Білім беру бағдарламалары

Химиялық инженерия және процестер

Қолжетімді мамандықтар

1
Бакалавриат · 6B07101

Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы

Оқу мерзімі4 жыл Оқу нысаныкүндізгі Шекті балл65 Грант балыНақтыланады Оқу ақысы918 100 ₸

Бейіндік пәндер

Химия Физика / Биология

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Болашақ кәсіби қызмет саласында теориялық және практикалық білімдерді меңгерген, бейорганикалық заттар мен материалдар өндірісі бойынша білімі бар білікті мамандарды даярлау.

Берілетін дәреже

"6В07101 -Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы" білім беру бағдарламасы бойынша техника және технология бакалавры

Аккредиттеу

Аккредиттеу сертификатыНААР, Сертификат АВ5602, берілген күні 20.12.2024., дейін 19.12.2029 г.

Рейтингтердегі орны

2

Оқуды аяқтағаннан кейін

Мүмкін лауазымдар

  • технолог;
  • химик-технолог;
  • бейорганикалық өндіріс маркетологы;
  • технолог-шебер;
  • бейіні бойынша жоғары оқу орындарының кафедраларындағы маман.

Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері

  • Мінез-құлық дағдылары және жеке қасиеттер (Softskills):
  • Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қағидаттары мен мемлекеттік органдар жүйесі туралы білімді қолдана алады; бәсекелестік ортадағы экономика мен кәсіпкерліктің ерекшеліктерін талдай алады; заманауи қаржылық технологияларды бағалап, қолдана алады және қаржылық алаяқтықты анықтай алады; әлеуметтік, этикалық және ғылыми аспектілерді ескере отырып, ақпаратты жинап, түсіндіре алады және негізделген қорытынды жасай алады; академиялық адалдық пен инклюзия қағидаттарын сақтай алады, сондай-ақ зиянды және қауіпті факторлардың адамға және қоршаған ортаға әсерін бағалай алады;
  • Бейорганикалық химия саласындағы іргелі және заманауи білімді кәсіби міндеттерді шешуде қолдана алады; химиялық реакциялардың теориялық негіздері, заңдылықтары мен механизмдерін талдай алады; технологиялық мәселелерді шешу үшін типтік және күрделі химиялық есептерді шешу әдістерін пайдалана алады; қазіргі химия ғылымы мен кәсіби қызметтің өзекті мәселелерін шешу үшін қажетті ғылыми ақпаратты таба, іріктей, жүйелей және қолдана алады.
  • Қолданбалы есептер мен қарапайым дифференциалдық теңдеулерді шешуде математикалық талдау, дискретті математика, ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика әдістерін, сондай-ақ сандық әдістерді қолдана алады; термодинамика заңдарына, изохора, изобара және изотерма теңдеулеріне, фазалар ережесіне, химиялық кинетика мен катализ қағидаттарына сүйене отырып, физикалық және физика-химиялық үдерістерді талдай алады; алынған білімді кәсіби және технологиялық міндеттерді шешуде пайдалана алады.
  • Сандық құзыреттер (Digitalskills):
  • Толық факторлық эксперимент әдістерін пайдалана отырып, химиялық-технологиялық эксперименттерді жоспарлап, жүргізе алады; эксперименттің жоспары мен матрицасын әзірлей алады, регрессия теңдеуінің коэффициенттерін анықтап, факторлардың мақсатты өнім шығымына әсерін бағалай алады; ғылыми-техникалық ақпаратты өңдей, талдай және жүйелей алады; химиялық өндірістегі кәсіби міндеттерді шешу және кәсіби дамуын жалғастыру үшін цифрлық технологиялар мен деректерді өңдеудің заманауи әдістерін қолдана алады.
  • Кәсіби міндеттерді шешуде заманауи зерттеу әдістерін қолдана алады; объектілерді талдау және модельдеу кезінде сызба геометриясының қағидаттары мен әдістерін, оның ішінде әртүрлі проекциялау тәсілдерін пайдалана алады; қазіргі ғылым мен техникадағы өзекті мәселелерді шешу үшін жасанды интеллект технологияларын қолдана алады.
  • Химиялық және физика-химиялық үдерістердің заңдылықтарын, оның ішінде химиялық реакциялар кинетикасын, химиялық тепе-теңдік пен каталитикалық үдерістерді талдай алады; химиялық реакциялардың жылу эффектілерін, жылдамдығын және каталитикалық үдерістердің параметрлерін есептей алады, сондай-ақ идеал газдар заңдары мен коллоидтық химия қағидаттарын дисперстік жүйелерді зерттеуде қолдана алады; кәсіби міндеттерді шешу және үздіксіз кәсіби даму үшін заманауи аналитикалық әдістер мен ғылыми ақпаратты пайдалана алады.
  • Органикалық химияның теориялық негіздері мен органикалық қосылыстардың құрылысы және реакциялық қабілеті туралы заманауи тұжырымдамаларды қолдана алады; жоғары молекулалық қосылыстардың жіктелуін, қасиеттері мен алыну заңдылықтарын талдай алады; кәсіби және технологиялық міндеттерді шешуде полимерлер технологиясының негіздерін пайдалана алады.
  • Химиялық-технологиялық өндірісті экономика, ұйымдастыру және жоспарлау қағидаттарын, сондай-ақ химия өнеркәсібі ғимараттары мен құрылыстарын жобалау негіздерін қолдана алады; масса мен энергияның сақталу заңдарына, стехиометрияға, химиялық түрленулердің термодинамикасына және физика-химиялық заңдылықтарға сүйене отырып, химиялық-технологиялық үдерістерді талдай алады; энергия шығындары мен жылуалмасу үдерістерінің параметрлерін есептей алады және алынған білімді кәсіби әрі технологиялық міндеттерді шешуде пайдалана алады.
  • Кәсіби құзыреттер (Hardskills):
  • -Химиялық-технологиялық үдерістердің заңдылықтары мен экологиялық аспектілерін, оның ішінде қоршаған ортаға антропогендік әсерді талдай алады; аз және қалдықсыз технологиялар мен шикізатты кешенді пайдалану қағидаттарын қолдана алады; экологиялық қауіпсіз және ресурсты үнемдейтін технологиялық шешімдерді әзірлеу үшін өнеркәсіптік экологияның заманауи тәсілдерін пайдалана алады.
  • -Минералдық шикізат пен металлургиялық материалдардың құрамын, жіктелуін және қасиеттерін талдай алады; шикізатты байытудың әдістерін, оның ішінде гравитациялық және электромагниттік үдерістерді, сондай-ақ гидрометаллургиялық өңдеу қағидаттарын қолдана алады; металдар мен қорытпаларды өндірудегі кәсіби және технологиялық міндеттерді шешу үшін металлургиялық қорытпалардың құрылымы мен физика-химиялық қасиеттері, металлургиялық отынның қасиеттері және металдарды тотықсыздандыру заңдылықтары туралы білімді пайдалана алады.
  • -Химиялық-технологиялық өндірістерді ұйымдастыру, басқару және жобалау қағидаттарын қолдана алады; технологиялық және каталитикалық үдерістердің тиімділігін және өндірістік факторларды талдай алады; технологиялық жүйелерді синтездеп, біріктіре алады; өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында өндірістік тәуекелдерді бағалап, химиялық өндірістердегі авариялық жағдайлардың ықтималдық модельдерін әзірлей алады.
  • -Кәсіби міндеттерді шешуде құрылыс тұтқыр материалдары, цементтер және силикат материалдары технологиясының қағидаттарын қолдана алады; глиноземді өңдеу, цементтер мен қажетті қасиеттері бар материалдарды өндіру үдерістерін талдай алады; технологиялық үдерістер мен өнім сапасының қажетті дәлдігін қамтамасыз ету үшін метрология және сапаны бақылау әдістерін пайдалана алады.
  • -Ғылыми зерттеу әдістері мен академиялық жазылым қағидаттарын кәсіби қызметте қолдана алады; ағылшын тілін және кәсіби терминологияны ауызша және жазбаша кәсіби қарым-қатынаста пайдалана алады; заманауи кәсіби коммуникация құралдарын қолдана отырып, ғылыми және техникалық мәтіндерді ағылшын тілінен ана тіліне және кері бағытта аудара алады.

Кәсіби қызмет салалары

  • Химиялық, мұнай-химия, металлургия және қоршаған ортаны қорғау салалары, ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдары

Бейіндік дайындық

  • Қоғамдық сананы жаңғыртудың дүниетанымдық негіздері – 15 кредит.
  • Әлеуметтік-саясаттану білім модулі - 8 кредит.
  • Ақпараттық-коммуникативтік - 33 кредит.
  • Жалпы және бейорганикалық химия - 11 кредит.
  • Жаратылыстану ғылымдары - 16 кредит.
  • Физикалық, аналитикалық химия - 18 кредит.
  • Физикалық, коллоидтық химияның және зат құрылымының негіздері - 21 кредит.
  • Инженерлік этика және қазіргі заманғы химиялық инженерия процестері - 22 кредит.
  • Химиялық технологиядағы оңтайландыру әдістері (Minor) - 20 кредит.
  • Бейорганикалық өнімдердің кешенді химиялық технологиясы - 47 кредит.
  • Үрдістер, аппараттар және өндірісті ұйымдастыру - 21 кредит.
  • Қорытынды аттестаттау – 8 кредит.

ББ өзгерістері жылдар бойынша

0

Бағдарлама өзгерістері әлі қосылмаған.