Білім беру бағдарламалары

Механика

Қолжетімді мамандықтар

1
Бакалавриат · 6B05402

Механика

Оқу мерзімі4 жыл Оқу нысаныкүндізгі Шекті балл65 Грант балы50 Оқу ақысы869 200 ₸

Бейіндік пәндер

Математика Физика

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Еңбек нарығының өзгермелі жағдайында күрделі механикалық жүйелерді есептеу және жобалаумен байланысты ғылымның әртүрлі салалары мен механика саласына білікті бакалавр – механиктерді дайындау.

Берілетін дәреже

«6B05402 — Механика» білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану бакалавры.

Аккредиттеу

Аккредиттеу сертификатыМамандандырылған аккредиттеу туралы куәлік AB №5598«АРТА» КЕМ агенттігі 20.12.2024 г.- 19.12.2029 ж.

Рейтингтердегі орны

2

Оқуды аяқтағаннан кейін

Мүмкін лауазымдар

  • механика мен техникалық ғылымдар саласындағы ғылыми зерттеуші;
  • «7M05402-Механика» білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі дәрежесін алғаннан кейін жоғарғы мектептегі жаратылыстану-техникалық циклдің бірқатар пәндерінің оқытушысы;
  • ғылыми-өндірістік мекемелерде инженер;
  • өндірістік мекемелерде инженер;
  • инженер-механик;
  • инженер-жобалаушы;
  • жеке кәсіпкер;
  • құрылыс компаниясының басшысы және т.б.

Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері

  • Мінез-құлық дағдылары мен тұлғалық қасиеттер (Soft skills):
  • кірістер мен шығыстарды талдау негізінде қажеттіліктер мен мүмкіндіктерге сәйкес жеке бюджетті қалыптастырады. Қаржылық тәуекелдерді, алаяқтықты және басқа да қолайсыз факторларды түсінеді және бағалайды. Әлеуметтік, этикалық және ғылыми жинақтарды ескере отырып, пайдалануға қалыптастыру үшін ақпаратты жинау және түсіндіреді жүзеге асырады;
  • қазіргі құқықтың негізгі салалары, кәсіпкерлік саласындағы білім мен дағдыларды қолданады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, инклюзия принциптері мен құндылықтары туралы білімді қолданады. Қоршаған ортаны қорғау, тұрақты дамуды және күнделікті өмірде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін шешуге жүйелі көзқарасты игереді. Академиялық адалдық принциптері мен мәдениетінің маңызын ұғынады;
  • Цифрлық құзыреттер (Digital skills):
  • әртүрлі қызметтер түрінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады, бағдарламалық-техникалық кешенді меңгереді;
  • кәсіби қызметтің міндеттерін шешу үшін үш тілде вербалды және вербалды емес түрде қатынас жасай алады. Ғылыми зерттеулердің әдістерін және академиялық хатты білу және оларды оқытылатын салада қолданады;
  • жоғары математикадағы есептерді шешудің негізгі ұғымдары мен әдістерін меңгерген, механикадағы қолданбалы есептерді шығарғанда математикалық аппаратты қолдану дағдысын қолданады; кәсіби саладағы алдыңғы қатарлы тәжірибеге іргелі математиканың негізгі принциптерін білу мен түсінуді көрсетеді. Оқытылатын сала фактілерін, құбылыстарды, теорияларды және олардың арасындағы күрделі тәуелділікті біледі және түсінеді;
  • механиканың қолданбалы есептерін математикалық модельдеуді, сонымен қатар іргелі математиканың заманауи әдістерін пайдалана отырып, оларды жан-жақты талдауды жүргізеді; өнеркәсіптік меншік объектілеріне сараптама жүргізу кезінде алған білімін кәсіптік, ғылыми және техникалық қызметке пайдаланады;
  • механикадағы есептерді шешу кезінде тиімді әдістерді таңдайды және қолданады, пәндік облыстардың қарапайым қасиеттерін сипаттайды, өнеркәсіптік меншік объектілеріне сараптама жүргізу кезінде алған білімдерін пайдаланады; кәсіби деңгейде білім мен түсінуді қолданады, дәлелдерді қалыптастырады және оқытылатын саладағы мәселелерді шешеді;
  • кәсіби тапсырмалардың математикалық модельдерін талдайды, модельдеу нәтижелерін талдайды, заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларға негізделген шешімдер қабылдайды, ақпараттық технологиялар құралдарын пайдалана отырып алынған нәтижелерді визуализациялауда және оқу саласындағы оқу, практикалық және кәсіби мәселелерді шешуде теориялық және практикалық білімдерін қолданады;
  • есептеу экспериментінде қазіргі заманғы өлшеу әдістерін, материалдар кедергісінің теориялық негіздерін, бағдарламамен қарастырады, механиканың әртүрлі есептерін математикалық модельдеу әдістерінің негіздерін, басқа бағдарлама-қосымшалармен ақпарат алмасуды игерген.
  • Кәсіби құзыреттер (Hard skills):
  • ғылыми-инженерлік есептерді жасанды интеллектті қолдану арқылы шығарады, қазіргі заманғы жаратылыстанудың әртүрлі салаларындағы механика мәселелерін шешуді біледі, сол немесе басқа да есептерді шығару үшін әдістерді таңдауды негіздей алады, зерттеу нәтижелерін математикалық тұрғыда өңдей алады және өнеркәсіптік меншік объектілеріне сараптама жүргізе алады;
  • физика, теориялық механика және тұтас орта механика пәндік саласында қолдануға қажетті негізгі заңдар мен теоремаларды меңгерген. Ақпараттық технологиялар қолдана отырып, оқытылатын салада одан әрі оқуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті оқу дағдыларын қолданады;
  • әртүрлі механика әдістерінің құндылығы мен кемшіліктерін, қолдану әдістемесінің, маңызын негіздей алады; олардың төзімділігі мен үнемделігін ескергендегі конструкция элементтерін есептеу тәсілдерін, сол немесе басқа конструкциялардың артықшылығы мен кемшіліктерін біледі; алынған нәтижелерді ақпараттық технологияларды қолдана отырып визуализациялайды.

Кәсіби қызмет салалары

  • а) инженерлік; кәсіби қызмет саласы механика және техникалық ғылымдар саласындағы ғылыми-зерттеушілік қызмет болып табылады.Түлектердің кәсіби қызмет объектілері ғылыми-өндірістік және өндірістік ұйымдардағы қызмет болып табылады.
  • б) Түлектің кәсіби қызмет түрлері:
  • тәжірибелік-зерттеушілік;
  • есептеу және жобалау;
  • ұйымдастырушылық-басқарушылық.
  • в) Түлектің кәсіби қызметінің функциялары:
  • Математикамен механиканы қолданумен байланысты салалардағы ғылыми-зерттеушілік жұмысы; жаратылыстанудың, техниканың, экономиканың және басқарудың қолданбалы есептерін тиімді әдістермен шешу үшін математикалық және механикалық модельдерді қолдану және құру; тәжірибені өңдеу және жоспарлау әдістерін, құралдарды, тәжірибенің теориялық негіздерін өңдеу; программалық жүйені өңдеу, оны есептеу техникасының заманауи құралдарын қолданумен тәжирибелік жүзеге асыру деңгейіне дейін жеткізу; ақпаратты жинау, ұсыну, өңдеу және қолдану үрдісімен алгоритмдік қамтамасыздандыруды құру.

Бейіндік дайындық

  • Бағдарлама инженерлік есептеулерді орындауға, механикалық процестерді модельдеуге және ғылыми-қолданбалы зерттеулер жүргізуге қабілетті механика саласындағы жоғары білікті кадрларды даярлауға бағытталған. Құрылыс механикасының әдістеріне, конструкциялардың беріктігін, қатаңдығын және орнықтылығын есептеуге, сондай-ақ есептеу-жобалау міндеттерін шешуде заманауи бағдарламалық құралдарды қолдануға ерекше назар аударылады.
  • Бейіндік пәндер аясында бакалавриат студенттері «Теориялық механика», «Механикалық жүйелердің динамикасы», «Конструкция элементтерінің механикасы», «Тұтас орта механикасының модельдері», «Сұйықтар мен газдар механикасы», «Ғылыми зерттеулер негіздері», «Деформацияланатын қатты дене механикасы», «Құрылыс механикасы», «Пластиналар мен қабықшалар теориясы», «Аналитикалық механика және қатты дене динамикасы», «Ақырлы элементтер әдісі», «Құрылымдарды есептеуді автоматтандыру», «Машиналар мен роботтар механикасы» пәндерін оқиды.

ББ өзгерістері жылдар бойынша

1
2026Жаңарту

Пән атауларына техникалық түзетулер енгізу: 1. «Шетел тілі» атауы «Шетел тілі (ағылшын тілі)» болып өзгертілді. 2. «MatLab қолданбалы бағдарламалар пакеті» атауы «Механика есептерінде MatLab қолдану» болып өзгертілді. 3. «С++ тілінде бағдарламалау» атауы «Инженерлік механикадағы C++» болып өзгертілді. 4. «Maple бағдарламалық пакеті» атауы «Механика есептерінде Maple қолдану» болып өзгертілді. 5. «LaTeX тілінде бағдарламалау» атауы «Ғылыми жарияланымдарға арналған LaTeX» болып өзгертілді. 6. «Python тілінде бағдарламалау» атауы «Инженерлік механикадағы Python» болып өзгертілді. Пәндерді бір циклден немесе компоненттен екіншісіне ауыстыру: Төмендегі пәндер жалпы білім беретін пәндер циклінің таңдау компонентінен (ЖБП/ТК) базалық пәндер циклінің таңдау компонентіне (БП/ТК) ауыстырылды: • «Экология негіздері және тұрақты даму»; • «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері»; • «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері». Жоғары оқу орны компонентіне пән қосу: «Экономика, кәсіпкерлік, құқық және қаржылық сауаттылық негіздері» пәні қосылды. Элективті пән қосу: «Инклюзивті мәдениет» пәні қосылды.

Өзгерістер туралы құжат