Магистратура
· 7M03103
Халықаралық қатынастар
Оқу мерзімі2 жыл
Оқу нысаныҒылыми-педагогикалық маг (2 жыл)
Конкурсқа қатысу үшін ең төменгі балл75
Оқу ақысы732 600 ₸
Бейіндік пәндер
Білім беру бағдарламасының мақсаты
Сыртқы саяси және сыртқы экономикалық салаларда жұмыс істейтін мамандарды даярлау, халықаралық ынтымақтастық пен аймақтық зерттеулер саласында тиімді қызмет етуге қажетті дағдыларды қалыптастыру.
Берілетін дәреже
7M03103 «Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасы бойынша магистр
Аккредиттеу
Аккредиттеу сертификатыБСҚТА мамандандырылған аккредиттеуі, 2024 жылғы куәлік.Құжат әлі қосылмаған.
Рейтингтердегі орны
0Рейтинг нәтижелері әлі қосылмаған.
Оқуды аяқтағаннан кейін
Мүмкін лауазымдар
- мемлекеттік мекемелердің, СІМ маманы
- дипломатиялық өкілдік қызметкері
- халықаралық мәселелер жөніндегі сарапшы-талдаушы
- халықаралық ұйым немесе корпорация маманы
- ЖОО оқытушысы
Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері
- Әлемдік құрылымның негізгі трендтерін біледі, халықаралық жағдайды орнықты даму мақсаттарын ескере отырып талдайды.
- Халықаралық қатынастар мен сыртқы саясатты ғылыми зерттеу әдістерін меңгерген, деректермен жұмыс істейді.
- Халықаралық қатынастар теориялары мен тұжырымдамаларын практикалық жағдайларға қолданады, талдамалық қорытынды дайындайды.
- Халықаралық қатынастар және дипломатия саласында шет тілінде қарым-қатынас жасайды, кәсіби терминологияны меңгерген.
- Жария дипломатияның цифрлық дағдыларын және ақпараттық қауіпсіздік негіздерін меңгерген.
- Басқару психологиясының, қақтығыстарды реттеудің және жоғары мектеп педагогикасының негіздерін түсінеді.
Кәсіби қызмет салалары
- мемлекеттік мекемелер
- үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдар
- халықаралық корпорациялар
- дипломатиялық өкілдіктер
Бейіндік дайындық
- «Халықаралық қатынастар теориясы», «Қазақстан Республикасының қазіргі сыртқы саяси стратегиясы», «Экономикалық дипломатия», «Цифрлық дипломатия», «Халықаралық жағдайларды талдау», «Халықаралық қатынастар мен сыртқы саясатты зерттеу методологиясы», «Жаһандық қауіпсіздік және қазіргі халықаралық қақтығыстар», «Қарусыздану саясаты және кәдімгі әрі ядролық қаруды бақылау», «ҚРРФ ҚХР XXI ғасырдағы еуразиялық геосаясаттың стратегиялық үшбұрышы», «Орнықты даму мақсаттары және жаһандық мәселелер».
ББ өзгерістері жылдар бойынша
0
Бағдарлама өзгерістері әлі қосылмаған.
Buketov University