Физика
Бейіндік пәндер
Білім беру бағдарламасының мақсаты
Физика саласында ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметті тиімді жүзеге асыра алатын, сондай-ақ ғылыми және инженерлік міндеттерді шешуде заманауи физикалық әдістерді қолдана алатын бәсекеге қабілетті бакалаврларды даярлау.
Берілетін дәреже
«6В05304-Физика» білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану бакалавры
Аккредиттеу
Аккредиттеу сертификатыАгентство НАОКО, Сертификат SA-А №0242/2Құжат әлі қосылмаған.
Рейтингтердегі орны
3

IAAR
«В054 Физика» білім беру бағдарламалары тобы бойынша

Оқуды аяқтағаннан кейін
Мүмкін лауазымдар
- Жаратылыстану бакалавры келесі лауазымдарды атқара алады: лаборант, инженер-лаборант. Коррозиядан қорғау дозиметрі, инженер дозиметр. Инженер по борьбе с коррозией, инженер дозиметр.
Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері
- Мінез-құлық дағдылары және жеке қасиеттер (Softskills)
- Қазақстан Республикасының заңнамалық нормаларын, академиялық адалдық қағидаттарын, қаржылық сауаттылықты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, экологиялық және инклюзивті мәдениет қағидаларын кәсіби міндеттерді шешуде қолдану.
- Қоғамдық, әлеуметтік және мәдени үдерістерді талдау, кәсіби ұстанымын дәлелді түрде қорғау және кәсіби этика нормаларын сақтау.
- Қазіргі ғылыми терминология мен ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып, қазақ, орыс және шетел тілдерінде кәсіби коммуникацияны жүзеге асыру.
- Сандық құзыреттіліктер (Digital skills)
- Физикалық зерттеулер жүргізу және ғылыми әрі инженерлік міндеттерді шешу кезінде цифрлық технологияларды, мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді, сондай-ақ модельдеудің, деректерді өңдеу мен талдаудың заманауи әдістерін қолдану.
- Физика саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулерді орындауда ғылыми зерттеу әдістерін, академиялық жазу мен ғылыми коммуникация дағдыларын қолдану.
- Физикалық экспериментті жоспарлау және орындау, заманауи зертханалық жабдықтарды қолдану, өлшеу қателіктерін өңдеуді жүзеге асыру.
- Кәсіби құзыреттіліктер (Hardskills)
- Физикалық құбылыстарды классикалық және заманауи физиканың іргелі заңдары негізінде түсіндіру және оларды іргелі әрі қолданбалы міндеттерді шешуде қолдану.
- Физикалық процестерді зерттеу үшін математикалық аппаратты, математикалық модельдеу және статистикалық талдау әдістерін қолдану.
- Нано- және заманауи материалдардың құрылымын, қасиеттерін және қалыптасу процестерін зерттеу, оларды алу мен диагностикалау әдістерін таңдау.
- Дозиметриялық және радиометриялық бақылауды орындайды, өлшеу нәтижелерін тіркеу мен статистикалық өңдеу әдістерін қолданады, радиациялық жағдайды бағалайды және кәсіби қызметте радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
- Композиттік материалдардың қасиеттерін зерттеу және бағалау, оларды агрессивті орталарда қорғаудың заманауи әдістерін қолдану, сондай-ақ материалдар мен бұйымдардың сенімділігі мен тиімділігін арттыру үшін компьютерлік модельдеуді және эксперименттік деректерді өңдеуді пайдалану.
Кәсіби қызмет салалары
- 6B05304 «Физика» білім беру бағдарламасы бойынша бакалавр ғылыми-техникалық салада кәсіби қызметін жүзеге асырады.
- Жұмыс орындары:
- ғылыми-зерттеу институттары;
- ғылыми және өндірістік зертханалар;
- конструкторлық және жобалау бюролары мен фирмалары;
- мемлекеттік білім беру мекемелері;
- өндірістік кәсіпорындар мен ұйымдар;
- физика-техникалық бағыттағы ғылыми орталықтар мен ұйымдар.
- Кәсіби қызмет түрлері:
- ғылыми-зерттеу қызметі;
- ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет;
- конструкторлық-технологиялық қызмет;
- аудармашылық қызмет.
- Кәсіби қызметінің функциялары:
- технологиялық учаскелерде радиациялық қауіпті жұмыстардың жүргізілуін және үй-жайлардағы ауа ортасының жай-күйін бақылау;
- кәсіпорындарда дозиметриялық және радиометриялық бақылау жүргізу;
- коррозиядан қорғау жүйелерінің жұмысын қабылдау және бақылау;
- коррозиядан қорғау стратегиялары мен рәсімдерін әзірлеу;
- ғылыми зерттеулер мен физикалық эксперименттер жүргізу;
- эксперименттік зерттеулер нәтижелерін өңдеу және талдау;
- физикалық өлшеулер жүргізу және өлшеу құралдарының жұмысын бақылау;
- ғылыми-зерттеу және өндірістік қызметте заманауи физикалық әдістер мен технологияларды қолдану.
Бейіндік дайындық
- 6В05304 «Физика» білім беру бағдарламасы физика саласында іргелі білімі, кәсіби зерттеушілік және техникалық құзыреттіліктері қалыптасқан, физика, материалтану, нанотехнологиялар және радиациялық қауіпсіздік салаларында ғылыми-зерттеу, эксперименттік және инновациялық қызметті жүзеге асыруға қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған.
- Оқу барысында студент ғылыми және инженерлік міндеттерді шешу үшін физиканың іргелі заңдары мен әдістерін қолдануды, эксперименттік зерттеулер жүргізуді, материалдарды алудың, зерттеудің және талдаудың заманауи әдістерін пайдалануды, компьютерлік технологияларды қолдана отырып эксперименттік деректерді өңдеуді, дозиметриялық және радиометриялық өлшеулер жүргізуді, сәулеленудің затпен өзара әрекеттесуін бағалауды, радиациялық әсерден қорғану әдістерін қолдануды, сондай-ақ материалдарды агрессивті ортаның әсерінен қорғау тәсілдерін әзірлеуді меңгереді.
- Студенттер «Атомдық және молекулалық спектроскопия», «Конденсирленген күй физикасы», «Наноматериалдар және нанотехнологиялар», «Наноматериалдардың физикалық негіздері», «Материалдарды алу және зерттеу әдістері», «Материалдарды зерттеудің физикалық әдістері», «Ғылыми зерттеу негіздері», «Метрология, стандарттау және сертификаттау», «Сәулеленудің затпен өзара әрекеттесуі: аспаптар мен әдістер», «Композициялық материалдар», «Дозиметриялық және радиометриялық өлшеулерді статистикалық өңдеу», «Эксперименттік деректерді компьютерлік модельдеу және өңдеу», «Материалдарды агрессивті орта әсерінен қорғау», «Дозиметрия және сәулеленуден қорғау» сияқты бейіндік пәндерді оқиды.
- Білім беру бағдарламасында материалдарды зерттеудің заманауи физикалық әдістерін, нанотехнологияларды, атомдық және молекулалық спектроскопияны, дозиметрия мен радиометрияны меңгеруге, сондай-ақ ғылыми эксперименттер жүргізу, компьютерлік модельдеу, эксперименттік деректерді статистикалық өңдеу және радиациялық қорғаныс әдістерін қолдану дағдыларын дамытуға ерекше назар аударылады. Даярлықтың маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын өндірістік және дипломалды практикалар студенттерге алған теориялық білімдерін бекітуге және ғылыми-зерттеу зертханалары мен өндірістік кәсіпорындарда практикалық тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді.
ББ өзгерістері жылдар бойынша
1
2026Job Function
In 2025, the educational programme was updated to include job functions specified in the Professional Standard for Teaching Staff (Academic and Teaching Staff) of Higher and/or Postgraduate Education Institutions. In addition, the brief descriptions of academic disciplines were revised and updated.
Buketov University