Білім беру бағдарламалары

Химия

Қолжетімді мамандықтар

1
Бакалавриат · 6B05301

Химия

Оқу мерзімі4 жыл Оқу нысаныкүндізгі Шекті балл65 Грант балы70 Оқу ақысы869 200 ₸

Бейіндік пәндер

Химия Биология

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Теориялық және эксперименттік химия саласында терең іргелі білімге, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу дағдыларына ие, инновациялық практикалық міндеттерді шешуге, бәсекеге қабілетті жоғары білікті мамандар даярлау.

Берілетін дәреже

«6В05301 – Химия» білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану бакалавры

Аккредиттеу

Аккредиттеу сертификатыБСҚТҚА, аккредиттеу мерзімі: 28.05.2022–27.05.2027

Рейтингтердегі орны

3

Оқуды аяқтағаннан кейін

Мүмкін лауазымдар

  • Зертханашы, инженер-зертханашы, химия оқытушысы, ғылыми қызметкер, кіші ғылыми қызметкер.

Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері

  • Түлек академиялық адалдық қағидаттарын сақтайды, ақпаратты әлеуметтік, этикалық және ғылыми факторларды ескере отырып талдайды және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді қолданады. Арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді, кванттық-химиялық есептеу әдістерін, ғылыми деректерді өңдеу және ұсыну тәсілдерін меңгерген. Химия саласында іргелі білімі бар, эксперименттік және теориялық зерттеулерді жоспарлап жүргізе алады, заттар мен материалдардың қасиеттерін талдайды, өнім сапасын бағалайды және оны практикалық қолдану мүмкіндіктерін болжайды. Ғылыми зерттеу және академиялық жазу әдістерін меңгерген, өз бетінше кәсіби даму дағдыларына ие.

Кәсіби қызмет салалары

  • Химия, металлургия, мұнай-химия және фармацевтика өнеркәсібі; ғылыми-зерттеу қызметі және экология

Бейіндік дайындық

  • Бейорганикалық, органикалық, аналитикалық, физикалық, коллоидтық және полимерлер химиясының іргелі және қолданбалы бағыттарын қамтиды. Білім алушылар заманауи физика-химиялық және спектроскопиялық зерттеу әдістерін, кванттық және компьютерлік химияны, химиялық физиканы, химиялық реакциялар теориясын, химиялық талдау және эксперименттік деректерді өңдеу әдістерін меңгереді. Даярлық химиялық технология, ресурс және энергия үнемдеу, экологиялық қауіпсіздік, метрология мен стандарттау мәселелерін, сондай-ақ зерттеушілік және педагогикалық құзыреттерді қалыптастыруды қамтиды. Практикалық дағдылар оқу, өндірістік және диплом алдындағы практикалар барысында бекітіледі.

ББ өзгерістері жылдар бойынша

1
2026Білім беру бағдарламасы 08.07.2026 ж. өзектендірілді
Өзгерістер туралы құжат