Білім беру бағдарламалары

Қоршаған орта

Қолжетімді мамандықтар

1
Бакалавриат · 6B05201

Экология

Оқу мерзімі4 жыл Оқу нысаныкүндізгі Шекті балл65 Грант балы73 Оқу ақысы869 200 ₸

Бейіндік пәндер

Биология География

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Жобалық қызметте, экологиялық жағдайларды бағалау және табиғи жүйелерге антропогендік әсердің зардаптарын болжауында міндеттерді стандартты емес жолмен шешу қабілеттеріне ие, белсенді өмірлік ұстанымы бар, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды дайындау.

Берілетін дәреже

«6B05201 – Экология» білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану бакалавры.

Аккредиттеу

Аккредиттеу сертификатыIAAR агенттігі, AB №5596 сертификаты, берілген күні – 20.12.2024 ж., қолданылу мерзімі – 19.12.2029 ж. дейін

Рейтингтердегі орны

0

Рейтинг нәтижелері әлі қосылмаған.

Оқуды аяқтағаннан кейін

Мүмкін лауазымдар

  • өндіріс салалары бойынша эколог; орта және кәсіби білім беру мекемелерінің оқытушысы; қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инспектор; эколог-инженер; табиғатты қорғау ұйымдарының маманы; ғылыми-зерттеу мекемелерінде, бастауыш және орта кәсіптік білім беру орындарында эколог-зертханашы; менеджер және т.б.

Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері

  • Мінез-құлық дағдылары және тұлғалық қасиеттер (Soft skills):
  • – Заманауи қаржылық технологиялардың жұмыс істеу принциптерін талдай алады, құқықтық және этикалық нормалар негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарын дәлелдей алады. Әртүрлі салалардағы сыбайлас жемқорлық көріністері туралы ақпаратты талдай алады. Академиялық адалдық, инклюзия құндылықтарының принциптері мен мәдениетінің маңызын қолдана алады;
  • – Әлеуметтік, этикалық және ғылыми аспектілерді ескере отырып, ақпаратты қолдана алады және пайымдап талдай алады. Кәсіпкерлік саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет мәселелерін зерделей алады. Экологиялық ғылым саласындағы білім мен дағдыларды қолдана алады, қоршаған орта факторларының әсерін талдай алады. ESG стратегиясының принциптері мен тұрақты дамуды біледі, қоршаған ортаның жай-күйін болжай алады. Тәуекелдерді бағалау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тіршілік қауіпсіздігі негіздерін қолдана алады;
  • Цифрлық құзыреттер (Digital skills):
  • – Заманауи технологиялық және компьютерлік шешімдерді ескере отырып кәсіби қызметті орындау үшін бағдарламалық құралдарды пайдалана алады, статистикалық деректерді өңдеу бағдарламаларын қолдана алады;
  • Кәсіби құзыреттер (Hard skills):
  • – Теориялық және практикалық білімдерін оқу-тәжірибелік және кәсіби міндеттерді шешу үшін қолдана алады. Өсімдіктер мен жануарлар нысандарымен зерттеулер жүргізу кезінде зертханалық құрал-жабдықтармен жұмыс істей алады, биоценоздардың жай-күйін сипаттай алады. Тірі ағзалардың жүйелі категорияларын, ұғымдарын, заңдылықтарын және өзекті мәселелерін талдай алады;
  • – Экожүйелердің жай-күйін анықтай алады, қоршаған орта факторларының әсерін талдай алады. Қоршаған ортаны қорғау үшін биотехнология әдістерін қолдана алады. Экологиялық жағдайларды талдау үшін экологиялық заңнама туралы білімін пайдалана алады, экологиялық бақылау мен мониторинг механизмдерін практикада қолдана алады;
  • – Экологиялық құбылыстар мен экологиялық мәселелердің химиялық негіздерін түсіне алады. Құрлық биомдарының негізгі түрлерін анықтау үшін білімін қолдана алады. Өсімдіктердің фитопатогендерін анықтай алады, экологияда ГАЖ-технологиялары мен жасанды интеллект технологияларын пайдалана алады. Ғылыми зерттеу және академиялық жазу әдістерін жүргізе алады, оларды экология ғылымында қолдана алады;
  • – Тұрақты даму технологияларының негізгі бағыттарын бағалай алады. Қоршаған ортаның сапасын бағалау кезінде фитомониторинг нәтижелерін қолдана алады. Геоэкологиялық міндеттерді шеше алады, табиғат қорғау қызметін басқаруға қатыса алады;
  • – Қоршаған ортаның физикалық-географиялық сипаттамаларын талдау және болжау әдістерін қолдана алады; «жасыл» экономика талаптарын ескере отырып, экономикалық қызметтің жаңа аспектілерін жоспарлай алады. Сенімді дереккөздерге және экологиялық мониторинг нәтижелерін талдауға сүйене отырып, ғылыми ақпаратты талдай алады, жіктеп түсіндіре алады, жинақтай алады және жаңғырта алады;
  • – Кәсіби деңгейде білім мен түсініктерді қолдана алады, экологиялық ғылым саласындағы мәселелерді шешіп, дәлелді пікірлер қалыптастыра алады. Фитоценоздарды талдай алады және сипаттай алады, топырақ түрлерін анықтай алады, агрофитоценоздарға орта факторларының әсерін бағалай алады, агроэкологиялық мониторинг пен табиғи ресурстарды бағалауды жүргізе алады, ағаш отырғызу ассортиментін меңгере алады;
  • – Экомониторинг, радиациялық экология және гидроэкология саласындағы оқу-тәжірибелік және кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімдерін қолдана алады. Кәсіби қызметінде экожүйелер мен популяциялар туралы білімін қолдана алады, қоршаған ортаны бағалау және мониторинг жүргізе алады, сондай-ақ ESG-стратегиясының принциптерін меңгере алады;
  • – Қоршаған ортаны қорғау мақсатында кәсіпорындар үшін ең үздік қолжетімді технологияларды енгізу бойынша стратегиялық жоспарларды әзірлей алады. Табиғатты қорғау шараларын, технологияларының тиімділігін талдай алады. Қалдықтарды қайта өңдеу технологияларының тиімділігін бағалай алады. Экологиялық сараптама, аудит және қоршаған ортаға әсерді бағалау кезінде қоршаған ортаны қорғау заңнамасы туралы білімін қолдана алады.;
  • – Кәсіпорындар деңгейінде табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау бойынша нормативтерді әзірлеуге, енгізуге қатыса алады, экологиялық бақылау жүргізе алады. Өнеркәсіптік кәсіпорындарының өндірістік процестеріне «Zero Waste» стратегиясын қолдана алады. Тірі ағзада нанобөлшектердің биоаккумуляциялану механизмдерін талдай алады. Алған білімін толық меңгергенін, құзыреттіліктер мен практикалық дағдылардың қалыптасқанын растай алады.

Кәсіби қызмет салалары

  • а) «Экология» білім беру бағдарламасы түлегінің кәсіби қызмет салалары: өндірістік, басқарушылық және ғылыми-зерттеу қызметі, экологиялық мониторинг қызметі, қоршаған орта сапасы мен адам денсаулығын бақылау, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар.
  • «Экология» білім беру бағдарламасы түлегінің кәсіби қызмет нысандары: жануарлар дүниесін қорғаудың аумақтық басқармалары; мемлекеттік ұлттық табиғи парктер; қорықтар; биосфералық резерваттар; ботаникалық және зоологиялық қаумалдар; өнеркәсіптік кәсіпорындар; агроөнеркәсіптік кешендер; полигондар; энергетика нысандары; кен өндіруші кәсіпорындар; атом электр станциясы (АЭС); ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары; экологиялық мониторинг бойынша ұйымдар; құрылыс кәсіпорындары болып табылады.
  • ә) Түлектің кәсіби қызмет түрлері:
  • ұйымдастырушылық-басқарушылық, өндірістік-технологиялық;
  • сервистік-пайдалану, жобалау-мониторингтік;
  • эксперименттік-зерттеу.
  • б) Түлектің кәсіби қызмет функциялары:
  • экологиялық жобалау;
  • қоршаған ортаның сапасын бағалау;
  • ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру қажеттілігін негіздеу;
  • өңірлердің флорасы мен фаунасының түрлік алуандығын тексеру және түгендеу;
  • қоршаған ортаның ластану салдарын болжау және мониторингтік бақылаулар жүргізу;
  • өнеркәсіп нысандарын басқару, консультация беру және экологиялық сараптамадан өткізу;
  • кәсіпорындарда экологиялық қауіпсіздік нормаларын сақтау.

Бейіндік дайындық

  • «Экология» білім беру бағдарламасы бойынша бейіндік даярлық қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласында практикалық, өндірістік, жобалық және зерттеу қызметін жүзеге асыруға дайын білікті мамандарды даярлауға бағытталған.
  • Оқу барысында студент қоршаған орта компоненттерінің жай-күйі туралы деректерді жинауды, өңдеуді және талдауды, антропогендік әсердің көздері мен ауқымын анықтауды, экологиялық мониторинг пен зертханалық бақылаудың заманауи аспаптары мен әдістерін қолдануды, сондай-ақ экология саласындағы қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаны және техникалық стандарттарды пайдалануды үйренеді.
  • Бакалавр «Экологиядағы математикалық модельдер», «Жануарлар мен өсімдіктер экологиясы», «Радиациялық экология», «Экологиядағы ғылыми-зерттеу жұмысының негіздері және академиялық жазылым», «Фитомониторинг», «Геоэкология», «Биоалуантүрлілікті сақтау», «Экологиялық нормалау және сараптама негіздері», «Экология негіздері және тұрақты даму», «Биогеоценология» пәндерін оқиды.

ББ өзгерістері жылдар бойынша

1
2026Жаңа функция

2026 жылы оқу пәндерінің қысқаша сипаттамалары жаңартылды. Сонымен қатар «Қоршаған ортадағы наноматериалдар», «Экологиядағы ең үздік қолжетімді технологиялар», «Бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдана отырып қоршаған ортаны зерттеу» атты жаңа пәндер қосылды. Сондай-ақ, сайтқа өзгерістер енгізілді, жаңа функция қосылды.

Өзгерістер туралы құжат