конструкторлық қызмет, мемлекеттік әкімшілік басқару. Қызмет объектілеріне жоғары оқу орнындағы педагогикалық үдеріс, білім беру мекемелеріндегі әдістемелік және әкімшілік жұмыс, математиканы қолданумен байланысты зерттеулер жатады.
  • Түлектер кәсіби қызметін жүзеге асыратын ұйымдар:
  • жоғары оқу орындары;
  • ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми орталықтар мен зертханалар;
  • жобалау, технологиялық және конструкторлық ұйымдар;
  • мемлекеттік әкімшілік басқару және білім беруді басқару органдары;
  • білім беру ұйымдары.
  • б) Түлектің кәсіби қызмет түрлері:
  • педагогикалық: жоғары оқу орындарында, оның ішінде магистратура мен докторантурада математикалық пәндерді оқыту;
  • әкімшілік-басқарушылық және сараптамалық-кеңесшілік: ғылым, білім беру және жоғары технологиялар саласындағы талдау мен стратегиялық жоспарлау, ғылыми мақалалар мен жобаларды сараптау, магистрлік диссертацияларға жетекшілік ету;
  • ғылыми-зерттеу: математиканың іргелі және қолданбалы бағыттарында зерттеулер жүргізу, ғылыми-техникалық салада инновация элементтерін қолдану.
  • в) Түлектің кәсіби қызмет функциялары:
  • оқыту: математикалық пәндер бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру;
  • тәрбиелеу: білім алушылардың ғылыми мәдениеті мен жауапкершілігін қалыптастыру;
  • әдістемелік: оқу-әдістемелік материалдар мен оқыту тәсілдерін әзірлеу;
  • зерттеушілік: ғылыми жұмыстарды жоспарлау, орындау және нәтижелерін ұсыну;
  • әлеуметтік-коммуникативтік: білім алушылармен, әріптестермен және ғылыми қоғамдастықпен өзара әрекеттесу.

Бейіндік дайындық

  • Бағдарлама ғылыми және академиялық ортаға жоғары білікті математиктерді даярлауға бағытталған. Күндізгі оқу қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі, бағдарламаның көлемі – 180 кредит. Даярлық математикалық талдауды, дифференциалдық теңдеулерді, интегралдық түрлендірулерді, алгебраны және модельдер теориясын қамтиды. Докторант өзекті ғылыми міндеттерді тұжырымдап, зерттеу әдістерін таңдайды, нәтижелерді сыни бағалайды және оларды оқыту тәжірибесінде қолданады.
  • Оқу жоспарына «Академиялық хат (ағылшын тілінде)», «Ғылыми зерттеу әдістері», «Математиканың іргелі бағыттарындағы өзекті мәселелер» пәндері және таңдау пәндері: «Операциялық есептеу», «Интегралдық түрлендірулер және олардың қосымшалары», «Алгебраның таңдаулы сұрақтары (ағылшын тілінде)», «Модельдер теориясының таңдаулы сұрақтары (ағылшын тілінде)» кіреді. Педагогикалық және зерттеу практикаларының әрқайсысына 10 кредит, тағылымдама мен диссертацияны орындауды қамтитын ғылыми-зерттеу жұмысына 123 кредит, қорытынды аттестаттауға 12 кредит бөлінеді.
  • Бағдарламаны аяқтап, докторлық диссертациясын қорғаған түлек философия докторы (PhD) дәрежесін алады және жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу ұйымдарында кәсіби қызмет атқара алады.

ББ өзгерістері жылдар бойынша

0

Бағдарлама өзгерістері әлі қосылмаған.