Магистратура
· 7M06101
Ақпараттық жүйелер және технологиялар
Оқу мерзімі2 жыл
Оқу нысаныҒылыми-педагогикалық маг (2 жыл)
Конкурсқа қатысу үшін ең төменгі балл75
Оқу ақысы732 600 ₸
Бейіндік пәндер
Білім беру бағдарламасының мақсаты
Ақпараттық және цифрлық технологиялар саласында іргелі және қолданбалы білімі, ғылыми-педагогикалық, кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін зерттеу дағдылары бар техникалық ғылымдар магистрін даярлау болып табылады.
Берілетін дәреже
«7М06101 - Ақпараттық жүйелер және технологиялар» білім беру бағдарламасы бойынша техника ғылымдарының магистрі
Аккредиттеу
Аккредиттеу сертификатыҚазақстанның заманауи (элиталық) білім ассоциациясы (KAZSEE) – 06.03.2023 - 05.03.2028 жж.Құжат әлі қосылмаған.
Рейтингтердегі орны
0Рейтинг нәтижелері әлі қосылмаған.
Оқуды аяқтағаннан кейін
Мүмкін лауазымдар
- АКТ саласындағы ғылыми зерттеуші
- жасанды интеллект жөніндегі маман
- жасанды интеллект жөніндегі инженер
- DataMining жөніндегі маман
- QA - Инженер
- жнженер-бағдарламашы
- жолледж оқытушысы
- қосымша білім беру педагогы
- оқытушы, білім беру саласындағы ассистент, ЖОО
- білім беру саласындағы оқытушы, аға оқытушы/сеньор-лектор, ЖОО
- Педагог. Білім менеджері
Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері
- Ғылыми танымның қазіргі заманғы тұжырымдамалары мен әдістерін меңгереді, ғылымның философиялық, этикалық және тарихи негіздерін ескере отырып, ақпараттық технологиялар саласындағы ғылыми-зерттеу міндеттерін тұжырымдауға және шешуге қабілетті.
- IT саласындағы кәсіби шетелдік терминологияны және академиялық жазуды меңгерген, шет тілінде ғылыми және кәсіби қарым-қатынас жасай алады.
- Инновациялық кәсіпкерлікті және ғылыми зерттеулерді коммерцияландыруды саласында білімі бар, АТ жоғары технологиялық және ғылымды қажетсінетін салада жобаларды әзірлей және іске асыра алады.
- Цифрлық дағдылар (Digital skills)
- Цифрлық құралдар мен сандық және сапалық талдау әдістерін пайдалана отырып, магистрлік диссертацияны жоспарлауды, іске асыруды және қорғауды қоса алғанда, ақпараттық жүйелер мен технологиялар саласындағы ғылыми зерттеулерді ұйымдастырады және орындайды.
- Білім алушылардың жеке және ерекше білім алу қажеттіліктерін ескере отырып, оқу бағдарламаларының, нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес білім беру ұйымының қызметін жоспарлау тәсілдері мен әдістерін меңгереді, жоғары мектепте АТ-пәндерін оқытуда педагогикалық және психологиялық тәсілдерді қолданады.
- Кәсіби дағдылар (Hard skills)
- Корпоративтік ақпараттық жүйелерді, мобильді және web-қосымшаларды жобалауды, сондай-ақ таратылған және қорғалған есептеу жүйелерін құруды қоса алғанда, программалық қамтамасыз етуді әзірлеудің заманауи технологиялары мен құралдарын қолданады.
- Кәсіби қызметте қолданбалы және зерттеу міндеттерін шешу үшін үлкен деректерді талдау, өңдеу және визуализациялау әдістерін, машиналық оқыту алгоритмдерін және нейрожелілік технологияларды пайдаланады.
Кәсіби қызмет салалары
- Қызмет салалары: ақпараттық орталықтар, өнеркәсіп, ғылым, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылық, мемлекеттік басқару мекемелері
- Жұмыс орындары: зерттеу институттары, басқару ұйымдары, департаменттер, қаржы мекемелері, бизнес құрылымдар, математика, қолданбалы математика және информатика әдістерін кәсіби қызметте компьютерлік технологияларды пайдаланатын әртүрлі меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдар, ЖОО-дың, колледждердің педагогикалық процессі болып табылады.
- Кәсіби қызмет түрлері:
- o ғылыми-зерттеушілік;;
- o жобалық-конструкторлық;
- o өндірістік-технологиялық;
- o эксплуатациондық;
- o ұйымдастырушылық-басқарушылық;
- o білім беру
Бейіндік дайындық
- 70 кредит. Теориялық оқыту: Ғылым тарихы мен философиясы, Жоғары мектептің педагогикасы, Басқару психологиясы, ІТ-саласындағы кәсіби шетел терминологиясы, Академиялық хаттың мәдениеті және этикасы, Ғылыми және ғылыми- техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, Ғылымды қажет ететін инновациялық кәсіпкерлік
- Бағдарламалық қамтаманы өңдеу технологиялары, IT-саласындағы инноватика
- Корпоративті ақпараттық жүйелерді жобалау және құру, Нейрондық желілер және терең оқыту, Жоғары мектепте IT-пәндерді оқыту әдістемесі, Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау, Ғылыми зерттеулердегі цифрлық технологиялар, Саңдық әдістердің қолданбалы есептері, Алгоритмдер теориясы
- Java-да таратылған жүйелерді құру (ағылшын тілінде), Python ғылыми зерттеулерде (ағылшын тілінде), Криптология (ағылшын тілінде), Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету технологиялары, Интерактивті Web-қосымшаларды жобалау және құру (ағылшын тілінде), Мобильді құрылғыларға арналған программалық жасақтаманы құру, Үлкен деректерді талдау және визуализациялау әдістері
- 18 кредит. Практика: педагогикалық және зерттеу практикасы.
- 24 кредит. Ғылыми-зерттеу жұмысы: тағылымдамадан өту және магистрлік диссертацияны орындау.
- 8 кредит. Қорытынды аттестаттау: магистрлік диссертацияны қорғау.
ББ өзгерістері жылдар бойынша
0
Бағдарлама өзгерістері әлі қосылмаған.
Buketov University