Бакалавриат
· 6B01403
Дене шынықтыру және спорт
Оқу мерзімі4 жыл
Оқу нысаныкүндізгі
Шекті балл77
Грант балы122
Оқу ақысы869 200 ₸
Бейіндік пәндер
1-ші шығармашылық емтихан
2-ші шығармашылық емтихан
Білім беру бағдарламасының мақсаты
Жалпы орта, мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдарында, сондай-ақ спорт мекемелерінде кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін іргелі және қолданбалы білімді, педагогикалық және зерттеушілік құзыреттіліктерді меңгерген бәсекеге қабілетті дене шынықтыру және спорт педагогтерін даярлау.
Берілетін дәреже
6В01403 – «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры.
Аккредиттеу
Аккредиттеу сертификатыАрнайы аккредитациялық куәлігі БҚБТА 06.05.2013-05.05.2028 жж.Құжат әлі қосылмаған.
Рейтингтердегі орны
1
2026 жыл2 орынРастау құжаты
Оқуды аяқтағаннан кейін
Мүмкін лауазымдар
- Дене шынықтыру мұғалімі;
- Дене тәрбиесі оқытушысы;
- Дене тәрбиесінің жетекшісі;
- Дене шынықтыру нұсқаушысы;
- Қосымша білім беру педагогі;
- Спорт түрі бойынша жаттықтырушы;
- Спорт бойынша жаттықтырушы-оқытушы;
- Дене шынықтыру және спорт жөніндегі әдіскер;
- Дене шынықтыру және спорт жөніндегі нұсқаушы-әдіскер.
Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері
- Дене шынықтыру және спорт саласындағы озық жетістіктерге негізделген білімдері мен түсініктерін көрсетеді.
- Дене шынықтыру және спорт саласында ғылыми-практикалық білімдерін кәсіби деңгейде қолданады, дәлелдер тұжырымдайды және мәселелерді шешеді.
- Әлеуметтік, этикалық және ғылыми пайымдауларды ескере отырып, тұжырымдар жасау үшін ақпаратты жинау мен түсіндіруді жүзеге асырады, академиялық адалдық қағидаттары мен мәдениетінің маңызын түсінеді.
- Дене шынықтыру және спорт саласындағы оқу-практикалық және кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімдерін қолданады.
- Дене шынықтыру және спорт саласында одан әрі білім алуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті оқу дағдыларын меңгерген.
- Ғылыми зерттеу әдістері мен академиялық жазу негіздерін біледі және оларды дене шынықтыру және спорт саласында қолданады.
- Нәтижелі шығармашылық қызмет, өзін-өзі дамыту, өздігінен білім алу, өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі бақылау дағдыларын меңгерген.
- Кәсіби қызмет міндеттерін орындау үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды біледі және қолданады.
Кәсіби қызмет салалары
- Білім беру
- Дене тәрбиесі
- Спорт (бұқаралық спорт түрлері, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері, паралимпиадалық спорт)
Бейіндік дайындық
- Аталған білім беру бағдарламасының түлектері білім беру ұйымдарында, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт саласында тиімді кәсіби қызметті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін әмбебап және кәсіби құзыреттіліктерді меңгерген, сабақтас салаларда бағдарлана алады, кәсіби өсуге, әлеуметтік және кәсіби ұтқырлыққа дайын.
- Негізгі білім беру бағдарламасы аясында студенттер «Жаттықтырушының кәсіби қызметінің әдістемелік негіздері» (MINOR) бағыты бойынша қосымша құзыреттіліктерді меңгереді.
Buketov University