Бакалавриат
· 6B11103
Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі
Оқу мерзімі4 жыл
Оқу нысаныкүндізгі
Шекті балл65
Грант балы110
Оқу ақысы869 200 ₸
Бейіндік пәндер
География
Шетел тілі
Білім беру бағдарламасының мақсаты
Мейрамхана бизнесі мен қонақ үй ісін ұйымдастыру саласында іргелі білімі, инновациялық тәсілдері, зерттеу дағдылары бар бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау.
Берілетін дәреже
"6B11103-Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі" білім беру бағдарламасы бойынша қызмет көрсету саласының бакалавры
Аккредиттеу
Аккредиттеу сертификатыББСҚТҚА, №SEA куәлігі №АВ 6428, берілген күні: 30.04.2026 ж., қолданылу мерзімі 29.04.2031 ж. дейінҚұжат әлі қосылмаған.
Рейтингтердегі орны
2
2022 жыл2 орынРастау құжаты

IAAR
«B093 Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» білім беру бағдарламалары тобы бойынша
2023 жыл3 орынРастау құжаты
2022 жыл3 орынРастау құжаты
Оқуды аяқтағаннан кейін
Мүмкін лауазымдар
- менеджер (бас менеджер, бас директор, қонақ үй кәсіпорнының директоры);
- менеджер (бас менеджердің/Бас директордың/қонақ үй кәсіпорны директорының орынбасары);
- менеджер (қонақ үй кәсіпорнының бөлім бастығы);
- бас директор
- нөмірлерді брондау операторы;
- қонақ үй кәсіпорнының әкімшісі;
- қоғамдық тамақтандыру ұйымының директоры (меңгерушісі) (мейрамхана/вагон-мейрамхана/фаст-фуд мекемелеріндегі/ қоғамдық та-мақтандыру департаментінің/ кафе/ кафетерий, кондитерлік өнімдер директоры);
- мейрамхананың басшысы;
- зал меңгерушісі / менеджер (мейрамхана, кафе және т. б.);
- өндіріс меңгерушісі (асхана, кафе және т. б.);
- шарап жертөлесін басқару;
- бөлім бастығы (қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында);
- қоғамдық тамақтандыру ұйымының әкімшісі;
- бөлім бастығы (брондау, қабылдау және орналастыру, кадрлар, маркетинг және сату);
- брондау бөлімінің менеджері;
- қонақтарға қызмет көрсету жөніндегі менеджер;
- қонақтармен байланыс жөніндегі менеджер.
Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері
- Мінез-құлық дағдылары және жеке қасиеттер (Softskills):
- Қоғам, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау саласындағы тараптардың заңды мүдделері, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың экономикалық және әлеуметтік шарттары, қаржылық сауаттылық негіздері, сондай-ақ экологиялық тұрақтылық пен өмір қауіпсіздігі қағидаттары туралы білімін көрсетеді, бұл әлеуметтік, этикалық және ғылыми тұрғыдан пайымдаулар қалыптастыру үшін ақпаратты жинау және түсіндіруге мүмкіндік береді, академиялық адалдық қағидаттарын сақтай отырып, инклюзия құндылықтарын қалыптастырады.
- Қызмет көрсету саласы кәсіпорындары қызметінің экономикалық тиімділік көрсеткіштерін есептеу және экономикалық-математикалық модельдеу, бухгалтерлік есеп, менеджмент, маркетинг әдістерін қолданады, ҚР салық жүйесіне сәйкес кәсіпорынның қаржылық жоспарын және салықтар мен алымдар бойынша есептерді жасайды. Мұның бәрі ғылыми зерттеулер мен академиялық жазу әдістерін білуге және оларды маркетинг саласында қолдануға мүмкіндік береді.
- Іскерлік қарым-қатынастың негізгі қағидаттары мен нормалары туралы білімді практикада қолданады, іскерлік этикет нормаларын ескере отырып, еңбек қатынастарын құрады.
- Цифрлық құзыреттіліктер (Digital skills):
- Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оңтайлы шешімдерді анықтау үшін логистикалық ақпаратты бағалайды, бұл логистикалық жүйелерді басқару саласындағы озық білімге негізделген сандық логистика саласындағы білім мен түсінушілікті көрсетуге мүмкіндік береді.
- Жасанды интеллект технологияларын жобалық шешімдерді генерациялау, визуализациялау және оңтайландыру үшін пайдалану саласындағы құзыреттерді меңгере отырып, қонақ үй және мейрамхана кешендерінің жобалары мен дизайнын жасайды.
- Мейрамхана ісі мен қонақ үй бизнесін жоспарлау ерекшеліктерін пайдаланады.
- Кәсіби құзыреттіліктер (Hardskills):
- Микро және макродеңгейде пайда болатын басқару мәселелерін экономикалық-математикалық әдістерді қолдана отырып шешеді.
- Мейрамхана және қонақ үй бизнесін басқару саласында фактілерді, құбылыстарды, теорияларды және олардың арасындағы күрделі тәуелділіктерді білу мен түсінуді қолданады: алған білімдерін мейрамхана ісі мен қонақжайлылық саласында өз бизнесін жобалау кезеңінде туындайтын мәселелерді сәтті шешу үшін сенімді қолдана алады.
- Тауарлар мен қызметтерді сату жүйесінде әртүрлі тауар топтарының ерекшеліктері мен сараптамасы туралы білімді, оқытылатын салада одан әрі оқуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті оқыту дағдыларын қолданады.
Кәсіби қызмет салалары
- Кәсіби қызмет саласы қонақ үй және мейрамхана бизнесі, демалыс және ойын-сауық, қоғамдық тамақтану, қонақжайлылық саласындағы кәсіби білім болып табылады.
- Кәсіби қызмет объектілері: қонақ үй бизнесін ұйымдастырумен байланысты мемлекеттік басқару органдары (Министрліктер, әкімдіктер, олардың өңірлік бөлімшелері мен құрылымдары); мейрамхана және қонақ үй бизнесімен айналысатын мемлекеттік және жеке компаниялар; қызмет көрсету саласы, тамақтандыруды ұйымдастырумен байланысты кәсіпорындар (мейрамханалар, қонақ үйлер және басқа да құрылымдар); мүлік, мүліктік кешендер (кәсіпорындар,мекемелер, ұйымдар). мекемелер, ұйымдар) және қонақ үй индустриясының өзге де объектілері; тамақтану ұйымдарында тамақтануды, маркетингті дамыту проблемаларын зерделеумен айналысатын ғылыми-зерттеу ұйымдары; қонақ үй шаруашылығы бойынша орта буын мамандарын даярлайтын оқу орындары; мейрамхана ісі мен қонақ үй бизнесінде ішкі және сыртқы нарыққа қызметтерді ілгерілетумен айналысатын жарнама агенттіктері; ақпараттық ресурстар мен жүйелер, автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді және олардың технологияларын қамтамасыз ету құралдары және т. б.
Бейіндік дайындық
- 204 кредит. Теориялық оқыту: Экономикадағы математика, Бухгалтерлік есеп, Мейрамханалық және мейманхана бизнесіндегі кәсіпкерлік қызмет негіздері, Қонақжайлық индустриясының негіздері, Мейрамханада және мейманханада қызмет көрсету технологиясы, Маркетинг, Менеджмент, Салық және салық салу, Микро және макроэкономика, Шаруашылық қызметті талдау, Қонақ үй кәсіпорынның экономикасы, Экология негіздері және тұрақты даму, Мейрамхана-қонақ үй бизнесінінің ұйымдастырушылық-құқықтық негіздері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негіздері, GR-стратегиялар және қонақ үй және мейманхана бизнесіндегі мемлекеттік реттеу, Этикет және қарым-қатынас мәдениеті, Бизнес этикасы, Қонақжайлылық саласындағы мәдениетаралық коммуникациялар, Мейрамхана-қонақ үй бизнесіндегі баға қалыптастыру, Ғылыми зерттеу негіздері, Қонақ үй-мейрамханалық шаруашылықтағы логистика, Қызмет көрсету саласындағы логистика, Аниматорлық қызметті ұйымдастыру, Мейрамхана мен мейманхана бизнесіндегі бос уақыт және көңіл-көтеру индустриясы, Тауарлар мен қызметтердің сараптамасы, Өнімдер мен қызметтердің сапасын басқару.
- 28 кредит. Практика: Оқу, Өндірістік, Өндірістік, Дипломалды
- 8 кредит. Қорытынды аттестаттау: Дипломдық жұмысты әзіреу және қорғау.
ББ өзгерістері жылдар бойынша
0
Бағдарлама өзгерістері әлі қосылмаған.
Buketov University