Бакалавриат
· 6B11401
Әлеуметтік жұмыс
Оқу мерзімі4 жыл
Оқу нысаныкүндізгі
Шекті балл65
Грант балы74
Оқу ақысы869 200 ₸
Бейіндік пәндер
Биология
География
Білім беру бағдарламасының мақсаты
Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға әлеуметтік көмек пен қолдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру саласындағы кәсіби қызметке дайындау.
Берілетін дәреже
«6В10201 – Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламасы бойынша қызмет көрсету саласының бакалавры
Аккредиттеу
Аккредиттеу сертификатыҚұжат әлі қосылмаған.
Рейтингтердегі орны
1
2026 жыл3 орынРастау құжаты
Оқуды аяқтағаннан кейін
Мүмкін лауазымдар
- Түлектердің кәсіби қызметінің объектілері: "Азаматтарға арналған үкімет" МК құрылымдық бөлімшелері, жұмыспен қамту орталықтары, қалалардың, аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері, әлеуметтік сақтандырудың Бірыңғай Қорының филиалдары, Халыққа қызмет көрсету орталықтары, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, үйдегі әлеуметтік көмек бөлімшелері, Оңалту орталықтары, әлеуметтік бейімдеу орталықтары, дағдарыс орталықтары, медициналық-әлеуметтік мекемелер (ұйымдар), емханалар, емдеу-профилактикалық мекемелер; әлеуметтік баспаналар; әр түрлі меншік нысанындағы әлеуметтік қызметтер, өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға қызмет көрсету жөніндегі үкіметтік емес ұйымдар.
Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері
- Мінез-құлық дағдылары және жеке қасиеттер (Softskills): Этикалық, рухани және мәдени құндылықтар, әлеуметтік мінез-құлықтың негізгі заңдылықтары, жеке тұлғаға социологиялық көзқарастар, қоғамның даму тенденциялары туралы түсінікке ие. Озық білімге негізделген кәсіби қызметті ғылыми-практикалық ұйымдастыруда білімнің жүйелілігін көрсетеді. Әр түрлі әлеуметтік жағдайларда барабар бағдарлай алады, креативті ойлай алады, сауатты, әлемнің басқа халықтарының дәстүрлеріне, мәдениетіне төзімді, белсенді өмірлік ұстанымға ие. Клиентке бағдарлануды, командада жұмыс істеу және тез шешім қабылдау, жұмыс жағдайларының өзгеруіне жауап беру, ресурстарды бөлу және уақытты басқару қабілеттерін көрсетеді. Сауатты және дамыған сөйлеуді, ана және шет тілдерін, қарым-қатынас стратегияларын, сындарлы диалог, көпмәдениетті қоғамда қарым-қатынас дағдыларын меңгерген. Әлеуметтік жұмыс саласында фактілерді, құбылыстарды, теорияларды және олардың арасындағы күрделі тәуелділіктерді білу мен түсінуді қолданады. Академиялық адалдық принциптері мен мәдениетінің маңыздылығын түсіну.
- Сандық құзыреттер (Digitalskills): Нақты теориялық және практикалық кәсіби білім мен технологиялар негізінде Болашақ әлеуметтік қызметкердің қызметін жоспарлау және ұйымдастыру үшін интернет ресурстар мен мультимедиялық технологияларды, әртүрлі түрдегі ақпаратты өз бетінше өңдеу дағдыларын меңгерген, әлеуметтік, этикалық және ғылыми пайымдауларды ескере отырып, пайымдауларды қалыптастыру үшін ақпаратты жинауды және түсіндіруді жүзеге асырады; интернеттен және деректер базасынан ақпарат іздеу тәсілдерін меңгерген; АКТ онлайн форумдар мен семинарларды ұйымдастыруда, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы цифрлық мобильді қосымшаларды қолданады.
- Кәсіби құзыреттер (Hardskills): Базалық және бейіндік пәндер бойынша білім алу, Әлеуметтік жұмыс саласындағы кәсіби құзыреттілік, кәсіптік практикадан өту кезеңінде теориялық білімді тиімді бекіту дағдыларын, зерттелетін салада одан әрі оқытуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті дағдыларды меңгереді. Әлеуметтік жұмыстың әдіснамасы, әдістері мен технологиялары, психологиялық-педагогикалық, экономикалық, философиялық-аксиологиялық негіздері, кәсіби қызметтегі әлеуметтік процестерді жобалау, модельдеу, әлеуметтік жұмыстың отандық және шетелдік парадигмасы туралы білімдерін көрсетеді. Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық базасын практикалық қызметте шебер пайдаланады, әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінде әлеуметтік жұмыстың заманауи әдістері мен технологияларын, Әлеуметтік жұмыстағы инновациялық технологияларды қолданады. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және олардың сапасына мониторинг жүргізу дағдыларын меңгерген, клиенттер мен тиісті әлеуметтік қызметтер арасындағы өзара іс-қимылды үйлестіруді біледі.
Кәсіби қызмет салалары
- Кәсіби қызмет салалары: әлеуметтік қорғау, халықтың әртүрлі санаттарын әлеуметтік қамтамасыз ету.
- Түлектердің кәсіби қызметінің объектілері: "Азаматтарға арналған үкімет" МК құрылымдық бөлімшелері, жұмыспен қамту орталықтары, қалалардың, аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері, әлеуметтік сақтандырудың Бірыңғай Қорының филиалдары, Халыққа қызмет көрсету орталықтары, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, үйдегі әлеуметтік көмек бөлімшелері, Оңалту орталықтары, әлеуметтік бейімдеу орталықтары, дағдарыс орталықтары, медициналық-әлеуметтік мекемелер (ұйымдар), емханалар, емдеу-профилактикалық мекемелер; әлеуметтік баспаналар; әр түрлі меншік нысанындағы әлеуметтік қызметтер, өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға қызмет көрсету жөніндегі үкіметтік емес ұйымдар.
Бейіндік дайындық
- Бейіндік даярлау қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдар мен отбасыларға әлеуметтік көмек пен қолдау көрсетуді ұйымдастыру, халықты әлеуметтік қорғау шараларын іске асыру, халықтың осал топтарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, әлеуметтік қажеттіліктерді бағалау және әлеуметтік жұмыстың заманауи әдістері мен технологияларын қолдану салаларында кәсіби құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған.
ББ өзгерістері жылдар бойынша
0
Бағдарлама өзгерістері әлі қосылмаған.
Buketov University