Магистратура
· 7M01505
Биология
Оқу мерзімі2 жыл
Оқу нысаныҒылыми-педагогикалық маг (2 жыл)
Конкурсқа қатысу үшін ең төменгі балл75
Оқу ақысы732 600 ₸
Бейіндік пәндер
Білім беру бағдарламасының мақсаты
Биология және оны оқыту әдістемесі саласында ғылыми-зерттеу және педагогикалық құзыреттерге ие, орта және жоғары білім беру жүйесінде кәсіби қызметті жүзеге асыруға қабілетті жоғары білікті мамандар даярлау.
Берілетін дәреже
«7М01505 – Биология» білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі.
Аккредиттеу
Аккредиттеу сертификатыБілім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз аккредиттеу және сараптау агенттігі (ARQA). Аккредиттеу мерзімі: 30.12.2022 – 29.12.2027.Құжат әлі қосылмаған.
Рейтингтердегі орны
0Рейтинг нәтижелері әлі қосылмаған.
Оқуды аяқтағаннан кейін
Мүмкін лауазымдар
- жоғары оқу орындарында оқытушы, маман және зертханашы; ғылыми-зерттеу институттарында инженер, зертханашы; санитариялық-эпидемиологиялық станцияларда маман;
- жалпы орта білім беретін мектептерде, гимназиялар мен колледждерде биология пәнінің мұғалімі;
- жас натуралистер станцияларында, табиғат музейлерінде маман;
- мемлекеттік басқару ұйымдарында, білім басқармаларында, әкімдіктерде және басқа да мекемелерде маман.
Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері
- Мінез-құлық дағдылары мен жеке қасиеттері (Soft skills):
- Қазақстан Республикасында жоғары білім мен ғылымды дамыту тұжырымдамасын іске асыру мақсатында философия, педагогика және психология салаларындағы тұрақты білімдері мен дағдыларын көрсетеді.
- Педагог мәртебесіне сәйкес биология саласындағы заманауи педагогикалық технологияларды өз бетінше терең меңгеру үшін қажетті білім, білік және дағдылар кешенін қолданады.
- Өз бетінше тиімді шығармашылық және зерттеу қызметін жүзеге асыру дағдыларын меңгереді; ғылыми жұмысының нәтижелерін коммерцияландыру жолдарын ұсынады.
- Жеке зерттеу тұжырымдамасын жүзеге асыру үшін ақпарат жинайды және оны интерпретациялайды, ғылыми қызмет нәтижелерін тәжірибеде қолдану жолдарын әзірлейді; биология саласындағы жаңа ғылыми жаңалықтардың нәтижелерін маңызды қолданбалы міндеттерді шешуге бағыттауда инновациялық тәсілдің маңыздылығын түсінеді.
- Сандық құзыреттіліктер (Digital skills):
- Кәсіби қызметінде оқу сабақтары мен оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруға арналған заманауи IT-технологияларды қолдану аясын кеңейтеді.
- Оқу ортасын байыту және білім алушылардың ынтасын арттыру мақсатында жасанды интеллект мүмкіндіктеріне сүйене отырып, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) қолданудың жаңа жолдарын әзірлейді.
- Кәсіби құзыреттіліктер (Hard skills):
- Тірі ағзалардың ұйымдасу деңгейлеріндегі биологиялық үдерістердің механизмдерін талдайды; заманауи жабдықтарды пайдалана отырып, далалық және зертханалық жағдайларда биологиялық нысандармен жұмыс істеудің ақпараттық құндылығы жоғары эксперименттік әдістерін таңдайды.
- Тұтас ағзаның және оның жекелеген мүшелері мен жүйелерінің тіршілік әрекеттерінің ерекшеліктері мен оларды реттеу механизмдерін түсіндіреді; ағзаның тіршілік әрекетінің негізінде жатқан жасушалық үдерістерді сипаттайды.
- Хронобиологияның теориялық қағидаларын тәжірибеде іске асыру мүмкіндіктерін бағалайды; табиғат туралы заманауи құндылықтық түсініктер негізінде ғылыми-зерттеу қызметінің тәсілдерін әзірлейді; жануарлардың экожүйелердегі рөлін түсіндіреді; жүйелік санаттарды сипаттау және қолдану дағдыларын көрсетеді.
- «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының ережелерін ескере отырып, биологияны оқытудың негізгі әдістерін саралайды, жоғары оқу орындары мен орта кәсіптік білім беру ұйымдарында қолданылатын инновациялық және интерактивті педагогикалық технологияларды іріктеп, кәсіби қызметінде пайдаланады.
- Кәсіби қарым-қатынаста биологиялық терминологияны ағылшын тілінде қолдану ерекшеліктерін түсіндіреді.
- Биологияның әртүрлі салаларындағы заманауи ғылыми жетістіктерді меңгеру үшін теориялық және практикалық ғылым саласындағы білімін тереңдетіп, дағдылар аясын кеңейтеді.
Кәсіби қызмет салалары
- Бітірушілердің кәсіби қызмет саласы биологияны оқытудың теориялық және практикалық әдістемесі болып табылады.
- «7М01505 – Биология» білім беру бағдарламасы бойынша магистрлердің кәсіби қызметінің объектілеріне медициналық және биологиялық бағыттағы жоғары оқу орындары, орта және арнаулы орта білім беру ұйымдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды қажет ететін әртүрлі бейіндегі ғылыми-зерттеу ұйымдары жатады.
Бейіндік дайындық
- 74 кредит. Теориялық оқыту:Білім берудегі ғылыми зерттеулерді практикаға енгізу, Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, Биологияны шет тілінде оқыту, Биологиялық білім берудің теориясы мен практикасы (ағылшын тілінде), Биологиядағы инновациялық технологиялар, Биологиядағы заманауи қолданбалы әдістер, Теориялық биология, Жасуша биологиясы, Физиологияның заманауи аспектілері, Жоғары мектепте биологиялық пәндерді оқыту әдістемесі, Биологиялық білім берудегі ТРИЗ-технологиялары, Биологияны тұжырымдамалық оқыту, Заманауи білім беру кеңістігіндегі STEM технологиялары, Хронобиология, Биологиялық жүйелердегі циклдік үдерістер, Жануарлар дүниесінің филогениясы, Жануарлар систематикасы, Зоологиядағы эксперименттік зерттеулер, Экожүйелер динамикасын зерттеудің зоологиялық әдістері, Жасанды интеллектіні пайдалана отырып, экожүйелер динамикасын зерттеу әдістері.
- 24 кредит. Ғылыми-зерттеу жұмысы: Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы, оның ішінде ғылыми тағылымдамадан өту және магистрлік диссертацияны орындау (МҒЗЖ).
- 14 кредит. Практика: Педагогикалық және зерттеу практикасы.
- 8 кредит. Қорытынды аттестаттау: Магистрлік диссертацияны рәсімдеу және қорғау.
ББ өзгерістері жылдар бойынша
1
2025Жаңа пән енгізілді
2025 жылы оқу жоспарына бірқатар жаңа пәндер енгізілді: Жоғары мектепте биологиялық пәндерді оқыту әдістемесі; Жасанды интеллектіні пайдалана отырып, экожүйелер динамикасын зерттеу әдістері.
Өзгерістер туралы құжат
Buketov University