Білім беру бағдарламалары

Тарих және археология

Қолжетімді мамандықтар

1
Магистратура · 7M02201

Тарих

Оқу мерзімі2 жыл Оқу нысаныҒылыми-педагогикалық маг (2 жыл) Конкурсқа қатысу үшін ең төменгі баллНақтыланады Оқу ақысы732 600 ₸

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Гуманитарлық білім саласында педагогикалық және ғылыми қызметті жүзеге асыра алатын тарихшыларды даярлау.

Берілетін дәреже

7M02201 «Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша магистр

Аккредиттеу

Аккредиттеу сертификатыБСҚТА мамандандырылған аккредиттеуі, 2024 жылғы куәлік.

Рейтингтердегі орны

0

Рейтинг нәтижелері әлі қосылмаған.

Оқуды аяқтағаннан кейін

Мүмкін лауазымдар

  • ҒЗИ, музейдің ғылыми қызметкері
  • архив маманы
  • ЖОО және колледж оқытушысы
  • мәдени мұраны қорғау инспекциясының маманы

Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері

  • Магистрлік диссертацияға қойылатын талаптарға сай ғылыми зерттеу жүргізеді, тақырыпты, гипотезаны және әдістерді тұжырымдайды.
  • Тарих ғылымының методологиясы мен функцияларының рөлін бағалайды, деректанулық және тарихнамалық зерттеулерді қорытады.
  • Архивтану мен музейтанудың өзекті мәселелерін біледі, Қазақстанның архив ісі жөніндегі нормативтік актілерін қолданады.
  • Демографиялық үдерістердің, тарихи дамудың және урбанистиканың ұғымдары мен заңдылықтарын қолданады.
  • Білім беру ұйымдарында педагогикалық үдерісті ұйымдастырады, жоғары мектеп педагогикасын меңгерген.
  • Үш тілде еркін сөйлеседі, АКТ-ны пайдаланады, ғылыми нәтижелерді коммерцияландыруды түсінеді.

Кәсіби қызмет салалары

  • мұражайлар, мұрағаттар
  • мәдени мұраны қорғау инспекциялары
  • коммерциялық кәсіпорындар
  • атқарушы билік органдары

Бейіндік дайындық

  • «Деректану мен тарихнаманың теориялықметодологиялық мәселелері», «Қазақстан тарихы деректануының өзекті мәселелері», «Қазақстанның тарих ғылымының тарихы», «Тарихи урбанистика», «Қазақстанның демографиялық тарихының өзекті мәселелері», «Қазақстан тарихын зерттеудегі фольклорлық материалдар», «XX ғасырдағы Қазақстанның экономикалық жаңғыруы», «Дүниежүзі тарихының іргелі мәселелеріне жаңа көзқарастар», «Шетел тарихнамасының өзекті мәселелері».

ББ өзгерістері жылдар бойынша

1
2026Жаңа пән енгізілді

ЮНЕСКО және қазақтардың материалдық емес мәдени мұрасы Қазақстан тарихын зерттеудегі фольклорлық материалдар Әлеуметтік тарих және күнделікті өмір: өткенді зерттеудің жаңа тәсілдері Ортағасырлық Қазақстан: дала империяларының қалыптасуы мен гүлденуі және олардың Шығыс пен Батыс өркениеттерімен өзара байланыстары

Өзгерістер туралы құжат