Білім беру бағдарламалары

Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Қолжетімді мамандықтар

1
Бакалавриат · 6B05101

Биология

Оқу мерзімі4 жыл Оқу нысаныкүндізгі Шекті балл65 Грант балы81 Оқу ақысы869 200 ₸

Бейіндік пәндер

Биология Химия

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Теориялық және практикалық биология саласында іргелі және қолданбалы білімі, сондай-ақ ғылыми-зерттеу ұйымдарында, әкімшілік-шаруашылық және табиғат қорғау мекемелерінде кәсіби-практикалық қызметті жүзеге асыруға қажетті зерттеушілік дағдылары қалыптасқан бәсекеге қабілетті маман даярлау.

Берілетін дәреже

«6В05101 – Биология» білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану бакалавры.

Аккредиттеу

Аккредиттеу сертификатыБілім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік (IQAA). Білім беру бағдарламаларының халықаралық аккредиттелгені туралы SA-A №0193/1 куәлігі 2020 жылғы 9 қарашада берілген. Куәліктің қолданылу мерзімі: 2020 жылғы 9 қарашадан 2027 жылғы 8 қарашаға дейін.

Рейтингтердегі орны

0

Рейтинг нәтижелері әлі қосылмаған.

Оқуды аяқтағаннан кейін

Мүмкін лауазымдар

  • ғылыми-зерттеу институттары мен ұйымдарының маманы, кіші ғылыми қызметкері, зертханашысы;
  • биологиялық өнім өндіретін кәсіпорындардың зертханашысы;
  • санитариялық-эпидемиологиялық және гидробиологиялық зертханалардың маманы, зертханашысы;
  • ұлттық парктердің, қорықтардың, ботаникалық бақтардың, қорықшалардың және басқа да табиғат қорғау мекемелерінің маманы, кіші ғылыми қызметкері, зертханашысы;
  • жоғары оқу орындарының бейіндік кафедраларының зертханашысы;
  • жануарлар мен өсімдіктер тектес шикізатты өңдеу, көгалдандыру және биологиялық бағыттағы өндірістік зертханалардың маманы, зертханашысы;
  • биолог-зерттеуші;
  • антрополог;
  • зоолог;
  • ботаник;
  • фитопатолог;
  • микробиолог;
  • биоэколог;
  • биофизик;
  • физиолог;
  • генетик;
  • кинолог;
  • биологиялық қауіпсіздік саласының маманы;
  • жеке кәсіпкер.

Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері

  • Мінез-құлық дағдылары мен тұлғалық қасиеттер (Soft skills)
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетке, мәдениеттану, психология, саясаттану, әлеуметтану салаларындағы өзекті білімдерге, қаржылық сауаттылық, құқық және кәсіпкерлік негіздеріне, инклюзия қағидаттары мен құндылықтарына негізделген азаматтық ұстанымын көрсетеді; зиянды және қауіпті факторлардың адам тіршілігі мен қоршаған ортаға әсерін және дене саулығын сақтаудың маңыздылығын түсінеді; кәсіби қарым-қатынас жасау үшін қазақ (орыс) және ағылшын тілдерін қолданады.
  • Математика, физика, химия және биометрия салаларындағы негізгі жаратылыстану-ғылыми ұғымдарды түсіндіреді; есептерді шешуде барынша тиімді тәсілдерді қолданады.
  • Өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің алуан түрлілігін, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің тарихи даму жолдарын, организмдерді жіктеу тәсілдерін, биосферадағы зат пен энергия айналымындағы өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің рөлін түсіндіреді; құрлық-ауа, топырақ, су және организм ішіндегі тіршілік орталарына бейімделген омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың құрылымдық-функционалдық ерекшеліктері мен жүйелік санаттарын сипаттайды.
  • Био¬фармация, өсімдіктердегі зат алмасудың реттелуі және өсімдіктер физиологиясы салаларындағы жүйелі білімді қолданады; өсімдіктердің анатомиялық құрылысының ерекшеліктерін, төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктердің алуан түрлілігін сипаттайды.
  • Тірі табиғат дүниелерінің жүйелік санаттарын, зоологиялық терминдер мен ұғымдарды жіктейді; теориялық және қолданбалы биологияның тұжырымдамаларын, заңдарын, заңдылықтары мен өзекті мәселелерін түсіндіреді; далалық және зертханалық жабдықтарды пайдалана отырып, оқу және ғылыми эксперимент жүргізуді жоспарлайды.
  • Сандық құзыреттіліктер (Digital skills)
  • Биологиялық жүйелерді талдау, бағалау іс-шараларын жүргізу мақсатында ғылыми зерттеулерде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) қолданады, цифрлық ортада сыни ойлаудың заманауи тәсілдерін іске асырады және жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдаланады.
  • Ғылыми-зерттеу міндеттерін шешу мақсатында басқа адамдармен өзара әрекеттесуге мүмкіндік беретін цифрлық құралдарды таңдайды; дербес компьютерлік техникамен, мәтіндік және графикалық ақпаратты қарауға және өңдеуге арналған стандартты құралдармен, графикалық редакторлармен және цифрлық платформалармен жұмыс істеу дағдыларын көрсетеді.
  • Кәсіби құзыреттіліктер (Hard skills)
  • Генетикалық, цитологиялық, гистологиялық және цитогенетикалық зерттеулер жүргізу әдістемелерін таңдайды; алынған нәтижелерді талдайды.
  • Эксперимент жағдайында физиологиялық үдерістер мен иммунологиялық механизмдердің жүру ерекшеліктері негізінде жануарлар мен адам организмінің функционалдық жағдайын объективті бағалау мақсатында физиологиялық және иммунологиялық зерттеулер жүргізу кезінде зертханалық жабдықтардың жұмыс тиімділігін анықтайды; адам мен жануарлар физиологиясының, анатомиясының және нейробиологиясының ерекшеліктерін түсінеді және олардың салыстырмалы сипаттамаларын түсіндіреді.
  • Эволюциялық ілімнің, биологиялық физиканың, биологиялық химияның және организмдердің даму биологиясының негізгі ұғымдарын жіктейді; қазіргі заманғы биостатистикалық, биофизикалық, биохимиялық және эмбриологиялық зерттеу әдістерін өзінің ғылыми-зерттеу тәжірибесіне кіріктіреді.
  • Абстрактілі ойлау, ақпаратты талдау және жинақтау дағдыларын, биологиялық зерттеулерде статистикалық әдістерді қолдану қабілетін, кәсіби қызметте өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі жүзеге асыруға, өздігінен білім алуға және шығармашылық әлеуетін іске асыруға дайындығын көрсетеді.
  • Эукариоттық және прокариоттық жасушалардың құрылымдық-функционалдық ерекшеліктері мен тіршілік әрекетін қамтамасыз етудегі органикалық қосылыстардың негізгі кластарының өзара байланысы мен рөлін салыстырады; мутациялық үдерістердің генетикалық және молекулалық механизмдерін дәлелдейді.
  • Генетикалық есептерді шешу кезінде, сондай-ақ генетика, микробиология және биотехнология салаларында өзіндік ғылыми зерттеулерді дербес жоспарлау және жүргізу барысында меңгерген дағдыларын кіріктіреді.
  • Тіршіліктің молекулалық деңгейдегі ұйымдасуын зерттеу әдістерінің тиімділігін талдайды; кәсіби даярлық деңгейін арттыру мақсатында өз қызметіне ғылыми және этикалық тұрғыдан өзіндік талдау жүргізеді.

Кәсіби қызмет салалары

  • Кәсіби қызмет салаларына тірі табиғатты қоршаған ортамен өзара байланысы тұрғысынан зерттеу, биологиялық алуантүрлілікті зерделеу, биологиялық сараптама және табиғат қорғау мониторингі, популяциялар мен экожүйелердің эволюциялық әлеуетін реттеу, табиғи ресурстарды басқару жатады.

Бейіндік дайындық

  • 205 кредит. Теориялық оқыту: Математика, Химия, Физика, Ботаника, Омыртқасыз жануарлардың филогениясы және биологиясы, Омыртқалы жануарлардың биологиясы, Цитология және гистология, Омыртқасыздардың түрлік алуантүрлілігін анықтау әдістері, Омыртқалылар зоологиясындағы практикалық әдістер, Эволюциялық ілім, Иммунология, Биофизика, Биохимия, Микробиология, Генетика.
  • 27 кредит. Практика түрлері: Оқу және кәсіби практикалар.
  • 8 кредит. Қорытынды аттестаттау: Дипломдық жұмысты немесе дипломдық жобаны жазу және қорғау не кешенді емтиханды дайындау және тапсыру.

ББ өзгерістері жылдар бойынша

1
2025Жаңа пән енгізілді

2025 жылы оқу жоспарына бірқатар жаңа пәндер енгізілді: Био¬фармация; Биологиядағы цифрлық платформалар; Биологиялық зерттеулердегі жасанды интеллект; Биологиялық деректер мен кескіндерді талдаудың цифрлық әдістері; Ғылыми ерттеулердің зертханалық әдістері.

Өзгерістер туралы құжат