Бакалавриат
· 6B11201
Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
Оқу мерзімі4 жыл
Оқу нысаныкүндізгі
Шекті балл65
Грант балы68
Оқу ақысы869 200 ₸
Бейіндік пәндер
Математика
Физика
Білім беру бағдарламасының мақсаты
Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тіршілік қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау саласында бакалаврларды жоғары білікті мамандарды даярлау.
Берілетін дәреже
6B11201 – «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасы бойынша қызмет көрсету саласының бакалавры
Аккредиттеу
Аккредиттеу сертификатыОрталық азия білім жүйесін аккредитеу қауымдастығы, сертификат № 25/24КА0057, берілген күні: 11.04.2025, жарамдылық мерзімі: 11.04.2025г. – 10.04.2030г.Құжат әлі қосылмаған.
Рейтингтердегі орны
1
IAAR
«B094 Санитарлық-профилактикалық іс-шаралар» білім беру бағдарламалары тобы бойынша
Оқуды аяқтағаннан кейін
Мүмкін лауазымдар
- Бакалаврлар кіші ғылыми қызметкерлердің, инженер-зертханашылардың, ғылыми-зерттеу, конструкторлық және жобалау ұйымдарының инженерлерінің алғашқы лауазымдарын жұмыс өтіліне талап қойылмай, 1-санатты техник және өзге де лауазымдарды атқара алады.
Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері
- Мінез-құлық дағдылары және жеке қасиеттер (Soft skills):
- Тіршілік қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау саласындағы кәсібилік;
- Азаматтық жауапкершілік;
- Құқықтық сана-сезім;
- Руханият және мәдениет;
- Дербестік;
- Аналитикалық ойлау;
- Академиялық адалдық қағидалары мен мәдениетінің маңызын түсіну.
- Сандық құзыреттер (Digital skills):
- осы саладағы озық білімге негізделген, зерттелетін саладағы білімі мен түсініктерін көрсету;
- кәсіби деңгейде білім мен түсінуді қолдану, дәлелдерді қалыптастыру және оқытылатын саладағы мәселелерді шешу;
- әлеуметтік, этикалық және ғылыми жинақтарды ескере отырып, пайымдаулар қалыптастыру үшін ақпаратты жинауды және түсіндіруді жүзеге асыру.
- Кәсіби құзыреттер (Hardskills):
- оқытылатын салада оқу-практикалық және кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімді қолдану;
- оқытылатын салада одан әрі оқуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті оқыту дағдылары;
- ғылыми зерттеулердің әдістерін және академиялық хатты білу және оларды оқытылатын салада қолдану;
- оқытылатын салада фактілерді, құбылыстарды, теорияларды және олардың арасындағы күрделі тәуелділікті білу және түсіну;
- академиялық адалдық принциптері мен мәдениетінің маңызын ұғыну.
Кәсіби қызмет салалары
- Бакалавриат түлектері мемлекеттік органдарда, меншіктің әртүрлі нысанындағы ұйымдар мен мекемелерде, ғылыми-зерттеу және білім беру ұйымдарында, сондай-ақ алған біліктілігіне сәйкес басқа да ұйымдарда кәсіби қызметін жүзеге асыра алады. Жұмыс өтіліне қойылатын талаптарсыз бастапқы лауазымдарда, оның ішінде кіші маман, басшының көмекшісі, бейінді бөлімшелердің маманы және біліктілік талаптарына сәйкес басқа да лауазымдарда жұмыс істей алады.
Бейіндік дайындық
- Экономика, кәсіпкерлік, құқық және қаржылық сауаттылық негіздері; Математика; Физика; Мамандыққа кіріспе; Техногендік қауіпсіздікті басқару; Еңбекті қорғау; Техносфералық қауіпсіздік; Кәсіпорынның экологиялық қауіпсіздігі; Химиялық қауіпсіздік негіздері; Өнеркәсіптік желдету; Экология негіздері және тұрақты даму; Тіршілік қауіпсіздігі саласындағы жұмыс орындарын ұйымдастыру және басқару кезіндегі жасанды интеллект; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негіздері; Ғылыми зерттеу негіздері; Құтқару жұмыстарының қауіпсіздігі; Техника және технология қауіпсіздігі; Өнеркәсіптегі еңбек қауіпсіздігі; Инклюзивті мәдениет; Өлшеу түрлендіргіштердің негіздері; Метрология, стандарттау және сертификаттау; Экологиялық сараптама және қоршаған ортаға әсерді бағалау; Төтенше жағдайларды болжау және тәуекелдерді бағалау; Тіршілік қауіпсіздігін қадағалау мен бақылау; Өмір қауіпсіздігінің негіздері; Технологиялық өлшеулер және аспаптар; Тіршілік қауіпсіздігін бақылау және өлшеу әдістері мен құралдары; Эксперименттік нәтижелерді өңдеудің компьютерлік технологиялары; Эксперименттік нәтижелерді модельдеу әдістері; Өлшеу және басқару құрылғыларының электроникасы; Жабдықтардың сыналуын ұйымдастыру; Эргономика негіздері; Радиоөлшеу негіздері; Автоматика негіздері; Технологиялық процестерді автоматтандыру; Радиациялық қауіпсіздік негіздері; Өнеркәсіптік қауіпсіздікті техникалық реттеу; Кәсіпорындардағы авариялық және төтенше жағдайлар; Қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу; Жану және жарылу теориясының негіздері; Кәсіби қазақ тілі; Атмосфераны газ шығарындыларынан қорғау технологиялары; Жобаларды сараптау; Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардың өрт қауіпсіздігі; Өрт сөндіруді сумен жабдықтау; Су дайындаудың физика-химиялық тәсілдері; Өрт сөндіру және өртке қарсы техникалық сараптама негіздері; Қоршаған ортаны қорғау объектілері мен жүйелерін жобалау.
Buketov University