Бакалавриат
· 6B11302
Логистика (салалар бойынша)
Оқу мерзімі4 жыл
Оқу нысаныкүндізгі
Шекті балл65
Грант балы112
Оқу ақысы869 200 ₸
Бейіндік пәндер
Математика
География
Білім беру бағдарламасының мақсаты
Логистиканың қызмет етуінің теориялық негіздері мен заңдылықтары, логистика әдіснамасы, логистикалық менеджменттің теориясы мен тәжірибесі аясында білімі бар логистикалық үрдістерді басқару саласында мамандарды даярлау.
Берілетін дәреже
"6B11302-Логистика (салалар бойынша)" білім беру бағдарламасы бойынша қызмет көрсету саласының бакалавры
Аккредиттеу
Аккредиттеу сертификатыББСҚТҚА, №SEA куәлігі №АВ 6428, берілген күні: 30.04.2026 ж., қолданылу мерзімі 29.04.2031 ж. дейінҚұжат әлі қосылмаған.
Рейтингтердегі орны
2
2022 жыл2 орынРастау құжаты

2026 жыл3 орынРастау құжаты
Оқуды аяқтағаннан кейін
Мүмкін лауазымдар
- – басқарушы (қауымдастық, логистикалық кәсіпорын директоры);
- – логистика бөлімінің бастығы / меңгерушісі(менеджер);
- – экспедиторлық агенттіктің басшысы;
- – логист (тиісті деңгейдегі логистикалық маман; тиісті деңгейдегі көлік-экспедиторлық қызмет саласындағы маман; тиісті деңгейдегі логистикалық менеджер);
- – көлік-экспедиторлық қызмет саласындағы маман;
- – кедендік және көліктік-экспедициялық қызметтер бойынша агент;
- – сапа бойынша менеджер (үрдістер менеджері, сапа менеджерінің орынбасары, санат маманы);
- – операционды логист (клиенттерге қызмет көрсету менеджері, логист);
- – көлік-логистикалық орталықтың менеджері (директор, КЛО бас директоры);
- сатып алу жөніндегі менеджер;
- – кедендік ресімдеу және сертификаттау жөніндегі менеджер;
- – қойма меңгерушісі;
- – көлік менеджері;
- – өндірістік логистика менеджері;
- – көлік қызметінің бастығы;
- – көлік логистикасының маманы;
- – логистика бойынша менеджер;
- – мультимодальды тасымалдау маманы.
Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері
- Мінез-құлық дағдылары және жеке қасиеттер (Softskills):
- Қоғам, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау саласындағы тараптардың заңды мүдделері, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың экономикалық және әлеуметтік шарттары, қаржылық сауаттылық негіздері, сондай-ақ экологиялық тұрақтылық пен өмір қауіпсіздігі қағидаттары туралы білімін көрсетеді, бұл әлеуметтік, этикалық және ғылыми тұрғыдан пайымдаулар қалыптастыру үшін ақпаратты жинау және түсіндіруге мүмкіндік береді, академиялық адалдық қағидаттарын сақтай отырып, инклюзия құндылықтарын қалыптастырады.
- Мемлекеттік басым бағдарламалар, әлеуметтік саясат пен экономиканы дамытудың негізгі бағыттары туралы пікірін фактілер мен құбылыстарды талдауға сүйеніп еркін білдіреді; кәсіби қызметтің әлеуметтік салдарын терең түсінетіндігін көрсетеді
- Экономикалық-математикалық әдістерді қолдана отырып, микро және макродеңгейдегі басқарушылық міндеттерді шешеді; логикалық дәлелдер мен кәсіби пайымдаулар арқылы озық білім мен теорияларды пайдаланады.
- Логистика саласында жеке бизнес жобалау және іске қосу кезінде алған білімін сенімді түрде қолданады, дербес білім алуға және кәсіби тұрғыда үздіксіз дамуға дайын екенін көрсетеді.
- Логистикалық үдерістерді басқарудың әртүрлі деңгейлерінде ғылыми тәсілдерге сай теориялық және практикалық білімді қолдана отырып, экономикалық тұрғыдан негіздейді.
- Сатылым және логистика саласында тауар топтары мен олардың сараптамасы жөніндегі білімді қолдана отырып, теория мен практиканың өзара байланысын түсінетіндігін көрсетеді.
- Цифрлық құзыреттіліктер (Digital skills):
- Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, цифрлық шешімдерді және жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып, логистикалық ақпаратты бағалайды; мәліметтерді кәсіби этика және академиялық адалдық талаптарын ескере отырып түсіндіреді.
- Өндірісті ұйымдастырудың және логистикалық міндеттерді дер кезінде орындаудың ерекшеліктерін түсіндіреді, бұл ретте заманауи логистикалық жүйелер мен цифрлық платформаларды пайдаланады.
- Кәсіби құзыреттіліктер (Hardskills):
- Жеткізу тізбегіндегі өндірісті ұйымдастыру мен қорларды басқаруда логистиканың рөлін жүйелік тәсіл мен заманауи теорияларды қолдана отырып түсіндіреді.
- Логистикалық функциялардың реттілігін кәсіби тұрғыда талдап, түсіну негізінде жеткізу тізбегіндегі логистикалық үдерісті жүйелейді.
- Халықаралық стандарттар мен құқықтық нормаларды түсінетіндігін көрсете отырып, кедендік реттеу және сыртқы сауда операцияларын есепке алу саласындағы білімін қолданады.
Кәсіби қызмет салалары
- Түлектердің кәсіби қызмет саласы болып сауда және қызмет көрсету, көлік,өндіріс мекемелерінің лггистикалық инфрақұрылымдық бөлімшелері немесе логистика қызметтері, логистикалық компаниялар, аналитикалық қызметтер және консалтингтік компаниялар табылады. 6B11302 Логистика (салалар бойынша) білім беру бағдарламасының қызмет көрсету саласындағы бакалаврының кәсіби қызмет объектілері: логистика және логистика жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін кәсіпорындар, ұйымдар, акционерлік қоғамдар, логистикалық орталықтар және меншік нысандарының корпорациялары. Логистикалық жүйелер мен технологияларды, соның ішінде жоғары және орта арнайы оқу орындарын дамытуды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының министрліктері мен ведомстволарының логистикалық бөлімдері, өндірістік, сатып алу, жеткізу және маркетинг бөлімшелері мен логистикалық қызметтері, көлік және сауда ұйымдары, ғылыми-зерттеу және жобалау кәсіпорындары.
- Кәсіби қызмет түрлері
- «6B11302 Логистика (салалар бойынша)» БББ бойынша қызмет көрсету саласындағы бакалаврлар келесі кәсіби қызметтерді атқара алады:
- ұйымдастырушылық және басқарушылық;
- өндіріс пен технология;
- қызмет көрсету;
- зерттеу;
- білім беру (педагогикалық).
Бейіндік дайындық
- 205 кредит. Теориялық оқыту: Экономикадағы математика, Ықтималдықтар теориясы, Дүниежүзі тарихы, Микроэкономика, Экономикалық теория, Макроэкономика, Кәсіпкерлік қызмет негіздері, Маркетинг, Қаржы, Статистика, Бухгалтерлік есеп, Менеджмент, Кәсіпорын экономикасы, Эконометрика, Логистикалық компанияны ұйымдастыру, жоспарлау және басқару, Өмір қауіпсіздігінің негіздері, Тауартану, Экология негіздері және тұрақты даму, Логистикалық фирмалардың экономикасы, Логистикадағы экономикалық-математикалық әдістер мен модельдер, Логистиканың экономикалық негіздері, Ғылыми зерттеу негіздері, Ақпараттық логистика, Көліктік және логистикалық телематика, Логистикадағы цифрлық технологиялар (Power BI, Big Data, Excel), Қызмет көрсету саласындағы логистика, Адам ресурстарын басқару, Инклюзивті мәдениет, Логистика негіздері, Өндіріс негіздері, Басқарушылық есеп, Өндірістік үдерісті құрастырудағы логистикалық модельдер (ERP/WMS/TMS-модульдер, MRP, MRP II, AnyLogic), Жобалық талдау негіздері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негіздері, Экономиканы мемлекеттік реттеу, Операциялық менеджмент, Стратегиялық маркетинг, Кәсіби қызметтегі жасанды интеллект, Салық және салық салу, Қаржылық менеджмент, Жабдықтау логистикасы, Жеткізу тізбектерін басқару, Көлік логистикасы, Қойма логистикасының негіздері, Өндіріс логистикасы, Өндірісті ұйымдастыру, Тауар қозғалысының логистикасы, Тарату логистикасы, Сыртқы сауда операцияларының логистикасы, Жаһандық логистикалық жүйелер, Кедендік бақылау, Кедендік операциялар мен рәсімдер
- 27 кредит. Практика: Оқу, Өндірістік, Өндірістік, Дипломалды
- 8 кредит. Қорытынды аттестаттау: Дипломдық жұмысты әзіреу және қорғау.
ББ өзгерістері жылдар бойынша
0
Бағдарлама өзгерістері әлі қосылмаған.
Buketov University