Білім беру бағдарламалары

Механика және металл өңдеу

Қолжетімді мамандықтар

1
Бакалавриат · 6B07104

Аспап жасау

Оқу мерзімі4 жыл Оқу нысаныкүндізгі Шекті балл65 Грант балы65 Оқу ақысы918 100 ₸

Бейіндік пәндер

Математика Физика

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Аспаптарды жасау мен пайдаланудың заманауи әдістерін жетік меңгерген аспап жасауда бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау

Берілетін дәреже

«6В07104-Аспап жасау» білім беру бағдарламасы бойынша техника және технология бакалавры

Аккредиттеу

Аккредиттеу сертификатыCAAAE № 25/24КА0059, дата выдачи 11.04.2025, срок действия до 10.04.2030

Рейтингтердегі орны

1

Оқуды аяқтағаннан кейін

Мүмкін лауазымдар

  • аспап жасау инженері, бақылау-өлшеу аспаптары инженері, инженер-конструктор, сынақтар мен өлшеулер жөніндегі инженер, фотоника және лазерлік технологиялар инженері, аспаптарға қызмет көрсету және жөндеу инженері, датчиктер мен өлшеу модульдерін әзірлеу инженері, өлшеу деректерін жинау және өңдеу жүйелерінің инженері, оптикалық-электрондық өлшеу жүйелерінің инженері
  • Халықаралық бейіндік мансап бағыттары
  • Тұйық контурдағы аппараттық-бағдарламалық сынақтар инженері (Hardware-in-the-Loop Test Engineer); Аспаптарды верификациялау және валидациялау инженері (Verification and Validation Engineer); Сапаны бақылауға арналған машиналық көру инженері (Machine Vision Engineer); Микроэлектромеханикалық датчиктер инженері (MEMS Sensor Engineer)
  • Бұл тізім бағдарлама бейініне сәйкес ықтимал мансап бағыттарын кеңейтеді және берілетін біліктіліктер тізімі болып табылмайды. Мамандандырылған зерттеу және инженерлік қызметтер үшін магистратура, жобалық тәжірибе және тиісті технологиялар бойынша тереңдетілген даярлық қажет болуы мүмкін.

Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері

  • Мінез-құлық дағдылары және жеке қасиеттер (Soft skills)
  • Кәсіби қызметте Қазақстан Республикасының заңнамалық нормаларын, академиялық адалдық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, экологиялық және инклюзивті мәдениет қағидаттарын қолдану.
  • Командада жұмыс істеу, кәсіби ұстанымын дәлелді түрде ұсыну және кәсіби этика нормаларын сақтау.
  • Қазақ, орыс және шетел тілдерінде кәсіби коммуникацияны жүзеге асыру.
  • Цифрлық құзыреттер (Digital skills)
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді және цифрлық өлшеу құралдарын пайдалану.
  • Кәсіби міндеттерді шешу кезінде компьютерлік модельдеуді, деректерді өңдеуді, визуализациялауды және талдауды қолдану.
  • Академиялық жазу мен заманауи ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып, зерттеулер мен жобалардың нәтижелерін рәсімдеу.
  • Кәсіби құзыреттер (Hard skills)
  • Өлшеу, электрондық, оптикалық-электрондық және ақпараттық-өлшеу аспаптары мен жүйелерін жобалау.
  • Механикалық, электрлік, магниттік, жылулық, оптикалық және басқа физикалық шамаларды өлшеудің әдістері мен құралдарын таңдау.
  • Конструкторлық, технологиялық және пайдалану құжаттамасын, сондай-ақ жабдықты сынау әдістемелерін әзірлеу.
  • Аспаптар мен автоматтандыру құралдарын монтаждау, калибрлеу, диагностикалау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу.
  • Эксперименттер мен өлшеулер жүргізу, деректерді өңдеу, аспаптық жүйелердің метрологиялық сипаттамаларын, сапасы мен сенімділігін бағалау.

Кәсіби қызмет салалары

  • Ғылыми-зерттеу және ғылыми-өндірістік ұйымдар, жобалау-конструкторлық кәсіпорындар, метрологиялық және сынақ орталықтары, тау-кен және өнеркәсіптік кәсіпорындар, қорғаныс-өнеркәсіптік кешен, оптикалық және электрондық аспап жасау, медициналық және сервистік ұйымдар

Бейіндік дайындық

  • Бағдарлама өлшеу техникасына және физикалық шамаларды бақылау әдістеріне арналған. Студенттер электрониканы, микропроцессорлық жүйелерді, метрологияны, аспап жасаудың конструкциялық материалдарын, оптикалық және спектрлік әдістерді, өлшеулерді автоматтандыруды, компьютерлік жобалауды және эксперименттік деректерді өңдеуді оқиды. Практикалық даярлық әртүрлі мақсаттағы аспаптарды жобалауды, құрастыруды, калибрлеуді, сынауды, диагностикалауды және оларға қызмет көрсетуді қамтиды.

ББ өзгерістері жылдар бойынша

0

Бағдарлама өзгерістері әлі қосылмаған.