Бастапқы әскери және дене дайындық
Бейіндік пәндер
Білім беру бағдарламасының мақсаты
Орта білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында ғылыми-педагогикалық, кәсіби-практикалық қызметті жүзеге асыру үшін іргелі және қолданбалы білімі, зерттеу дағдылары бар бәсекеге қабілетті Бастапқы әскери және дене дайындық мұғалімін даярлау.
Берілетін дәреже
6В01402 – Бастапқы әскери және дене дайындық білім беру бағдарламасы бойынша білім беру ғылымдарының бакалавры
Аккредиттеу
Аккредиттеу сертификатыҚұжат әлі қосылмаған.
Рейтингтердегі орны
2
IAAR
«B004 Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламалар тобы бойынша

«B004 Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламалар тобы бойынша
Оқуды аяқтағаннан кейін
Мүмкін лауазымдар
- -жалпы білім беретін мектептерде, мектеп-интернаттарда, гимназиялар мен лицейлерде алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі;
- орта кәсіптік оқу орындарындағы алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі;
- жоғары оқу орындарында оқытушы;
- қорғаныс істері жөніндегі департаментінің әкімшілік органының маманы;
- өмір қауіпсіздігі саласындағы әкімшілік органның маманы;
- әскерге дейінгі дайындық және дене дайындығы оқытушысы;
- алғашқы әскери дайындық нұсқаушысы;
- дене дайындығы нұсқаушысы;
- әскерге шақыруға дейінгі және әскери-патриоттық дайындық бөлімінің бастығы (оқытушы-ұйымдастырушы);
- білім алушыларға әскери-патриоттық тәрбие беруді ұйымдастырушы;
- білім беру ұйымдарындағы әскери-патриоттық жұмыс жөніндегі маман;
- бастапқы әскери және дене шынықтыру даярлығы бойынша әдіскер;
- әскерге шақыру алды даярлық бойынша оқу-әдістемелік орталықтың қызметкері;
- әскери спорт секциялары мен клубтарының нұсқаушысы;
- қосымша білім беру мұғалімі (әскери-патриоттық бағыт);
- ведомстволық құрылымдарда дене және әскери-қолданбалы дайындық бойынша маман;
- қауіпсіздік және әскери дайындық негіздері пәнінің оқытушысы (кіріктірілген пәндер аясында).
Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері
- орта білім беру мекемелері: жалпы білім беретін мектептер;
- -мектеп-интернаттар, гимназиялар мен лицейлер;
- кәсіптік орта оқу орындары;
- -білім берудің әкімшілік органдары;
- аумақтық қорғаныстың әкімшілік органдары;
- қорғаныстың әкімшілік органдары;
- -тіршілік қауіпсіздігінің әкімшілік органдары;
- жастарды әскерге шақыру алдындағы дайындық процесі;
- -білім алушыларға әскери-патриоттық тәрбие беру жүйесі;
- дене шынықтыру және оқушылардың дене сапалық қабілеттерін дамыту;
- сыныптан және мектептен тыс әскери-патриоттық шаралар;
- әскери-спорттық және қолданбалы дайындық түрлері.
Кәсіби қызмет салалары
- Мінез-құлық дағдылары және жеке қасиеттер (Softskills)
- ОН 1 Жүзу техникасының, спорттық күрестің, ұлттық спорт түрлерінің, қоян-қолтық ұрыстың әртүрлі тәсілдерін меңгереді, спорттық туризмді өткізеді, жергілікті жерге бағдарлау теориясы мен әдістемесін қолданады. Техникалық және тактикалық әдістерін, спорттық ойындарды және жеңіл атлетиканың тәсілдерін меңгереді.
- ОН 3 Құқықтың негізгі қазақстандық және халықаралық көздерін біледі, өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру дағдыларын меңгереді. Кәсіпкерлік қызметті табысты жүргізу үшін бизнес-идеяларды әзірлеу, жоспарлау, нарықты талдау және тәуекелдерді басқару дағдыларын меңгереді. Қаржылық сауаттылықтың негіздерін, қаржы өнімдері мен қаржы технологияларын тиімді пайдалану тәсілдерін түсінеді.
- ОН 4 Білім алушының эмоционалды-құндылық саласын дамытатын тәрбие жұмысын жүзеге асырады. Теориялық білімді практикалық қолдану жазықтығына барабар аудару үшін педагогикалық ғылымның теориялық-әдіснамалық негіздерін пайдалану дағдыларын меңгерген. Педагогикалық процесті жүзеге асыру кезінде білім берудің заңдылықтарын, принциптерін, әдістері мен құралдарын басшылыққа алады. Білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандары мен әдістерін және құралдарын пайдаланады. Оқыту мен тәрбиелеу процесіне қазақ мәдениеті мен тілінің, Қазақстан халқының өзге мәдениеттері мен тілдерінің байлығын интеграциялайды. Оқу процесін ұйымдастыруда заманауи технологияларды қолданады. Ғылыми зерттеу және академиялық жазу әдістерін меңгереді.
- Цифрлық құзыреттер (Digital skills):
- ОН 2 Оқу процесінде оқыту технологиялары мен білім беру ресурстарын,соның ішінде цифрлық технологиялар мен мазмұнды қолданады. Бағдарламалау негіздері мен жасанды интеллект көмегімен сандық мазмұнды жасайды. Жасанды интеллекттің негізгі принциптері мен технологияларын түсінеді. Деректерді талдау және есептерді шешу үшін машиналық оқыту әдістерін қолданады. Кәсіби терминологияны меңгереді және оларды кәсіби қызметте құжаттарды дайындауда қолданады. Әскери роботтардың жұмыс принциптері, олардың жіктелуі мен қолданылуы туралы білімін қалыптастырады.
- 3.Кәсіби құзыреттер (Hardskills)
- ОН 5 Ағзаның құрылысы мен қызметінің жас ерекшеліктері туралы білімін көрсетеді, жалпы білім беретін мектептің инклюзивті және арнайы сыныптарында оқыту моделін қолдану бойынша шешімдер қабылдайды. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескереді.
- ОН 6 Сыртқы және ішкі баллистиканы, тактикалық-техникалық сипаттамасын, атыс қаруын өңдеуін, сақтау дағдыларын меңгереді. Қарусыз және қарумен саптық әдістер мен қозғалыс дағдыларын меңгерген. Қорғаныста, шабуылда және барлау жүргізуде жалпы әскери бо жүргізудің негіздерін біледі. Позицияларды жасырын жылжыту, басқару, өзара әрекеттесу және бүркемелеу тәсілдері мен әдістерін меңгереді.
- ОН 7 Автомобильдік және бронетанктік техниканың арналуы, жалпы құрылысы, техникалық қызмет көрсетуі мен тактикалық-техникалық сипаттамалары туралы білімін көрсетеді. Қазақ халқының күрес тарихындағы қазақ қолбасшылары мен батырларының рөлін, әскери өнер тарихын және әскери дәстүрлерді қолданады. Экология және тұрақты даму талаптарын негізге ала отырып, қоршаған ортадағы өз мінез-құлқын бағалап, түзетеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі мемлекет пен қоғамның рөлін біледі. Нақты жағдайларды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының бар-жоғын анықтау тұрғысынан талдай алады, сондай-ақ зерттеу жұмысында тәртіптің, дәлдіктің және жауапкершіліктің маңыздылығын түсінеді.
- ОН 8 Әскери қызмет өткерудің негізгі талаптары мен тәртібін, әскери қызметшілердің құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тәртіптік Жарғысының жалпы ережелерін басшылыққа алады. Бастапқы әскери дайындық бойынша заңдар мен өзге де регламенттеуші құжаттардың талаптары туралы білімдерін көрсетеді. Басқарушылық жағдайлардың ерекшеліктерін, білім беру ұйымының қазіргі жағдайын, сондай-ақ бағыныштылармен өзара әрекеттесудің тиімді әдістерін, мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Картасыз және карта бойынша жер бедерін бағдарлау дағдыларын меңгереді.
- ОН 9 Әскери қызметшілердің денсаулығын сақтауға бағытталған негізгі іс-шараларды және алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін айқындайды. Жеке қорғаныс құралдарын тиімді пайдалана алады. Төтенше жағдайлар кезінде, сондай-ақ әскери-спорттық бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу барысында өмір қауіпсіздігі талаптарын сақтайды. Қоғам мен білім беру жүйесіндегі дене мәдениетінің рөлін біледі. Салауатты өмір салтын және олимпиадалық құндылықтарды насихаттау дағдыларын меңгерген
Бейіндік дайындық
- 240 ECTS. Күндізгі оқу нысаны. Оқыту тілдері: орыс және қазақ тілдері.
- 203 ECTS — академиялық пәндер: бастапқы әскери дайындық теориясы мен әдістемесі, атыс дайындығы, тактикалық дайындық, саптық дайындық, әскери-инженерлік дайындық, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жалпы әскери жарғылары, әскери-медициналық дайындық, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс, дене шынықтыру дайындығы, әскери топография негіздері, бастапқы әскери дайындық сабақтарын ұйымдастыру және өткізу әдістемесі, әскери-патриоттық тәрбие беру әдістемесі, сондай-ақ тіршілік қауіпсіздігі негіздері. Кейбір пәндер таңдау бойынша оқытылады.
- 29 ECTS — практикалық оқыту: оқу/таныстыру — 4 ECTS; кәсіби/өндірістік — 4 ECTS және 19 ECTS; диплом алдындағы — 2 ECTS.
- 8 ECTS — Қорытынды бағалау.
Buketov University