Білім беру бағдарламалары

Құқық

Қолжетімді мамандықтар

1
Бакалавриат · 6B04201

Құқықтану

Оқу мерзімі4 жыл Оқу нысаныкүндізгі Шекті балл75 Грант балы119 Оқу ақысы869 200 ₸

Бейіндік пәндер

Дүниежүзі тарихы Құқық негіздері

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Бәсекеге қабілетті құқықтану саласында тілдік құзыреттілікке және жоғары құқықтық мәдениетке ие мамандарды даярлау

Берілетін дәреже

«6В04201 – Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша бакалавр

Аккредиттеу

Аккредиттеу сертификатыБілім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік (IQAA). Аккредитацияның әрекет ету мерзімі 09.11.2020 ж. - 08.11.2027 ж.

Рейтингтердегі орны

1

IAAR

«В049 Құқық» білім беру бағдарламаларының тобы бойынша

2026 жыл3 орынРастау құжаты

Оқуды аяқтағаннан кейін

Мүмкін лауазымдар

  • судья, прокурор, заңгер, заңгердің көмекшісі, нотариус, адвокат, мемлекеттік органдардың халықаралық ынтымақтастық департаменттерінің басшысы, жергілікті мемлекеттік басқару органдарының аппарат басшысы.

Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері

  • Мінез-құлық дағдылары және жеке қасиеттер (Soft skills):
  • Қоғамдық сананы жаңғыртудың дүниетанымдық негіздерін қалыптастыратын озық білімге негізделген гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми пәндерді түсінуді көрсетеді. Құқық пен заңға, академиялық адалдық қағидаттары мен мәдениетіне құрметпен қарайды, сыбайлас жемқорлық мінез-құлқына төзбеушілік танытады. Қазақстандық құқықтың негізгі қайнар көздері мен негізгі ережелерін біледі, өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру бойынша дағдыларды меңгерген. Кәсіпкерлік қызметті табысты жүргізу үшін бизнес-идеяларды әзірлеу дағдыларын игереді, қаржы өнімдері мен инвестициялық құралдарды тиімді пайдаланады, биологиялық және экологиялық жүйелердің жұмыс істеуі туралы білімі бар, адамның табиғатпен өзара іс-қимылы туралы пікірлер қалыптастырады.
  • Заңдық қайшылықтарды шешу кезінде қолданыстағы заңнаманың нормаларын және құқық қолдану практикасының материалдарын талқылайды, қолданады. Іскерлік қарым-қатынас құралы ретінде ресми мемлекеттік, орыс және шет тілдерін, сот риторикасы мен академиялық жазу дағдыларын еркін игереді.
  • Жүйелі құбылыстар ретінде мемлекеттің, құқық пен қазіргі заманғы құқықтық жүйелердің тарихи, нормативтік-мазмұндық, аксиологиялық, құрылымдық-функционалдық білімдері мен ғылыми зерттеу әдістерін меңгерген. Болашақ кәсібінің әлеуметтік маңыздылығы, заңдық қызметтегі дене шынықтырудың рөлі туралы нақты түсінігі бар.
  • Сандық құзыреттер (digital skills):
  • Кәсіби қызметте құқықтық ақпараттың сандық көздерін, жасанды интеллект технологияларын, деректерді талдау және басқару құралдарын қолданады. Әрі қарай оқуды өз бетінше жалғастыру үшін электрондық үкіметпен, электрондық сот ісін жүргізумен және анықтамалық құқықтық сервиспен жұмыс істеу дағдыларына ие.
  • Көшбасшылық, өзін-өзі ұйымдастыру, өз бетінше білім алу және жұмыс уақытын бақылау негіздерін қалыптастыру үшін қажетті тұлғалық және коммуникациялық қасиеттерді дамытады және тиімді пайдаланады. Зерттеулердің инновациялық әдістерін қолданады және инклюзия құндылықтарын қалыптастыруға ықпал етеді. Кәсіби қызметте шығармашылық қолдану үшін құқықтық сана мен құқықтық мәдениет деңгейін арттырады.
  • Сандық кеңістікте қалыптасатын құқықтық қатынастарды анықтайды. Сандық ортадағы әрекеттер мен құбылыстарды және олардың заңдық салдары туралы әлеуметтік, этикалық және ғылыми пайымдарды ескере отырып, ақпаратты саралайды, жинауды және түсіндіруді жүзеге асырады.
  • Кәсіби құзыреттер (hard skills):
  • Объектінің ерекшелігін, пәнін және реттеу әдісін ескере отырып, белгілі бір салалық құқықтық норманы таңдайды, дәлелдейді. Жария және жеке-құқықтық институттар арасындағы айырмашылықты белгілейді.
  • Құқық жүйесінің әртүрлі салаларындағы материалдық және іс жүргізушілік рәсімдерді түсінеді. Құқық қорғау, құқық сақтау және ұйымдастырушылық-басқару функцияларын орындайды.
  • Азаматтық-құқықтық қатынастарды, кәсіпкерлік қызметті, гендерлік теңдікті реттеу және отбасын қолдау саласындағы мемлекеттік саясаттың түрлі бағыттарын іске асырады. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік саласындағы практикалық мәселелерді, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғаудың халықаралық және ұлттық тетігіндегі тараптардың құқықтық мүдделерін айқындайды.
  • Қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылықтарды, экстремистік және террористік қылмыстарды саралайды, олардың алдын алу жөніндегі шараларды әзірлейді. Ювенальды әділет және сот сараптамасы мәселелерін қоса алғанда, сотқа дейінгі және сот ісін жүргізу барысында техникалық, тактикалық және әдістемелік құралдар мен тәсілдерді қолданады.
  • Ұлттық құқық пен заңнама теориясы мен практикасын жетілдіру жолдарын, заң қызметіндегі, мемлекеттік басқарудағы, мемлекеттік және әскери қызметтегі құқықтық тәуекелдерді талдайды. Заңды құжаттарды жасау кезінде тұжырымдамалық-категориялық аппаратты тиімді пайдаланады.

Кәсіби қызмет салалары

  • а) Түлектің кәсіби қызметінің саласы мен объектілері: құқық қорғау органдары; мемлекеттік билік пен басқарудың сот, атқарушы және өкілді органдары; мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындар; адвокатура; нотариат; қаржы институттары; сақтандыру және аудиторлық компаниялар.
  • б) Түлектің кәсіби қызмет түрлері: құқықшығармашылық, құқыққолдану, құқыққорғау, ұйымдастырушылық-басқармалық, сарапшы-кеңесшілік қызмет.
  • в) Түлектің кәсіби қызметінің функциялары: құқықтық актілерді әзірлеу және оларды іске асыруға дайындау, лауазымдық міндеттер шегінде құқық қолдану шешімдерін негіздеу және қабылдау; құқықтық нормаларды іске асыруға байланысты іс-әрекеттер жасау; мәмілелерді заңмен сүйемелдеу, заңдылықты, құқықтық тәртіпті, жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету; қоғамдық тәртіпті қорғау; құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу, анықтау, ашу және тергеу; жеке, мемлекеттік және өзге де меншік нысандарын қорғау, құқық мәселелері бойынша кеңес беру; құжаттарға құқықтық сараптаманы іске асыру.

Бейіндік дайындық

  • 6B04201 – «Құқықтану» білім беру бағдарламасы қоғамдық қатынастардың әртүрлі салаларында заң қызметін жүзеге асыруға қажетті іргелі теориялық білімі, практикалық дағдылары мен кәсіби құзыреттері қалыптасқан, бәсекеге қабілетті және жоғары білікті құқықтанушы мамандарды даярлауға бағытталған.
  • Оқу барысында білім алушылар мемлекет және құқық теориясының негіздерін, конституциялық, азаматтық, қылмыстық, әкімшілік, еңбек, қаржы, кәсіпкерлік және халықаралық құқық салаларын, сондай-ақ құқық қолдану қызметі, заңгерлік кеңес беру, құқықтық құжаттарды әзірлеу, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған пәндерді оқып-үйренеді.
  • Білім беру бағдарламасы аясында білім алушылар заң қызметінде қолданылатын заманауи цифрлық құралдарды, жасанды интеллект технологияларын, электрондық үкімет пен электрондық сот ісін жүргізу жүйелерін, сондай-ақ анықтамалық-құқықтық ақпараттық жүйелерді меңгереді. Практикаға бағдарланған даярлық оқу және өндірістік практикалардан өту, сот тәжірибесін талдау, практикалық құқықтық міндеттерді шешу, сот процестерін модельдеу, құқық қорғау және сот органдарының өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау арқылы жүзеге асырылады.
  • Білім беру бағдарламасының түлектері сот және құқық қорғау органдарында, мемлекеттік басқару органдарында, адвокатурада, нотариатта, мемлекеттік және жекеменшік ұйымдардың заң қызметтерінде, қаржы мекемелері мен коммерциялық құрылымдарда кәсіби қызмет атқара алады. Сонымен қатар олар жеке және заңды тұлғаларға заңгерлік кеңес беріп, олардың қызметін құқықтық сүйемелдеумен айналыса алады.
  • Оқуды аяқтаған түлектерге 6B04201 – «Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша құқық бакалавры дәрежесі беріледі.

ББ өзгерістері жылдар бойынша

1
2026Жаңарту

Тізілімде тіркеудің күні 10.07.2019 Тіркеу нөмірі 6B04200006 БББ төлқұжатын жаңарту күні 23.06.2026

Өзгерістер туралы құжат