Бакалавриат
· 6B07103
Жылу энергетикасы
Оқу мерзімі4 жыл
Оқу нысаныкүндізгі
Шекті балл65
Грант балы68
Оқу ақысы918 100 ₸
Бейіндік пәндер
Математика
Физика
Білім беру бағдарламасының мақсаты
Заманауи есептеу техникасын пайдалана отырып және жобалауда жаңа технологияларды енгізе отырып, жылумен жабдықтаудың инженерлік мәселелерінің бүкіл кешенінің міндеттерін орындауға қабілетті жоғары білікті жылу энергетиктерінің бакалаврларын теориялық және практикалық даярлау.
Берілетін дәреже
«6В07103-Жылу энергетикасы» БББ бойынша техника және технология бакалавры
Аккредиттеу
Аккредиттеу сертификатыҚұжат әлі қосылмаған.
Рейтингтердегі орны
2

2026 жыл1 орынРастау құжаты
Оқуды аяқтағаннан кейін
Мүмкін лауазымдар
- Біліктіліктер мен лауазымдар ҚРҰК01-2017 "Кәсіптер сыныптауышы" Қазақстан Республикасының Ұлттық классификациясына сәйкес айқындалады (Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2017 жылғы 11 мамырдағы №130-НҚ бұйрығымен бекітілген және қолданысқа енгізілген). Оның ішінде:
- кіші ғылыми қызметкерлердің бастапқы лауазымдары,
- инженер-лаборанттар,
- ғылыми-зерттеу инженерлері,
- конструкторлық және жобалау ұйымдарының жұмыс өтіліне талап қойылмайды,
- 1 санатты техник және өзге де лауазымдар.
Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері
- Мінез-құлық дағдылары және жеке қасиеттер (Soft skills)
- ОН1: Жылу энергетикалық жүйелер мен жабдықтардың жұмыс режимдері мен техникалық жай-күйін талдай алады, жылутехникалық өлшеулер мен қолданбалы жылуфизика әдістерін қолдана алады, сондай-ақ жылу энергетикасы объектілерін пайдалану кезінде экологиялық қауіпсіздік, тұрақты даму, еңбекті қорғау, тіршілік қауіпсіздігі талаптарын және инклюзивті мәдениет қағидаттарын ескере алады. Жедел және жоспарлы реттеуді бақылаудың заманауи әдістері мен құралдарын қолдана отырып жүргізу. Жылу электр станциясында жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуін қамтамасыз ету. Автоматты жүйелер мен өлшеу құралдарын пайдалану жағдайында және іске қосу-баптау жұмыстары кезінде кешенді сынақтан өткізуді ұйымдастыру және жүргізу. Жылу режимдері мен жүктемелердің орындалуын бақылау және талдау. Энергия жүйелері жұмысының жылу режимдерін әзірлеу. Жылу энергиясын босату режимдерін жоспарлау. Жылу желілерінің жұмыс режимдерін дайындауды ұйымдастыру және үйлестіру. Жылу желілері мен жылу тұтынатын қондырғылардың жұмыс режимдерін реттеу.
- ОН2: Инженерлік міндеттерді шешу үшін кәсіби қызметте ақпараттық-коммуникациялық және компьютерлік технологиялардың әртүрлі түрлерін және қолданбалы бағдарламалар пакеттерін қолдану, инженерлік есептеулер мен модельдеу нәтижелерін талдау, бағдарламалық және техникалық құралдарды таңдауда негізделген шешімдер қабылдау. Жылу электр станциясында жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуін қамтамасыз ету. Жылу желілері мен жылу тұтынатын қондырғылардың жұмыс режимдерін реттеу. Жылу энергиясын босату режимдерін жоспарлау. Жедел және жоспарлы реттеуді бақылаудың заманауи әдістері мен құралдарын қолдана отырып жүргізу. Жылу режимдері мен жүктемелердің орындалуын бақылау және талдау. Энергия жүйелері жұмысының жылу режимдерін әзірлеу.
- ОН3: Жылу энергетикасы объектілерінің инженерлік жүйелері мен жабдықтарын жобалау, пайдалану және басқару процестерін жоспарлай алады, талдай алады және ұйымдастыра алады, ғылыми зерттеу әдістерін, заманауи есепке алу аспаптары мен цифрлық технологияларды қолдана алады, сондай-ақ кәсіби қызметте академиялық адалдық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қағидаттарын сақтай алады. Жылу энергиясы қондырғыларының күйін және шығынын бақылау. Жылу желілерінің жұмыс режимдерін дайындауды ұйымдастыру және үйлестіру. Энергия жүйелері жұмысының жылу режимдерін әзірлеу. Жылу желілері мен жылу тұтынатын қондырғылардың жұмыс режимдерін реттеу. Жылу режимдері мен жүктемелердің орындалуын бақылау және талдау. Жылу энергиясын босату режимдерін жоспарлау.
- ОН4: Жылу және электр энергиясын есепке алу аспаптарының деректерін тұтынушыларды есепке алу және жылу энергиясының нақты босатылуын есептеу үшін талдай және қолдана алады, сондай-ақ жылу энергетикалық жүйелердің жұмысын мониторингтеу және оңтайландыру үшін жасанды интеллект әдістерін пайдалана алады. Технологиялық қолдау, пайдалануды оңтайландыру және құжаттамалық сүйемелдеу. Энергия жүйелері жұмысының жылу режимдерін әзірлеу. Жылу режимдері мен жүктемелердің орындалуын бақылау және талдау. Жылу энергиясын босату режимдерін жоспарлау.
- ОН5: Математика және жаратылыстану ғылымдары саласында білім мен түсінікті көрсету, кең ой-өрісі мен ойлау мәдениеті бар жоғары білімді тұлғаны қалыптастыруға ықпал ету, зерттелетін саладағы озық білімдерге негізделген физикалық және химиялық эксперименттерді жүргізу. Технологиялық қолдау, пайдалануды оңтайландыру және құжаттамалық сүйемелдеу. Жылу энергиясы қондырғыларының күйін және шығынын бақылау. Жылу электр станциясында жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуін қамтамасыз ету. Баптау жұмыстарын реттеуді және талдауды жүргізу.
- ОН6: Жылу және электр энергиясын өндіру және тұтыну кезінде қолданылатын өлшеу әдістері мен құралдарын қолдану, жобалық есептеулердің алдын ала техникалық-экономикалық негіздемесін жүргізу, жылуэнергетикалық қондырғылардың құрылымдық және тексеру есептеулерін орындау. Басқару жүйесін автоматтандырудың әлеуетті жағдайларын талдау және анықтау. Жылу автоматикасы жүйелері мен өлшеу құралдарының сенімді жұмысын қамтамасыз ету, профилактикалық қызмет көрсетуді жүргізу. Жылу режимдері мен жүктемелердің орындалуын бақылау және талдау. Автоматты жүйелер мен өлшеу құралдарын пайдалану жағдайында және іске қосу-баптау жұмыстары кезінде кешенді сынақтан өткізуді ұйымдастыру және жүргізу. Баптау жұмыстарын реттеуді және талдауды жүргізу. Технологиялық қолдау, пайдалануды оңтайландыру және құжаттамалық сүйемелдеу. Жылу желілерінің жұмыс режимдерін дайындауды ұйымдастыру және үйлестіру.
- ОН7: Жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау саласында пайымдаулар қалыптастыру үшін ақпаратты жинауды және талдауды жүзеге асыру, мемлекеттік органдарда және кәсіпкерлік саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және оның әртүрлі көріністері мәселелерін түсіну, адамға және табиғи ортаға зиянды және қауіпті факторлардың әсерін талдау, салауатты өмір салтына бейімделу, қаржыны талдау негізінде қажеттіліктер мен мүмкіндіктерге сәйкес жеке бюджетті жоспарлау. Техникалық құжаттама мен нормативтерге сәйкес автоматты жүйелер мен өлшеу құралдарының элементтерін бөлшектеу, монтаждау және ауыстыру жұмыстарын ұйымдастыру және орындау. Жылу электр станциясында жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуін қамтамасыз ету.
- Сандық құзыреттер (Digital skills)
- ОН8: Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану арқылы коммуналдық жылуэнергетикасының экономикалық тиімділігін арттыру әдістерін меңгеру, жылуалмастырғыш аппараттарды есептеу әдістерін меңгеру, жылуфикация, жылумен және энергиямен жабдықтау жүйелерінің негізгі мәселелерін шешу, нақты және абстрактілі тақырыптар бойынша күрделі көлемді мәтіндердің негізгі мазмұнын кәсіби қызығушылықтарға сәйкес түсіну, өз мамандығына қатысты терминдерді меңгеру. Энергия жүйелері жұмысының жылу режимдерін әзірлеу. Жылу энергиясын босату режимдерін жоспарлау. Режимдік-баптау жұмыстарын жүргізу. Жылу энергиясы қондырғыларының күйін және шығынын бақылау.
- ОН9: Өндірістік қызметкерлер мен халық үшін қауіпсіздік тұрғысынан жағдайды талдау, құрамдас элементтер мен жабдықтарды ұтымды жоспарлауды жүзеге асыру, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану арқылы энергиямен жабдықтау жүйелерінің негізгі элементтері туралы білімді меңгеру, жылу электр станцияларының негізгі және қосалқы жабдықтарын жобалау. Жылу автоматикасы жүйелері мен өлшеу құралдарының сенімді жұмысын қамтамасыз ету, профилактикалық қызмет көрсетуді жүргізу. Жылу электр станциясында жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуін қамтамасыз ету..
- ОН10: Электротехника, электроника, электр тізбектері теориясы және автоматты басқару теориясы саласындағы білімдерін өнеркәсіптік жылу энергетикалық жүйелер мен олардың элементтерінің жұмысын талдау, жобалау және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қолдана алады. Технологиялық қолдау, пайдалануды оңтайландыру және құжаттамалық сүйемелдеу. Автоматты жүйелер мен өлшеу құралдарын пайдалану жағдайында және іске қосу-баптау жұмыстары кезінде кешенді сынақтан өткізуді ұйымдастыру және жүргізу. Басқару жүйесін автоматтандырудың әлеуетті жағдайларын талдау және анықтау. Жылу режимдері мен жүктемелердің орындалуын бақылау және талдау. Жылу автоматикасы жүйелері мен өлшеу құралдарының сенімді жұмысын қамтамасыз ету, профилактикалық қызмет көрсетуді жүргізу. Жылу желілерінің жұмыс режимдерін дайындауды ұйымдастыру және үйлестіру. Техникалық құжаттама мен нормативтерге сәйкес автоматты жүйелер мен өлшеу құралдарының элементтерін бөлшектеу, монтаждау және ауыстыру жұмыстарын ұйымдастыру және орындау..
- Кәсіби құзыреттер (Hard skills)
- ОН11: Арналардағы сұйықтық пен газ қозғалысының заңдары мен есептеу әдістерін меңгеру, су мен отынның физика-химиялық қасиеттерін және оларды зерттеу әдістерін талдау.Жылу энергиясы қондырғыларының күйін және шығынын бақылау. Жылу желілерінің жұмыс режимдерін дайындауды ұйымдастыру және үйлестіру. Жылу автоматикасы жүйелері мен өлшеу құралдарының сенімді жұмысын қамтамасыз ету, профилактикалық қызмет көрсетуді жүргізу. Жылу электр станциясының қазандық-турбиналық цехы ауысымына жедел басшылық жасауды жүргізу.
- ОН12: Жылутехника саласындағы оқу-тәжірибелік және кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімді қолдану, энергия тасымалдаушыларды бақылау және есепке алудың заманауи әдістері мен құралдарын меңгеру, жылуэнергетикалық және жылутехнологиялық жүйелердің даму бағыттары мен болашағын білу. Жылу автоматикасы жүйелері мен өлшеу құралдарының сенімді жұмысын қамтамасыз ету, профилактикалық қызмет көрсетуді жүргізу. Техникалық құжаттама мен нормативтерге сәйкес автоматты жүйелер мен өлшеу құралдарының элементтерін бөлшектеу, монтаждау және ауыстыру жұмыстарын ұйымдастыру және орындау. Жылу желілері мен жылу тұтынатын қондырғылардың жұмыс режимдерін реттеу. Өндірісті техникалық дамытуды, цехтың жылу-механикалық жабдықтарын күрделі жөндеуді жоспарлауды жүргізу.
- ОН13: Жылуэнергетикалық станцияларда үрлегіштер мен жылу қозғалтқыштарының, турбиналық қондырғылардың жылулық есептеулерін жүргізу, жану процестерінің тиімділігіне әсер ететін құрылымдық және технологиялық факторларды талдау. Қазандық-турбиналық цехтың қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету. Қазандық-турбиналық жабдықтарды пайдалану және оларға қызмет көрсету. Қазандық-турбиналық цехқа қызмет көрсету мен жөндеуді ұйымдастыруды жетілдіруге бағытталған іс-шараларды әзірлеуді жүргізу. Жылу электр станциясының қазандық-турбиналық цехы ауысымына жедел басшылық жасауды жүргізу. Жылу автоматикасы жүйелері мен өлшеу құралдарының сенімді жұмысын қамтамасыз ету, профилактикалық қызмет көрсетуді жүргізу. Отын беру цехының энергетикалық жабдықтарының үздіксіз жұмысын, дұрыс пайдаланылуын, жөнделуін және жаңғыртылуын (модернизациялауды) қамтамасыз ету. Жылу режимдері мен жүктемелердің орындалуын бақылау және талдау.
Кәсіби қызмет салалары
- Білім беру бағдарламасының бакалавриат түлектері жылу энергетикасы, жылу және электр энергиясын өндіру, беру және тарату, жылу энергетикалық жабдықтар мен инженерлік жүйелерді пайдалану және техникалық қызмет көрсету салаларында кәсіби қызметін жүзеге асыра алады. Олар жылу электр станцияларында, жылу энергетикасы кешенінің ұйымдарында, коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарында, жобалау, ғылыми-зерттеу және баптау ұйымдарында, сондай-ақ технологиялық процестерді автоматтандыру, бақылау және басқару саласындағы ұйымдарда жұмыс істей алады.
- Кәсіби қызметтің негізгі бағыттарына қазандық-турбиналық жабдықтарды пайдалану, жылу режимдерін реттеу және оңтайландыру, энергетикалық ресурстардың шығынын бақылау және есепке алу, жылу автоматикасы жүйелері мен өлшеу құралдарына техникалық қызмет көрсету, сынақтар мен іске қосу-баптау жұмыстарын жүргізу, жылу энергетикалық қондырғыларды жобалау және есептеу, энергетикалық жабдықтардың сенімді әрі қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету, энергия үнемдейтін технологиялар мен жаңартылатын энергия көздерін енгізу жатады.
Бейіндік дайындық
- Экономика, кәсіпкерлік, құқық және қаржылық сауаттылық негіздері; Математика; Физика; Химия; Жылу техникасының теориялық негіздері; Жылу энергетикада және жылу технологияларда энергияны үнемдеу; Жылу энергетикасындағы мамандыққа кіріспе; Жылу масса алмасу; Сұйық және газ механикасы; Гидрогазодинамика негіздері; Суды өңдеудің физикалық және химиялық әдістері; Экология негіздері және тұрақты даму; Өмір қауіпсіздігінің негіздері; Жылу тасымалдағыш жүйелердің тәртібі мен пайдаланылуы; Жылу энергетикасындағы жылу техникалық өлшеулер мен аспаптар; Қолданбалы жылу физикасы; Инклюзивті мәдениет; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негіздері; Ғылыми зерттеу негіздері; ЖЭС негізгі және қосалқы жабдықтарын жобалау; Жаңартылатын энергия көздері; Инженерлік жүйелер, желілер мен жабдықтар; Жылу оқшаулау және құрылыс материалдарының технологиясы; Өндірісті жоспарлау және басқару; Желдету, жылыту және ыстық сумен қамтамасыз ету жүйелерін жоспарлау және пайдалану; Энергетикалық жүйелердегі сенімділік және апаттық жағдайлар; Электротехника және электроника; Электр тізбектерінің теориясы; Өндірістік жылу энергетикалық жүйелерді жобалау; Автоматты басқару теориясы; Жылу және электр энергиясын есепке алу аспаптары; Жылу энергетикасында жасанды интеллектті қолдану; Жылуэнергетиканың ақпараттық жүйелері; Жылуэнергетикалық есептеулердегі компьютерлік технология; Қазандық қондырғылар мен бу генераторлары; Сығымдағыштар мен жылулық қозғалтқыштар; Жылуэлектр станцияларының турбиналық қондырғылары; Энергетикадағы энергия тиімділігін арттыру; Жылу беру пәрменділігін арттыру әдістері; Кәсіби қазақ тілі; Жылуландыру және жылулық желілері; Жылуэлектр орталықтарының электр бөлігі және автоматтандыру жүйелері; Кәсіпорындардың технологиялық энергия тасымалдағыштары; Жылуэнергетикалық қондырғыларды сынау және жөндеу жұмыстары; Жылуэнергетикалық қондырғылар құрылымының жалпы теориясы
Buketov University