Бакалавриат
· 6B01408
Тарих, құқық негіздері және кәсіпкерлік
Оқу мерзімі4 жыл
Оқу нысаныкүндізгі
Шекті баллНақтыланады
Грант балыНақтыланады
Оқу ақысы869 200 ₸
Бейіндік пәндер
Дүниежүзі тарихы
География
Білім беру бағдарламасының мақсаты
Орта білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында ғылыми-педагогикалық және кәсіби-практикалық қызметке дайын, іргелі және қолданбалы білімі мен зерттеу дағдылары бар, бәсекеге қабілетті тарих, құқық негіздері және кәсіпкерлік мұғалімін даярлау.
Берілетін дәреже
6B01408 «Тарих, құқық негіздері және кәсіпкерлік» білім беру бағдарламасы бойынша бакалавр
Аккредиттеу
Аккредиттеу сертификатыАРТА (IAAR) мамандандырылған аккредиттеуі. Шешім 20.12.2024 күні қабылданған, 19.12.2029 дейін жарамды.Құжат әлі қосылмаған.
Рейтингтердегі орны
1
IAAR
«B008 Құқық және экономика негіздері мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламалар тобы бойынша
2026 жыл2 орынРастау құжаты
2022 жыл2 орынРастау құжаты
Оқуды аяқтағаннан кейін
Мүмкін лауазымдар
- тарих пен құқық мұғалімі;
- заңгер-кеңесші;
- бизнес құрылымдарының маманы.
Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері
- Қазақстан тарихы мен дүниежүзі тарихының ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі оқиғаларын сипаттайды, себеп-салдарлық байланыстарды анықтайды.
- Тарихи деректерге сыртқы және ішкі сын жүргізеді, тарихнаманы бағалайды, архив және музей материалдарымен жұмыс істейді.
- Тарих пен құқық бойынша заманауи сабақты жоспарлайды, критериалды бағалауды қолданады.
- Оқытуда цифрлық, қашықтықтан оқыту технологияларын және жасанды интеллектіні пайдаланады.
- Мемлекет және құқық теориясы, азаматтық және кәсіпкерлік құқық бойынша білімін қолданады, құқық салаларын ажыратады.
- Экономикалық теория, микро- және макроэкономика, фирма экономикасы, шағын және орта бизнес, қаржылық сауаттылық негіздерін меңгерген.
- Педагогикалық үдерісті іс-әрекеттік және тұлғаға бағдарланған тәсілдер негізінде ұйымдастырады, инклюзивті білім беруді ескереді.
- Адам құқықтары мен құқық үстемдігі құндылықтарына сүйенген саяси-құқықтық ойлауы қалыптасқан.
Кәсіби қызмет салалары
- орта білім беру: мектептер, гимназиялар, лицейлер
- техникалық және кәсіптік білім беру: колледждер
- білім беруді басқару органдары, әдістемелік кабинеттер мен орталықтар
- қосымша білім беру, білім беру орталықтары
- кеңес беру және кәсіпкерлік саласы
Бейіндік дайындық
- Тарих: «Қазақстанның ежелгі тарихы», «Қазақстанның ортағасыр тарихы», «Қазақстанның жаңа заман тарихы», «XX ғасырдағы Қазақстан», «Ежелгі дүние тарихы», «Ортағасырлар тарихы», «Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы», «Азия мен Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы», «Деректану», «Тарихнама», «Архивтану», «Музейтану».
- Құқық: «Мемлекет және құқық теориясы», «Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы», «Азаматтық құқық», «Кәсіпкерлік құқық», «Кәсіпкерлік қызметтің жеке түрлерін құқықтық реттеу».
- Экономика және кәсіпкерлік: «Экономикалық теория», «Микроэкономика», «Макроэкономика», «Ұлттық экономика», «Фирманың экономикасы», «Шағын және орта кәсіпкерлік экономикасы», «Қаржылық сауаттылық негіздері».
- Әдістеме: «Құқық және тарихты оқыту әдістемесі», «Бизнестік-бағдарланған пәндерді оқыту әдістемесі», «Бағалаудың өлшемдік технологиялары».
Buketov University