Білім беру бағдарламалары

Математика педагогтерін даярлау

Қолжетімді мамандықтар

1
Магистратура · 7M01502

Математика

Оқу мерзімі2 жыл Оқу нысаныҒылыми-педагогикалық маг (2 жыл) Конкурсқа қатысу үшін ең төменгі баллНақтыланады Оқу ақысы732 600 ₸

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Білім беру бағдарламасының мақсаты – жоғары оқу орындарында, колледждерде, білім беруді басқару органдарында, білім беру ұйымдарында және ғылыми-зерттеу орталықтарында ғылыми, педагогикалық және кәсіби-практикалық қызметті жүзеге асыру үшін іргелі білімі, инновациялық тәсілдері мен зерттеу дағдылары бар математика оқытушыларын даярлау.

Берілетін дәреже

«7M01502 – Математика» білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі

Аккредиттеу

Аккредиттеу сертификатыCAAAE ресми тізіліміне сәйкес: қолданыстағы бағдарламалық аккредиттеу, қолданылу мерзімі – 24.06.2024–23.06.2029.

Рейтингтердегі орны

0

Рейтинг нәтижелері әлі қосылмаған.

Оқуды аяқтағаннан кейін

Мүмкін лауазымдар

  • Түлек педагог, колледж оқытушысы, жоғары оқу орнының оқытушысы және ғылыми қызметкер болып жұмыс істей алады.

Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері

  • Мінез-құлық дағдылары және жеке қасиеттер (Soft skills):
  • ғылыми дүниетанымын кеңейтеді, кәсіби қызметтің салдарын бағалауда және әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруда құқықтық және этикалық нормаларды қолданады (ОН 11);
  • шығармашылық қабілеттері мен жеке қасиеттерін дамытады, даулы және жанжалды жағдайларды толеранттылықпен шешеді, педагогикалық қызметке жауапкершілікпен қарайды (ОН 1);
  • ғылыми қоғамдастықта кәсіби тақырыптар бойынша пікір алмасады, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін іскерлік қарым-қатынаста еркін қолданады (ОН 12);
  • жаңа жағдайларға бейімделеді, жинақталған тәжірибесін қайта бағалайды, өз мүмкіндіктерін талдап, зияткерлік және жалпы мәдени деңгейін жетілдіреді (ОН 12);
  • кәсіби және қоғамдық өмірге белсенді қатысады, әріптестерімен ынтымақтасады, білім алушылар мен білім беру саласының мүдделі тараптарымен өзара іс-қимыл жасайды.
  • Цифрлық құзыреттер (Digital skills):
  • цифрлық сауаттылықты меңгереді, ақпаратпен жұмыс істеу құралдарын, жаңа цифрлық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқытуда және зерттеуде қолданады (ОН 14);
  • алгоритмдер мен бағдарламалық жүйелерді әзірлейді, үлгілік жобалық шешімдер мен заманауи есептеу техникасы құралдарын пайдаланады (ОН 8);
  • бағдарламалау дағдыларын, цифрлық құралдар мен жасанды интеллект әдістерін ғылыми зерттеулерде және кәсіби міндеттерді шешуде қолданады, жаңа технологияларды жүйелі меңгереді (ОН 3).
  • Кәсіби құзыреттер (Hard skills):
  • математикалық есепті талдайды, оны шешу әдісін таңдайды және ғылыми-зерттеу мен әдістемелік жұмыста қолданады (ОН 7);
  • нақты үдерістер мен жағдайлардың математикалық модельдерін құрады, тиісті математикалық құралдарды қолданады (ОН 6);
  • күрделі мәселелерді талдап, оларды шешудің оңтайлы жолдарын табады (ОН 5);
  • көлемді қолданбалы және кәсіби есептерді жылдам есептеу үшін заманауи математикалық бағдарламаларды меңгереді, жүйелейді және пайдаланады (ОН 13);
  • заманауи оқыту технологиялары мен озық дидактикалық-әдістемелік тәсілдер негізінде оқу материалдарын әзірлейді (ОН 10);
  • кәсіби қызметте шығармашылық тәсілді қолданады, сөйлеуінің мазмұндылығын, айқындығын, бейнелілігін және сенімділігін дамытады (ОН 4);
  • педагогика мен ғылымның жаңа жетістіктерін, математиканы оқытудың инновациялық әдістерін және жасанды интеллект технологияларын оқу үдерісіне енгізеді (ОН 2);
  • әртүрлі білім беру ұйымдарындағы базалық және элективті курстардың оқу бағдарламаларын талдайды және іске асырады (ОН 9);
  • алгебра, логика, анализ, модельдер теориясы және дифференциалдық теңдеулер бойынша терең білімді ғылыми және педагогикалық міндеттермен байланыстырады, зерттеу нәтижелерін оқу тәжірибесінде қолданады.

Кәсіби қызмет салалары

  • а) Кәсіби қызмет салалары: орта арнаулы және жоғары білім беру, ғылыми зерттеулер, білім берудегі әдістемелік және әкімшілік жұмыс. Қызмет объектілеріне колледждер мен жоғары оқу орындарындағы педагогикалық үдеріс және математиканы қолданумен байланысты ғылыми зерттеулер жатады.
  • Түлектер кәсіби қызметін жүзеге асыратын ұйымдар:
  • колледждер және орта арнаулы оқу орындары;
  • жоғары оқу орындары;
  • ғылыми-зерттеу ұйымдары;
  • гимназиялар мен лицейлер;
  • математикалық бейіндегі мамандандырылған мектептер;
  • мемлекеттік және мемлекеттік емес ғылым және білім беру мекемелері.
  • б) Түлектің кәсіби қызмет түрлері:
  • педагогикалық: математиканы оқыту, сабақтар мен оқу материалдарын әзірлеу, білім алушылардың жетістіктерін бағалау;
  • ғылыми-зерттеу: математика және оны оқыту әдістемесі саласындағы мәселелерді зерттеу, модельдер құру және нәтижелерді ұсыну;
  • әкімшілік-басқарушылық және сараптамалық-консультациялық: білім беру үдерісін ұйымдастыру, бағдарламалар мен оқу материалдарын талдау, әдістемелік ұсынымдар дайындау.
  • в) Түлектің кәсіби қызмет функциялары:
  • оқыту: оқу сабақтарын жоспарлау және өткізу, заманауи әдістер мен цифрлық құралдарды қолдану;
  • тәрбиелік: білім алушылардың жауапкершілігін, ынтымақтастық дағдыларын және кәсіби мәдениетін дамыту;
  • әдістемелік: оқу-әдістемелік материалдарды, курстарды және бағалау құралдарын әзірлеу;
  • зерттеушілік: ғылыми жұмысты жоспарлау, математикалық есептерді шешу, нәтижелерді талдау және ұсыну;
  • әлеуметтік-коммуникативтік: білім алушылармен, әріптестермен және білім беру ұйымдарымен кәсіби өзара іс-қимыл жасау.

Бейіндік дайындық

  • Бағдарлама математикалық даярлықты жоғары мектеп педагогикасымен, оқыту әдістемесімен және зерттеу жұмысымен ұштастырады. Оқу көлемі – 120 ECTS, оқу нысаны – күндізгі, оқыту тілдері – қазақ және орыс тілдері. Магистрант математикалық есептерді зерттеуді, оқытуды жобалауды, цифрлық технологияларды және жасанды интеллектіні қолдануды меңгереді. Педагогикалық практикаға 4 кредит, зерттеу практикасына 12 кредит, тағылымдама мен магистрлік диссертацияны орындауды қамтитын ғылыми-зерттеу жұмысына 24 кредит, қорытынды аттестаттауға 8 кредит бөлінеді.
  • Негізгі пәндер: «Ғылым тарихы мен философиясы», «Жоғары мектептің педагогикасы», «Басқару психологиясы», «Шет тілі (кәсіби)», «Алгебра және логиканың іргелі мәселелері», «Анализдің фундаменталдық сұрақтары», «Оқу үдерісін ұйымдастырудағы интерактивті әдістер (ағылшын тілінде)». Таңдау пәндері топтар теориясын, сақиналар мен модульдерді, модельдер теориясын, математикалық физика және интегралдық теңдеулерді, математиканы онлайн оқытуды, білім берудегі жасанды интеллектіні, ғылыми нәтижелерді коммерцияландыруды және инновациялық кәсіпкерлікті қамтиды.
  • Түлектер педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алып, колледждерде, жоғары оқу орындарында, мектептерде және ғылыми-зерттеу ұйымдарында жұмыс істей алады, сондай-ақ докторантурада оқуын жалғастыра алады.

ББ өзгерістері жылдар бойынша

1
2026Жаңарту

Оқу жоспары іргелі математика, педагогика, басқару психологиясы және кәсіби тілдік даярлықты біріктіреді. Таңдау пәндері инновациялық және онлайн оқытуды, жасанды интеллектіні, ғылыми нәтижелерді коммерцияландыруды және математикалық зерттеулерді қамтиды. Практикалар мен диссертациялық жұмыс ғылыми-педагогикалық даярлықты толықтырады.

Өзгерістер туралы құжат