Магистратура
· 7M05101
Биология
Оқу мерзімі2 жыл
Оқу нысаныҒылыми-педагогикалық маг (2 жыл)
Конкурсқа қатысу үшін ең төменгі балл75
Оқу ақысы732 600 ₸
Бейіндік пәндер
Білім беру бағдарламасының мақсаты
Еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, теориялық және практикалық даярлық деңгейі жоғары, биологияның әртүрлі салаларында өз бетінше ғылыми зерттеулер жүргізуге қабілетті биолог маманды қалыптастыру.
Берілетін дәреже
«7М05101 – Биология» білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі.
Аккредиттеу
Аккредиттеу сертификатыБілім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік (IQAA). Білім беру бағдарламаларының халықаралық аккредиттелгені туралы SA-A №0193/1 куәлігі 2020 жылғы 9 қарашада берілген. Куәліктің қолданылу мерзімі: 2020 жылғы 9 қарашадан 2027 жылғы 8 қарашаға дейін.Құжат әлі қосылмаған.
Рейтингтердегі орны
0Рейтинг нәтижелері әлі қосылмаған.
Оқуды аяқтағаннан кейін
Мүмкін лауазымдар
- жоғары оқу орындарында оқытушы, маман және зертханашы; ғылыми-зерттеу институттарында инженер, зертханашы; санитариялық-эпидемиологиялық станцияларда маман;
- жалпы орта білім беретін мектептерде, гимназиялар мен колледждерде биология пәнінің оқытушысы;
- ұлттық парктерде, қорықтарда, хайуанаттар бақтарында, ботаникалық бақтарда, жас натуралистер станцияларында, селекциялық және обаға қарсы күрес станцияларында, табиғат музейлерінде маман;
- ғылыми-өндірістік, жобалау және геоботаникалық ұйымдарда аға техник, техник;
- экологиялық қызметтер мен ұйымдарда маман;
- мемлекеттік басқару ұйымдарында, әкімдіктерде және басқа да мекемелерде маман.
Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері
- Мінез-құлық дағдылары мен жеке қасиеттері (Soft skills):
- Жоғары мектептегі әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану, педагогикалық және психологиялық ғылымдардың негізгі заманауи эпистемологиялық модельдері мен тәсілдерін, олардың өзара сәйкестігін біледі және түсінеді; ғылым тарихы мен философиясының заманауи мәселелерін, логикалық және ғылыми ойлау заңдылықтарын, ғылыми зерттеудің негізгі кезеңдері мен логикасын меңгереді.
- Кәсіби қызметінде психология мен басқарудың негізгі қағидалары мен әдістерін қолданады, өзара әрекеттесу субъектілері арасындағы жанжалды жағдайларды шешу және басқару саласындағы қатынастарды реттеу үшін психологиялық әдістер мен тәсілдерді пайдаланады.
- Өз білімін жетілдіру, дербес ғылыми-зерттеу және ғылыми-педагогикалық қызметті жүзеге асыру, кәсіби ұтқырлығын арттыру мақсатында биология және пәнаралық бағыттардағы заманауи зерттеулердің нәтижелерін талдайды.
- Кәсіби және ғылыми ортада тиімді қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретін деңгейде шет тілдерін меңгереді; өздігінен білім алуды жалғастыру және ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыру барысында ағылшын тіліндегі биологиялық ғылыми дереккөздерден алынған жаңа ақпаратты пайдаланады.
- Әлемдік ғылыми кеңістікте, оның ішінде шетелде біліктілігін арттыру және ғылыми ынтымақтастық дағдыларын көрсету мақсатында өз ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін шет тілінде көпшілік алдында таныстырады.
- Зерттеу нәтижелерін коммерциялық мақсатта пайдалану жұмыстарын ұйымдастыру және олардың коммерциялық әлеуетін бағалау саласында практикалық дағдыларды, кәсіби құзыреттерді және стратегиялық талдау әдістерін меңгереді.
- Сандық құзыреттіліктер (Digital skills):
- Ғылыми зерттеулер жүргізуде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдаланудың негізгі қағидаларын түсінеді; жаратылыстану ғылымдарының мәселелерін шешу, бағалау іс-шараларын жүргізу және цифрлық ортада сыни ойлаудың заманауи нысандарын іске асыру үшін биологиялық жүйелерді талдаудың компьютерлік әдістерін қолданады; биоалуантүрлілік мониторингі жобаларын орындау барысында деректердің үлкен көлемін өңдеу және талдау үшін жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдаланады.
- Ғылыми мақалалар мен тезистер жазу кезінде дербес компьютерлік техникамен, графикалық редакторлармен, қолданбалы компьютерлік бағдарламалармен және жаратылыстану ғылымдары бағытындағы деректер базаларымен жұмыс істеу дағдыларын пайдалана отырып, өз ғылыми зерттеулерінің нәтижелілігін бағалайды.
- Алынған биологиялық деректермен одан әрі тиімді жұмыс істеу мақсатында цифрлық алгоритмдер көмегімен ғылыми нәтижелердің шынайылығы мен дұрыстығын бағалайды.
- Кәсіби құзыреттіліктер (Hard skills):
- Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар түрлерді басқару, жануарлар популяцияларының эволюциялық әлеуетін сақтау мәселелерінің мәнін анықтау және талдау, сондай-ақ табиғатты қорғау биологиясы саласындағы озық білімге, заманауи зерттеу әдістеріне, жануарларды реттеу және түгендеу тәсілдеріне сүйене отырып, оларды шешу стратегияларын жоспарлау қабілетін көрсетеді.
- Жануарлар популяцияларын басқару ерекшеліктерін, табиғатты ұтымды пайдаланудың экологиялық қағидаларын және экологиялық сараптама әдістерін түсіну негізінде дербес ғылыми-зерттеу, ғылыми-педагогикалық, ұйымдастырушылық, қоғамдық және табиғат қорғау қызметін жүзеге асыру барысында туындайтын міндеттерді шешеді.
- Биология саласындағы инновациялық қызметті басқару тәсілдері мен әдістерін меңгереді, жаһандану және интернационалдану жағдайындағы отандық ғылымның дамуының заманауи үрдістерін, бағыттары мен заңдылықтарын біледі.
- Өркениеттің даму жолдары мен оны сақтаудың перспективалары, сондай-ақ геосаяси және биосфералық үдерістердің өзара байланысы туралы өзіндік көзқарасын қалыптастыру мақсатында эволюцияның негізгі заманауи теориялары мен тұжырымдамаларының қағидаларын тұжырымдайды.
- Генетика, жасушалық және эволюциялық биология салаларында заманауи эксперименттік зерттеу әдістері мен ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, жеке ғылыми зерттеулерін жүргізу барысында биолог маманның кәсіби этикалық ұстанымдарын сақтайды.
Кәсіби қызмет салалары
- Бітірушілердің кәсіби қызмет салаларына тірі табиғатты және оның қоршаған ортамен байланысын зерттеу, биоалуантүрлілікті зерделеу, биологиялық сараптама жүргізу және табиғатты қорғау мониторингін жүзеге асыру, популяциялар мен экожүйелердің эволюциялық әлеуетін реттеу, табиғи ресурстарды басқару жатады.
Бейіндік дайындық
- 74 кредит. Теориялық оқыту: Биология курсындағы инновациялық технологиялар, Биология ғылымының даму перспективалары, Биологиядағы ғылыми терминология (ағылшын тілінде), Биологиядағы ғылыми коммуникацияның теориясы мен практикасы, Білім берудегі ғылыми зерттеулерді практикаға енгізу, Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, Далалық зерттеу әдістері, Цитопатология, Жоғары мектепте биологиялық пәндерді оқыту әдістемесі, Эволюциялық биология, Жаһандық қауымдастықтағы жануарлар (ағылшын тілінде), Жануарлар дүниесін қорғау (ағылшын тілінде), Эпигенетика, Генетикалық және жасушалық инженерия, Биологиялық зерттеулер этикасы, Биомониторинг, Қоршаған ортаның биоиндикациясындағы жануарлар дүниесінің тест-нысандары.
- 24 кредит. Ғылыми-зерттеу жұмысы: Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы, оның ішінде ғылыми тағылымдамадан өту және магистрлік диссертацияны орындау (МҒЗЖ).
- 14 кредит. Практика: Педагогикалық және зерттеу практикасы.
- 8 кредит. Қорытынды аттестаттау: Магистрлік диссертацияны рәсімдеу және қорғау.
ББ өзгерістері жылдар бойынша
1
2025Жаңа пән енгізілді
2025 жылы оқу жоспарына бірқатар жаңа пәндер енгізілді: Биологиялық деректерді талдау және модельдеуге арналған жасанды интеллект; Экожүйелік сервистің зоологиялық аспектілері.
Өзгерістер туралы құжат
Buketov University