Білім беру бағдарламалары

Коммуникациялар және коммуникациялық технологиялар

Қолжетімді мамандықтар

1
Бакалавриат · 6B06201

Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар

Оқу мерзімі4 жыл Оқу нысаныкүндізгі Шекті балл65 Грант балы69 Оқу ақысы918 100 ₸

Бейіндік пәндер

Математика Физика

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Қазіргі заманғы байланыс жүйелері мен электроника құралдарын әзірлеуге және тиімді пайдалануға қабілетті радиотехника және телекоммуникациялар саласында сұранысқа ие мамандарды даярлау

Берілетін дәреже

«6В06201-Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» білім беру бағдарламасы бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының бакалавры

Аккредиттеу

Аккредиттеу сертификатыCAAAE № 25/24КА0058, берілген күні 11.04.2025, жарамдылық мерзімі 10.04.2030 дейін

Рейтингтердегі орны

0

Рейтинг нәтижелері әлі қосылмаған.

Оқуды аяқтағаннан кейін

Мүмкін лауазымдар

  • телекоммуникациялық желілер мен жүйелер инженері, радиобайланыс инженері, электрондық жабдықты баптау және пайдалану инженері, байланыс жүйелерін жобалаушы инженер, зертхана инженері, бірінші санатты техник, 4G және 5G мобильді байланыс желілерінің инженері, радиожоспарлау және желілерді оңтайландыру инженері, IP желілері және желілік инфрақұрылым инженері, ендірілген электрондық жүйелерді әзірлеу инженері, заттар интернетінің (IoT) құрылғылары мен желілері инженері, баспа платаларын жобалау инженері
  • Халықаралық бейіндік мансап бағыттары
  • Бұлттық радиоқатынау желілерінің инженері (Cloud RAN Engineer); Сигналдарды цифрлық өңдеу инженері (DSP Engineer); Бағдарламаланатын логикалық интегралдық сұлбалар инженері (FPGA Engineer); Радиожиілікті және аса жоғары жиілікті құрылғылар инженері (RF and Microwave Engineer)
  • Бұл тізім бағдарлама бейініне сәйкес ықтимал мансап бағыттарын кеңейтеді және берілетін біліктіліктер тізімі болып табылмайды. Мамандандырылған зерттеу және инженерлік қызметтер үшін магистратура, жобалық тәжірибе және тиісті технологиялар бойынша тереңдетілген даярлық қажет болуы мүмкін.

Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері

  • Мінез-құлық дағдылары және жеке қасиеттер (Soft skills)
  • Кәсіби қызметте Қазақстан Республикасының заңнамалық нормаларын, академиялық адалдық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, экологиялық және инклюзивті мәдениет қағидаттарын қолдану.
  • Командада жұмыс істеу, кәсіби ұстанымын дәлелді түрде ұсыну және кәсіби этика нормаларын сақтау.
  • Қазақ, орыс және шетел тілдерінде кәсіби коммуникацияны жүзеге асыру.
  • Цифрлық құзыреттер (Digital skills)
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді және цифрлық өлшеу құралдарын пайдалану.
  • Кәсіби міндеттерді шешу кезінде компьютерлік модельдеуді, деректерді өңдеуді, визуализациялауды және талдауды қолдану.
  • Академиялық жазу мен заманауи ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып, зерттеулер мен жобалардың нәтижелерін рәсімдеу.
  • Кәсіби құзыреттер (Hard skills)
  • Компьютерлік жобалау құралдарын пайдалана отырып, радиоэлектрондық және телекоммуникациялық құрылғылардың функционалдық және принциптік сұлбаларын жобалау.
  • Сымды, радио, оптикалық және мобильді байланыс жүйелерін баптау және пайдалану.
  • Цифрлық және микропроцессорлық техниканы қолдану, микроконтроллерлерді бағдарламалау және электрондық сұлбаларды талдау.
  • Радиоэлектрондық жабдықты монтаждау, жөнге келтіру, сынау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу.
  • Сигналдарды беру және өңдеу процестерін модельдеу, телекоммуникациялық жүйелердің параметрлерін, сенімділігі мен ақпараттық қауіпсіздігін бағалау.

Кәсіби қызмет салалары

  • Mобильді және тіркелген байланыс операторлары, телекоммуникациялық және интернет-компаниялар, радио және теледидар орталықтары, деректерді беру желілерін пайдаланатын кәсіпорындар, ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық ұйымдар, электрондық жабдықтың сервистік орталықтары

Бейіндік дайындық

  • Оқыту цифрлық және микропроцессорлық техниканы, электр тізбектері мен сигналдар теориясын, антенналар мен радиотолқындардың таралуын, байланыс желілері мен коммутация жүйелерін, мобильді және оптикалық телекоммуникацияларды, электрондық сұлбаларды компьютерлік модельдеуді және ақпаратты қорғауды қамтиды. Студенттер байланыс жүйелері мен радиоэлектрондық аппаратураны монтаждау, конфигурациялау, параметрлерін өлшеу, диагностикалау және қызмет көрсету бойынша практикалық дағдыларды меңгереді.

ББ өзгерістері жылдар бойынша

0

Бағдарлама өзгерістері әлі қосылмаған.