Білім беру бағдарламалары

Шет тілдері педагогтерін даярлау

Қолжетімді мамандықтар

1
Докторантура PhD · 8D01702

Шетел тілі: екі шетел тілі

Оқу мерзімі3 жыл Оқу нысаныДокторантура Конкурсқа қатысу үшін ең төменгі балл75 Оқу ақысы1 307 000 ₸

Бейіндік пәндер

Жабық тапсырмалармен тестілеу Ашық тапсырмалармен тестілеу

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Шетел тілдері, лингвистика, мәдениетаралық коммуникация және екі шетел тілін оқыту әдістемесі саласында терең зерттеушілік, тілдік, педагогикалық және кәсіби құзыреттілікке ие, халықаралық академиялық кеңістік жағдайында инновациялық білім беру және ғылыми қызметті жүзеге асыруға қабілетті, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіне, сондай-ақ ғылыми-зерттеу саласына арналған жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.

Берілетін дәреже

8D01702 – Шетел тілі: екі шетел тілі білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD)

Аккредиттеу

Аккредиттеу сертификатыБілім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі (БСҚА, IQAA). Қолданылу мерзімі: 01.04.2023–31.03.2030. 01.04.2023 жылғы IA-A № 0139 сертификаты.

Рейтингтердегі орны

0

Рейтинг нәтижелері әлі қосылмаған.

Оқуды аяқтағаннан кейін

Мүмкін лауазымдар

  • жоғары оқу орнының оқытушысы, ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері, білім беру ұйымының басшысы немесе басшысының орынбасары, білім беру ұйымдарындағы маман, білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттарының қызметкері.

Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері

  • Мінез-құлық дағдылары мен тұлғалық қасиеттер (Soft skills):
  • дерекқорлармен жұмыс істеу дағдыларын меңгеру; зерттеу нәтижелерін ғылыми жарияланым түрінде ұсыну; ұлттық немесе халықаралық деңгейде мақалалар жариялау арқылы ғылыми саланың аясын кеңейту;
  • нақты практикалық әдістемелік міндеттерді шешу үшін отандық және шетелдік педагогикалық мұра жетістіктерін, шеттілдік және көптілді білім берудің заманауи бағыттары мен тұжырымдамаларын білетінін көрсету;
  • жаңа ғылыми идеяларды сыни тұрғыдан талдау, бағалау және жинақтау; ғылыми коммуникацияны жүзеге асыру, зерттеу нәтижелерін ұлттық және халықаралық академиялық кеңістікте ұсыну және ілгерілету;
  • лингводидактикалық мәселелерді зерделеу немесе зерттеу саласына қатысты кеңірек не пәнаралық салалар шеңберіндегі жаңа немесе таныс емес жағдайлар мен контекстерде білімді қолдану, түсінігін көрсету және мәселелерді шешу қабілетін таныту;
  • теориялық және эксперименттік педагогикалық зерттеулер жүргізу, олардың нәтижелерін сынақтан өткізу және шеттілдік білім беру тәжірибесіне енгізу; этикалық және әлеуметтік жауапкершілікті ескере отырып, ғылыми негізделген ұсынымдар тұжырымдау және шешім қабылдау;
  • кәсіби және ғылыми ортада тиімді өзара әрекеттесуге мүмкіндік беретін деңгейде қазақ, орыс және шетел тілдерін еркін меңгеру; инновациялық педагогикалық және ғылыми қызмет нәтижелерін таныстыру және қорғау;
  • Цифрлық құзыреттер (Digital skills):
  • оқыту мен оқуды жетілдіру үшін цифрлық құралдар мен технологияларды пайдалану; зерттеу жүргізу, қарым-қатынас жасау, бірлесіп жұмыс істеу және мәселелерді шешу үшін цифрлық құрылғыларды, бағдарламалық қамтылым мен қосымшаларды тиімді пайдалану.
  • Кәсіби құзыреттер (Hard skills):
  • жоғары әлеуметтік құндылықтарға және ізгілік педагогикасы идеяларына адалдық таныту; қабылданған моральдық және құқықтық нормалар негізінде кәсіби қоғамдастықпен және білім берудің барлық мүдделі тараптарымен әлеуметтік және кәсіби өзара әрекеттесуге дайын болу; білім алушылардың зияткерлік, шығармашылық және тұлғалық әлеуетін іске асыруына мүмкіндік беретін дамытушы білім беру ортасын құруға дайын болу;
  • дербестік пен өзін-өзі реттеудің жоғары деңгейінде әрі қарай білім алуға және тұлғалық дамуға мүмкіндік беретін дағдыларды меңгеру;
  • жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде кәсіби оқытушылық қызметті жүзеге асыру; заманауи білім беру және цифрлық технологияларды қолдана отырып, оқу пәндерін әзірлеу және оқыту; оқу сабақтарының әртүрлі түрлерін өткізу әдістемесін меңгеру;
  • талдамалық жұмыс жүргізуге қабілетті болу; педагогикалық құбылыстар мен ғылыми деректерге сыни талдау жасау, шеттілдік білім беру саласындағы ғылыми мәселелер мен зерттеу міндеттерін тұжырымдау және негіздеу; меңгерілген білімді нақты педагогикалық жағдайларды сараптамалық бағалау үшін қолдану;
  • жаңа ғылыми идеяларды сыни тұрғыдан талдау, бағалау және жинақтау; ғылыми коммуникацияны жүзеге асыру, зерттеу нәтижелерін ұлттық және халықаралық академиялық кеңістікте ұсыну және ілгерілету;
  • шеттілдік білім берудің заманауи парадигмасының әдіснамалық негіздерін меңгеру; білім беру бағдарламаларын, технологияларын және шетел тілдерін оқыту үдерісін модельдеу, жобалау және жетілдіру;
  • диссертациялық зерттеу шеңберіндегі ғылыми-зерттеу қызметін жоспарлау, ұйымдастыру және басқару; зерттеу әдіснамасы мен әдістерін айқындау, ғылыми ақпаратты іздеу және өңдеу, зерттеу нәтижелерінің енгізілуін қамтамасыз ету;

Кәсіби қызмет салалары

  • а) «8D01702 – Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасы түлегінің кәсіби қызмет саласы мен нысандарына жоғары оқу орындары, колледждер, ғылыми-зерттеу институттары, мемлекеттік мекемелер (білім департаменті, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі), педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру және білім беру жүйесі қызметкерлерін қайта даярлау институттары жатады.
  • б) Түлектің кәсіби қызмет түрлері:
  • білім беру (педагогикалық);
  • әлеуметтік-педагогикалық;
  • ғылыми-зерттеу.
  • в) Түлектің кәсіби қызмет функциялары:
  • білім беру;
  • коммуникативтік-оқыту;
  • тәрбиелеу;
  • дамыту;
  • диагностикалық (ғылыми-зерттеу);
  • құрастыру және жоспарлау;
  • ұйымдастырушылық (басқарушылық);
  • инновациялық.

Бейіндік дайындық

  • «8D01702 – Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіне, сондай-ақ шеттілдік білім беру, лингвистика және шетел тілдерін оқыту әдістемесі саласындағы ғылыми-зерттеу қызметіне арналған жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауға бағытталған. Оқу барысында докторант лингвистика, педагогика және шеттілдік білім беру саласындағы заманауи теориялық және қолданбалы мәселелерге сыни және тұжырымдамалық талдау жасауды; тілдік құбылыстар мен білім беру үдерістерінің даму заңдылықтарын анықтауды; шетел тілдерін оқытудың заманауи әдіснамалары мен инновациялық технологияларын қолдануды; білім беру технологиялары мен шетел тілдерін оқыту әдістемелерінің тиімділігін бағалауды, сондай-ақ ғылыми зерттеу нәтижелерін білім беру және академиялық тәжірибеге енгізуді үйренеді.
  • Докторант «Академиялық жазылым (ағылшын тілінде)», «Ғылыми зерттеу әдістері», «Шеттілдік білім беру саласындағы зерттеулер: теория және практика», «Шеттілдік білім беру парадигмасының теориялық-әдіснамалық негіздері», «Шеттілдік даярлықтағы ашық білім беру ресурстары», «Тілдік категорияларды зерттеудің когнитивтік әдістері (ағылшын тілінде)», «Кәсіби білім беру акмеологиясы» сияқты пәндерді оқиды.
  • Түлектер философия докторы (PhD) дәрежесін алады және жоғары оқу орындарында сабақ бере алады, ғылыми-зерттеу институттарында жұмыс істей алады.

ББ өзгерістері жылдар бойынша

1
2026Еңбек функциясы

2026 жылы білім беру бағдарламасына жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне (профессор-оқытушылар құрамына) арналған кәсіптік стандартта көзделген еңбек функциялары енгізілді. Сонымен қатар оқу пәндерінің қысқаша сипаттамалары жаңартылды.Білім беру бағдарламасының жаңартылған күні: 14.07.2026

Өзгерістер туралы құжат